«математика, информатика, физика» апталығының жабылуына арналған сценарий мақсаты



бет1/4
Дата12.10.2023
өлшемі28.34 Kb.
#480598
түріСценарий
  1   2   3   4
«МАТЕМАТИКА, ИНФОРМАТИКА, ФИЗИКА» АПТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАБЫЛУЫНА АРНАЛҒАН СЦЕНАРИЙ


«МАТЕМАТИКА, ИНФОРМАТИКА, ФИЗИКА» АПТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАБЫЛУЫНА АРНАЛҒАН СЦЕНАРИЙ
Мақсаты:
• Оқушылардың ойлау қабілеті мен математикалық қабілеттерін арттыру;
Математика, физика және информатика пәндері бойынша білімдерін тереңдету;
• Математика, физика және информатикаға деген қызығушылығын арттыру;
Құрал–жабдықтар:шарларменбезендірілген зал, екі үлкен экран,ноутбуктер, стереометриялық фигуралар, презентация, физикалық құралдар, ДК құралдары, принтер, атом макеті.
Іс-шара барысы
І жүргізуші:
Бүгінгі кеш төрінде
Дарындылар елінде
Тапқыштардың тілінде,
Математика, информатика, физика
Апталығы басталуда!
Математика – бар ілімбасы,
Математика – ғылым патшасы.
Математика-өмір тірегі
Математика – шәкіртжүрегі.
ІІ жүргізуші
Ұстаз да, шәкірт те бас иетін,
Компьютер, бар сенің қасиетің.
Бір емес бірнеше іс атқарасың,
Жалғыз өзің, мыңның ісін атқарасың.
Күнделікті тұрмыста физика күші қажет-ақ,
Сағаттар да, телефон да ,пульттің өзі жүрмеуі хақ.
Егер дағы батарейдің орны оң- терісі ауысса,
Оқу керек физиканы ынта қойып қызыға... дей отыра бүгінгі
«Тапқыр болсаң, талас жоқ» атты интеллектуалды сайысы ашық деп жарялаймыз.
Жарысқа 4 топ қатысқалы отыр.
I. топ"Алғырлар" 9А
II. топ " Тапқырлар" 8А
ІІІ топ “Дарындылар” 8Ә
ІҮ топ “Ұтқырлар ”8 Б
І жүргізуші:
Әділқазылар мүшелерімен таныстыру.
Сайыс ережесімен таныстыру.
Сайыс 4 кезеңнен тұрады.
1-кезең. «Таныстыру»
2-кезең «Ұтқыр ойдан - ұтымды жауап»
3-кезең. « Сиқырлы конверт»
4-кезең «Логика».

ІІ жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған 4 топты қол соғып қарсы алайық.
Бас иіп топ алдына шығатын
Сәлемдесу парызы әрбір жастың
Білімдерін паш етер сайыскерлер
Сәті келіп қалғандай танысатын дегендей сайысымыздың бірінші кезеңі "Таныстыруды бастайық"!
Сөз кезегін " Тапқырлар" және "Алғырлар"топтарына береміз. (Әр топ өз тобының атын, ұранын таныстырады.)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет