Лабораториялық сабақтардың Әдістемелік нұСҚауы пән Компьютерлік желілер Мамандық



Дата14.06.2016
өлшемі174 Kb.
#135148

Ф-ОБ-007/024

“Сырдария” университеті

«Физика және математика» факультеті

«Бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасы


ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ

Пән Компьютерлік желілер
Мамандық 060200 -Информатика
Курс ІІІ семестр 6

Жетісай, 2012

Лабораториялық сабақтардың әдістемелік нұсқауын құрастырған: Акимишев Ғ.П.


Лабораториялық сабақтардың әдістемелік нұсқауы « ____» _________ 20__ж.
факультет деканы бекіткен пәннің жұмыс бағдарламасы негізінде дайындалды

Лабораториялық сабақтардың әдістемелік нұсқауы «Бағдарламалық қамтамсыз ету» кафедрасының « ____» _________ 20__ж. мәжілісінде қаралып, бекітілді


Хаттама № __ « ____» _________ 20__ж
Кафедра меңгерушісі ______________ _______________

қолы аты-жөні

1 лабораториялық жұмыс

Тақырыбы: DNC қызметі

Жоспары: 1. Ping программасы. 2. DNC қызметі. 3. Домендің аты.

Ping программасы. Ping программасы алыс хостқа ену мүм­кіндігінің бар-жоқтығын тексереді. Программа хостқа ІСМР жаңғырық үн қатуын жаңғырық сұраныс жібереді де, ICМР жанғырық үн қатуын күтеді.

Көбінесе, егер хостқа ping-ті жібере алмасаңыз, Telnet не­ме­се FTP-ді пайдаланып ол хостқа кіре алмайсыз. Басқаша, егер сіз хостқа Telnet-тің көмегімен кіре алмасаңыз, проблеманы иден­тификациялау нүктесі осы Ping-тен басталады. Бұдан басқа Ping-тің көмегімен пакеттің хостан қайту уақытын бағалауға болады, бұл, өз кезегінде, хостың "қаншалықты алыста" орналасқанды­ғын білуге мүмкіндік береді. Тізбектің нөмірі 0-ден басталып, әрбір жаңғырық сұраныс жіберілген сайын бірге артып отырады, ping әрбір қайтқан пакеттің тізбегінің нөмірін басып отырады. Бұл пакеттің жоғалмағандығын, олардың қозғалыс тізбегінің өзгерісін, пакеттің қайталанған немесе қайталанбағанын біліп отыруға мүмкіндік жасайды. IP дейтграммдарды жіберудің се­нім­сіз қызметі болғандықтан, жоғарыда аталған үш шарттың кез-келгені ping программасының жұмысының барысында пай­да болуы мүмкін.

Ping программасы ТСР/ІР-ді қолданатын жүйелердің ара­сын­дағы қосылысты анықтайтын негізгі тестілеуші жабдық бо­лып табылады. Ол ІСМР жаңғырық сұранысты және жаңғы­рық үн қатуды қолданады, транспорттық деңгейлерді (TCP не­месе UDP) қолданбайды. Ping сервері әдетте ІСМР ядросының орындалуының бөлігі болып келеді.

DNS қызметі. Домендер аттарының жүйесі (DNS - Domain Name System) – ТСР/IР-дің қосымшалары хостар аттары мен IP адрестері арасында қосылысты орнату үшін қолданатын тара­тыл­ған деректер қоры. DNS электрондық поштада бағыттауыш ретінде қолданылады. Біз таратылған терминін қолданатын себе­біміз, барлық қажетті ақпарат Interaet-тің бір ғана түйінінде сақ­талмайды. Әрбір түйіннің (университет, университет қалашығы, компания немесе компанияның ішіндегі бөлім) жеке ақпараттық деректер қоры бар, ол басқа жүйелерге Internet арқылы сұраныс жіберуге мүмкіндігі бар сервер программасын іске қосады. DNS клиенттер мен серверлерге бір-бірімен қатынас жасауға мүмкін­дік беретін хаттаманы үсынады.

DNS —тің аттар кеңістігі тармактық құрылымды болып ке­леді.

Әрбір туйіннің ұзыңдығы 63 символдан тұратын таңбасы бар. Ағаштың тамыры - таңбасы жоқ арнайы түйін. Таңбалар үл­кен және кіші әріптерден туруы мүмкін. Ағаштағы кез-келген тү­й­ін үшін домен аттары (domain name) дегеніміз - тамыр рөліңдегі түйіннен басталатын таңбалар тізбегі, сонымен қатар таңбалар нұктелермен ажыратылады. Ағаштың әрбір түйінінің қайталан­бай­тын ерекше домендік аты болуы керек, бірақ бірдей таңба­лар ағаштың әртүрлі нүктелерінде қолданылуы мүмкін.

Доменнің нүктемен аяқталатын атын оңың абсолюттік до­мендік аты (absolute domain name) немесе доменнің толық аты (FQDN - fully qualified domain name) деп атайды. Мысалы, lun.­tuc.­noao.edu. Егер домен аты нүктемен аяқгалмаған болса, ол әлі аяқталуға тиіс дегенді білдіреді.

Суретте жеті негізгі доменнің әдеттегі жіктелуі келтіріл­ген.


Домен

Сипаттамасы

Com

Коммерциялық ұйымдар

Edu

Оқу орындары

Gov

АҚШ-тың мемлекеттік ұйымдары

Int

Халықаралық ұйымдар

Mil

АҚШ-тың эскери ұйымдары

Net

Желілер

Org

Басқа ұйымдар

DNS-тің суретте көрсетілмеген маңызды сипаттамасы — DNS ішінде жауапкершіліктің берілісі. Әрбір ағапшты бүтін­дей, ал таңбаларды жеке-жеке басқаратын және қызмет көрсе­те­тін бірде-бір ұйым жоқ. Оның орнына бір (NIC) ағаштың тек бір бөлігіне (жоғары деңгейдің домендері) қызмет көрсетеді, ал нақты аймақтар үшін жауапкершілікті басқа ұйымдарға береді.

Аймақ (zone) - DNS ағашының жеке басқарылатын бөлігі. Мы­салы, екінші деңгейдің домені noao.edu - бұл бөлек аймақ. Екінші деңгейдің көптеген домендері кішігірім аймақтарға бө­лін­ген. Мысалы, университет өз аймағын факультеттер бойынша бағыныңқы аймақтарға, ал компания филиалдар немесе бөлім­дер­ге бөлуі мүмкін.

Аймақіы басқару жауапкершілігін өзіне алған ұйым таңдал­ған уақыттан бастап, ол ұйым осы аймақ үшін бірнеше DNS сер­вер­ле­рін (name servers) ұйымдастыруы керек. Аймақта жаңа жүйе пайда бола салып, бұл аймақтың администраторы жаңа хостың атын және IP адресін DNS серверінің деректер қорына енгізеді. Кішігірім университеттерде, мысалы, жаңа жүйе пайда болған кез­де, мұны бір адам жасай алады, бірақ үлкен университеттерде жа­уапкершілік бөлініп берілуі керек (мысалы, департаменттер бой­ын­ша), себебі бұл жұмыс бір адамның қолынан келмейді.

Егер DNS серверде қажетті ақпарат болмай қалса, қандай жағдай туады? Онда ол басқа DNS серверімен хабарласуы тиіс (DNS-тің тармақталған табиғаты осында). Бірақ әрбір DNS сер­вері басқа серверге қалай хабарласуды біле бермейді. Оның ор­ны­на әрбір DNS сервері тұбірлі DNS серверлерімен (root name servers) байланыс орнатуды білулері керек. 1993 жылдың сәуі­рінде сегіз түбірлі серверлер бар болатын, барлық бірінші дең­гейдің серверлері әрбір түбірлі сервердің IP адрестерін білулері керек (бұл IP адрестер бірінші деңгейдің серверлерінің коңфигу­ра­циялық файлдарында орналасқан. Бірінші деңгейдің серверле­рі түбірлі сервердің DNS аттарын емес, олардың IP адрестерін білулері керек). Түбірлі сервер, өз кезегінде, екінші деңгеңдің домеңдері үшін DNS-тің әрбір ресми серверінің атын және ор­иын (IP адрес) біледі. Бұл жағдайда тізбектелген процесс ор­ын алады: сұратылған сервер түбірлі сервермен байланыс орна­туы керек. Түбірлі сервер сұратылған серверге басқа серверге қатынасу керектігін хабарлайды т.б.

DNS кез-келген Internet-ке қосылған хостың маңызды бө­лігі, бұл жуйе жеке біріккен желілерде де кең қолданылады. Үйымдастырудың негізі - DNS аттарының кеңістігін құратын тармақталған агаш. Барлық DNS сураныстар мен жауаптардың форматтары бірдей. Бұл хабарламаларда сұрақтардың ресурстар жазбалары (RR), жауаптары және RR қосымша ақпараттар бо­луы мүмкін.


2 лабораториялық жұмыс

Тақырыбы: TCP хаттамасы

Жоспары: 1. TCP хаттамасының негізгі функциялары 2. Urgent Pointer.

TCP хаттамасы

TCP хаттамасы (Transmission Control Protocol) бір ортақ


жүйеге біріктірілген әртұрлі компыотерлік коммуникациялық желілерге қосылған хост-компыотерлердегі процестер жұбының арасында сенімді тікелей қосылысты орнатуды қамтамасыз ете­ді. Ол транспорттық деңгейде IP хаттамасы мен өз қосым­ша­сы­ның арасында орналасқан.

TCP хаттамасының негізгі функциялары

1. Деректердің негізгі берілісі. TCP модулі деректердің үз­діксіз ағындарын екі бағытта да жіберуді орындайды. Бұл ағынды TCP октеттер ағыны ретінде қарастырады. Ол бұл ағын­ды бөліктерге (дейтграммалар) бөледі, деректерді жіберу үшін TCP/IP модулін шақырады.

2. Деректердің дұрыстығын қамтамасыз ету. TCP модулі деректерді бұзылудан, жоғалып кетуден, қайталанудан және деректердің кезегінің бұзылуынан қорғайды. Ол үшін барлық объктеттер өсу ретімен нөмірленеді. Әрбір сегменттің тақырыбы ондағы октеттер санынан және бірінші октеттің реттік нөмірінен тұрады. Содан кейін әрбір сегментте бақылау қосындысының мәні бар, ол бойынша деректердің бұзылуы тексеріледі.

3. Арнадарды бөлу. TCP хаттамасы бір уақыт мезетінде бірнеше қосылыстың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Соңдық­тан ТСР-сегменттің тақырыбында порт нөмірлері бар. Интер­нет­тін кең тараған барлық қызметтерінің порттарының станда­рт­ты нөмірлері болады. Мысалы, электрондық поштаның порты­ның нөмірі - 25, FTP - 21 және т.б. ІР-адрес пен порт нөмірі­нің жиынтығын сокет деп атайды. Сокет Интернеттің қолдан­ба­лы процесін ерекше түрде идентификациялайды.

4. Қосылыстарды басқару. Қосылыс дегеніміз – деректер ағындарының жағдайы, оның ішінде, сокеттер, жіберілген және қабылданған октеттердің нөмірлері, терезелер өлшемдері туралы ақпараттар жиынтығы.

0 15

16 31

Sours Port

Destination Port

Sequence Number

Acknowledgment Number

Data

Off-


Set

Reserv-

ed


U

R

G



A

C

K



P

S

H



P

S

T



S

Y

N



F

I

N


Window


Checksum

Urgent Pointer

Options

Padding

Data

TCP тақырыптың форматы

Мұндағы әрбір таңба сәйкес битке арналған орынды көрсе­те­ді. Source Port (жіберуші порты) 16 бит - жіберуші портының нөмірі, Destination Port (қабылдаушы порты) 16 бит -қабылдаушы портының нөмірі, Sequence Number (кезек нөмірі) - 32 бит. Бе­ріл­ген сегменттегі деректердің бірінші октеті үшін кезектің нө­мірі (SYN синхронизациялау жалаушасы болмаған жағдайда). Егер SYN жалаушасы бар болса, онда кезек нөмірі инициализа­ция­ланатын (ISN) болады, ал деректердің бірінші октетінің нөмі­рі ISN+1 -ға тең.

Acknowledgment Number (растау нөмірі) - 32 бит. Егер бақы­лау биті АСК орнатылған болса, онда бұл өрісте берілген дейт­грамманың жіберушісі кері бағытта алғысы келетін кезектің келе­сі нөмірі орналасады. Қосылыс орнатыла салып, растау нөмірлері үнемі жіберіліп отырады.

Data Offset (деректердің жылжуы) - 4 бит, TCP тақырыпта­ғы 32-биттік сөздер саны. Деректер өрісінің басына көрсетеді. TCP тақырып оның опциялары болса да, үнемі сөздің 32-биттік шекарасында аяқталады.

Reserved - 6 бит. Бұл кейінге сақталған өріс, нөлдермен толтырылуы тиіс.

Control Bits (бақылауыш биттер) - 6 бит. Бұл өрістің бит­тері солдан оңға қарай орналасады.



URG:

Жедел көрсеткіштің өрісі іске кіріскен

ACK:

Растау өрісі іске кіріскен

PSH:

Итермелеу функциясы

RST:

Берілген қосылысты қайта жүктеу

SYN:

Кезектің номірлерін синхронизациялау

FIN:

Беріліске түсетін деректер жоқ

Window (терезе) - 16 биттік шама. Растау өрісінде нөмірі көрсетілген октеттен бастап, деректер октеттерінің жалпы санын білдіреді. Қазіргі алынған сегментті жіберушінің күтіп отырған октеттер саны.

Checksum (бақылаушы қосынды) -16 биттік шама. Бақылау­шы қосынды өрісі - бұл барлық 16- биттік тақырыпты құраушы сөздер мен мәтіндердің 16-биттік қосындының үстемесі. Егер сегменттің тақырыбы мен мәтініндегі бақылаушы қосындыда есепке алынуға тиіс октеттер саны тақ болса, соңғы октет бақы­лаушы қосындыға 16-биттік сөз түрінде көрсету үшін, оң жағы­нан нөлдермен толтырылады. Мұндай туралаудан пайда болған октет сегментпен желі бойынша жіберілмейді. Бақылаушы қосыңдыны есептер алдында, бұл қосындының өрісі нөлдермен толтырылады.



Urgent Pointer (шұғыл көрсеткіш) - 16 биттік шама. Бұл өріс шұғыл - көрсеткіштің ағымдағы мәнін хабарлайды. Бұл мән берілген сегменттің кезегінің нөміріне қатысты жылжуды біл­діретін оң шама болып табылады. Шұғыл көрсеткіш шұғыл де­ректерден кейінгі октетке кезек нөмірін хабарлайды. Бұл өріс тек сегментке URG бақылауыш биті қойылған кезде ғана талдана­ды.

Options (опциялар) — айнымалы ұзындықты шама. Опция­лар TCP тақырыптың соңында орналасуы мүмкін, ал олардың ұзындыгы 8 битке еселік болып келеді. Барлық опциялар бақы­лауыш қосындыны есептеген кезде ескеріледі.

Padding (туралау, тегістеу) - айнымалы ұзындықты шама. TCP тақырыыпы туралау оның аяқталғандығына және деректер өрісінің сегментінің 32-биттік шекарада басталатындығына көз жеткізу үшін орындалады. Туралау нөлдермен орындалады.
3 лабораториялық жұмыс

Тақырыбы: TCP хаттамасы (жалғасы)

Жоспары: 1. Қосылысты орнату процедурасы. 2. UDP хаттамасы. 3. Қолдан­балы деңгейдің хаттамасы.

Қосылысты орнату процедурасы

TCP хаттамасының көмегімен партнерлер арасындағы әре­кеттесу үш кезеңнен тұрады:



  • Логикалық қосылысты орнату;

  • Деректермен алмасу;

  • Қосылысты жабу.

Логикалық қосылысты орнату кезеңі "үшқадамдық қол алысу " (three-way handshake) түрінде орындалады. 1) A TCP-модулі, клиенттің рөлін ойнай отырып, В ТСР-модуліне SYN жалаушасы орнатылған және деректер тізбегіндегі алгашқы нөмірінің мәні белгілі пакетті жібереді. 2) В ТСР-модулі, өз жа­ғынан қосылысты орнатуға дайын бола отырып, сұраныстың дұрыс қабылданғанын және қосылысты орнатуга дайын екендігі туралы ақпарат беретін ТСР-пакетпен жауап береді 3) үшінші қадамда А ТСР-модулі В-дан ТСР-пакеттің дұрыс қабылдан­ған­дығын растайды.

TCP хаттамасы, бір жагынан, қолданушымен немесе қол­дан­балы программамен, екіншіден, Internet хаттамасы сияқгы негұрлым төмен деңгейдің хаттамасымен әрекеттеседі.

Қолданбалы процесс пен TCP хаттамасы арасындағы интер­фейсті тереңірек түсіндірейік. Бұл интерфейс қолданбалы про­цес­ке файлдарды басқару үшін берілетін операциялық жүйенің шақыруларына ұқсас. Мысалы, бұл жағдайда қосылыстарды ашу және жабу, орнатылған қосылыстарда деректерді жіберу және қабылдау үшін шақырулар орын алады. TCP хаттамасының қолданбалы программалармен асинхронды әрекеттесуі мүмкін екендігі де жорамалданады. TCP хаттамасын қурушылар нақты операциялық жүйенің қасиетіне сай интерфейстерді құруда бір­шама еркіндікке ие болғандарымен, кез-келген қолайлы орында­лу­дан TCP хаттамасы мен қолданушы арасындағы интерфейстен кейбір міндетті минималды функциялардың орындалуын талап етеді.

UDP хаттамасы

Қолданушының дейтт раммаларының хаттамасы UDP (User Datagram Protocol) транспорттық деңгейдің хаттамасы және же­ліаралық IP хаттамасының мүмкіңціктеріне негізделген. UDP-дің негізгі мақсаты -желідегі деректердің "жылдам" берілісін қамтама­сыз ету. Оның негізгі сипаттамалары төменде келтірілген:



  • Логикалық (виртуальды) қосылыссыз тәртіпте әрекет­тесуді орындайды;

  • Деректердің блок (дейтграммалық, пакеттік) бойынша
    берілісін ұйымдастырады;

  • Транспорттық деңгейде әрекеттесуі бойынша партнер­лер­ді идентификациялау ұшін 16-биттік "порт нөмірлерін" пай­даланады;

  • Деректердің берілісінің сенімді болуына жауап бермейді
    (UDP-пакеттердің жойылып кетуі және қайталануы мүмкін);

  • UDP-пакетті адресаттың дұрыс немесе қате қабылдаған­ды­ғы туралы ол пакетті жіберушіге ескерту жабдықтарымен қам­тылмаған;

  • UDP-пакетті жіберушіден қабылдаушыға ретпен жеткізу­ді қамтамасыз етпейді;

  • UDP-пакеттегі бақылаушы қосындыны қолдана оты­рып, деректердің бүтіндігіне жауап береді;

  • өте қарапайым (әсіресе, TCP хаттамасымен салыстыр­ған­да).

Транспорттық деңгейдің хаттамасы UDP-дің қолданбалы программалар мен желіаралық деңгейдің хаттамасы IP жаб­дықтары арасындағы интерфейстің рөлін атқаратындығын айта кеткен жөн. Суретте UDP-пакеттің тақырыбының форматы кел­тірілген.

0 15

31

Жіберу көзінің порты

Қабылдаушының порты

Үзындық

Бақылауыш қосынды

Деректер октеттері

UDP хаттамаларының дейтграммаларының тақырыбының форматы.

Жіберу көзінің порты мен қабылдаушының порты - UDP-пакетін жіберуші мен қабылдаушының сәйкес порттарының нөмірлерін сақтайтын 16-биттік өрістер.

Үзындық — тақырыбы мен деректерді қоса есептегендегі UDP-пакеттің ұзындығын (байтпен берілген) көрсететін 16-биттік өріс.

Бақылауыш қосынды - UDP - тақырып үшін есептел­ген, Internet- бақылауыш қосындыдан тұратын 16- биттік өріс.



Қолданбалы деңгейдің хаттамалары

1. Файлдарды жіберу хаттамасы (File Transfer Protocol -FTP) бір компьютерлік жүйеден екіншісіне файлдарды жіберу алгоритмі больш табылады. ТСР-ді қолданады және қолдану­шының ID-ін, парольді пайдалана отырып, қосымша қолданушы­ны аутентификациялауды қамтамасыз етеді. FTP интерактивті қызмет болып саналады, ол алыстағы компыотермен қосылу­ды орындау, файлдардың көшірмесін алу, беріліс аяқталған соң, байланыс жолдарын жабу сияқты жұмыстарды орындайды. Бұл операцияларды орындау үшін, келесі негізгі бұйрықтар қолданы­ла­ды:



  • Open (Ашу) - алыстағы компьютермен қосылуды орын­дау;

  • Get (Алу) - қосылыс орнатылған соң, компьютерден файл­ды алу;

  • Bye (Жабу) - қосылысты үзу және FTP программасын аяқтау.

FTP — компьютерлер арасында файлдар жіберумен айна­лы­сатын ең кең тараған хаттама. Ол мәтіндік және екілік файл­дарды жіберуге мүмкіңдік береді.

  1. Telnet қызметі - Интернеттің алғашқы хаттамаларының бірі. Оны Интер­неттің алыстағы хостының терминалы ретінде қолдануға болады. Интернеттің хост-компъютерімен байланыс кезінде, компьютер оның пернетақтасы мен дисплейі алыстағы компыотерге тікелей жалғанғандай жұмыс істейді. Қолданушы
    жер шарының қарама-қарсы жағында орналасқан компьютердегі программаларды, өзі сол компьютерде отырғандай жеңілдікпен жүктей алады.

  2. Электрондық поштаны жіберуші қарапайым хаттама. Бұл хаттама (Simple Mail Transfer Protocol - SMTP) электрондық поштамен алмасу үшін қолданатын клиент/серверлік TCP хат­тамасына негізделген. Сервер алынған хабарламаларды пошта жәшіктеріне салады, ал клиенттер оларды пошталық хаттама­ның (Post Office Protocol - POP) немесе электрондық поштаға интерактивті ену хаттамасының (Internet Message Access Proto­col - IMAP) көмегімен алады.

4 лабораториялық жұмыс



Тақырыбы: Желі операциялық жүйесін орнату.

Жоспары: 1. Аппараттық және программалық қамсыздандыруды координациялау. 2. Көпесептілік. 3. Программалық компонеттері. 4. Редиректор.

Жақын уақытқа дейін персонал компьютердің желідегі жұмысын қамтамасыз ету үшін программалық қамсыздандыру бар жүйелік программаларға қосымша болып оратылар еді. Компьютер автоном және желі операциялық жүйелері басқаруында жұмыс орындар еді. Барлық жұмысын орындау үшін екі операциялық жүйе әр бір компьютерге орнатылар еді. Мысалы, Microsoft LAN Manager айрым кездері желі операциялық жүйесі деп аталар еді, бірақ амалда есе ол желіде MS DOS, UNIX, OS/2 операциялық жүйелерінің жұмысын сүйемелдер еді.

Казіргі кездегі операциялық жүйелерде Windows NT Server, Windows NT Workstation, Windows 95 ж.б. автоном және желі операциялық жүйелері бір жүйеге бірлестірілген. Бұл операциялық жүйелер барлық программалық және аппараттық қамсыздандыруға жеткілікті.

Аппараттық және программалық қамсыздандыруларды координациялау. Операциялық жүйе барлық аппараттық ресурстарды басқарады және және үлестіреді:


  • жадты;

  • процессорлық уақытты;

  • дискінің кеңістігін;

  • тысқы құрылғыларды.

Одан басқа операциялық жүйе компьютермен онда орындалатын қолданбалық программалардың өзара әсерлерін бақылайды. Ол тестық процессорлердің және электрондық кестелердің негізі болып қызмет етеді. Қолданбалық программалар нақты операциялық жүйелер үшін жасалады. Бірақ жетілдірушілер олардың қолданбалары толасымен Windows NT Server мүмкіндіктерінен пайдалана алады деп жариялайды.

Көпесептілік. Желі операциялық жүйенің желі функцияларын сүйемелдеу өте күрделі мәселе. Сондықтан операциялық жүйені таңдағанда оның өте керекті қасиеттерінен бірі болған «көпесептілік» (многозадачность – mult3tasking) Операциялық жұйенің көпесептілік қасиеті компьютерде бір уақыттың өзінде бір неше есепті орындауға мұмкіндік жасайды. Көпесептіліктің негізінде екі типы бар болатын:

  • қысыпшығарушы (вытесняющая – preemptive) көпесептілік. Қысыпшығарушы көпесептілікте операциялық жүйе процессордың басқаруын есепке байланбаған жағдайда ала алады.

  • қысыпшығармаушы (невытесняющая – non-preemptive) (кооперативтық) көпесептілік. Қысыпшыармаушы көпесептілікте процессорды басқаруды шешілетін есептен рұқсат сұрамастан алып болмайды. Шешіліп түрған есеп өзі операциялық жүйеге процессорды басқаруды керек кезінде береді. Кооперативтық көпесептілік операциялық жүйелері ушін жазылған программалар периодик процессорды басқа есептер үшін босатып түруы қажет.

Автоном және желі операциялық жүйелері тынымсыз бір бірімен әсерлесіп түрғандықтан қысыпшығарушы көпесептілік артықшылыққа ие. Мысалы, керек кезінде мүндай жүйе процессорды басқаруды локал есептен желі есебіне үзатуы мүмкін.

Программалық компоненттері.

Жақын уақытқа дейін барлық желі операциялық жүйелері автоном операциялық жүйе үстінен орнатылатын қолданбалар болып келген еді. Microsoft Windows NT операциялық жүйесінің басқаларынан ең маңызды ерекшілігі онда барлық желілік мүмкіндіктері өзіне орнатылғандығында.

Желілік операциялық жүйе төмендегі жүмыстарды орындайды:


  • тысқы құрылғылармен желі компьютерлерін бір біріне байланыстырады;

  • олардыү жұмыстарын бақылайды;

  • желі деректеріне және тысқы құрылғыларына қорғанған жетуді қамтамасыз етеді.

Желілік программалық қамсыздандыру екі ең маңызды компоненттерден құрастырылады:

  • компьютер-клиенттерде орнатылатын желілік программалық бөлімінен;

  • компьютер-серверде орнатылатын желілік программалық бөлімінен.

Мысалы, Windows NT Workstation программасы орнатылған үш компьютер­лер клиент болады, ал Windows NT Server программасы орнатылған екі компьютер сервер болады.

Редиректор. Автоном жүйелерде пайдаланушы қайсы бір мәселені компьютерде шешу үшін команда-сұранысты енгізгенде, бұл сұраныс локал шина арқылы компьютер процессорына жіберіледі. Мысалы, сіздер компьютер қайсы бір дискісінде жайласқан каталог мазмұныны көрмекші болсаңыз, процессор сұранысты интерпретация етеді де кейіннен дисплейде каталог мазмұнын шығарады.

Желі ортасында есе пайдаланушы қашықтағы серсер ресурстарына тиісті сұраныс етсе бұл сұраныс компьютер локал шинасынан керекті ресурсқа ие сервер желісіне жіберіледі (қайтадан адрестеледі). Сұранысты жіберуді (қайтадан адрестеуді) редиректор (redirector) орындайды. Желі операциялық жүйесі түріне байланыс редиректор қабықша (оболочка – Shell) немесе сұраушы (запросчиком – requister) деп аталады. Редиректор – бұл операциялық жүйенің шағын код фрагменты болып, төмендегілерді орындайды:



  • компьютердегі сұраныстарды үстап алады;

  • сұраныс компьютер локал шинасына немесе желідегі серсерге тиісті екенін анықтайды.

Сонымен редиректор жұмысы пайдаланушы желі ресурсына немесе қызметіне сұраныс жібергенде басталады. Пайдаланушы компьютері бұл жағдайда клиент деп аталады, себебі ол серверге сұраныс жібереді. Сұранысты редиректор үстап аладыда желіге жіберіледі. Windows NT –де редиректорлардан сұраныстарды сервер қанағаттандырады да керекті ресурстарға жол ашып береді.
5 лабораториялық жұмыс

Тақырыбы: Желіні администрлеу.

Жоспары: 1. Есеп жазуларын басқару. 2. Администрлеу облыстары. 3. Администраторлар міндеті. 4. Пайдаланушы есеп жазуларын құру.

Желіні басқару. Өзінен өзі істейтін желі ойлап табылмаған. Уақыты уақытымен жаңа пайдаланушыларды қосуға, барларының ішінен алып тастауға түра келеді. Жаңа ресурстарды орнатып оларға пайдаланушылардың жолын ашып, олардың құқықтарын белгілеп беру керек болады. Жету құқықтары – бұл ережелер болып олар ресурстарға жету тәртібін орнатады. Бұлардың барлығы – желіні орнатып болғандан соң желіні басқару керектігін білдіреді. Желіні басқару барлық утилиталар Administrative Tools менюинде жайласқан.

Администрлеу облыстары. Желі администрлеу администратор жақсы біліу керек болған бес негізгі облыстарға бөлінеді:

  • пайдаланушыларды басқару – пайдаланушылардың есеп карточкаларын жасау және сүйемелдеу, ресурстарға пайдаланушылардың жетуін басқару;

  • ресурстарды басқару – желі ресурстарын орнату және сүйемелдеу;

  • конфигурацияны басқару – желі конфигурациясын жоспарлау, оны кеңейту, сонымен керекті құжаттарды алып бару;

  • өнімділкті басқару – жүйе өнімділігіні жақсылау және сүйемелдеу үшін желі операцияларының мониторингы және бақылау;

  • сүйемелдеу – желі проблемаларын алдын алу, анықтау және шешу.

Администратор міндеттері. Желі басқару облыстарын есепке алып желі администраторы жауап беретін мәселелер тізімін құастырсаболады:

  • пайдаланушылар есеп жазуларын жасау және оларды басқару;

  • деректерді қорғау;

  • пайдаланушыларды үйрету және сүйемелдеу (егер қажет болса);

  • бар программалық қамсыздандыруды модификациялау және жаңасын орнату;

  • архивтеу;

  • деректерді жоғалтудың алдын алу;

  • серверде деректерді сақтау үшін бос жайды мониторинг және бақылау ету;

  • желіні максимал өнімділікке икемдеу;

  • деректерді резервтық көшіру;

  • желіні вирустардан сақтау;

  • диагностика;

  • желі компоненттерін модернизация ету және алмастыру (қажет болса);

  • жаңа компьютерлерді желіге қосу.

Пайдаланушылардың есеп жазуларын құру. Желіде істеушілерінің әр біріне есеп жазуларын (account) ашу керек. Есеп жазуы пайдаланушы атынан және оған ажыратылған желіге ену параметрлерінен құрылады. Бұл информацияны администратор енгізеді, ал операциялық жүйе сақтап қояды. Пайдаланушының желіге ену әрекетінде оның аты есеп жазуын тексеру үшін керек болады.

Барлық желілер администраторға желі қауыпсіздігін сақтау үшін қоймаға жаңа есеп жазуларын енгізуге арнайы утилитарына ие. Microsoft Windows NT Server операциялық жүйесінде есеп жазуын жасау үшін утилита User Manager for Domains деп аталып Administrative Tools программалар тобында жайласқан.

User Manager for Domaіns программасые іске қосып User менюінде New User командасын таңдаң. Ашылған терезеде керекті информацияны енгізің.
6 лабораториялық жұмыс

Тақырыбы: Каталогтарды бірге қолдану.

1. Компьютерные сети оқулығыны орнату.

2. Лабораторная работа № 2. Совместное использование каталогов – ты ашу.

Жұмыс тақырыбы: Windows NT Server 4.0 мысалында каталогтарды бірге пайдалануға рұқсат беру және рұқсат бермеу.

Жұмыс мақсаты: Windows NT Server 4.0 –де каталогты бірге пайдалануды үйрену, Windows NT Server 4.0 – де каталогты бірге пайдалануға рұқсат бермеуды үйрену.

1-ші жаттығу. Каталогты бірге пайдалануға беру.

1. Курс материалын орнатқан Labs каталогының Lab2.exe файлын екі рет шертің.

2. Мышканың оң батырмасын My Computer белгісінде шертің, ағып шыққан менюде Explorer – ды таңдаң. Windows NT Explorer – ды іске қосың.

3. С дискісінде тышқанды шертіп Dos каталогын ерекшелең.

4. Таңдалған каталогты тышқандың оң батырмасымен шертің, ағып шыққан менюден Sharing... –ты таңдаң. Dos Properties терезесінде Share жапсырмасын шертіңде Shared As қайтып қосқышты орнатың.

5. Shared As бөлімі бірнеше параметрлерге ие екенін пайқаң:

Share Name – желі пайдаланушысына бөлінетін каталогтың көрінетін аты. Үнсіз жалпы ресурстың аты болып таңдалған каталог аты қызмет етеді.

Ескертпе: Сіз енгізген жалпы ресурс атауы каталог атауынан ерекше болуы мүмкін. Бірақ желі ресурсына жету үшін жалпы ресурс атауын енгізу керек, каталог атауын емес.

Comment – комментари (енгізу шарт емес). Ол ресурс атауының жанында Connect Network Drive диалогтық терезеде көрсетіледі.

User Unit – бір сәтте желі каталогына қосылатын пайдаланушылар саны. Үнсіз шектеу жоқ.

Permissions (кнопка) – желі каталогына жету құқығын белгілеу.

6. Жалпы ресурсқа үнсіз атын (DOS) қалдырып ОК кнопкасын шертің. Көңіл бөлің: жаңа белгі пайда болды – папканы ұстап түрған қол. Бұл каталог жалпы пайдалануда дегені.



2-ші жаттығу: Каталогты бірге пайдаланудан шығару.

1. Желі каталогын таңдау үшін Dos каталогын шертің.

2. Таңдалған каталогты тышқанның оң батырмасымен шертің де ағымды менюде Sharing –ты таңдаң. Dos Properties терезесі шығады. Share жапсырмасын шертіп Not Share қайтып қосқышты орнатың. Қараң белгі (папканы ұстап тұрған қол) жоғалады.

3. File менюсінде Exit Lab 2 командасын шертің.


7 лабораториялық жұмысы.

Тақырып: Түрлі топологиялармен танысу.

Demo 3 – ті іске қосың. Play, Next батырмаларын шертіп топология түрлерін қарастырың. Олардың ағылшын тіліндегі атауларына қараң.


8 лабораториялық жұмысы.

Тақырып: Желі компоненттерін қосу. Желі адаптеры.

Demo 6 – ны іске қосың. Play, Next батырмаларын шертіп желі адаптерінің компьютерге қосылуын қарап шығың. Желі адаптерінің негізгі элементтеріні қарастырың.


9 лабораториялық жұмысы.

Тақырып: OSI желілік үлгісі.

Demo 7 – ны іске қосың. Play, Next батырмаларын шертіп OSI үлгісінің құрылымын қарастырың. Әр бір деңгейдің жұмысын қараң.


10 лабораториялық жұмысы.

Тақырып: Желі тақшасының драйверы.

Жұмыс мақсаты: Windows NT Server ортасында желі тақшасының драйверін орнатуды және алып тастауды ұйрену.

1-ші жаттығу. Желі тақшасының драйверін орнату.

1. Курс материалдарын орнатқан каталогының Labs қосалқы каталогта Labs8.exe файлын екі рет шертің.

2. Start менюінде Setting, кейіннен Control Panel кнопкаларын шертің. Экранда Control Panel терезесі ашылады.

3. Network белгісін екі рет шертің. Network диалогтық терезесінде Adapters жапсырмасын шертің. Network Adapters тізімі бос екендігіне қараң.

4. Add кнопкасын шертің. Select Network Adapter терезесі ашылады.

5. Network Adapter Card тізімінде «IntelEtherExpress PRO Adapter» қатары таңдалғанын қарап ОК батырмасын шертің.

6. Біздің мысалымызда тақша үшін төмендегі параметрлер мәндерін алың.

Параметр

Мәні

Параметр

Мәні

IRQ level

5

I/O Channel Ready

Late

I/O Port Adress

0x300

Transceiver Type

Thick Net(AUI/DIX)

Ескертпе. Егер компьютерде бір неше шиналар типы бар болса Intel Ether Express PRO Adapter Bus Location терезесі ашылады. Type ашылған менюде сай келетін шина типын таңдаң: EISA немесе PCI. Number менюінде шина номерын орнатың.

7. Параметрлерді таңдап ОК батырмасын шертің. Дистрибутив файлдарға жолдарды көрсету сұранысын енгізетін диалогтық терезе ашылады. Өріске C:\i386\ -ны енгізің. Осымен программаны орнату аяқталады да Network терезесі активтенеді. Network Adapters тізімінде Intel Ether Express PRO Adapter тақша пайда болуына қараң.

8. Protocols жапсырмасын таңдаң.

9. Add кнопкасын шертің. Select Network Protocol диалогтық терезе ашылады. NetBEUI протоколын таңдаңда ОК кнопкасын шертің.

10. Adapters жапсырмасын таңдап тағы да бір желі адаптерін қосың. Add кнопкасын шертің. Select Network Adapter терезесі ашылады.

11. 3Com 3C508 ISA Ethernet Adapter тақшасын таңдаң. ОК шертің.

12. Бұл тақша үшін төмендегі параметрлер мәндерін алың.

Параметр

Мәні

Параметр

Мәні

IRQ level

3

I/O Channel Ready

Late

I/O Port Adress

0x300

Transceiver Type

Thick Net(AUI/DIX)


2-ші жаттығу. Желі тақша драйверін алып тастау.

1. Network терезесіндегі Network Adapters тізімінде 3Com 3C508 ISA Ethernet Adapter –ды таңдаң.

2. Remove кнопкасын шертің. 3Com 3C508 ISA Ethernet Adapter жазуы адаптерлер орнатылған тізімден алып тасталды.

Ескертпе. Желі компоненты алып тасталуы түрасында хабар шығады. Хабарлар терезесінде Yes –ды шертің.

3. Компьютерді қайтадан қосуды үсынған диалогтық терезеде Yes –ды шертің.

4. File менюінде Exit Lab8.exe командасын шертің.


11 лабораториялық жұмысы.

Тақырып: Желі жұмысы.

Жұмыс мақсаты: Түлі желі топологиялардың жұмыс орындауын қарастыру.

Demo 11 –ды іске қосың. Коллизия бар болған кездегі нәтижеге қараң. Коллизиясыз жағдайды қарастырың.


12 лабораториялық жұмысы.

Тақырып: Желі операциялық жүйесін орнату.

Жұмыс мақсаты: Windows NT Server операциялық жүйесін орнатуды ұйрету.
15-ші лабораториялық жұмысты іске қосың.

Ескертпе. Бұл имитация екенін үнытпаңыздар. Лабораториялық жұмысын орындаған кезіндегі іс-әрекеттер сіздің жүйеңізге әсер етпейді. Барлық варианттарды зерттеуден қорқпаңыздар. Егер сіздер қиыншылықтармен кездессеңіздер интерактив сілтемелі жүйені (Help) шақырыңып керекті түсіндірулерден пайдаланыңыз, немесе F3 клавишасын басып лабораториялық жұмысының басына барыңыз.

1-ші жаттығу. Windows NT Server файлдарын көшіру.

1. Сіздер оқулықты орнатқан каталогының Labs қосалқа каталогында Lab15.exe файлын екі рет шертің. Лабораториялық жұмысты орындау үшін терезе ашылады – Continue кнопкасын шертің.



Ескертпе. Windows NT Server Setup көк рең фондық терезе ашылғанда тышқан істемейді. Курсорды көшіру клавиштерінен пайдаланыңыз.

2. Setup терезесінің информациясымен танысың. Сіздер F1клавишасын басып жәрдем шақыруыңыз мүмкін немесе Enter клавишасын басып орнатуды жалғастырыуңыз мүмкін, немесе, ақырында, R клавишасын басып авариялық тіктеуді орындау үшін.

Ескертпе. Help экранынан Setup –қа өту үшін Esc – ты басу керек.

3. Enter –ні басың орнатуды жалғастыру үшін. Информацияны сақтайтын құрылғыларды іздеуге үсынған терезе ашылады. Enter –ні басың. S параметры (бұл жағдайда жетілмейді) бұл қадамды өткізіп жібереді.

4. Enter –ні басың орнатуды жалғастыру үшін. Windows NT Server Setup Disk 3 -ті орналастыру үсынысы шығады. (Имитация үшін диск қажет емес).

5. Орнатуды жалғастыру үшін Enter –ні басың. Орнату программасы сіздердің жүйелеріңізде Adaptec274x/284x/AIC777x қаттық диск контроллеры табылды деген информацияны экранға шығарады. Әдетте «ілгері сүрілген» орнату программалары пайдаланушыларға оның жүйесіндегі айрым компоненттер және олардың параметрлері түрасында мағлуматтар шығарады. Реал орнату кезінде кей бір компоненттер үшін драйвері бар диск қажет болады. Біздің жағдайымызда (имитация) драйверлер керек емес. Бірақ қолай жағдайдан пайдаланып түрлі құрал саймандар үшін орнатудың ерекшіліктерін қарап шығың.

6. Орнатуды жалғастыру үшін Enter –ні басың. Бұл лабораториялық жұмыс орнату компакт дискіден болғандай етіп орындалады. Лицензиялық бітім тексты шығады. Онымен танысың.

7. Орнатуды жалғастыру үшін Page Down –ды басың. Экранға табылған саймандар тізімі шығарылады (имитация).

8. Орнатуды жалғастыру үшін Enter –ні басың. Windows NT Server операциялық жүйесін орнату үшін жаңа бөлім немесе диск бөлімін жасауға үсыныс экраны шығарылады. Орнату программасы сізге бұл бөлімнің типын және көлемін таңдауға мүмкіндік жасайды. D: дискіні таңдаңда оған Windows NT –ны орнатуүшін Enter клавишасын басың.

9. Сіздер таңдаған бөлімге файлдық жүйенің типын таңдау үшін экран ашылады. Файлдық жүйені өзгеріссіз қалдырың. Windows NT D:FAT 470 MB бөліміне орнатылады.

10. Орнатуды жалғастыру үшін Enter –ні басың. Үнсіз орнататын жолды көрсететін экран ашылады. Сіздер үсынылған вариантты қабылдауыңыз немесе өзгертуіңіз мүмкін. Реал орнату кезінде операциялық жүйені орнатуға каталог жолын көрсетуге болады.

11. Орнатуды жалғастыру үшін Enter –ні басың. Орнату программасы дискіде қате барын тексереді де, егер олар болмаса файлдарды көшіре бастайды. Көшіріп болғандан соң орнату программасы бұл этап жетістікпен аяқталғаны түрасында мағлұмат шығарады.

12. Enter-ні басың. Қайтадан қосу имитациясы орындалады.
13 лабораториялық жұмысы.

Тақырып: Желі операциялық жүйесін орнату (жалғасы).

Жұмыс мақсаты: Windows NT Server операциялық жүйесін орнатуды ұйрету.

2-ші жаттығу. Windows NT Server –ды орнату.

Орнатудың ақырғы этапында сіздерге орнату шебері жәрдем береді. Енді тышқан актив болады.

1. Орнатуды жалғастыру үшін Next кнопкасын шертің. Сіздің атыңызды және мекемеңізді сұраған терезе ашылады.

Ескертпе. Name және Company терезелері арасында көшу үшін Tab клавишасы басылады.

2. Керекті информацияны енгізің. Ол операциялық жүйеге сіздерді идентификациялауға жәрдем береді.

3. Орнатуды жалғастыру үшін Next кнопкасын шертің. Лицензия режимын таңдау терезесі ашылады. Екі режимы бар: Per Server және Per Seat. Per Server –ді таңдаң. Счетчикты 10-ға дейін асырың. Егер 0 алынса негізгі желі қызметтері алып тасталған деген хабар шығарылады.

4. Орнатуды жалғастыру үшін Next кнопкасын шертің. Компьютеріңіздің атын енгізің деген хабар шығады. Осыған байланыс желі операциялық жүйесі сіздердің компьютеріңізді қалғандарынан ерекшелейді (идентифицирлейді). Атын 15 символға дейін енгізің.

5. Орнатуды жалғастыру үшін Next кнопкасын шертің. Windows NT Server Security Role терезесі сервер желіңізде қандай роль ойнауын көрсетуіңіздің өтініші шығарылады. Басқаша айтқанда сіздер сервер қандай пайдалануын анықтауыңыз керек. Егер бұл доменде орнатылатын бірінгі сервер болса PrimeryDomain Controller –ді таңдаң. Егер бұл бірінші сервер болмаса Stand Alone Server немесе Backup Domain Controller –ді таңдаң.

6. Орнатуды жалғастыру үшін Next кнопкасын шертің. Администратор паролін енгізің және растаңыз (14 символға дейін).

7. Орнатуды жалғастыру үшін Next кнопкасын шертің. Авариялық тіктеу үшін диск жасау үсынысы шығарылады. (Имитация кезінде дискета керек емес болады).

8. Орнатуды жалғастыру үшін Next кнопкасын шертің. Орнатылатын компоненттерді таңдауға терезе ашылады. Керектілерін орнатың.

9. Орнатуды жалғастыру үшін Next кнопкасын шертің. Желі қызметтерін орнатуға дайындық терезесі ашылады.

10. Орнатуды жалғастыру үшін Next кнопкасын шертің. Компьютерді желімен байлайтын әдісін көрсету терезесі ашылады. Wired to the Network жалаушасын белгілең.

11. Орнатуды жалғастыру үшін Next кнопкасын шертің. Internet Information Server (IIS) –ты орнату сұранысы шығады. Жоқ жауабын берің.

12. Орнатуды жалғастыру үшін Next кнопкасын шертің. Желі адаптерін орнату терезесі ашылады. Start Search кнопкасын шертің. Intel EtherExpress Pro/100B адаптеры табылады.

13. Орнатуды жалғастыру үшін Next кнопкасын шертің. Сіздердің желіңізге сай келетін протоколдарды таңдау терезесі ашылады. Барлығын өзгеріссіз қалдырың.

14. Орнатуды жалғастыру үшін Next кнопкасын шертің. Желі қызметтерін таңдау терезесі ашылады. Барлығын өзгеріссіз қалдырың.

15. Орнатуды жалғастыру үшін Next кнопкасын шертің. Windows NT желі компоненттерін орнатады.

16. Желі тақшасын икемдейтін терезе ашылады.

17. ОК батырмасын орнатуды жалғастыру үшін шертің. TCP/IP –ні икемдейтін терезе ашылады да DHCP серверін пайдалану үсынылады. Yes –ді шертің.

18. Байланыстарды икемдеу имитация етіледі.

19. Орнатуды жалғастыру үшін Next кнопкасын шертің. Windows NT желі қызметтерін іске қосуға дайын.

20. Орнатуды жалғастыру үшін Next кнопкасын шертің. Сіздің серверіңіз PDC ролін атқарғандықтан домен атын енгізу сұранысы шығады. Оны енгізің.

21. Орнатуды жалғастыру үшін Next кнопкасын шертің. Орнату аяқталды.

22. Жұмысты жалғастыру үшін Finish кнопкасын шертің.

23. Датаны және уақытты икемдеу терезесі ашылады. Қалаған сағат поясын таңдаң.

24. Жұмысты жалғастыру үшін Close кнопкасын шертің. ATI –мен сай келетін графикалық адаптер тауылғаны түрасында хабар шығарылады.

25. Жұмысты жалғастыру үшін ОК кнопкасын шертің. Display Properties диалогтық терезе ашылады. Керекті параметрлерді таңдап жаңа режимды тексеру үшін Test кнопкасын шертің. Хабарлар терезесінде ОК –ты шертіп тест кескіні экрандан кеткенше күтің. Yes –ді шертіп тест жетістікпен аяқталғанын растаңыз. ОК –ты шертіп жаңа икемдеулерді сақтап қойыңыз.

26. Display Properties диалогтық терезені жабу үшін ОК кнопкасын шертің. Файыл нүсқасын алу имитациясы көрсетіледі. Кейіннен Windows NT жетістік орнатылғандығы түрасында хабар шығарылады. Restart Computer кнопкасын шертің.

27. Осымен Windows NT орнатылуының имитациясы аяқталды.Exit кнопкасын шертіп лабораториялық жұмысты жабың.


14 лабораториялық жұмысы.

Тақырып: Пайдаланушылардың есеп жазуларын басқару

Жұмыс мақсаты: Пайдаланушылардың есеп жазуларын басқаруды ұйрету.
Виртуал зертханадағы № 20А лабораториялық жұмысты іске қосың.

1-ші тапсырма. Есеп жазуларын құру.

1. Сіздер оқулықты орнатқан каталогының Labs қосалқы каталогында Lab20а.exe файлын екі рет шертің.

2. Кетпе кет Start, Programs, Administrative Tools (Common), User Manager for Domains –дерді шертің. User Manager for Domains программасы іске қосылады. Программа терезесі екіге бөлінгенін қараң. Жоғарысында – жүйеде регистрланған пайдаланушылар есеп жазулар тізімі келтірілген. Төменнінде – бар болған топтар тізімі келтірілген.

3. User менюінде New User командасын шертің. Бұл имитация болғандықтан New User және Delete командаларынан басқалары барлығы күлрең түсте болады. (бұл лабораториялық жұмыста күлрең командалар орындалмайды.

4. New User терезесі ашылады.

5. Біздің үсыныстардан пайдаланып өздеріңізді қосып қойың. Username - өзіңіздің есіміңізді енгізің (немесе оның бірнеше басты әріптерін). Full Name – тола атыңызды енгізің. Description – қалаған жазу енгізің, мысалы, президент, немесе рим папасы. Password – қалаған тексты енгізің, бірақ оны естеп қалың, себебі келесі өрісте оны анық қайтару керек болады. Confirm Password – парольды қайтадан енгізің.

Барлық бұл өрістерді осы лабораториялық жұмыста пайдалануға болады. Help –ты шертіп басқа параметрлер барлығын көресіз: User Must Change Password at Next Logon; User Cannot Change Password; Password Never Expires; Account Disabled.



Ескерпе. Егер бір уақытта User Must Change Password at Next Logon және User Cannot Change Password жалаушалары белгіленген болса алдын алу жазуы шығарылады.

6. ОК –ты шертіп пайдаланушы есеп жазуын жасау аяқталады.



2-ші жаттығу. Есеп жазуын жою.

1. Есеп жазудағы пайдаланушы атын шертің.

2. User менюсінен Delete командасын таңдаң. Сіз жасаған есеп жазуы алып тасталады.

3. File менюінен Exit Lab 20a немесе Restart Lab 20a –ны шертің.


15 лабораториялық жұмысы.

Тақырып: Желі мониторингі

Жұмыс мақсаты: Желі өнімділігін басқаруды ұйрету.
Виртуал зертханадағы Demo 21. Perfomanse Monitor– ді іске қосың.

Тақырып: Модемдық байланыс.

Жұмыс мақсаты: Модемдер түрлерімен таныстыру және олар жәрдемінде байланыс орнатуды ұйрету.
Виртуал зертханадағы Demo 24. Modems in Network Communications– ті іске қосың.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет