Л. Я. Гуревич Халықаралық Бизнес академиясының жоғары оқудан кейінгі ғылыми- методологиялық орталығының директоры, т.ғ. д., социология ғылымының профессоры


  тарау. Дивидендтер төлеу және дивидендтер саясаты



Pdf көрінісі
бет86/193
Дата05.10.2022
өлшемі2.37 Mb.
#462018
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   193
Корпоративті-басқару-Қазақстандық-мазмұн-под-редакцией-С.Филина-книга


тарау. Дивидендтер төлеу және дивидендтер саясаты 
С.А.Филин
Іскерлік әкімшілігі докторы 
Біз бұл тарауда акционерлік қоғамның дивидендті, яғни үлеспайданы қалай 
төлейтіні, оны төлеудің қандай жолдары барын, іс жүзінде Қазақстанда 
үлеспайда қалай төленетіні туралы айтамыз. 
Заң анықтамасы мен талаптары 
 
Анықтама 
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырындағы «Акционерлік 
қоғамдар туралы» Заңының анықтамалары мен талаптарынан бастаймыз. 
Акционердің өз акцияларының табысы ретінде акционерлік қоғам арқылы 
төлейтін табысы Заң бойынша дивиденд, үлеспайда деп анықталады. 
Мұның ішінде, 1 бапта акцияның – акционерлік қоғам шығаратын құнды 
қағаз екені, ол акционерлік қоғамды басқаруға қатысу құқығын куәландыратын, 
ол бойынша табыс табатын, қоғамды таратқан жағдайда мүліктің белгілі бір 
бөлігін алуға куәлік беретін құнды қағаз екені көрсетілген. Бұл акционердің 
акциясы болса не компания акциясынан акциясы болса, оның үлеспайдаға 
құқығы бар деген сөз. 
Дивидендтер – акция бойынша төленетін табыс; пайлық инвестициялық 
қордың пай бойынша төлейтін, қор компаниясын басқарушының оларды сатып 
алғандағы пай бойынша табысын есептемегендегі табысы; құрылтайшылар мен 
қатысушылар арасындағы заңды тұлға бөлетін таза табыстың бір бөлігі; заңды 
тұлғаның кәсіпорын таратқандағы мүлік бөлінісінен түсетін табысы, сондай-ақ 
құрылтайшылар мен қатысушылардың жарғылық капиталға салымы ретіндегі 
мүлігінен басқа, заңды тұлғаға қатысқан үлесін алғандағы табысы.
1
 
Заңның 14-бабы акцияның екі түрін анықтайды: 
1
. Акцияның жай түрі акционерге дауысқа салынған барлық мәселелерді 
шешуге дауыс беруге құқық беретін акционерлердің жалпы жиналысына 
қатысуға, қоғамның таза табысынан үлеспайда алуға, Қазақстан Республикасы 
Заңнамасында белгіленген қоғам жойылғандағы тәртіппен оның мүлігінен бір 
бөлік алуға құқық береді. 
i
Заңға қатысты барлық сілтеме 2007 жылғы 7 тамызға дейінгі жасалған мына мәтіндегі өзгерістерге 
сай беріліп отыр: Акционерлік қоғамдар туралы. Қазақстан Республикасының Заңы. – Алматы: ЮРИСТ, 
2008. – 48 
б. Басқа да сілтемелер 01.09.2008 ж. дейінгі заңнамалық актілерге негізделген.
120 


2. Акционерлер – айырықша құқықты акция иелері жай акция иелеріне 
қарағанда үлеспайданы қоғам жарғысымен бекітілген, алдын ала анықталған
кепілді көлемде алуда, осы Заңнамада белгіленген қоғам жойылғандағы 
тәртіппен оның мүлігінен бір бөлік алуда басым құқықтарға ие;
Айырықша құқықты акция иелері неге басымдыққа ие?
Мәселе мұндай акцияның акционерлерге, кейбір жағдайларда болмаса, 
қоғамды басқаруға құқық бермеуінде. Ондай жағдайлардың бірі – артықшылығы 
бар акция бойынша үлеспайда оны төлеуге белгіленген күннен кейінгі үш ай 
ішінде толық көлемде төленбеген жағдай болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет