Диплом жұмысы «жеке адамның этнопсихологиялық ЖӘне әлеуметтік діни қалыптасуы»



бет1/7
Дата17.07.2016
өлшемі0.73 Mb.
#205871
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

«ЖЕКЕ АДАМНЫҢ ЭТНОПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДІНИ ҚАЛЫПТАСУЫ»
031440-педагогика-психология мамандығы

ғылыми жетекші:

пс.ғыл. кан., доцент

Асылханова М.А


Психология-педагогика

факультеті педагогика және

психология бөлімінің 4 курс

студенті Тайтелиев Ф.Т




АЛМАТЫ — 2005 ж

МАЗМҰНЫ


К I Р I С П Е 2

I – БӨЛIМ ДIН МЕН ЖЕКЕ АДАМ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ 4

I.1. ДIН ЖАЙЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСIНIК 4

I.2. ДIН ЖӘНЕ ЖЕКЕ АДАМ 18

II – БӨЛIМ. ҚҰРАН МЕН СҮННЕТТIҢ ӘЛЕУМЕТТIК МАҒЫНАСЫ 25

II.1. ҚҰРАН МЕН СҮННЕТ ДЕГЕНIМIЗ НЕ? 25

II.2. ЖЕКЕ АДАМНЫҢ ЭТНОПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТIК ҚАЛЫПТАСУЫНА ДIННIҢ ТИГIЗЕТIН ӘСЕРI 31

Жеке тұлғаның этнопсихологиялық және әлеуметтiк қалыптасуындағы құлшылықтың орны 42

II.3. ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ МЕТОДИКАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСI 56

III. ҚОРЫТЫНДЫ 60

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 62



К I Р I С П Е


МӘСЕЛЕНІҢ ӨЗЕКТIЛIГІ
Дiн - әлемдiк өркениеттегi барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи, саяси - әлеуметтiк, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс.1

Дiн, адамзатпен бiрге келiп және де әрдайым адамзатпен бiрге болмақ. Тарихтың қай дәуiрiне қарасақ дiнсiз адам кездесер-ау, бiрақ дiнсiз қоғам еш кездеспейдi. Қай жерде бiр қоғам болса ол жерде бiр дiн бар. Дін адамның өзінің жаратылысындағы құпиларды анықтап, табиғаттағы құбылыстардың, ғарыштағы қозғалыстардың астарын түсіну үшін ізденіске түсуінен, сұрақтарға жауап іздей бастауынан алау алған сезімнен туындайды.2 Яғни адамзат дiннен еш уақытта ажырамаған. Өйткенi дiн өмiрiмiздiң әр бiр кезеңiнде орын алады. Адамдарға күш-жiгер беретiн, қоғамды тәртiпке келтiретiн, жақсылық пен туралыққа жетелейтiн, жалғыздық пен қиыншылықты жойып, сенiмдiлiктi орнататындардың басында қашанда дiн тұрмақ.

Қазiр жер жүзiнде түрлi-түрлi дiндер және сол дiндерге сенушiлер бар. Бiрi тас, ағаш мүсiндерге (пұтқа), жануарларға, отқа, жұлдыздарға табынса, ендi бiрi адамдарға, пайғамбарларына сиынуда. Ал бiр бөлiгi болса көзiмiз көре алмайтын, құлағымыз ести алмайтын, ақылымыз жетпейтiн, бүкiл әлемдердi жаратқан, барлық нәрсенi жоқтан бар қылған Ұлы әрi құдiрет иесi болған Аллаһ Тағалаға құлшылық қылады.

Қазiргi таңда бәрiмiзге мәлiм хақ дiн әрi соңғы дiн Ислам дiнi. Бүгiнде жер жүзiндегi халықтың көпшiлiгi, Қазақстан халқының басым бөлiгi осы дiндi ұстанушылар. Бiрақ көпшiлiк бұл дiндi толық әрi анық түсiнбеуде. Бұл дiн бiзге не үшiн жiберiлген? Бұл дiннiң мақсаты не? Бұл дiн бiзге ненi бұйырады?

Қазiргi мұсылман бауырларымыздың көпшiлiгi бұл дiндi намаз оқу, ораза ұстау, Құран оқу, жаназа жерлеу, қысқаша айтқанда Аллаһқа құлшылық қылу ғана деп түсiнедi. Яғни Христиандардың дiн түсiнiгi сияқты дiндi белгiлi бiр нәрселермен шектеп, келте түсiнуде. Сондықтан дiннiң шынайы мағынасы әрi оның жеке адамның қалыптасуы мен қоғамға тигiзер әсерi кезек күттiрмей зерттеудi талап ететiн басты мәселе.



ЗЕРТТЕУДIҢ МАҚСАТЫ

Тақырыпты таңдаудағы мақсатымыз қазiргi таңда бүкiл әлемнiң назарын өзiне қаратып отырған Ислам дiнiнiң ашылмаған сырларын ашып, оның жеке адамның қалыптасуына тигiзетiн әсерiн, сондай-ақ оның шынайы келбетiмен таныстыру. Ислам дiнiн дұрыс тану жолдарын, оған жабылған әртүрлi жаланың жалғандығы мен қоса оның халықтар арасындағы ынтымақ-бiрлiктi нығайта түсендiгiн де шолып өту.



ЗЕРТТЕУДIҢ МIНДЕТI

  1. Дiн мен жеке адам қарым-қатынасына теориялық шолу жасау.

  2. Құран мен Сүннеттің теориялық мағынасын ашып көрсету.

  3. Жеке адамның этнопсихологиялық және әлеуметтік қалыптасуына діннің тигізетін әсерін оқырмандарға жеткізу.

ЗЕРТТЕУДIҢ ОБЪЕКТІСІ

Жеке адамның этнопсихологиялық және әлеуметтік қалыптасуын Құран мен Сүннет аясында талдау.



ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСІ

Жеке адамның қалыптасуы жайлы жазылған еңбектер мен ғалымдардың ой-пікірлеріне түсініктеме беру.



ТЕОРИЯЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

-Дiн мен жеке адам қарым-қатынасы жайлы құнды пікірлер.

-Құран мен Сүннеттің теориялық мағынасы

ПРАКТИКАЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ.

Бұл еңбекте жеке адамның діни психологиялық тұрғыдан қалыптасуының маңызы өте зор екенін айқын көруге болады.


I – БӨЛIМ ДIН МЕН ЖЕКЕ АДАМ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ

I.1. ДIН ЖАЙЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСIНIК


Дiн” сөзiнiң тілдік және терминдiк мағынасы

Филологтар “дiн” сөзiнiң арабша “дәйн” түбiрiнен шыққан түбiр сөз немесе есiм сөз деп қабылдайды. Жәухари дiннiң “әдет”, “жағдай”; “жаза”, “сыйлық”; “мойынсұну” деп басты үш мағынаға келетiндiгiн айтады.3

Мәудуди, сөздiк пен жыр-шумақтар, хадис және аяттарға қарап “дiн” сөзiнiң мына төрт мағынаға келетiнiн былай тарқатып айтып бередi:

1) Үстем болу, бас идiру; билiк, үкiм иесi; бас идiру немесе қол астына алу; қуатты күшпен бағындырып құлға айналдыру.

2) Бағыну, құлдық, қызмет, бiреудiң бұйрығын орындау; қуат және үстемдiктiң алдында бас иiп оның үкiмiн орындау.

3) Шариғат, заң, құқық, жол, мәзхаб, ұлт, әдет.



4) Жаза, сыйлық, өкiм, жауапқа тарту, есепке алу.4

М. Хамди Языр “дiн” сөзiнiң Араб тiлiнде мынадай мағыналарға кегенiн айтады : жаза, есеп, үкiм беру, саясат, мойынсұну, әдет, жағдай, қаһар, шариғат.5

Терминдiк мағынасына келер болсақ, Әл-Журжанидiң дiнге берген анықтамасы былайша: “Дiн – ақыл иелерiн Пайғамбардың бiлдiрген ақиқаттарын құптауға шақырған иләһи (Аллаһ тарапынан келген) бiр заң.”



Тәхәнәви болса басқаша анықтама бередi: “Дiн – ақыл иелерiн өз қалауларымен дүниеде жақсылыққа, ақыретте құтылуға алып баратын Аллаһ тарапынан қойылған бiр заң.” Тәхәнәви және былай дейдi: “Дiннiң бастауы жағынан Аллаһқа, оны жеткiзу пайғамбарға, оны iске асыру үмбетке қатысты.”6

М. Хамди Языр жоғарыдағы айтылған анықтамаларды ескере отырып дiнге : “Ақыл иелерiн өз қалауларымен жақсылыққа және бақытқа жеткiзетiн Аллаһтың қойған шариғаты. Және де халықтың жеке адамның өз қалауымен iстеген iстерiнiң жақсылық пен бақытқа алып баруына кепiлдiк беретiн жол, әрi заң”, деп анықтама бередi.

Демек дiннiң шарты ақыл және қалау. Сондықтан жансыздар, өсiмдiктер, жануарлар, жындылар, сәбилер дiндегi үкiмдердi оырндауға жауапты емес. Өйткенi ақылы болмағандарда қалау және таңдау еркiндiгi де болмайды.

Ибн Тәймия дiннiң терминдiк мағынасын былай түсiндiредi : “Ислам, Иман, Ихсан осы үшеуi дiндi құрайды. Өйткенi сахих хадисте айтылғандай Хазiретi Жәбрейiл келiп, бұл негiздер жайында сұрақ сұрап жауабын алған соң Хз. Пайғамбар (с.а.у.) былай дейдi: “Ол Жәбрәйл едi. Сiздерге дiнiңiздi үйрету үшiн келдi. Мiне ол осылардың барлығының дiнiңiздi қамтығанын бiлдiрдi”. Дiнмен Аллаһқа бағынып, құлшылық етiлетiндiктен “Аллаһтың дiнi” деп аталады. Дiннiң құлға қатысты болуының себебi бағынушы болғандығынан.”7

Жоғарыдағы анықтамадан “дiн” сөзi мен “Ислам” ұғымдарының арасында айқын сәйкестiк барын көруге болады. Сондықтан жалпы мағынада Ислам “мойынсұну”, “құтылу” сияқты мағыналармен бiрге “сенiм және бейбiтшiлiк” мағыналарына да келедi. Дiн – адамдар арасында алаауыздық пен талас-тартыстардың алдын алып, бейбiтшiлiкке кепiлдiк беретiн заң. Дiнде тек қана адамдар арасында емес, адамдар мен Аллаһ арасында да келiсiм және бейбiтшiлiк бар.

Құран Кәрiмде Исламнан басқа да сенiм жүйелерiне, тiптi мүшрiктердiң сенгендерiне де дiн аты берiлгенiне көңiл бөлсек (Әл-Кәфирун 6-аят), жоғарыдағы анықтамалардың жалпы дiндердiң анықтамасы емес тек қана хақ дiн үшiн берiлген анықтама екенiн көремiз. Бұл анықтамалардан шығатын ортақ мағыналардың бәрi дiннiң бастауы Аллаһтан болуы. Бұған қарағанда нағыз дiн адамдар жағынан қойылмайды және де бұл анықтамалардан дiннiң ақыл мен қалауға байланысты екенiн көремiз. Сонымен дiннiң адамдарды өз еркiмен жақсылыққа бағыттайтын заң мен жүйе екенiн айтуға болады.


  1. Әр түрлi дiндердегi және тiлдердегi дiн.

Басқа да дiндердiң қасиеттi тiлдерiнде дiн ұғымында қолданылатын сөздердiң ерекшелiктерi бар. Бiрақ бұл тiлдердiң ешқайсысында Исламдағы “дiн” ұғымына сәйкес келетiн сөз жоқ. Яхудилердiң Ибрани тiлiнде “abodath elohim” (Тәңiрге құлшылық) сөзi дiн түсiнiгi ретiнде қолданылады. Бұл сөз құлшылық орнындағы ғибадат (ғибадат, құрбан және дұға) мағынасына да келедi. Дiн үшiн кейде “yir-ah” (үрей, қорқу), “emanath” (иман) сияқты психологиялық терминдер де қолданылады. Кей жерлерде “dath elohim” (тәңiрдiң бiлiмi) және “tora” (тәңiрден келген нәрсе) дiнге сөзiне балама ретiнде айтылады.

Тек қана Пехлеви тiлiнде “заң, үкiм, әмiр” мағыналарына келетiн “daath” сөзi дiн үшiн жалпы термин болып күнiмiзге дейiн қолданылып келедi. Ежелгi грек тiлiнде дiн, қорқу әрi құрмет мағыналарын қамтитын “thriheya” сөзi қолданылады.

Үндiстердiң Санскрит тiлiнде дiн мағынасына келетiн “dharma”, ал Буддизмнiң Пали тiлiнде “dhamma” түрiнде қолданылады. “Dharma” сөзiнiң “дiн, ақиқат, туралық, заң, дәстүр, негiз” сияқты мағыналары да бар. Бұл мағыналардың бiр бөлiгi Үндi тiлiнде қолданылады, бiр бөлiгi тек Буддизмге тән. Үндiлердiң қасиеттi кiтабындағы “rta” мен “dharma” түсiнiгi арасында ұқсастық бар. “Rta” ескi дiни өлеңдердегi көк тәңiрi Варунаның заңы. Үндiлерде “құтылуға алып баратын жол” мағынасына келетiн “marga” сөзi қолданылады. Бүгiнде Қытайларда дiн мағынасында “chung chiao” (ченг чиау) сөзi қолданылып келедi. Тао сөзi Чу патшалығынан берi “жол, әдiс, жүйе” мағынасында қолданылса, Конфуциден бұрынғы кезеңдерде бұл сөздiң қолданылу мағынасы, алғашқы әрi жалғыз әрбiр нәрсенiң содан пайда болғандығына сенiлуi керек нәрсе. Жапондардың Буддизмнен бұрын ұстанған дiндерi үшiн қолданылған “шинто” сөзi Қытай тiлiндегi жақсы нәрселер үшiн қолданылған “шен” және “тао” сөздерiнiң бiрiгуiнен шыққан және “тәңiрлердiң жолы” мағынасына келедi. Қазiргi кезде Жапондар бұл мағынада “камино-мичи” тiркесiн қолданады. Барлық дiндердегi “дiн” түсiнiгi үшiн қолданылған сөздер жалпы мына мағыналарға келедi “жол, сенiм, әдет, байланыс, құлшылық”. Бұл сөздердiң барлығы адамның iшкi дүниесiмен тығыз байланысты.

Түркi халықтарындағы қолданылып жүрген “дiн” сөзi араб тiлiнен келгендiгi белгiлi. Исламнан бұрын түркi халықтары дiн ұғымы ретiнде әртүрлi кезеңдерде “дрм”, “дарм”, “нам”, “ден” сияқты сөздердi қолданғаны жайлы көптеген деректер бар.



  1. Христиан дiнiндегi “дiн” түсiнiгi.

Европа, дiн терминiн Римдерден алған. Цицерон (б.з.д. IVғ.) “De Natura Deodrum” (Тәңiрлердiң жағдайы) атты кiтабында “religio” сөзiн, қолданған. (бiр нәрсенi мiндеттену, қайта-қайта оқу, iстеу мағынасындағы “re-legere” түбiрiнен шыққан). Кейiннен бұл сөз тура болу, құрмет көрсету немесе тәңiрлермен байланыста болу мағынасында қолданылған термин сөзге айналған.8

Басқа бiр деректерде Христиандық дiн терминiн Латын тiлiндегi “адамдар мен Тәңiр арасындағы байланыс” мағынасындағы “re-ligare” сөзiнен шыққаны айтылады.

Сонымен бiрге қазiр Европа тiлдерiнде дiн түсiнiгiне “religion” сөзi қолданылуда. С.Накид Аттас бұл сөздiң латынша “religion” сөзiнен шыққанын және “кiсi мен Тәңiр арасындағы байланыс” мағынасына келетiнiн айтады. Эднан Эдвар “Ғылым және дiн” атты еңбегiнде бұл сөздi Августин (354-430) және басқа ескi дiнтанушылардың латын тiлiнiң “religare” (байлау) түбiрiнен шыққанын және адамдарды Тәңiрге бағындыру деген мағынада қолданылғандығын айтуда.9

Мухаммед Хамидуллах Европа тiлдерiндегi “religion” сөзiнiң Исламда баламасы жоқ екенiн және де мұсылмандарда “дiн адамдарының” жоқ екенiн айтады.10



  1. Құран Кәрiмде “дiн” сөзiнiң қолданылуы.

Құран Кәрiмде “дiн” сөзi 92 жерде кездеседi. Бұл дiн сөзi Құран Кәрiмде бiрнеше мағынада қолданылады.

Ислам ғалымдарының бiрi Мәудуди, “Құран Кәрiмдегi төрт термин” атты кiтабында “дiн” сөзiнiң Құран Кәрiмде мына төрт мағынада қолданылғанын айтады :



  1. Толық үкiм берушi; билiк иесi; ең жоғары мәртебелi.

  2. Құрметтi әрi силы адамға деген бағыныштылық, мойынсұну.

  3. Осы мәртебелiге бағынудан пайда болған нәтиже; бұл бағыныштылықтың жалғасуы үшiн қойылған жүйе; жол және заңдар, ережелер жиынтығы.

  4. Осы жүйеге, заңдарға, ережелерге, тәртiпке құлдың бағынып, бағынбауын Ұлы мәртебелiнiң есепке алуы; есепке алу; iстеген iстерiн сұраққа алу; жазалау немесе сыйлық беру.11

Құран Кәрiмде “дiн” сөзi кейде 1-шi және 2-шi мағынада, кейде 3-шi , кейде 4-шi мағынада қолданылған. Кейде “дiн” сөзi төрт мағынаның бәрiнде, яғни барлық мағыналарды қамтыған түрде қолданылған.

Ендi осы мағыналардың Құранда қолданылуын аяттармен мысал берiп көрсетейiк.



а) 1-шi және 2-шi мағыналарда қолданылуы:

Ол тiрi . Аллаһтан басқа ешбiр тәңiр жоқ. Ендеше дiндi оған арнап, нағыз ынтамен өзiне жалбарыныңдар. Барлық мақтау бүкiл әлемнiң Раббысына лайық.”12

Шексiз мен дiндi нағыз Аллаһқа арнап құлшылық қылуға бұйырылдым” де. Сондай-ақ бой ұсынушылардың алды болуға бұйырылдым. “Шынында мен Раббыма қарсы келсем, ұлы күннiң азабынан қорқамын” де. “Дiнiмдi нағыз Аллаһқа арнап құлшылық қыламын” де.13

(Мұхаммед с.а.у.) “Расында саған бұл кiтапты бiр шындықпен түсiрдiк. Сонда Аллаһқа дiндi нағыз арнап құлшылық қыл. Көңiл бөлiңдер. Дiн нағыз Аллаһқа тән…” 14

Олар ғибадатты нағыз Аллаһқа шынайы ынтамен бiр беткей түрде орындаулары, дiндi Аллаһқа ғана тән қылулары, намаз оқулары, зекет берулерi үшiн әмiр етiлген. Мiне осы тұп-тура дiн.”15

Және де Нахыл сүресiнiң 52-шi, Али Имран сүресiнiң 8-шi аяттары осы мағынаға келедi.

Жоғарыда аталған аяттардағы “дiн” сөзi тек қана Аллаһқа тән патшалық немесе билiк мағынасында және бұл билiктiң алдында иiлiп бағыну қажеттiгiн бiлдiру үшiн қолданылған.

Және де жоғарыдағы аяттарда айтылған “дiндi Аллаһқа ғана тән қылу” сөзiнен көктерде және жерде Аллаһтан басқа толық және шексiз құдiрет, Оныкiнен жоғары патшалық және билiк танымау, олай болса жалғыз оған бағыну, оған бас ию, үкiм және бұйрық жайында оған ешкiмдi ортақ қоспау, одан басқасына құлшылық етпеу керек екенiн түсiнемiз.

Одан басқасына құлшылық етпеу түсiнiгiн қоғамдық және саяси жағынан қолға алсақ. Оның разы болуы үшiн, Оның үкiмiнiң орындалуы үшiн Одан басқасына бағынбау керек.

Аллаһтан басқасына бағыну, тек қана Аллаһқа бағынудың бiр бөлiгi ғана, бiр көрiнiсi болады. Аллаһтың ризалығына лайық iс-әрекеттер iстеу, Аллаһтың белгiлеген шегiнен аспағанша жалғасады. Балалардың әке-шешесiне, әйелiнiң күйеуiне, жұмысшының басшысына бағынуы Аллаһтың қойған шегiнiң iшiнде және Оның әмiрлерi мен тыйымдарының төңiрегiнен аспаса мұндай бағыну Аллаһқа бағыну және құлшылықтың бiр бөлiгi болып саналады . Егер де бұл бағыну қашан Аллаһтан басқа тәуелсiз және толық деп танылған өткiншi бiр билiк иесiне көрсетiле бастаса мiне сол кезде шектен шыққан және Аллаһқа қарсы келген болады.16

ә) 3-шi мағынада қолданылуы:

(Мұхаммед с.а.у.) “Ей адам баласы менiң дiнiмнен күдiкте болсаңдар, онда мен сендердiң Аллаһтан өзгеге табынғандарыңа табынбаймын, бiрақ сендердi өлтiретiн Аллаһқа құлшылық қыламын және иман келтiрушiлерден болуға бұйырылдым” де. Ал бетiңдi нағыз бiрыңғай Аллаһты бiрлеу дiнiне бұр. Шiрiк қосушылардан болма.17

Зинашы әйел мен ердiң әр бiрiне жүз дүре соғыңдар. Егер Аллаһқа, ақырет күнiне сенсеңдер, Аллаһтың дiнiн орындауда оларға жұмсақтықтарың ұстамасын…18

Немесе дiн тұрғысында Аллаһ бұйырмаған нәрсенi оларға шариғат қылатын ортақтары бар ма?19

Сендердiң дiндерiң өздерiңе, менiм дiнiм өзiме”.20

Осылайша Юсуфқа әдiс үйреттiк. Өйткенi Аллаһ қаламайынша патшаның дiнiмен (заңымен) туысын алып қала алмас едi…”21

Рум сүресi 30, Тәубе сүресi 36, Әнғам сүресi 137 аяттар да осы мағынада қолданылған.

Бұл аяттардың барлығында “дiн” сөзi бүкiл өмiрге жөн көрсететiн, адамның өзi қалап таңдаған жүйе немесе өмiр сүру жолы, заң, шариғат мағынасында қолданылған.

Бұл мағынада адам заң қоюшы және өмiр сүру жолын белгiлеушi ең жоғары билiк иесi ретiнде кiмдi таныса, өзi ең көп кiмге тәуелдiлiгiн сезiнсе оның дiнiн ұнатқан болып саналады. Аллаһтың үкiмiне, билiгiне бағынуды таңдаса Аллаһтың дiнiн, бiр патшаның үкiмiне, билiгiне бағынуды таңдаса ол патшаның дiнiн қалаған болады.

Заң қоюшы болып көрiнген кiсiнiң немесе бiр топ кiсiнiң жалпы дiнмен байланысты және дiнге жақын болулары, адамдардың алдында монах, рухани немесе дiн адамы болып шықса да бәрi бiр, мұндайлардың заң қоюшы, жол белгiлеушi мәртебе ретiнде саналуы Аллаһтың дiнiн тастап басқалардың қойған дiнiне байлану болып саналады.

Осылайша Аллаһтың әмiр, бұйрықтарының орнына бiр қоғамның қалауына немесе бiр топтың еркiне бағыну, Аллаһтан басқалардың дiнiне тәуелдi болу мағынасына келедi. Демек бiз өмiрiмiзде кiмнiң үкiмiне, еркiне бағынсақ, кiмнiң заңын және ұсыныстарын негiз әрi өлшем ретiнде қабылдасақ, оның дiнiн қабылдаған, оның дiнiн өзiмiзге дiн етiп алған боламыз.



б) 4-шi мағынасымен қолданылуы:

Шын мәнiнде сендерге уәде етiлген қиямет әрине рас. Әлбетте дiн (жаза) болады.”22

Сондай дiндi өтiрiксiгендердi көрдiң бе?”23

Дiн күнiнiң не екенiн қайдан бiлесiң. Иә дiн күнiнiң не екенiн қайдан бiлесiң. Ол күнi бiреуге бiреу қарайласуға еш нәрсе қолдан келмейдi. Ол күнi әмiр Аллаһқа тән.”24

Бұл аяттарда “дiн” сөзi есепке алу, үкiм беру, сыйлық және жаза беру мағыналарында қолданылған.

в) Жалпы және қамтылған мағынасымен “дiн” сөзiнiң

қолданылуы:

Ендi “дiн” сөзiнiң Құран Кәрiмде төрт мағынада бiрден қолданылғанын көрейiк.

Бiрақ бұл сөздi толық мағыналарымен түсiну үшiн, алдымен мыналарды бiлуiмiз керек. Егер де кiмдi бүкiл өмiрге жөн көрсетуге қабiлеттi, заң қоюға лайық көрсек, толық құдiрет ретiнде кiмге бас иiп бағынсақ және кiмнiң қойған заңдарын өмiр сүруге қолайлы деп бiлсек және соңында барлық iстеген iсiмiзден өзiмiздi кiмге жауапты сезiнсек, кiмге есеп беру керек екенiмiзге сенiп және қарсылығына жаза немесе сыйлықты кiмнен күтсек оның дiнiне кiрген болып есептелемiз.

“Дiн” сөзiнiң мағынасының кең екенiн, жалпы бiрнеше мағынаны қамтығанын осыдан көре аламыз. Осы себептен басқа тiлдерде “дiн” сөзi сияқты кең, жалпы мағынаны қамтитын сөздiң болмағанын айта кеткен жөн.

Ағылшын тiлiндегi “ұлы заңдар жинағы” мағынасына келетiн “state” сөзi, “ойлану, ой жүгiрту, дүниеге көзқарас” мағынасында қолданылған “ideoloji” сөзi, “сенiм, құлшылық” мағынасында қолданылған “religion” сөзi “дiн” сөзiнiң бiр ғана бөлiмiн қамтиды.

Төменедегi аятта “дiн” сөзiнiң жалпы мағынасымен қолданылғанын көремiз:

Кiтап берiлгендерден Аллаһқа, ақырет күнiне иман келтiргендер және Аллаһтың әрi елшiсiнiң арам еткен нәрселерiн арам деп бiлмегендер және де хақ дiндi дiн деп мойындамағандармен сүмiрейiп, өз қолдарымен салық бергенге дейiн соғысыңдар”.25

“Дiн” сөзi бұл аятта көрiнгенiндей толық және ең ұлы мәртебе ретiнде Аллаһқа сенiп, бұл сенiмнiң артынан оған мойынсұнып бағыну, арам және адал жайында оның қойған өлшем және заңдарына бағынуды және соңында өлiмнен кейiнгi есеп беру сенiмдерiнiң барлығын қамтып жалпы түсiнiк беруде.

Төмендегi аятта да “дiн” сөзi бiрiн-бiрi толықтырған төрт мағынаның бәрiн бiрден қамтиды :

Перғауын:”менi қоя берiңдер. Мұсаны өлтiрейiн. Ол Раббына жалбарынсын. Расында мен оның дiндерiңдi өзгертуiнен немесе жер жүзiнде бiр бұзақылық шығаруынан қорқамын” дедi.26

Перғауын мен Хз. Мұса (а.с.) арасында болған оқиғаны Құрандағы аяттан көргенiмiздей бұл аятта айтылған “дiн” сөзiнiң тек қана сенiм және дiни сезiм мағынасындағы “religion” түсiнiгi емес, сонымен бiрге жалпы қоғамдық-саяси, саяси-мәдени жүйенi қамтығанын көремiз.

Перғауынның айтқанына қарағанда Мұса (а.с.) қызметiнде табысқа жетсе Перғауынның толық мәртебе ретiнде саналған қоғамдық және саяси жүйесi құлайды, қолындағы билiк және қойған заңы өзгередi. Және оның орнына жаңа заң, жаңа тәртiп, жаңа қоғамдық-саяси жүйе орнап Перғауын билiгiнен айырылады.

Аллаһтың қасында шынайы дiн Ислам…”27

Кiмде-кiм Исламнан басқа бiр дiн iздесе, әсте одан қабыл етiлмейдi де ақыретте зиянға ұшыраушылардан болады.”28

Бұл екi аятта Аллаһтың жанында қабыл етiлген жалғыз өмiр жүйесiнiң, жалғыз дiннiң тек қана Оған бағыну, тек қана Оған құлшылық қылумен болатынын бiлдiредi. Оған бағыну және оған құлшылық қылу дегенiмiз, оның қойған заңына және өлшемiне мойынсұну.

Олай болса Аллаһтан басқаны ұлы күш ретiнде қабылдау және Аллаһтан басқаға бағынуға шақырған дiндердiң, жүйелердiң барлығы Аллаһтың қасында негiзсiз. Әрi мұндай дiндер адамды мiндеттi түрде зиянға, құлға құл болуға алып барады. Адамның Исламнан өзге дiндi қалауы Аллаһқа қарсы үлкен опасыздық болады. Өйткенi адамды жаратқан, сансыз нығметтермен оны рызықтандырған және өмiр берген Аллаһ Тағала. Олай болса ойланған адамға өзiне Раб29 және Тәңiр ретiнде Аллаһты таңдаудан басқа еш бiр жол жоқ.

Осыған қарамай адамның Аллаһтан басқасына бас июi, басқаға құлшылық қылуы, басқаның бұйрығымен өмiр сүруi Аллаһқа қарсы келу болып есептеледi. Және де өмiрiн осылай негiзсiз бiр жолда босқа өткiзген адамның Аллаһтан жақсылық үмiт етуi еш ақылға сыймайды.

Өйткенi Ол елшiсiн туралық және хақ дiнмен бүкiл дiндерге басым болсын деп жiберген. Егер мүшрiктер жақтырмаса да…”30

Бұл аятта Аллаһтың Елшiлерi (Пайғамбарлары) арқылы адам баласына жалпы өмiр сүру жол ретiнде, шынайы әрi тура дiн ретiнде Исламды жiбергенi айтылады. Және де бұл аяттан Расулдердiң басты мiндетiнiң адам баласына Исламды, яғни бұл ақиқат пен тура дiндi жеткiзу және бұл дiннiң басқа дiндерден және жүйелерден үстем болып жер жүзiнде үстемдiк етуi үшiн күш-жiгер жұмсауы керек екенiн түсiнемiз.

Олармен ешбiр фитне (бүлiк) қалмағанға дейiн және дiн бүтiндей Аллаһтiкi болғанға дейiн соғысыңдар…31

Бұл аятта адамдарға жер бетiнде бүлiк, жамандық, зұлымдық және бұзақылық қалмағанға дейiн кәпiрлермен, залымдармен, бұзақылармен соғысу бұйырылады.

Аяттағы “фитне” сөзi Аллаһты толық және ең жоғары мәртебелi ретiнде танымаған әр түрлi пiкiрдегi жүйе, көзқарас, сенiм, саяси-қоғамдық жүйе және дiн мағынасына келедi.

Адамдардың және түрлi қоғам арасындағы шыққан барлық ұрыс-керiстiң түбiнде Аллаһтың қойған өлшемiн және шектерiн бұзған, адамдар жағынан қойылған жүйенiң, мәдениеттiң, тағұт32 күштерiнiң әсерi бар.

Сол себептен адамдарға жер бетiнде “фитне”қалмағанша және дiн ретiнде жалғыз Аллаһтың қойған жүйесi орнығып жайылғанша соғысулары, күш-қайрат жұмсаулары бұйырылды.

Аллаһтың жәрдемi және жеңiс келген кезде, адамдардың Аллаһтың дiнiне топ-тобымен кiргенiн көресiң. Ендi Раббыңды мақтай дәрiптеп, одан жарылқау тiле. Негiзiнен ол тәубенi өте қабыл етушi.”33

Бұл аят жиырма үш жылдық арпалыстан кейiн Ислам төңкерiсiнiң Араб күштерiн құлатып, Ислам дiнiнiң әлемдiк пiкiр және сенiм жинағы болып өзiн қабыл еттiрiп, адамдардың топ-топ Аллаһтың дiнiне кiрiп, соңында Аллаһ Расулiнiң бұл жетiстiктерде өз қызметiнiң жүзеге асқанын көрген кезiнде түсiрiлдi.

Бұл аят Пайғамбарымыздың қызметiн бiтiруi өз табыстарының арқасында деп сенiмдi болып көкiректенбеуi үшiн түсiрiлген тәрiздi.

Барлық нәрсенiң және Пайғамбарымыздың қорғап-қолдаушысы, жәрдем етушiсi және сүйенiшi, қысқаша айтқанда Раббы әр түрлi кемшiлiктерден ұзақ болған Ұлы Аллаһ. Олай болса Пайғамбарымыз тек қана Оны ұлықтап мақтауы керек және жиырма үш жылдық қызметiнде iстеуi мүмкiн кiшiгiрiм қателерiнен тәубелердi қабыл етушi Раббысына тәубе етуi керек.

Жоғарыда өткен аяттарда “дiн” сөзi жалпы мағынасымен, яғни адамдардың наным-сенiмдерi, толық өмiр сүру жүйесi, өмiрлерiнде өздерi қалаған жол мағыналарын қамтып қолданылған.


  1. Исламдағы дiн түсiнiгi.

Дiн адамдарды пайдалы және қайырлы iстер iстеуге шақырады. Дiн қандайда болсын зарарлы әрi жаман нәрселерден арылуымызды қалайды. Дiн ақылды адамға ғана қатысты. Мiне сондықтан жануарлар, өсiмдiктер, жансыз нәрселер, сәбилер, ақымақтар үшiн дiн жоқ және бұлар дiннiң ешқандай әмiр-тыйымдарынан жауапты емес.34

Дiндi ұстанған адам ешқандай кiсiге және қоғамға байланып қалмай өз еркiмен, өз қалауымен дiни ережелерiн орындауы керек. Өйткенi ақыл мен еркiндiк дiннiң шарты. Ғалым және ақылды болу дiндарлықтың белгiсiн бiлдiрмейдi. Дiндар болу үшiн дiндi бiлiп қана қоймай оны сүюi керек.

Дiннiң басқа бiр ерекшелiгi Аллаһ тарапынан қойылуы басты болуы тиiс. Осыдан дiннiң Аллаһтың Пайғамбарлары арқылы адамдарға жiберген заңдары және ережелерi екенiн аңғаруға болады. Осы себептен адамдардың қойған нәрселерiне шын мәнiнде дiн деп айту жаңылыс.

Дiннiң бұл ерекшелiктерiне қарағанда Европаның “табиғи дiн” деп ақылмен шығарған далбасаларына дiн деп айту еш дұрыс емес, әрi бұл атқа лайық емес. Мысал келтiрер болсақ адам баласына адам, ешкiнiң төлiне лақ деймiз. Адам баласына лақ дей алмаймыз. Дәл осы сияқты дiн Аллаһтан келедi, адамдар жағынан қойылмайды. Аллаһтың бұйрықтарына, қойған заңдарына және адам баласының өмiрi үшiн жөн сiлтейтiн нәрсеге дiн аты берiледi.

Адамзат үшiн заң қоятын тек Аллаһ. Өйткенi бұл әлемнiң барлығын жаратқан және реттеп отырған кемшiлiктерден пәк болған жалғыз Аллаһ Тағала. Аллаһтан басқа барлық нәрселердiң кемшiлiгi бары ақиқат. Адамзат үшiн өмiр заңын шығару мiндетi кемшiлiгi болғандарға берiлмейтiнi айдан анық. Бұған қарамай көпшiлiк бұл жайында тартысуда. Заңдарын Аллаһтың кiтабының тысынан алғандар халықтың жақсылығын ойлағандарын және өмiр сүру қажеттiлiктерiн орындағандарын айтуда. Хақ дiннiң ең белгiлi ерекшелiгi болса Аллаһтың қойған заңы болуында. Адамдардың қойған заңы жақсылыққа емес жамандыққа және Аллаһқа серiк қосуға алып барады. Өйткенi жеке мақсат және жеке түсiнiк араласқан жерде адамдардың таңдау еркiндiгi бұзылады.35

Аллаһтың адамзат үшiн қойған заңы еш күдiксiз адамзаттың жаратылысына сәйкес келетiн заң. Бұлардың барлығында негiзгi ереженi қоюшы Аллаһ Тағала. Ал өмiрдiң дамуына, жаңа жетiстiктерге байланысты қосалқы үкiмдердi шығару болса адамдарға берiлген. Бiрақ негiзгi заңнан шығып кетпеуi керек.

Ұлы Аллаһтың разы болып бiзден талап еткен дiнiнде таухид сенiмi, яғни Аллаһты ортақсыз бiр деп тану негiз болып есептеледi. Бұл – адамдардың орындаған құлшылықтарымен Аллаһтың тәңiрлiгiн, бiрлiгiн дәрiптеуi. Аллаһтан басқалардың мәңгiлiк емес екенiн бiлдiруi. Сондықтан Аллаһтың құлдарынан қабыл еткен дiнi тек қана Ислам. Құран Кәрiмде бұл жайында ашық айтылған:

Аллаһтың қасында шынайы дiн Ислам…”36

Бұл дегенiмiз Аллаһқа толық бағыну. Өмiрiмiздiң әр бiр сәтi үшiн бұл дiннен мәлiмет алу және бұл дiннiң негiзi болған Аллаһтың кiтабын төрешi қылу. Олай болса дiн тек қана тiлмен айтылған сөз емес және жүректегi сезiм немесе намаз, хаж, ораза сияқты құлшылықтар да емес.

Ислам – бағыну және тәуелдi болу. Ислам – адамдардың өмiрiнде Аллаһты әкiм қылуы. Дiн сөзiнiң мазмұны ең мәндi түрде мына аятта айтылған :

Осылайша Юсуфқа әдiс үйреттiк. Өйткенi Аллаһ қаламайынша патшаның дiнiмен туысын алып қала алмас едi.”37

Яғни патшаның заңы және жүйесi. Көргенiмiздей Құран Кәрiмде “дiн” сөзi заң және жүйе мағынасында қолданылған. Қазiргi кезде мұсылманмын дегендер бұл сөздiң мағынасын түсiнбеуде. Олардың ойынша Аллаһтың бiрлiгiне, пайғамбарларына, перiштелерiне, кiтаптарына, ақырет күнiне, тағдырдың жақсылығы мен жамандығына сенген адам Аллаһтан басқаға бағынып, оның үкiмiн қабыл етсе де Аллаһтың дiнiнде. Бұл аятқа қарағанда “патшаның дiнi” дегенiмiз патшаның заңы және жүйесi. Олай болса “Аллаһтың дiнi” де Аллаһтың заңы және жұйесi. Қазiр “дiн” сөзiнiң негiзгi мағынасы жойылып тек сенiм, құлшылық мағыналарында қолданылуда. Хз. Адамнан Хз. Пайғамбарымызға дейiн келген Аллаһтың дiнiне қарағанда да былай емес. Өйткенi осы уақытқа дейiн келген хақ дiндерде дiннiң мағынасы тек Аллаһқа бағыну, басқаның қойған заңын қабыл етпеу, тәңiрлiктi көктегi сияқты жерде де Аллаһқа арнау және оның адамдарға Раб екенiн қабыл ету. Қазiргi мұсылмандар “Аллаһтың дiнi” сөзiнiң ақиқат мағынасын бiлмегендiктен Аллаһтың заңымен жүрмеуде. Осыларды айта келiп Ахмед Файз былай дейдi : “Сондықтан бұл дiннiң ақиқат мағынасын бiлмегендердi мен бұл дiннен деп есептемеймiн”38

Бiрде Пайғамбарымыз Тәубе сүресiнiң 31-шi аятын оқиды.

Олар ғалымдары мен дiн адамдарын және Мәрям ұлы Исаны Аллаһтан өзге тәңiр қылып алды.”

Әлi Христиан болып, мұсылмандықты қабыл етуге келген Ади бин Хатем бұны естiгенде былай дейдi :


  • Ей Аллаһтың Расулi Христиандар оларға табынбайды ғой.”

Пайғамбарымыз былай жауап бередi :

  • Иә, табынбайды. Бiрақ олар адал нәрсенi арам, арам нәрсенi адал қылады. Олар да мұны қабыл етiп, мойынсұнады. Мiне олардың дiн адамдарына құлшылығы осы.”39

Құран Кәрiмнiң ұсынған ақиқаты да осы. Құран Кәрiм Аллаһтың шариғатынан басқаға бағынып, Оның қойған өмiр заңынан басқа бiр заңға бағынғандарға былай дейдi :

Олар Аллаһтың дiнiнен басқа дiн iздей ме? Көктердегi және жердегi барлық жан иесi ерiктi, ерiксiз Аллаһқа бой ұсынады. Сондай-ақ олар ол жаққа қайтарылады.”40

Негiзiнде бiр ақиқатқа сену, ол ақиқатты танудың бiр бөлiгi. Сондықтан адам сенген сенiмiнiң ақиқатын бiлмесе қалай ол дiндi қабыл етедi? Дiннiң негiзгi мағынасын бiлмейiнше қалайша ол дiннен деп саналады?

Күдiксiз Ислам дiнi адамның қалағандарын емес, Аллаһтың шариғатын адамдарға әкiм қылады. Аллаһтың шариғатын қабыл етпеген кiсi адамдардың қалауларына бағынды деген сөз. Аллаһтың шариғатынан басқа барлық нәрсе адамдардың нәпсi құмарлықтары болып саналады. Бiздiң адамдардың ойларына, қалауларына iлеспей, Аллаһтың шариғатымен жүру керек екенiмiздi мына аяттан да көремiз :

Сосын (Мұхаммед с.а.у.) сенi шариғат iсiне қойдық. Ендi сонымен жүр. Бiлмегендердiң ойларына iлеспе.”41

Бұл шариғат бүкiл өмiрге төрешi болуға, адамдардың күнделiктi мұқтаждықтарын және қажеттiлiктерiн Аллаһтың үкiмiмен шешуге, Аллаһтың үкiмiн барлық жағдайда iске асыру үшiн керек. Керiсiнше бұл дiн ғибадат үшiн, өмiрдiң ақиқаттарынан ұзақ теория ретiнде қалу үшiн келмедi. Ислам дамуға, өркениетке алып баратын өмiр жүйесi.

Бұл дiннiң шариғаты мен наным-сенiмiнiң арасында ешқандай айырмашылық жоқ. Яғни шариғат наным-сенiмнiң бiр бөлiгi. Өйткенi шариғат наным-сенiмнiң iс-әрекеттегi көрiнiсi. Бүгiнде Исламды қабылдағандардың өзi “билiк” мәселесiн наным-сенiмнен бөлiп тастауда. Билiк наным-сенiмнен бөлек нәрсе деп түсiнiлуде. Наным сенiмге көңiл бөлгендей етiп билiк мәселесiне көңiл аудармаған адамдар билiктi қабыл етпеу дiннен шығармайды деуде. Наным-сенiмнiң немесе ғибадаттың бiрiн қабыл етпеген адам дiннен шығады дейтiндер де осылар. Негiзiнде бұл дiн наным-сенiм, ғибадат және шариғаттың бiр-бiрiнен айырылуына қарсы.

Бiр бұтқа табынушыны ойланбастан “мүшрiк” (Аллаһқа ортақ қосушы) дегендер, тағұттың үкiмiне бас игендердi “мүшрiк” деуден тартынса, ол адам Құран оқымайды және бұл дiннiң ерекшелiктерiн бiлмейдi деген сөз. Мұндай адамдар Құран Кәрiмнiң мына аятына құлақ салып, ой жүгiртсiн :

“…Егер оларға бой ұсынсаңдар Аллаһқа шiрiк қосушылардан боласыңдар.”42

Надан, қараңғы бiр қоғамда дiн түп-тамырымен тұрмыс тiршiлiктен айырылады. Өйткенi билiктi тек Аллаһқа тиiстi деп бiлмеген, танымаған қоғамда дiн түбiмен жойылған болып саналады.

Бұл дiннiң бар болуы, Аллаһтың үкiмiнiң бар болуы. Егер бұл негiз болмаса, дiн де болмайды. Бүгiнде әлемде дiн жайындағы басты мәселе, Аллаһтың тәңiрлiгiне көз тiгiп, Аллаһтың билiгiн қолдарына алып, тұрмыс-тiршiлiкке байланысты заң қойған тағұттардың шығуы. Құранның тәңiрлiк және құлдық, иман, күпiрлiк, надандық мәселелерiне көп тоқталуының себебi де осы.

Күмәнсiз бұл дiн адамзат өмiрiн реттеу үшiн қойылған Иләһи бiр заң. Алайда бұл заңның адамзат өмiрiнде жүзеге асырылуы адамдардың әрекетiне, талпыныстарына байланысты. Бұл дiннiң ықпалы адамдар оның ережелерiн қабыл еткен соң басталады. Егер адам баласы шын мәнiнде бұл жолмен жүретiн болса, онда бақытқа жетедi.

Бұл дiннiң басты ерекшелiгiнiң бiрi ешқашан адам баласының жаратылысынан, тұрмыс-тiршiлiгiнен мақрұм болмауы. Сонымен бiрге бұл дiн адамзатты еш бiр қоғамдық жүйе ұласа алмайтын бақытқа оп-оңай жеткiзедi. Тарихқа қарасақ мұндай табыстарға қол жеткен. Шын мәнiнде әрекет етiп, күш-қайрат жұмсасақ ондай табыстарға жету әбден мүмкiн. .43
Бiрақ қазiр олай болмауының себебi дiннiң ақиқатын түсiнбеуiмiзден, ұмытуымыздан. Яғни нәпсiнiң құлы болып дiнге көңiл бөлмеуiмiзден және дiн жолымен жүрмеуiмiзден.

Аллаһ Тағала да Құран Кәрiмде шын мәнiнде әрекет етiп, тура жол үшiн күрескендердi хақ жолға салатынын, бақытқа жеткiзетiнiн бiлдiредi :

Расында бiр қауым өзiн өзгертпейiнше Аллаһ оны өзгертпейдi.”44

Сондай жолымызда күрескендердi әлбетте тура жолдарымызға саламыз.”45

Егер адамдар iзгiлiк, тура жол және жақсылық үшiн күрессе қалаған мақсаттарына жете алады. Бiрақ барлық нәрсе Аллаһтың қалауымен болады. Онсыз адам өз басына еш нәрсе iстей алмайды. Аллаһ Тағала тура жолды бiлiп, өзiнен жәрдем өтiнiп, жақсылыққа жету үшiн Аллаһ жолында күрескен кiсiге жәрдем етедi. Бұл жайында Құранда былай делiнедi :

Кiм Аллаһ жолына жәрдем етсе Аллаһ оған жәрдем етедi. Шексiз Аллаһ қуатты, тым үстем. Егер оларды жер жүзiне орналастырсақ, олар намазды орындар, зекет берер сондай-ақ дұрысқа қосып, бұрыстан тосар едi. Негiзiнде iстердiң соңы Аллаһқа тән.”46

Адамдар бұл жолдан тайып, адасатын болса Аллаһ Тағала оларға жәрдемiн тоқтатады.

Ислам дiнi ғана Аллаһқа құл болуды лайық көредi, тек оған құлшылық етудi бұйырады. Билiк, үстемдiк хаққымен бiрге адамзат өмiрi үшiн заң қою хаққын да тек қана оған тән деп бiледi. Сол себептен тек қана Ислам адамдарды Аллаһтан басқаға құл болудан құтқарады. Сол үшiн бiз, тек осы жүйенiң жүзеге асырылуы үшiн әрекет етуге мiндеттiмiз, бұл жолда күресуге мәжбүрмiз.47



6) Ислам мен Христиан дiндерiндегi “дiн” түсiнiгiн

салыстыру.

Христиан мен Ислам дiндерiндегi дiн түсiнiгiне тоқталып өттiк. Ендi бұл екi дiндегi дiн түсiнiгiн салыстырып өтсек мәселе бұдан да түсiнiктi болар деп ойлаймын.

Европа мен Христиан әлемiнiң дiн түсiнiгiн Град Конклин былай түсiндiредi: “Дiн – адамзаттан тыс бiр құдiретке немесе күштерге сену. Бұл күштердiң табиғаттан тыс немесе табиғи болуы, бiр кiсiге немесе өзгелерге тән болу мәселесi әр дiнде әр түрлi болады.”

Ислам тек қана дұға және жақсы ниет қана емес, сонымен қатар адамның iс-әрекет, қарым-қатынасында дiни әмiр мен тыйымдарға бағынуды талап етедi. Ислам иман, бiлгенiмен амал ету және әдептен тұрады. Ахмед Хамди Аксек бұл жайында былай дейдi: “Дiн үш түрлi үкiмнен тұрады; наным-сенiм, iс-жүзiнде орындау және әдеп. Бұлар барлық сәмәви (Аллаһтан келген) дiндерде бар үкiмдер.”48

Дiннiң негiзi иман және наным-сенiм, ол да Аллаһқа Иман, пайғамбарларға иман, ақыретке иман және мәңгi өмiрге иман болып басты үш бөлiмнен тұрады. Бұл үш нәрсеге сену және бұларды қабыл ету басты негiз болғандықтан пайғамбарлардың барлығы халыққа осыларды үгiттеген.

Дiннiң iс-жүзiндегi бөлiмi Аллаһқа, өзiмiзге, басқа адамдарға және жаратылыстарға деген мiндетiмiз болып саналады. Аллаһ пен құл арасындағы байланыс үкiмдерi, адамның өзiне қатысты үкiмдер және адам мен басқа адамдардың арасындаға байланыстарды реттеген үкiмдердiң барлығы осы бөлiмге кiредi. Мұндағы мақсат адамдардың ақлағын кемелдендiру және тазалау.

Дiн кейбiреулердiң әсiресе Европалықтардың ойлағанындай iс-әрекет, қимыл-қылық үкiмдерiнен мақрұм, тек адамның iшкi дүниесiмен ғана байланысты емес. Дiннiң негiзгi мақсаты адамның тек қана iшi немесе сырты ғана емес, iшкi жан-дүгиесiмен қоса сыртын тазалау және осы тәрiзде адамды ең жоғары мәртебеге жеткiзiп, дүниеде қуаныш пен шаттыққа бөлеу ал ақыретте құтылуға әрi бақытқа жеткiзу.

Батыс әлемiнiң дiн түсiнiгiн Ислам ғалымдарының сынға алғанындай, Европа ойшылдарының өздерi де сынға алған. Бұлардың арасында астронавт Джеймс Джейс пен социолог Гинсбургтiң аттарын айта аламыз. Және де Маугхам батыстағы дiн көзқарасын былай сынға алады: “Шынында бүгiнде Европа Аллаһын жоғалтып орнына жаңа бiр тәңiрге сенген. Олардың жаңа тәңiрi – ғылым. Бiрақ ғылым әрдайым өзгерiп отырады. Мiне сол себептен Аллаһты тастап ғылымға құл болғандар қиыншылық, зорлық iшiнде азап шегуде.”49

Ислам ғалымдарынан Сейд Қутуб Батыстың дiн түсiнiгiн былай сынға алады: Европалы Христиандар шiркеулерге барып уағыз, дұға, музыка және дiни өлеңдер тыңдағанындай, дiни мейрамдарда поптардың сөзiн радиодан тыңдайды. Аллаһ пен өздерiнiң арасындағы байланыс үшiн попқа сүйенедi. Бiрақ бұлардың ешқайсысы поптардан “Күндiк өмiрде Христиандыққа тәуелдi болып қалу мүмкiн емес” дегендерiн естiмедiк, демейдi. Өйткенi Христиандық тек қана рухты жұбатудан басқа еш нәрсе емес. Христиандық қоғамдық мәселелердi шешiп, басқаруға араласпайды, ол iстi патшаға бередi. Христиандық рухты жұбатудан және дұғадан тұрады. Ал Исламда олай емес. Ислам сенiмнiң қоғамға толық сiңiп әрекетке енуiн қалайды. Европалықтар: “Дiн- тек қана кiсi мен тәңiр арасындағы қарапайым бiр байланыс. Дiндi мәдени өмiрмен араластырудың керегi жоқ” деуде. Иә Христиандық бойынша дiн адам мен тәңiр арасындағы рухани байланыстан басқа еш нәрсе емес. Европаның былай деуiнiң жангы бар. ­Өйткенi Христиандық, Европаға қалай өмiр сүру керек екендiгiн көрсетпеген50.

М. Хамди Языр Европалықтардың ойларын былай түсiндiредi: Қазiр Европалықтардың кейбiрi былай ойлайды . “Қазiр адамдар бақытты жақсылықтан, жақсылық жасаудан емес өз пайдасына асқан iстерден, нәпсiнiң қалауларын iстеуден табуда. Бұдан басқа ешбiр нәрсенi бақыт деп есептемейдi. Осы себептен Аллаһ тарапынан қойылған хақ дiн оларға еш әсер етпейдi. Сондықтан оларды белгiлi бiр дәрежеге жеткенше адамдардың қойған дiнiмен және күшпен басқару керек. Бұл өмiрде мейiрiмдiлiк, еркiндiк емес керiсiнше күш-қуат пен зорлық үкiм етуде”. Олардың бұл сөзiне қарағанда адамдардың қолынан жеке мүдделерiн, еркiндiгiн алып күшпен, зорлықпен басқару керек. Бақытқа осылай жетемiз деп күнәнiң астында қалатынымызды, хақ дiнде Аллаһқа ортақ қосудың соңы нендей өкiнiштi екенiн бiлуiмiз керек.51

Ислам ғалымдары дiндi былай түсiнбейдi. Мысалы М. Азиз Лахбаби дiндi былай түсiнедi: “Исламда поптар (дiн адамы) болмағанындай, дiни және дiннен тыс нәрсе деп бөлу де жоқ. Ислам бiр бүтiн. Яғни бiр-бiрiнен айырылмайтын иманды, дiни ғибадаттарды, қоғамның кез-келген мәсәлесiн қамтитын толық әрi ұлы бiр дiн.”52

Ислам мен Христиан дiндерiнiң Иләһи заң жайындағы көзқарастары әр түрлi. Ислам Христиандардың түсiнгенiндей патшаға тиiстi iстердi патшаға бермейдi. Яғни әлеуметтiк, саяси және экономикалық өмiрдi дiнмен байланыстыруға тырысады.

Шынында бiр мұсылман үшiн дiн тек қана ақлақ, әдеп қана емес, сонымен бiрге адамның қалай өмiр сүру, көршiсiмен және Аллаһпен қатынасының қалай болу, қалай iшiп-жеу, базарда сауда-саттық жасау, дұға қылу және басқа да ғибадаттардың қалай орындалу керектiгiн қамтыған Иләһи заң.

Дiн адам өмiрiнiң барлық жағын қамтиды және Аллаһтың қалағанындай өмiр сүру үшiн мұсылманға жол көрсететiн принциптерден тұрады. Және қандайда бiр iстiң адам үшiн мiндеттi, пайдалы екенiн немесе зиянды екенiн, тиым салынғандығын көрсетедi. Осы үкiмнiң арқасында адам iстеген iстерiнiң Аллаһ алдында құны қандай болғанын түсiнедi және тура жол мен бұрыс жолды бiр-бiрiнен айыра алады. Өйткенi адам ұстанған жолын өз еркiмен таңдауы керек.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет