Лекция №10 Тақырыбы: Білім берудің мазмұны туралы ұғым. Білімнің мемлекеттік стандарты, оқу жоспары, оқулықтар, бағдарлама



бет1/9
Дата18.04.2024
өлшемі32.65 Kb.
#499173
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Акмарал


Лекция №10
Тақырыбы: Білім берудің мазмұны туралы ұғым. Білімнің мемлекеттік стандарты, оқу жоспары, оқулықтар, бағдарлама
Бiлiм беру мазмұны - оқушыларды жан-жақты дамыту, ақыл-ойын, танымдық қызығушылығын қалыптастыру, еңбекке дайындау үшiн белгiлi типтегi мектепте оқытылатын бiлiм мен бiлiктер жүйесi.
Бiлiм беру мазмұны дидактикалық категория ретiнде ''ненi оқыту керек'' сұрағына жауап бередi. Оқушыларды жан-жақты дамыту үшiн оларға адамзат жинақтаған бiлiм-дер, бiлiктер мен дағдылардың жүйесiн меңгерту керек. Бiлiм беру мазмұны қоғамның мектеп алдына қоятын ағымдағы жəне болашақ мақсаттары арқылы айқындалады. Сонымен бiрге, оқу мазмұны жеке адамдардың да мақсат-тарын ескередi. Айта кететiн жайт, оқу мазмұны əрқашан саяси, идеологиялық күрес сахнасы. Саяси күштер мектеп арқылы барша қоғамға өз ықпалын таратуға тырысады.
Оқу мазмұны қоғамның əлеуметтiк-экономикалық жəне ғылыми-техникалық қажеттiлiктерiне сай қалып-тасады. Елiмiздiң тəуелсiздiгi, Республикамыздағы əлеумет-тiк-экономикалық жəне саяси өзгерiстер мектеп түлектерi жаңа қоғам құруға, мəдени жəне рухани өрлеуге дайын болуын талап етедi.
Бiлiм мазмұнына əлеуметтiк жəне ғылыми жетiс-тiктер деңгейi де өз əсерiн тигiзедi. Соңғы кезде ғылыми жаңалықтың пайда болуы мен оның мектепте оқытылуы арасындағы уақыт қысқарып бара жатыр. Мысалы, радио шыққанына 40 жыл өткенде ғана мектеп бағдарламасына енгiзiлсе, заманауи компьютерлiк бағдарламалар шыққан жылы оқытылуда.
Оқу мазмұнына кiретiн мəлiметтер жас мүмкiндiк-терiне де байланысты. Баланың есте сақтау қабiлетi жоғары болғанымен, бiлiмдi игеру, мəнiн түсiну үшiн өмiрлiк тəжiрибе керек.
Ұлттық жəне жалпы адамзаттық мəдениетке байла-нысты да оқу мазмұнында ерекшелiктер болады. Қазiргi заманда дүниежүзi бойынша оқу мазмұны адамдандыру, компьютерлендiру, кiрiктiру, тұлғалық даму ережелерiне негiзделедi.
Оқу мазмұны дидактикалық талаптар негiзiнде қай сыныпта, қандай көлемде қандай пəндер оқытылуы керектiгiн белгiлейдi. Бастауыш сыныптарда барлық пəндерден алғашқы элементарлық ақпарат берiлсе, орта сыныптарда жүйелi бiлiм берiледi.
Бiлiм берудiң мазмұны оқу жоспарларында, жеке пəндердiң оқу бағдарламаларында жəне оқулықтарда, электрондық оқу құралдарында нақтыланады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет