Ұлан ауданының 2012 жылы 6 айдағы
әлеуметтік-экономикалық дамуы
Өнеркәсіп. Ұлан ауданы бойынша 2012 жылдың қаңтар-маусым айында жалпы өндіріс саласының өнім көлемі (тауарлар және көрсетілетін қызметтер) 5902,6 млн.теңгені, физикалық көлем индексі 103,3% құрады, соның ішінде тау-кен өндірісі мен карьер жұмыстары - 694,8 млн.теңге (ФКИ 79,7%), өңдеу өндірісі – 4670,4 млн.теңге (ФКИ 107,4%).
Ауыл шаруашылығы. Есепті кезеңге ауыл шаруашылық өнімінің физикалық көлем индексі 117,1% құрады немесе салыстырмалы бағада 7488,0 млн. теңге.
13442,1 тонна ет өндірілді немесе өткен жылдың осы кезеңдегісіне 123,4%, сауылған сүт – 23970,7 тонна немесе 100,6%, алынған жұмыртқа -9712,0 мың дана немесе 136,6%.
ІҚМ басы 49145 басты құрады немесе өткен жылдың осы кезеңдегісімен салыстырғанда 98,8%, қой және ешкі -121428 бас немесе 97,2%, шошқа - 8375 бас немесе 93,4%, жылқы - 16704 бас немесе 109,3%, құс - 1504996 бас немесе 146,1%.
Шағын бизнес. Ауданда барлығы 101 кәсіпорын тіркелген немесе өткен жылдың осы кезеңдегісімен салыстырғанда 98,1%.
Өткен жылдан 2 кәсіпорынға азайды, соның ішінде «Улан» ЖШС және «КазБиоШыгысКазКор» ЖШС кәсіпорынды жабу есебінен.
Жұмыс істейтін 68 бірлік кәсіпорын немесе 100%, белсенділер 60 немесе 117,6%.
Бөлшек тауар айналымы. Есепті кезеңге бөлшек тауар айналымы 1385,7 млн. теңгені құрады. Бөлшек тауар айналымының физикалық индекс көлемі 116,3% құрады.
Инвестициялық қызмет. Негізгі капиталға тартылатын инвестицияны игеру көлемі 1430,7 млн теңге немесе өткен жылдың сәйкестендірілген кезеңімен салыстырғанда 126,9% құрады. Физикалық көлем индексі 58,8%.
Аудан тұрғындарына енгізген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 1524 шаршы метрді немесе өткен жылдың осы кезеңдегісімен салыстырғанда 81,8 % құрайды.
Құрылыс жұмыстарының көлемі есепті кезеңге 633728,0 млн теңгені немесе 100,4% құрады.
Білім беру. Қазіргі уақытта ауданда 41 мекеме және білім беру ұйымы жұмыс істейді, соның ішінде жалпы білім беретін мектеп - 35, жыл басындағы оқушылар саны 4358 адам.
Ұлан ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие және білім берумен 4 балабақшада 485 бала және 31 шағын орталықтарда 1043 бала (барлығы 1528 адам немесе 81,8%) қамтылды. Мектепке дейінгі тәрбие және білім берумен қамтылған балалар санының өсу темпі 116,5% құрады.
Ағымдағы жылдың мамыр айында Айыртау ауылында 75 орынға, Мамай батыр ауылында 25 орынға жекеменшік балабақша ашылды.
Дене шынықтыру және спортпен айналысатын азаматтар санының өсу темпі 123,3%.
Денсаулық сақтау. 2012 жылдың қаңтар-маусым айындағы статистикалық мәліметтерге сәйкес 278 бала дүниеге келді. Бала туу деңгейінің өзгеруі 87,8% құрады.
2012 жылдың қаңтар-маусым айындағы статистикалық мәліметтері бойынша 215 адам қайтыс болды, бір жасқа дейінгі қайтыс болған балалар саны 9 адам. Қайтыс болу деңгейінің өзгерісі 117% құрады.
Туберкулез ауыруының 10 фактісі тіркелді, туберкулезбен ауыру деңгейінің өзгерісі 100 мың тұрғындарға 61,8% құрады.
Әлеуметтік қорғау. 2012 жылдың 2 тоқсандағы жұмыссыздық деңгейі 4,6% құрады, ол облыстық көрсеткіштен 0,6 пайыздық бөлімге төмен.
2012 жылдың қаңтар-маусым айында орташа еңбекақы 67287 теңгені құрады.
2012 жылдың маусым айында ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасы 18945 теңгенi құрады.
Ауыз сумен қамтамасыз етілген тұрғындар санының өсу темпі 108,4% құрады.
Қылмыстық деңгей. 2012 жылдың қаңтар-маусым айындағы статистикалық мәліметтер бойынша Ұлан ауданының аумағында 187 қылмыс тіркелген, оның ішінен ауыр және аса ауыр қылмыс -13, қастандық және адам өлтіру - 0, тонау және қарақшылық- 3, ұрлық-132, соның ішінде пәтер тонау-30.
Қылмыс деңгейінің өзгерісі (өткен жылдың осы кезеңдегісімен салыстырғанда 10 мың тұрғынға жағдайдың төмендеуі немесе өсуі) 101,2% құрады. Қылмыстың ашылу деңгейінің өзгерісі 91,7% құрады.
Бюджет. Ағымдағы жылдың 6 айы бойынша бюджеттің меншік табыстардың түсу болжамы 104,2 %-ға орындалды. Болжам 364,970 млн. теңге болғанда, түскені 402,552 млн. теңге немесе болжам 37,582 млн. теңгеге асыра орындалды. Бюджеттің меншік табысының өсу қарқыны 2011 жылдың осы кезеңдегісімен салыстырғанда 130,5 % құрады. Мемлекеттік бюджетке түсетін салық және салықтық емес түсімдер көлемінің өсу қарқыны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 148,8 % құрады.
2012 жылдың қаңтар-маусым айында шығындар бойынша бекітілген жоспар 1829,8 млн. теңгені құрады. Игерілгені 1810,4 млн теңге немесе 98,9%.
Игерілмегені 19,4 млн теңге, соның ішінде:
17,8 млн теңге- сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі;
1,0 млн теңге- білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі;
0,6 млн теңге- өзге бюджеттік әкімшілік бағдарламаларда.
Ұлан ауданының экономика және
қаржы бөлімінің бастығының м.а. К. Бердигожаева
Достарыңызбен бөлісу: |