Л. Н. Гумилев мұрасы және оны тіл білімі, әдебиет пен өнер салаларында зерделенуі



Дата17.07.2016
өлшемі65.78 Kb.
#205410
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті



АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Сіздерді Лев Николаевич Гумилевтің туғанына 100 жыл толуына орай 2012 жылдың 10-11 қазанында Астанада (Қазақстан) өтетін «Л. Н. ГУМИЛЕВ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ» ІХ - Еуразиялық ғылыми форумға қатысуға шақырады.
Форум мақсаты:

- Л. Н. Гумилевтің интеллектуалды мұрасын зерттеп-зерделеу және бүгінгі күнге дейін пікірталас тудырып жүрген мәселелерді әр қырынан қарастыру;

- еуразияшылдық идеясын Еуразия халықтары интеграциясының негізгі тұғырнамасы ретінде талқылау.

Форум аясында пленарлық мәжіліс және негізгі ғылыми бағыттар бойынша секциялар жұмысы жоспарланады:



I-секция: Еуразия көшпенділерінің өркениеті: тарих және мәдениет

  • Л.Н. Гумилевтің Еуразия көшпенді халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуге қосқан үлесі

  • Л.Н. Гумилевтің өркениеттік тұжырымдамасы және жаһанданудың қазіргі үдерістері

  • Еуразия халықтарының тарихи тағдыры: саясат, әлеумет, руханият
  • Л.Н. Гумилев мұрасы және оны тіл білімі, әдебиет пен өнер салаларында зерделенуі


  • Л.Н. Гумилев еңбектеріндегі мәдени мұраларды жаңғырту мәселесі

  • Еуразияшылдар еңбектеріндегі мәдениет феномені

  • Еуразиялық кеңістіктегі мәдени ынтымақтастық басымдықтары

  • «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы: жетістіктері мен болашағы

II-секция: Еуразия халықтарының этникалық тарихы мен этногенезі мәселелері

  • Л.Н. Гумилев зерттеулеріндегі этногенездің теориялық мәселелері

  • Л.Н. Гумилев еңбектерінде этностарды зерттеудің әдіснамалық бағыттары

  • Пассионарлық теорияны зерттеудің қазіргі әдістері

  • Еуразия халықтарының этникалық тарихы мен этногенезі мәселелері

  • Ландшафт және этнос: теория және зерттеу әдістері

  • Еуразия халықтарындағы комплиментарлық құбылысы

  • Л.Н. Гумилевтің этногенез теориясы және қазіргі этносаралық қарым-қатынас мәселелері

III-секция: Л.Н. Гумилевтің ғылыми мұрасы контексіндегі әдіснама, тарихнама және деректанудың өзекті мәселелері

  • Еуразия халықтарының тарихын зерттеудің өзекті мәселелері

  • Көшпенді халықтар тарихының тарихнамасы

  • Л. Н. Гумилев зерттеулерінің әдіснамалық бағыттары

  • Л. Н. Гумилев еңбектеріндегі түркітану мәселелері

  • Еуразия халықтары тарихы бойынша дерек көздері

  • Ұлттық тарихнама мен деректанудың қазіргі даму жағдайы

  • Л.Н. Гумилев тұжырымдамасындағы қоғам мен табиғаттың өзара байланысы

  • Л.Н. Гумилев еңбектеріндегі тарихи жағрапия мәселелері

  • Қоғам мен табиғаттың өзара байланысын зерттеудің пәнаралық негіздері

  • Л.Н. Гумилев мұрасын зерттеудің басым бағыттары

IV-секция: Л.Н. Гумилев мұрасының әлеуметтік-философиялық және психологиялық-педагогикалық қырлары

  • Л.Н. Гумилевтің ғылыми идеялары қазіргі философия, әлеуметтану және психология контексінде

  • Еуразиялық идея тарихи-философиялық танымның әдіснамалық бағыты ретінде

  • Еуразияшылардың саяси-құқықтық көзқарастары

  • Еуразиялық парадигма өркениеттік көзқарас тұрғысында

  • Л.Н. Гумилев мұрасының әлеуметтік-мәдени қырлары

  • Л.Н. Гумилев идеялары және этносоциология мәселелері

  • Қазіргі әлеуметтану мәселелері Л.Н. Гумилев ілімі тұрғысынан

  • Пассионарлық феноменін зерттеудің психологиялық негіздері

  • Еуразия халықтары интеграциясындағы этнопсихологиялық фактор

  • Л.Н. Гумилевтің ғылыми мұрасының педагогикалық қырлары

  • Л.Н. Гумилев мұрасы және қазіргі гуманитарлық білім

V-секция: Еуразиялық интеграцияның қазіргі жағдайы мен болашағы

  • Еуразияшылдық идеясының қайнар көзі мен негізгі даму кезеңдері

  • Л.Н.Гумилев және еуразиялық идея

  • Евразиялық идея және ұлттық құндылықтар

  • Еуразиялық идея және геосаясат мәселелері

  • Еуразиялық идея және конфессияаралық ынтымақтастық мәселелері

  • Еуразияшылдық феномені және қазіргі даму үдерістері

  • Н.Ә. Назарбаевтың еуразиялық жобасы: идеяның практикалық тұрғыда жүзеге асырылуы

  • Еуразиялық интеграцияның экономикалық негіздері

  • Еуразия кеңістігіндегі аймақтық қауіпсіздік мәселелері

  • Еуразиялық экономикалық қауымдастық: жетістіктері мен болашағы

  • Біртұтас экономикалық кеңістік (БЭК): саяси және әлеуметтік-мәдени өлшемдері

  • Еуразиялық идея мен Л.Н. Гумилев мұрасын насихаттаудағы БАҚ рөлі



«Дөңгелек үстелдер»


Келесі мәселелер талқылануы жорамалданып отыр:

«Л.Н. Гумилев мұрасы: аңыз бен шындық»

«Еуразиялық идея және жаһандану мәселелері»

Форумның ресми тілдері: қазақ, орыс, ағылшын тілдері.


Форум жұмысына Қазақстан, ТМД және алыс шет елдердің жетекші ғалымдары қатысады. Форум аясында белгілі ғалымдардың қатысуымен семинар, мастер-класстар өткізу жоспарланып отыр.

Форум жұмысына қатысу үшін 2012 жылдың 25 тамызына дейін ұйымдастыру комитетіне:

1. Ұсынылып отырған нысан бойынша қатысу Өтінімін;

2. Баяндама мәтінін жіберу қажет.

Редакцияланған баяндама мәтіні төмендегі талаптар бойынша рәсімделуі тиіс: көлемі 7 беттен аспайтын, MS Word (*.doc немесе rtf) форматында; файл және жеке файлдар автор фамилиясымен аталуы керек. Кесте, сызба, суреттердің аттары болуы қажет және Windows-те терілуі тиіс. Бет форматы: А4. Барлық жағынан - 2 см. Шрифті: Times New Roman, KZ Times New Roman, кегль – 14. Жол арасы – 1 интервал. Алдымен баяндама тақырыбы жолдың ортасына үлкен және қою шрифтпен жазылады. Одан кейін жол әрпімен автордың (лардың) аты-жөні беріледі. Одан төмен – ғылыми дәрежесі, автор қызмет жасайтын мекеменің толық атауы, елі, е-mail көрсетіледі. 1 интервалдан кейін азат жолмен баяндама мәтіні беріледі. Пайдаланаған әдебиеттер тізімі мәтін соңында қойылады. Мәтіндегі сілтемелер төрт бұрышты жақшамен әдебиеттер тізіміндегі нөмірге сәйкес дерек көзінің беттерін көрсетумен рәсімделеді, мысалы: [6, 2 б.].

Ұйымдастыру комитеті баяндамаларды іріктеу құқығын өзіне қалдырады. Форум тақырыбына сәйкес келмейтін, жоғарыда көрсетілген талаптар шеңберінен тыс рәсімделген және 2012 жылдың 10 маусымынан кейін келген материалдар қарастырылмайды. Баяндамаларды электронды пошта бойынша мына мекен-жайға жіберулеріңізді сұраймыз: nurbek_sh@mail.ru; c.kafedra@yandex.kz; danyiar_mag@mail.ru

Іссапар шығындары: форумға қатысушы есебінен.
Байланыс ақпараттары

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Қазақстан, 010008, Астана қ., Мұңайтпасов к., 5. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Тел.: +7 (7172) 48-43-86; +7 (7172) 35-37-56 факс: +7 (7172) 39-38-07

www.enu.kz; c.kafedra@yandex.kz; nurbek_sh@mail.ru

Шалахметов Ғаділбек Мінажұлы +7 (7172) 35-39-04

Шаяхметов Нұрбек Уахапұлы +7 (7172) 48-43-86 nurbek_sh@mail.ru

Қаусылов Данияр Алтынбекұлы +7 (7172) 48-43-86 danyiar_mag@mail.ru

«Л. Н. Гумилев мұрасы және қазіргі еуразиялық интеграция»

ІХ - Еуразиялық ғылыми форумға қатысу туралы



ӨТІНІМ

2012 ж. 10-11 қазан ( Астана қ., Қазақстан)




1

Аты-жөні, тегі (толық)




2

Баяндама тақырыбы




3

Секция




4

Жұмыс орны (мемлекет, мекеме, кафедраның толық атауы)




5

Қызметі:




6

Ғылыми дәрежесі, атағы:




7

Телефондары: жұмыс/ үй




8

E-mail:




9

Пошталық мекен-жайы:




10

Форумға қатысуы (тікелей қатысу немесе сырттай)




11

Қажетті техникалық құралдар




12

Қонақ үй қажеттілігі, келетін мерзімі





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет