Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова


Эйдеттік (грек. eidos-бейне) елес –



Pdf көрінісі
бет34/97
Дата09.10.2023
өлшемі4.35 Mb.
#480176
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   97
Психология негіздері

Эйдеттік (грек. eidos-бейне) елес – ырықсыз бір көргеннен есте 
қаларлық толық та жарқын елес.
Персевераттық (лат. perseveratio- табандылық) елес – бұл қандай 
да елес бейненің ырықсыз, ойдан шықпай, қайталана еске түсе беруі.
16. Зейін: негізгі қызметтері мен түрлері
Зейін – бұл психикалық іс-әрекеттің бағытталуы мен шоғырлануы. 
Осы әрекеттің таңдамалылығы мен сақталуы оның бағыттылығын 
танытса, ал сол әрекетті тереңдей танумен басқаларын елемеу – зейіннің 
шоғырлылығын білдіреді. Бұл анықтамадан болатын қорытынды - зейін 
өз өніміне ие емес, ол тек басқа психикалық үдерістердің нәтижелілігін 
көтеру қызметін атқарады.
Зейін сана қызметінің іске асуын қамтамасыз ете отырып, сыртқы 
әсерлерді бөлшектейді, нақты сәттегі мәнді ықпал бірліктерін ажы-
ратады және оларға аса жоғары аналитик-синтетикалық күштерді 
шоғырландырады. Осыдан сана айқын да анық деңгейге көтеріліп, 
қажетті бағыт-бағдар алады.
У. Джемс зейіннің келесі түрлерін қарастырады: ) сезімдік (сенсор-
лы) және ақыл-естік (интеллектуалды); 2) тікелей нақты, егер нысан 
өздігінен көңіл тартатын болса, және туынды (жанама); 3) ырықсыз 
не енжар, күш жұмсауды қажет етпейтін және ырықты (белсенді) 
– ерік қосумен болатын.
Ырықсыз зейін қандай да затқа ешбір ниетсіз-ақ бағдарланады және 
ол үшін ерік күшін қажет етпейді.
Ырықты зейін немесе ерікті зейін нысанға әдейі, белгілі мақсат 
қоюмен бағытталып, саналы да ерік жұмсаумен қалаған қажет уақыт 
аралығында орындалып жатады.
Егер іс-әрекет адамды қызықтыратын болса, ырықты зейін үйреншікті
зейінге өтеді де, енді ерік күші тіпті қажет болмай қалады. Ырықта зейін 
сияқты бұл зейін түрі белсенді сезімімен, мақсат бағдарлылығымен және 
ниеттілігімен ерекшеленеді. Аталған үш зейін түрлері өзара ауысып, іс-
әрекет бабына, мақсатына орай қызмет жасауы мүмкін.


36
В.Н. Страхов өз еңбектерінде өзіндік бағдарлау  деген зейіннің және 
бір түрін атап көрсетеді.
Өзіндік бағдарлау нысаны жеке адамның өз бойындағы әрекет-қылық 
сипаты, өзінің сөйлеу және қатынас мәнері, әлеуметтік рөлі және т.б. 
болуы мүмкін. Зейіннің бұл түрі арнайы қызмет те атқарады, мысалы, 
тұлғаға өз бойындағы әрекет-қылық, мінез өзгерістерін өзінше байқап, 
өзіндік ақпараттарды жинақтауға мүмкіндік береді. Мұндай зейіннің 
қалыптасуы үшін адам біршама күш-қуат жұмсап, жаттығуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет