Лекция №10 Тақырыбы: Білім берудің мазмұны туралы ұғым. Білімнің мемлекеттік стандарты, оқу жоспары, оқулықтар, бағдарлама



бет6/9
Дата18.04.2024
өлшемі32.65 Kb.
#499173
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Акмарал

Көрнекiлiк əдiстер оқу материалын оқушылардың көзiмен көрiп, нақтылы түсiнулерiне мүмкiндiк бередi.
Бұған демонстрация, иллюстрация жəне бақылау тəсiлдерi жатады.
Демонстрация (көрсету) оқушыларды құбылыстар, процестер жəне заттардың нысанасымен табиғи жағдайда таныстыру барысында қолданылады. Əдiстiң бұл түрi оқылып отырған құбылыстың қозғалысын анықтау, заттың iшкi құрылысы жəне сыртқы көрiнiсiмен немесе бiрыңғай заттардың орналасу жағдайымен таныстыруды көздейдi.
Табиғи нысананы көрсету негiзiнен сыртқы көрiнiсiнен басталады (көлемi, түсi, формасы, өзара байланысы т. б). Келесi кезекте оның iшкi құрылысы немесе жекелеген құрамы бөлiнiп көрсетiледi. Заттың үлгiсi жəне көркем туындылар оқушылар тарапынан бiртұтастық жағдайында қабылданады.
Демонстрациялау көбiнесе оқушылардың практика-лық оқу əрекетiмен ұштаса жүргiзiледi.
Приборлар мен нысандарды демонстрациялау нəтижесiнiң табысты болуы бiрнеше жағдайға байланысты болады:
- көрсетiлiп отырған нысана барлық оқушыларға жақсы көрiнуi тиiс;
- оқу материалын түсiндiру кезiнде көрсету жұмыс-тары жүргiзiлiп, соңынан нысана алынып
тасталуы керек. Оны оқушыларға алдынала көрсетуге болмайды;
- көрнекi құралдарды бақылау барысында əрбiр оқушы мұғалiмнiң нұсқауы бойынша жұмыс iстеуi тиiс;
- көрсету кезiнде мұғалiмнiң ауызша баяндауы оқушылардың бақылауын дамытуға жəне көркем сөйлеуiн орнықтыруға ықпал етуi тиiс;
- оқушыларды бақылау жұмыстары нəтижесiне қорытынды жасай бiлуге дағдыландыру т. б.
Оқытуды бұлай ұйымдастыру оқушылардың оқу материалын жеңiл əрi терең ұғынуына мүмкiндiк туғызады, олардың ойлау əрекетiн жандандырып, қосымша ақпараттар бередi.
Оқушылардың құбылыстарды, процестердi жəне нысандарды өздерi белсендiлiк танытып оқып үйренсе, шын мəнiсiнде бұл əдiс нəтижелi болмақ. Олар тарапынан мұндай қарым-қатынас оқытуда проблемалық жəне iзденушiлiк жағдайға итермелейдi.
Сабақ барысында оқытудың демонстрациялау əдiстерiнен қолдануда оқу киносы, диапозитив, диафильм, магнитофон, радио, үнтаспа, киноскоп, эпидиоскоп, теледидар, видеофильм секiлдi техника құралдары көптеп пайданылады.
Заттар мен құбылыстарды, кейбiр жағдайда қажет-тiгiне сай табиғи ортада көрсетуге болады (Мысалы, табиғат, оның құбылыстары, жан-жануарлар, өсiмдiктер, ауылшаруашылығы техникалары, өндiрiс құралдары т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет