ҚАЗАҚТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті Тақырыбы: «Дәннің арамшөп және дәнді қоспалары оларды анықтау» Тобы: ЗИКР-19К Қабылдаған: Муканова Ф.К. 3)Дәннің арамшөп және дәнді қоспалары оларды қалай анықтаймыз? - Астықты ору, бастыру кезінде жəне қырманда, не болмаса оның өзі өсіп тұрған орталарында көптеген неше түрлі арамшөптер, болмаса басқа мəдени дақылдар да өсіп, осының бəрі астық қоспаларын ластайды. Бұл қосындылар астықты сақтау жəне оны өңдеуді қиындатады, ұнның, жарманың тағы басқа да одан алынатын өнімдердің сапасын төмендетеді.
- Астық қоспаларының ішіндегі барлық басқа түсті қосындыларды: 1. Дəнді; 2. Шөп-шалаң қалдықтар деп екі үлкен топқа бөледі. Шөп-шалаң қалдықтарға тамаққа, малға немесе құстарға жем болуға жарамайтын, тіпті, болмаса негізгі астықтан алынатын өнімдердің сапасын төмендетіп жіберетін қосымша заттар жатады. Оған:
1. Əр дақылдың дəніне арналған стандарттар бойынша белгіленген елеуіштің тесіктерінен өтіп кеткен ұсақ заттар, мысалы, бидай үшін 121 тесігінің диаметрі – 1,0 мм, арпа үшін – 1,5 мм елеуіштерден өтіп кеткен ұсақ нəрселер;
2. Минералдық заттар – топырақ қиыршықтары, құм, тас, шлак, руда тағы сол сияқтылар;
3. Органикалық – сабан, топан сияқты заттар;
4. Арамшөптердің тұқымдары;
5. Стандарт бойынша дəнді қосындыларға жатқызылмаған кейбір мəдени өсімдіктердің дəндері. Мұның бəрі стандарт арқылы анықталады.
6. Денсаулыққа зиянды қосындылар – қастауыш, қара күйе, ішінде құрт толған нематодалы дəндер, вязель, қызыл мия, кекіре, сафора, арамқұмық, у бидайық, сүйелжазар, триходесма сияқты арамшөптердің тұқымдары жатады да, оларды өзінше бөлек есептейді. Оларға да стандарттарда шек қойылған.
Дəнді қосындылар тобына
1. Барлық сынған, зиянды жəндіктер жеп тастаған дəндердің санының 50 пайызы жатады (қалған 50 пайызы негізгі дақыл дəніне жатады);
2. Негізгі дəннің жапырылған, өсіп жетілмей қалған, шөпек немесе ұшық болып кеткен дəн (тамыры немесе жапырақтары сыртқа шыққан болса немесе олар сынып қалған болса), қызып кеткен, көгеріп кеткен (эндоспермі бүлінген) дəн;
3. Басқа дақылдардың бүтін дəні немесе олардың сынықтары (егер олар шөп-шалаңға жатқызылмаған болса) дəнді қосындыға жатады. Осы көрсетілген шөп-шалаң жəне дəнді қосындылардан басқа бүтін, сынық дəннің 50 пайызы, зиянды жəндіктер жеген дəнді егер олардың эндоспермін түгел жеп қоймаған болса, онда оны негізгі дəн тобына жатқызады.
Зертханада дәндік қоспаны арнайы ситалар арқылы анықтаймыз. Ситалардың әрбір қабаты белгілі бір диаметрде болады. Дақылды ситаға салмас бұрын тазалығына мән беремәз, салғаннан соң қақпағын жауып сағат тілі бойынша жаймен шайқап бастаймыз. Бірнеше минуттан кейін процессті тоқтатып жұмыс барысын бақылаймыз Дәнде қоспалардың болуы, оның зақымдалуы микроорганизмнің дамуы үшін қолайлы орта болып табылады да, уыттың сапасын төмендетеді. Сондықтан да уыт дайындауға арналған дән екі рет мұқият тазартудан өтеді: бірінші рет астықты қабылдаған кезде, екінші – өндіріске астықтың түсуі кезінде. Дәнді бірінші тазалау дөңгелек тесікті үш елегі бар камерадан 1 тұратын ауалы-електі сепараторда жүргізіледі. Үстіңгі (қабылдағыш) електе 5 (тесігінің диаметрі 10-20мм) ірі қоспалар ұсталып қалады: сабағы, тастар, жер түйіршіктері, екінші електе 4 (тесігінің диаметрі 6-10 мм) өлшемі дәннен біршама үлкен, қалған қоспалар жиналады. Дәннің көп бөлігі тесігінің диаметрі 1,5-2 мм үшінші електе 3 жиналады, ал қалыңдығы кішкентай қоспалар сол тесік арқылы өтіп кетеді. Сепаратордан кірер және шығарда дәндер желдеткіш арқылы жасалатын ауа сорғысына келіп түседі. Жеңіл қоспалардың (шаң, сабан, қабық) жинақталу шамасына қарай тартылу күшінің әсерінен тұнбаланатын камераның 2 қақпағы ашылып, қоспалар ажыратылады. Тазаланған арпа сақтауға жіберіледі. Зертханада дәндік қоспаны арнайы ситалар арқылы анықтаймыз. Ситалардың әрбір қабаты белгілі бір диаметрде болады. Дақылды ситаға салмас бұрын тазалығына мән беремәз, салғаннан соң қақпағын жауып сағат тілі бойынша жаймен шайқап бастаймыз. Бірнеше минуттан кейін процессті тоқтатып жұмыс барысын бақылаймыз Дәнде қоспалардың болуы, оның зақымдалуы микроорганизмнің дамуы үшін қолайлы орта болып табылады да, уыттың сапасын төмендетеді. Сондықтан да уыт дайындауға арналған дән екі рет мұқият тазартудан өтеді: бірінші рет астықты қабылдаған кезде, екінші – өндіріске астықтың түсуі кезінде. Дәнді бірінші тазалау дөңгелек тесікті үш елегі бар камерадан 1 тұратын ауалы-електі сепараторда жүргізіледі. Үстіңгі (қабылдағыш) електе 5 (тесігінің диаметрі 10-20мм) ірі қоспалар ұсталып қалады: сабағы, тастар, жер түйіршіктері, екінші електе 4 (тесігінің диаметрі 6-10 мм) өлшемі дәннен біршама үлкен, қалған қоспалар жиналады. Дәннің көп бөлігі тесігінің диаметрі 1,5-2 мм үшінші електе 3 жиналады, ал қалыңдығы кішкентай қоспалар сол тесік арқылы өтіп кетеді. Сепаратордан кірер және шығарда дәндер желдеткіш арқылы жасалатын ауа сорғысына келіп түседі. Жеңіл қоспалардың (шаң, сабан, қабық) жинақталу шамасына қарай тартылу күшінің әсерінен тұнбаланатын камераның 2 қақпағы ашылып, қоспалар ажыратылады. Тазаланған арпа сақтауға жіберіледі.
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |