Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Өсімдіктер физиологиясы пәні және маңызы (1 сағат) Лекция жоспары


Жоспары: 1.Ферменттер. Ферменттердің жіктелуі. 2.Витаминдер. 3.Витаминдердің адам денсаулығына әсері. Қолданылған әдебиеттер



бет7/84
Дата02.03.2023
өлшемі0.8 Mb.
#470264
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   84
Лекция. Өсімдіктер физиологиясы

Жоспары:
1.Ферменттер. Ферменттердің жіктелуі.
2.Витаминдер.
3.Витаминдердің адам денсаулығына әсері.
Қолданылған әдебиеттер
а) негізгі
1.Якушкина.Н.И. Физиология растений. М. 1993г
2.Полевой.В.В. Физиология растений.М. 1991г.
3.Кенесарина.Н.Ә.Өсімдіктер физиологиясы және биохимия негіздері. Алматы, 1988ж
4.Жатқанбаев.Ж.Өсімдіктер физиологиясы.Алматы. 1988 ж.
5.Қалекенұлы.Ж.Өсімдіктер физиологиясы.Алматы. Қазақ университеті.1996ж.
6.Сағатов.К.С.Өсімдіктер физиологиясы. Алматы, 1996 ж.
7.Сағатов.К.С.Өсімдіктер физиологиясы. Алматы, Ғылым баспасы, 2002 ж.
8.Уалиханов.Г, Есмағұлов.Қ. Өсімдіктер биотехнологиясының негіздері. Алматы .Респ. баспа кабинеті, 1999 ж.
9.Жатқанбаев.Ж.Ж. Өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы негіздері. Алматы 2004 ж.
10.Медведев.С.С. Физиология растений. Изд –во СПБГУ, 2004 г
11.Якушкина. Н.И, Бахтенова.Е.Ю. Физиология растений. М.Владос, 2005 г.
б). қосымша:
12.Папорков.М.А, Клинковская.Н.И. Милованова.Е.С.Учебно –опытная работа на пришкольном участке. М.1980 г.
13.Физиология и биохимия сельскохозяйственных растений (под ред. Третьякова.Н.Н).М.
2000 г.
14.практикум по физиологии растений (под.ред. Иванова.В.Б.).М, 2001г.
15.Кенжеев.Қ. Өсімдіктер физиоллогиясының практикумы. Алматы. 1989ж.
Лекция мақсаты: Ферменттер, витаминдер мен таныстыру.
Ферменттер.
Лекция мәтіні: Тірі жасушада зат алмасу процесі үздіксіз жүріп жатады. Зат алмасу процесі дегеніміз белгілі бір тәртіппен кезектесіп келіп отыратын әр түрлі химиялық реакциялардың жиынтығы. Мұндай реакциялар жасушадан тыс жерде (in vitro) өте қиындықпен және мейлінше баяу жүреді.
Ферменттер молекулаларының құрылысына қарай 2 топқа бөлінеді:
1) тек қана ақуыздан тұратын бір компонетті ферменттер;
2) молекулаларының құрамына ақуыздан басқа активтік немесе простетикалық топ деп аталатын ақуызсыз заттар кіретін екі компонетті ферменттер.
Ферменттердің жіктелуі. Ферменттердің барлығы алты класқа бөлінеді.
1. Оксидоредуктаза- тотықтыру-тотықсыздандыру ферменті.
2. Трансфераза – атомдардың түрліше топтарының тасымалдану реакциясын
катализдейтін фермент.
3. Гидролаза – заттардың түрліше топтарының гидролизіне қатысатын
фермент.
4. Лиаза – еселенген байланысты түзеп немесе бұза отырып, түрлі атаомдар
тобына қосып немесе ажыратып алу реакциясын катализдейтін фермент.
5. Изомераза – изомеризация реакциясын катализдейтін фермент.
6. Лигаза – АТР энергиясының есебінен түрлі заттардың ситезделу
реакциясын катализдейтін фермент.
Оксидоредуктаза – организімдегі көптеген тотығу-тотықсыздану реакциясын катализдеуші фермент.
Трансфераза – молекула қалдықтарының, атомдар тобының немесе жекелеген радикалдардың бір қосылыстан екінші қосылысқа тасымалдануын катализдеуші фермент класы.
Гидролаза гидролиз реакцияларын, ал кейде судың жәрдемімен күрделі органикалық заттардың синтезінде катализдейді.
Лиаза атомдардың түрліше топтарын ажыратып немесе қосып алу реакциясын судың немесе фосфор қышқылының қатысуынсыз катализдейді.
Изомераза органикалық заттардың изомерлік өзгерістерін катализдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет