Лекция 1-тақырып. Қазіргі жағдайда білім берудің басымдық рөлі. Кіріспе Жоспар


Сыныптық-сабақ жүйесі өзіне көптеген оқу үрдісін ұйымдастырудың бірқатар кешендерін қосып алады



бет78/106
Дата09.11.2023
өлшемі0.58 Mb.
#482746
түріЛекция
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   106
47292356pedagogika.d.r.ster.zhina.y

Сыныптық-сабақ жүйесі өзіне көптеген оқу үрдісін ұйымдастырудың бірқатар кешендерін қосып алады. Оған жататындар: экскурсия, оқу шеберханасындағы сабақтар, тәжірибелер, еңбек және өндіріс түрлері, сыныптан тыс жұмыстардың түрлері (пән үйірмелері, студия,ғылыми қоғамы, олимпиада, байқаулар, конференциялар).
Оқытудың осы түрі ауқымында жұмыстың ұжымдық, топтық, жеке, даралап және саралап оқыту немесе қарапайым мазмұндағы түрлері түрлері ұйымдастырылады. Сыныптағы барлық оқушыларға бір тектес тапсырмалар берілгенде (жазбаша, зертханалық және тәжірибешілік немес практикалық сабақтар), онда саралап оқыту жұмысы жүргізілмейді, ал сыныпта топтар әртүрлі тапсырмалар орындаса, бір мәселені шешсе, бірге отырып барлығы тақырыпты меңгереді, міне сол арқылы жұмыстың әрі ұжымдық, фронтальді, топтық түрлері іске асады.
Жоғарыбда жіктелген оқытуды ұйымдастырудың түрлеріне жататын ерекшеліктің бірі – кез-келген оқушыны оқу еңбегіне үйретеді: тыңдауға, ұжымдық іс-әрекетке берілген сұрақты талқылауға, өзіндік жұмысын ұйымдастыруға, өзінің пікірін айтуға, бкасқаны тыңдауға, олардың жасаған ой-тұжырымы мен дәлелдемелерімен келісетінін, немесе оған өздерінің дәйектемелерін дәлелдеп қарсы тұжырым құруға, басқаның ой-түйінін толықтыруға, конспект жасауға, баяндама мәтіндерін жинақтауға, библиография құрастыруға, білім көздерімен жұмыс істеуге, өзінің оқу іс-әрекетін ұйымдастыруға, берілген уақытта жұмысын аяқтай білуге және т.б. топтық жұмыста оқушылар көшбасшылық, қызметкерлік, бағынбаушылық іс-әрекетті ұйымдастыру элементтерін меңгереді, үлкендер ортасымен, жалпы өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас тәжірибесін қалыптастырады, табиғи іскерлікке, өндірістік және әлеуметтік қарым-қатынасқа, өмірге бейімделеді. Оқытуды ұйымдастырудың түрінде оқушылардың тәрбиесі үлкен рөл атқарады, мұндай іс-әрекетте тұлғаның өзін-өзі басқару жағы басымдылыққа ие болады.
Сыныптық-сабақ жүйесін оқытуды ұйымдастырудың ең қайнар көзі болып табылады. Оқытудың бұл түрі жас мөлшері біркелкі топтан құралған және тұрақты құрамы бар, сабақ үнемі оқу кестесімен өтілетін және оқытудың бірдей бағдарламасы құрылған жағдайда іс-әтжірибеде қолданылады. Сондықтан ол оқу-тәрбие үрбдісінің барлық компоненттерін қамтиды: мақсат,мазмұны, құрал, әдістер, ұйымдастыру мен басқару қызметі, оның дидактикалық элементтері. Сабақтың маңызы мен берілу мәні сабақ үрдісінде біртұтастық динамикалық жүйеге саяды, сөйтіп, ұжымдықтан жеке, яғни мұғалімнің оқушығы, нәтижесінде оқушының білім меңгеруі оның икемі мен қабілетіне сәйкестеніп, өзіндік іс-әрекетінде тәжірибеде сұрыпталып, бір жағынан қарым-қатынас мәдениеті дамыса; екінші жағынан, оқушылардың қабілеттелігі шыңдалады. Нәтижесінде сабақ түрлері сапасында оқыту үрдісін алға жылжытады, ал екінші жағынан оқытуды ұйымдастыру түрі ретінде рөл атқарады, мұғалім сабақты ұйымдастырудың негізгі талаптарын айқындайды, мұның бәрі дерлік оқытудың заңдары мен принциптерінен туындайды. Сабақ педагогтік шығармашылықта құрылады жәнге сондықтан ол да біртұтастық жүйемен оқушаулануға тиіс. Кіші бөліктердің өзара іштей байланысы бірігіп, оқушылар мен мұғалімнің іс-әрекеті дамуының бір тектес логикаға бейімделуіне бағыт жасайды.
Сабақтың талабын орындау мен оны түсінуге байланысты, мұның өзі әлеуметтік сұарынмға қатысты анықталып, оқушылардың жеке басының қажетсінуіне орай құрылады, оқыту мақсаты, міндеттері, заңдары мен принциптері басшылыққа алынып, жоғарыдағы іс-әрекеттің мазмұнын айқындайды. Жалпы талаптардың ішінде, бүгінгі сабаққа сәйкестелетін, бөліп қарауға болатын жіктеме төмендегідей:
-Ғылым жетістіктерінің жаңа түрін, озық іс-тәжірибені, оқу-тәрбие үрдісінің негізгі заңдарына құрылған сабақты;
-Сабақты өту үрдісінде барлық дидактикалық принциптер мен ережелер;
-Оқушылардың санасын қалыптастыруға әсер етерлік пәнаралық байланысты;
-Бұрынғы білімін байланыстыруға, оны меңгеруде икем-қабілетін және оқушылардың білім сапасын арттыру барысындағы тіректік ұғымдарға сілтеме жасау;
-Тұлғаны жан-жақты дамытудың белсенді және түрінің қажеттілігі;
-Педагог оқу құралдарын ұтымды қолдануы;
-Алған білімнің, өндірістік қызметпен, оқушының жеке іс-тәжірибесімен байланысты жүзеге асыруы;
-Білімін, икемін, қабілетін тәжірибеде қалыптастыру, оны ойлау амалы мен іс-әрекетке тиімді қолдануы;
-Сабақты диогностикалау, жоспарлдау, жобалау және болжай алуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет