Тақырыбы: Бауыр ауруының биохимиялық диагностикасы



Дата01.12.2023
өлшемі0.52 Mb.
#485088
түріҚұрамы
биохимия

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 

Тақырыбы: Бауыр ауруының биохимиялық диагностикасы


Орындаған: Оспанов Н Қабылдаған:Шырынбекова Б Тобы: ЖМ-206
Түркістан 2023

Жоспар


Бауыр зат алмасуының орталық мүшесі
*Метобалиттік гомеостазды қалыпты деңгейде ұстап тұруға қатысады
*Ауыздар майлар мен көмірсулардың алмасу реакцияларын,өзара әрекеттесуін қамтамасыз етуге қабілетті
*Қан құрамын тұрақтылығын қолдау үшін көптеген маңызды алмасу процестерін бақылайды
*Бауыр қызметінің көбісі тамақ құрамында организмге түсіп сіңген заттарының алмасуына байланысты
Бауырдың атқаратын қызметтері • Ас қорту кезінде мүшелердің қажетті энергиямен, атап айтқанда, глюкозамен қаматамасыз ету және әр түрлі энергия көздерін глюкозаға түрлендіру (айналдыру);
• Ағзадағы қажетсіз химиялық қалдықтарды ағзадан шығарып тастау;
• Ағзадағы қан жасау немесе жаңарту кезінде қан плазмасындағы ақуыздарды синтездеу;
• Холестерин мен оның эфирін синтездеу, липидтер мен фосфолипидтерді синтездеу және ағзадағы липид алмасуын реттеу
• Он екі елі ішек пен аш ішектің кейбір бөлігіндегі ас қорту процесіне қатысатын гормондар мен ферменттерді синтездеу
• Өт қышқылы мен пигменттерін синтездеу
• Кейбір дәрумендердің қорын толтырып отыру және сақтау. Мысалы, майларды ерітетін А және Д дәрумендерін, суды ерітетін В12 дәрумендерін сақтап, қорын арттыру. Сондай-ақ, катиондардың қоры да бауырда болады.
Бауырдағы детоксикация механизмдері
  • Бауырдың ерекше қызметтерінің бірі – оның детоксикациялық қызметі болып табылады, оның нәтижесінде әртүрлі заттардың метаболитикалық айналымында тканьдерде түзілген әртүрлі улы заттардың залалсыздандырылуы, ішекте аминқышқылдардың шіруі кезінде түзілген токсиндердің, биологиялық белсенді заттардың (гормондар, биогенді аминдер) инактивациясы жүреді. Айталық, бауырда аминқышқылдардың дезаминденуі кезінде түзілген аммиак мочевинаға айналу арқылы залалсыздандырылады. Тәулігіне бауырда 25-30 грамм мочевина синтезделеді, ол зәрдің құрамында ағзадан шығарылады. Сапасыз тағаммен ағзаға келіп түскен бөтен қосылыстар, токсиндер, дәрілік қосылыстар бауырда ыдырайды. Бауырдағы залалсыздандырылу, инактивация процестері мынадай 2 негізгі механизмдердің интеграциясы есебінен жүреді:
  • гидроксильдену реакциялары (тотығу);
  • коньюгация реакциялары
  • Улы заттардың гидроксильденуі немесе тотығуы – молекулярлық оттегіні және НАДФН2-ні пайдалана отырып, эндоплазматикалық ретикулумда орналасқан “микросомальды” тыныс алу тізбегінің ферменттерімен катализденеді. Бұл жағдайда, оттегінің 1 атомы токсин молекуласында R – (OH)- тобын қалыптастыруға жұмсалады, ал екіншісі суды түзе отыра, НАДФН2-ні пайдаланып, тотықсызданады. Бұл жүйенің негізгі ферменттері мыналар:
  • флаворпротеид НАДФН2 – цитохром Р450 – редуктаза (ФАД);
  • адренодоксин (рубредоксин немесе ферродоксин)
  • цитохром Р450 (Fe+++ <

Гидроксильдену реакциялары. 
Адреноксинның құрамында геминды емес темір бар, соның көмегімен бұл фермент цитохром Р450 темірін тотықсыздандырады. Сүтқоректілер бауырының цитохром Р450 бірнеше түрлері белгілі. Олардың барлығы эндоплазматикалық ретикулум мембраналарымен тығыз байланысқан және оларды солюбилиздеу өте қиын. Олардың кейбіреуі рубредоксин типтес белоктарды қажет етпейді, өйткені тікелей ФАДН2 – ден тотықсызданады. Әртүрлі дәрілік заттар, мысалы фенобарбитал, цитохром Р450 синтезін индукциялауы мүмкін, бұл жағдайда цитохром Р450 деңгейі мен белсенділігі 20 есе артады. Бұл процесс бауырда негізінен ароматтық қосылыстардың детоксикация процестерін жеделдетуші “қорғаныш” механизмы болып табылады. Коньюгация реакциялары. Бауырда залалсыздандырылу процесі улы заттарға әртүрлі қосылыстардың қосылуы арқылы жүруі мүмкін. Соның нәтижесінде улы емес (белсенді емес) конюгаттар түзіледі. Улы заттарға қосылатын заттар ретінде бауырда мыналар пайдаланылады:
*Глюкурон қышқылы (глюкурон қышқылының УДФ-ы);
*Фосфо-аденозил – фосфо-сульфат (ФАФС) құрамында болатын *Күкірт қышқылы
*Глицин, глутамин
*Таурин немесе цистеин
*Ацетил КоА-дан ацетильды топ
*S – аденозилметиониннен метильды топ.
*Мысалы, глюкурон қышқылымен коньюгация реакциясы арқылы гемнің ыдырау өнімі – билирубин залалсыздандырылады, индол-күкірт қышқылы көмегімен, бензол-гликоколдың көмегімен залалсыздандырылады. Глюкурон немесе күкірт қышқылымен коньюгация реакциялары арқылы стероидты гормондардың гидрокситуындылары, қалқанша безінің кето-туынды гормондары - тироксин мен трииодтиронин инактивтеледі.

Назарлаңызға рахмет



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет