Ұлан ауданының
2013 жылғы 12 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы анықтама
2013 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында өнеркәсіптің өндірілген өнім көлемі 12265,5 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың тиісті деңгейімен салыстырғанда 99,0% құрайды (2012 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары 12383,5 млн.теңгені құрады).
Өнеркәсіп өнімі өндірісінің табиғи көлем индексі 105,4% құрады.
Өндеу өнеркәсібінде шығарылған тауар өнімінің жалпы көлемі 10915,8 млн.теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 102,2% құрады, жеке көлем индексі 112,7%.
Тау-кен өндірісінде 19,5 млн. теңге сомаға өнім өндірілді (2012 жылы қаңтар-желтоқсан айларында тау-кен өндірісінің көлемі 731,6 млн. теңгені құраған). Төмендеудің себебі «Белогорстрой» ТКК» ЖШС жұмысының тоқтатылуы болып табылады. Нақты көлемнің индексі 1,4%-ды құрады.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі аудан бойынша 19612,7 млн. теңгені құрады. Жеке көлем индексі – 110,1%.
28817,4 тоннада тірі салмақтағы ет (өсім 4,5%), сүт – 50541,5 тонна (өсім 1,9%), жұмыртқа – 19659,4 мың дана (немесе 100%) өндірілді.
Ірі қара мал саны 46519 бас (өсім 7,4%), соның ішінде сиыр саны – 18695 бас (өсім 2,6%), жылқы – 16278 бас (өсім 2,1%), құс – 1321,5 мың бас (өсім 8,8%), қой мен ешкі – 81537 бас (өсім 1,9%), шошқа – 8085 бас (немесе 100%).
Шағын бизнестің тіркелген кәсіпорындардың саны 110 бірлікті (өсім 4,8%), жұмыс істейтін кәсіпорындардың саны 65 бірлікті (немесе 100%), белсенді субъектілерінің саны 64 бірлікті (өсім 6,7%) құрады.
Негізгі капиталға тартылатын инвестиция көлемі 5696,6 млн. теңгені құрады. Жеке көлем индексі 117,3% құрады.
Негізгі капиталға тартылатын жеке инвестициянын нақты көлем индексі 128,3% құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 3073,2 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,3% артық. Жеке көлем индексі 100,9% құрады.
16544 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға енгізілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,3 есе артық.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 4237,0 млн. теңгені құрады. Жеке көлем индексі 110,3% құрады.
Қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз етілген халық санының өсу қарқыны 111,3% құрады.
2013 жылдың қаңтар-қараша айларында аудан бойынша орташа айлық еңбекақының мөлшері статистикалық мәліметтерге сәйкес 72246 теңгеге жетті немесе өткен жылдың деңгейінің 106,6% құрады.
Күнкөріс минимумының мөлшері 17605 теңгеге жетті немесе 2012 жылмен салыстырғанда 101,2% құрады.
Әлеуметтік сала. 2014 жылдың 1 қаңтарына жұмыссыздар саны 150 адамды құрады. Жыл басынан бері аудан бойынша 465 адамдық жоспармен 847 адам жұмысқа орналастырылды, 535 жұмыс орны жоспарымен 606 жұмыс орны құрылды.
Жыл басынан бері 73 отбасының 276 төлем алушысына 7047,0 мың теңге сомада МӘК төленді. 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы тағайындау мен төлеу үшін аз қамтылған отбасылардан 444 отбасынан, 1189 баладан өтініш түсті. Оларға 18250,0 мың теңге тағайындалды және төленді.
2014 жылдың 1 қаңтарына жалпы сомасы 11743,0 мың теңге көлемінде 832 отбасына баспаналық көмек төленді.
Аудан бойынша 35 білім беру мекемесі жұмыс істейді. Соның ішінде 6 балабақша (2 жеке меншік), 29 шағын орталық. Мектепке дейін біліммен қамту 75,0% құрайды (1510 бала). Мектепке дейінгі тәрбие және оықтумен қамтылған балалар санының өсу қарқыны 105,3% құрады.
Ауданда 57 дене шынықтыру және спорт ұжымы жұмыс істейді. Онда 16000 адам спортпен шұғылданады, бұл аудандағы халықтың жалпы санының 39% құрайды. Жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен айналысатын адамдардың қарқыны 112,1% құрады.
Халықтың жалпы өсім коэффициентінің өзгеруі -10,83 құрады. Ауданаралық келу қарқындылығы коэффициентінің өзгеруі 1000 адамға шаққанда -8,58 құрады. Ауданаралық кету қарқындылығы коэффициентінің өзгеруі 1000 адамға шаққанда 113,8 құрады.
2013 жылы қаңтар-қараша айларында 604 сәби дүниеге келді, бала туудың өзгеру деңгейі 115,0% құрады. Статистикалық мәліметі бойынша 355 адам, оның ішінде 5 бала қайтыс болды. Өлімнің өзгеру деңгейі 96,6% құрайды.
Туберкулезбен аурғандардың деңгейі 77,7% құрады. Бұл облыстық көрсеткіштен 9,8% төмен.
Статистикалық мәліметтер бойынша 2013 жылдың қаңтар-қараша айларында 427 қылмыс тіркелген, оның ішінде ауыр және аса ауыр – 36, адам өлтіру және адам өлтіруге оқталу – 1, қарақшылық және тонау – 9, ұрлық – 259, соның ішінде пәтерлерден – 46.
Қылмыстылық деңгейінің өзгеруі (өткен жылғы сондай мерзіммен салыстырғанда оқиғалар санының 10 мың адамға шаққанда азаюы немесе артуы) 103,6% құрады. Қылмысты ашу деңгейінің өзгеруі 91,9% құрады.
2013 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары бойынша меншік табыстардың түсу болжамы 103,6%-ға орындалды. Болжам 804,3 млн.теңге болғанда, түскені 833,2 млн.теңге немесе болжам 28,9 млн.теңгеге асыра орындалды. Бюджеттің меншік табысының өсу қарқыны 2012 жылмен салыстырғанда 108,6% құрады. Мемлекеттік бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдер мөлшерінің өсу қарқыны өткен жылғы сондай мерзіммен салыстырғанда 121,3% құрады.
Резервтерді анықтау Алгоритмдерінің іс-шараларынан аудан бюджетіне қосымша 151,8 млн. теңге түсті, немесе жоспарға қарағанда 5 есе артық.
Ұлан ауданының экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Р. Манапов
Достарыңызбен бөлісу: |