L. N. Gumilyov Eurasian national university баспасөз хабарламасы



Дата22.02.2016
өлшемі49.51 Kb.
#674

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ


2015 жылы 1 қыркүйек күні сағат 10.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлтық университетінде (Сәтбаев көшесі, 2. Орталық алаң) Білім күніне орай "100 нақты қадам: білім және білік" атты шара өтеді.

Биығы 2015-2016 оқу жылы Еуразия ұлттық университетіне еліміздің талапты әрі дарынды жастары студент болып қабылданды. Қабылдау комиссиясы жұмысының қорытындысы бойынша мемлекеттік грантқа ие болған 2714 талапкер ЕҰУ-ді таңдаған. Осының ішінде 449-ы «Алтын белгі» иегері болса, 231-і республикалық және халықаралық олимпиадалар жеңімпаздары. Оған қоса, Еуразия ұлттық университетін 254 автономды білім беру ұйымдарының түлектері мен 1307 білім беру грантын алуға артықшылық құқығы жоқ тұлғалар таңдаған. Грантқа ауылдық квота бойынша түскендер саны 362 адамды құраса, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар 33, ал І және ІІ топтағы мүгедектерге, бала кезінен мүгедектерге, мүгедек балалар үшін 12 орын бөлінді. Сонымен қатар, гранттықтардың ішінде қазақ диаспорасының 30 өкілі де бар. Бұл барлық мамандықтарға студенттер қабылдау бойынша Еліміздегі жоғары көрсеткіштердің бірі. Демек, мұның өзінен университетіміздегі профессор-оқытушылар құрамы және сала қызметкерлерінің жыл өткен сайын білім берумен сапалы мамандар дайындаудағы атқарып жатқан тындырымды жұмыстарының нәтижелерін көреміз.

Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев білім мен ғылым саласына қашанда жан-жақты қолдау көрсетуде. ЕҰУ-ға тиесілі мемлекеттік білім беру грант санының көбісі техникалық және технологиялық мамандықтар - жалпы грант санының 68% құрайды. Республика көлемінде алғанда бұл көрсеткіш мемлекеттің техникалық әрі технологиялық мамандықтарға бөлген грант сандарының 14 пайызы, бұл салыстырмалы түрде алғанда ең жоғары көрсеткіш саналады.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы - 2 орындауының шеңберінде үкіметтік шешімнің негізінде 10 базалық жоғары оқу орындары тізіміне кіреді және «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкциясын өндіру», «Ғарыштық техника және технологиялар» мамандықтары бойынша болашақ мамандарды даярлау үшін ЕҰУ-ға бұрын-соңды болмаған орын бөлінді.

Сондай-ақ биыл оқу орнының басшылығы студенттік жастардың сапалық құрамына да ерекше көңіл бөлді: құқықтану, халықаралық құқық, халықаралық қатынастар, экономика, қаржы, есеп және аудит, менеджмент мамандықтары бойынша өту ұпайы 70-тен 80 баллға дейін өсті.

Ең бастысы, магистратураға алғаш рет мемлекеттік тапсырыс бойынша 1006 орын бөлінді (985 - өткен жылы) және былтыр ақылы негізде 128 магистранттар түссе, биыл да сол шамада қабылданып отыр. Ал докторантурада ақылы негіз жоқ, мемлекеттік тапсырыс бойынша 91 адам оқитын болады (өткен жылы 70).

Еліміздің бірінші ұлттық жоғары оқу орнының білім беру қызметі сапаны қамтамасыз ету бойынша Тәуелсіз қазақстандық агенттігінің рейтингімен бағаланды, ЕҰУ тағы да бірінші орыннан көрінді.

«Отырар» кітапханасының жанынан жалпы көлемі 8071 шаршы метрлік 9 қабатты, 500 орындық жатақхана салынуда. Құрылыс жұмысы қазіргі күні жоспарға сай жүргізіліп келеді. Бүгінде биіктігі бел ортадан асқан 500 орындық жатақхана екі блоктан тұрады. Баспананың тұрғынжайы 4890 шаршы метрді құрайды. Бірінші блокта 264, екінші блокта 236 орын бар: әр бөлмеге үш студенттен ғана орналасады. Бірінші блокта үш орындық 88 бөлме, екіншісінде 78 бөлме болады. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» дегендей, алғашқы қадасы осыдан тоғыз ай бұрын қағылған құрылыс нысаны келесі 2016 жылғы жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі.

2015-2016 жыл тек жоғары оқу орнының өзіне ғана емес, барлық ел үшін де айтулы жыл болмақ. ЕҰУ айрықша мерейтойға – Еуразия ұлттық университетінің негізі қаланғанына 20 жыл толуына қызу дайындық үстінде.

Алдағы басты мақсат – еліміздегі қолға алып отырған жаңа реформаларға байланысты білім беру мен ғылыми жұмыстарды әлемдік стандарттарға сай жетілдіру, оқу-әдістемелік бағдарламаларды жаңарту, жақсарту. Қазіргі инновациялық талаптарға сай сапалы мамандар дайындау жұмыстары жан-жақты жалғасын табады. Факультеттер мен кафедралардың материалдық-техникалық базасын нығайтып, елімізге қажетті сапалы мамандар дайындап беру үшін білім берудің тереңдетілген оқу-әдістемелік жүйелері мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының жаңа бағдарламаларын қалыптастыру басты стратегиялық бағыт-бағдар болып қала бермек.


Шараға ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, ақын-жазушылар мен ғалымдар, Білім және ғылым, Мәдениет және спорт министрліктерінің өкілдері қатысады.

Жиын барысында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов студент-жастарды жаңа оқу жылымен құттықтап, министрік өкілдері ҮІІІ Жазғы универсиада жеңімпазы - ЕҰУ құрама командасын салтанатты түрде марапаттайды. Сондай-ақ PһD докторанты мен үздік 1 курс студенттерінің тілек-лебізін де тыңдай аласыз.

Білім күніне арналған шарада "Самұрық" шоу-балеті, қазақ эстрадасының жұлдыздары Ибрагим Ескендір, "Еуразия" инструментальді ансамблінің жетекшісі, танымал күйші Айбек Бекбосын, ағайынды Жүгінісовтер өнер көрсетеді.


Пресс-служба Баспасөз қызметі Press office

ЕНУ им.Л.Н.Гумилева Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ L.N.Gumilyov ENU

Казахстан,г.Астана,ул.Сатбаева 2 Қазақстан,Астана қ.Сәтбаев 2 к-сі Kazakhstan,Astana, Satbayev st 2

Тел: +7 (717) 270-95-48 Тел: +7 (717) 270-95-48 Tel: +7 (717) 270-95-48

www.enu.kz www.enu.kz www.enu.kz

lyailyarahman@gmail.com lyailyarahman@gmail.com lyailyarahman@gmail.com





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет