Курстық ЖҰмыс пән: Қазіргі қазақ тілі және қазақ тілін оқыту әдістемесі Тақырыбы



бет1/5
Дата23.04.2024
өлшемі73.32 Kb.
#499611
  1   2   3   4   5
Асель курстық жұмыс


«Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің
Жоғары колледжі»

Мамандығы: 0105000 «Бастауыш білім беру»
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пән: Қазіргі қазақ тілі және қазақ тілін оқыту әдістемесі


Тақырыбы: «Ертегілерді оқыту.Жұмбақ пен мақал – мәтелдерді оқыту. Мысалдарды оқыту.»


Орындаған:Сулейменова А.
Тобы: БББ-402
Жетекші:Курмантаева А.Т.




Ақтөбе, 2024 ж
МАЗМҰНЫ 
КІРІСПЕ………………………………………………………………………..3-4
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРҒА ЕРТЕГІЛЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ОҚУШЫЛАР ОЙЫН ЕРТЕГІЛЕР АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ

    1. Ана тілі сабақтарында қазақ халық ертегілерін оқыту арқылы оқушыларға

адамгершілік тәрбие беру жолдары.................................................................5-10
1.2 Ертегілердің тәрбиелік мәні және оларды пайдаланудың тиімді әдіс тәсілдері.......................................................................................................11-20
II ТАРАУ. ЖҰМБАҚ ПЕН МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК РӨЛІ.
2.1 Бастауыш сыныптарда мақал-мәтел , жұмбарды оқыту.........................21-24
2.2 Жұмбақтар мен мақал-мәтелдер. Тәрбиелік рөлі, жанрлық ерекшеліктері....................................................................................................25-27
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................28-30
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……….………………………….31


КІРІСПЕ


Зерттеудің өзектілігі: Ертегілер әрқашанда қазақ халқының өмірінде маңызды роль атқарып келген. Себебі, ертегілердің мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы, бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-құлқы т.б. бейнеленген. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде ертегілер тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, ертегілердің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор. Ертегілер бастауыш мектеп оқушыларының ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді. Сонымен қатар баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі өте зор. Ал сөздік қоры мол, тілі дамыған бала - үздік оқушы, себебі жоғарыда аталғандар - жақсы үлгілердің негізі. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ. Демек, бала тілін дамыту - қоғам дамыған сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мәселелердің бірі. Оның үстіне еліміз егемендік алғалы бері мемлекеттік тілде сөйлеу соны оқыту әдістемесін жетілдіру, соның ішінде, бала тілінің дамуы мен сөздік қорының молаю мәселесі әдіскер ғалымдардың зерттеуінен түспей, назардан тыс қалмай жүрген мәселелердің бірі. Сондықтан курстық жұмыс өзекті мәселеге арналған деп білеміз және де ертегілер арқылы бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамыту енді-енді ғана қолға алынған мәселе екендігін ескерсек, біздің жұмысымыздың көкейкестілігі даусыз екендігіне ешқандай күмән жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет