Ұлан ауданының 2012 жылы қаңтар-желтоқсан айлары бойынша
әлеуметтік-экономикалық дамуы
Өнеркәсіп. 2012 жылдың қаңтар-желтоқсан айында жалпы өндіріс саласының өнім көлемі (тауарлар және көрсетілетін қызметтер) 11665,2 млн.теңгені құрады, физикалық көлем индексі 119,0% құрады, соның ішінде тау-кен өндірісі мен карьер жұмыстары – 706,7 млн.теңге (ФКИ 37,8%), өңдеу өндірісі – 9991,0 млн.теңге (ФКИ 144,2%), соның ішінде азық-түлік өндіруі 9771,8 млн.теңге (ФКИ 146,6%), электрмен жабдықтау, газ, бу беру жəне ауаны кондиционерлеу– 903,5 млн.теңге (ФКИ 124,5%), сумен жабдықтау, кəріз жүйесі,
қалдықтардың жиналуын жəне таратылуын бақылау– 64,0 млн.теңге (ФКИ 103,6%).
«БелогорСтрой» ЖШС-нің қызметінің тоқтауына байланысты тау-кен өндірісі мен карьер жұмыстарының физикалық көлем индексі кеміді.
Ауыл шаруашылығы. 2012 жылдың қаңтар-желтоқсан айында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі салыстырмалы бағамен алғанда 17412,9 млн.теңге, физикалық көлем индексі 109,0% құрады. Өсімдік шаруашылығының өнімі 3132,0 млн.теңге (ФКИ 96,7%), мал шаруашылығының өнімі 14280,9 млн.теңге (ФКИ 112,6%) құрады.
Есепті кезенде 27571,6 тонна ет өндірілді немесе 117,3%, 49599,0 тонна немесе 100,3% сүт сауылды, 19655,0 мың дана немесе 123,9% жұмыртқа алынды.
Ірі қара малдың басы 43311 бас немесе 101,3%, оның ішінде сиыр 18221,0 бас немесе 104,6%, қой және ешкі 80006 бас немесе 83,9%, шошқа 8088 бас немесе 102,1%, жылқы 15938 бас немесе 110%, құс 1214259 бас немесе 97,5% құрады.
Шағын бизнес. Өткен жылдың осы кезеңдегісімен салыстырғанда ауданда 105 кәсіпорын немесе 105,0% тіркелген, оның ішінде 65 немесе 101,6% жұмыс істеп тұр, белсенді кәсіпорындар – 60 немесе 105,3%.
Бөлшек сауда тауар айналымы. 2012 жылдың қаңтар-желтоқсан айлар бойынша бөлшек сауда тауар айналымы 3719,1 млн. теңгені құрады, физикалық көлем индексі – 120,9%.
Инвестициялық қызмет. Негізгі капиталға тартылатын инвестиция көлемі 4876,3 млн. теңгені немесе өткен жылдың осы кезеңдегісімен салыстырғанда 156,6% құрады, физикалық көлем индексі – 128,0%.
Есепті кезең бойынша ауданда 5083 шаршы метр немесе 112,8% тұрғын үй іске қосылды (2011 жылдың қаңтар-желтоқсан айында 4505 шаршы метр тұрғын үй енгізілді).
Құрылыс жұмыстарының көлемі есепті кезең бойынша 2820,8 млн.теңгені немесе 131,3% құрады. Физикалық көлем индексі – 126,6%.
Білім беру. Қазіргі уақытта 41 білім беру мекемесі мен ұйымы жұмыс істейді, соның ішінде жалпы білім беретін мектептер саны – 35, жыл басындағы оқушылар саны – 4224 бала.
Ауданда мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен 6 балабақшада 496 бала және 31 шағын орталықтарда 1024 бала қамтылған (барлығы 1520 адам немесе 96,4%).
Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамтылған балалар санының өсу қарқыны 112,5% құрады.
Жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтар санының өсу қарқыны 115,6% құрады.
Денсаулық сақтау. 2012 жылдың қаңтар-қараша айында статистикалық деректерге сәйкес 532 сәби дүниеге келді (2011 жылы – 526 бала) немесе туу деңгейі 101,1%.
2012 жылдың қаңтар-қараша айында 346 адам (2011 жылы – 384 адам) қайтыс болды, оның ішінде 9 бала бір жасқа дейін (2011 жылы – 9 бала) немесе өлім деңгейі 90,1%.
2012 жылы аудан бойынша туберкулезбен 36 ауырғандар (2011 жылы – 38 факт) және 2 өлім (2011 жылы – 5 өлім) тіркелді. Туберкулезiмен ауру-сырқаулары деңгейі 85,9% құрады.
Әлеуметтік қорғау. 2012 жылдың 4 тоқсанда жұмыссыздық деңгейі 4,7% құрады. Ол облыстық көрсеткіштен 0,3 пайызға төмен.
Жұмыспен қамту бөлімінде тіркелген жұмыссыздар саны 2013 жылдың 1 қаңтарына 153 адамды құрайды.
Атаулы әлеуметтік көмекке 94 отбасы 333 адамға ұсыныс жасады, осыған 6,7 млн.теңге төленді.
18 жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақы алу үшін 538 отбасы 1358 балаға ұсыныс берді, оларға 19,5 млн.теңге төленді.
Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсетуге 951 отбасы ұсыныс берді, 10,6 млн.теңге төленді.
2012 жылдың қаңтар-қараша айлары бойынша орташа еңбек ақы төлемі 67796 теңгені немесе 111% құрайды. Желтоқсан айында күнкөріс мөлшерінің минимумы 17402 теңгені немесе 105,2% құрады.
Тұрғындар санының өсу темпі 99,9% құрады.
Ауыз сумен қамтамасыз етілген тұрғындар санының өсу темпі 108,4% құрады.
Қылмыстық деңгейі. 2012 жылдың қаңтар-қараша айында статистикалық деректер бойынша Ұлан ауданының аумағында 388 қылмыс тіркелген, оның ішінде: ауыр және өте ауыр -37, өлтіру және өлтіруге оқталу -2, тонау және шабуыл жасау – 11, ұрлық – 250, соның ішінде пәтер тонау - 57.
Қылмыстық деңгей өзгерісі (өткен жылдың осы кезеңдегісімен салыстырғанда 10 мың елді мекенге жағдайлар санының өсуі немесе кемуі) 91,4%. Қылмыстың ашылуының деңгейі 128,4% құрады.
Бюджет. Ұлан ауданының 2012 жылғы нақтыланған бюджеті кірістер және шығыстар бойынша 3978,6 млн.теңге сомасында, оның ішінде жеке табыс 753,2 млн.теңге, бұл жалпы түсімнен 19,2%, трансферттер мен субвенциялар 3168,7 млн.теңге және 2012 жылдың 1 қаңтарына бос қалдықтар 53,7 млн.теңге сомасын құрайды.
2012 жылдың 12 айы бойынша бюджеттің табыс бөлігі 100,4%-ға орындалған, соның ішінде меншік табыстардың түсу болжамы 101,9%-ға орындалды. Болжам 753,2 млн. теңге болғанда, түскені 767,4 млн. теңге немесе болжам 14,2 млн. теңгеге асыра орындалды. Бюджеттің меншік табысының өсу қарқыны 2011 жылдың осы кезеңдегісімен салыстырғанда 112,5% құрады. Мемлекеттік бюджетке түсетін салық және салықтық емес түсімдер көлемінің өсу қарқыны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 126,2% құрады.
Ұлан ауданының экономика және
қаржы бөлімінің бастығы Р. Манапов
Достарыңызбен бөлісу: |