Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Өсімдіктер физиологиясы пәні және маңызы (1 сағат) Лекция жоспары


- 2 - Тамырдың құрылысы және өсуі



бет37/84
Дата02.03.2023
өлшемі0.8 Mb.
#470264
түріЛекция
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   84
Лекция. Өсімдіктер физиологиясы

- 2 -
Тамырдың құрылысы және өсуі. Тамырдың бастапқы құрылысында тамыр қынабы, ұштық меристема, ризодерма, алғашқы қабық, эндодерма, перицикл және орталық шоғырда орналасқан өткізгіш ұлпалар деген бөһліктері болады.
Тамырдың өсетін меристемалық бөлігі әдетте 1 см-ден аспайды. Тамырдың ең ұшындағы тамыр қынабының сыртқы қабатындағы клеткалардан бөлінетін полисахаридті шырыш топырақтың тамыр тараған жерлерін ылғалдап тұрады. Қынаптың орталық клеткаларында крахмалға толы амилопластар көп кездеседі. Тамыр қынабының атқаратын негізгі қызметтері: а) өсу аймағын, ең алдымен ұштық меристемпны төпырақ бөліктерінен зақымдануынан қорғайды; б) тамыр ұшының топыраққа енуін оңайлатады; в)геотропикалық әсерді қабылдап, тамырдың кеңістікке дүрыс бағытталып өсуін қамтамасыз етеді.
Меристеманың ең ұшындағы клеткалар басқа клеткаларға қарағанда сирек бөлініп ДНҚ, РНҚ және белоктарды баяу синтездейді.
Шөптесін өсімдіктерде тамырдың қабығы экзодерма мен эндодерманың аралығында орналасқан бірнеше қабат паренхималық клеткалардан құралған. Қабық клеткаларының ішкі қабаты – эндодерма орталық цилмндрмен шектесіп орналасады.
-3-
Судың өсімдік тамырына сіңуіне температура үлкен ықпал жасайды. Темекі, ұрме бұршақ, немесе асқабақ сияқты өсімдіктерді ыдыста өсіріп, түптерінің айналасын мұзбен қоршап қойып бақылау жүргізеді. Топырақтың яғни тамыр өсетін ортаның температурасы 00С –ға дейін төментесе, жер үсті мүшелерінің Қалыпты жағдайдағысына қарамастан, өсімдік солып қалады. Топырақ суығында, тамыр арқылы өсімдікке енетін судың мөлшері буланған мөлшеріне жетпей қалады. Топырақ температурасының төмендеуіне жылу сүйгіш өсімдіктер көбірек сезімтал келеді. Температура төмендегенде протопластың тұтқырлығы жоғарылап, судың ену жылдамдығы төмендейді. Кейбір бақылаулардың нәтижесінде температура 00С кезіндегі плазмолиз және деплазмолиз құбылысы температура 200С –дағыдан 4-7 есе бәсеңдейтіндігі байқалады. Топырақ температурасының күзде төмендеуі , ауа температурасының салыстырмалы жоғарылығына қарамастан , өсімдікте біраз су тапшылығын туғызады. Бұндай жағдайда ағаш тектес өсімдіктердің жапырақтары, суыққа шалдықпаса да, ерте түсіп қалады.
Топырақтағы судың күйлері, олырдың өсімдікке сіңіргіштік деңгейі физикалық, химиялық қасиеттері жағынан топырақ өте күрделі жүйе болып есептеледі. Оның жалпы құрамы төрт негізгі бөлікке бөлінеді: 1) қатты минералдық заттар; 2)органикалық заттар (қарашірік) ; 3) топырақ ерітіндісі; 4) топырақ ауасы.
Топырақтағы ірірек қуыстарды толтыратын су, жылжымалы келеді және гравитациялық деп аталады . Судың бұл түрі жаңбырмен, еріген қармен, суарумен енеді және жоғарыдан төмен бағытта жылжиды. Құрғақ топырақтың құрамында 0,5-тен (құм) 14%-ке (саз балшық) дейін су болады. Оны гигроскопиялық деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет