Төртінші Республиканын құрылуы. Француз Республикасын құру үшін құрылтай жиналысын шакырып, жаңа Конституциясын кабылдау, жана Үкіметті құру елдегі карсылық козғалысы партияларыныц және уақытша Үкіметтің негізгі міндеттері болды.
Құрылтай жиналысы сайлау және референдум 1945 жылы 21 қа- занда өтті. Сайлаушылардың 96 %-ы кұрылтай жиналысын қолдап, дауыс берді. Францияда азаматтар сайлау құқығына ие болып, сайлауға қатысты. Құрылтай жиналысында 5 миллион дауыс алып, 152 мыңдай өткізген ФКП бірінші орынға шықты. МРП (Халықтық республикалық козғалыс) партиясы 4,5 миллион дауыс жинап, 150 мандатқа ие болды. ФС11 4,4 миллион дауыс алып, 146 мандат өткізді. Құрылтай жиналысына 545 депутат сайланды. Радикалдар мен оңшылар сайлауда 15 % дауыс алды.
Сайлаудан кейін жаңа Үкімет құрылды. Үкіметтің құрамына коммунистер, социалистер және МРП кірді. Премьер-министр болып Шарль де Голль тағайындалды.
Францияның негізгі бағыттары соғыс кезінде қираған халық шаруашылығын қалпына келтіру болды. Соғыс жылдарында Францияның 80 департаменті толық зардап шекті. Сауда және әскери кемелерінен айырылды. 101 темір балқытатын домна пештердің жетеуі ғана жұмыс істеді. Мұнай өңдеу өнеркәсібінін 80 %-ы істен шықты. Уакытша Үкімет көптеген өнеркәсіп салаларының 20 %-ын национализациялады. Өнеркәсіп орындарын қалпына келтіріп, дамытуға мемлекеттік инвестицияның мөлшері 27 %-дан 50 %-ға өсті. Экономиканы тұрақтандыру мен оның құрылымын өзгерту үшін қаржы жүйесіне реформа жүргізілді.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін табиғи кен байлығы мол Саар мен Рур аймақтары да Француз Республикасының бақылауына өткен еді. Ал 1949 жылы АҚШ пен Ұлыбританияның қысымымен Франция Рур ауданын басқаруға қатысты халықаралық мекеме құруға келіскені аян. Соған байланысты Франция, Германия Федеративтік Республикасы, Ұлыбритания, АҚШ, Бельгия, Нидерланды және Люксембург мемлекеттері мүше болған Рур жөніндегі Халықаралық ұйым 1949 жылдың сәуір айында құрылады. Бұл мекеменің негізгі қызметі де Рур аймағының кен байлықтарын келешек қандай да бір мемлекет өзінің басқыншылық саясатына орай пайдаланып кетпеуін қадағалау болатын. Әрине, мұндай мекеменің құрылуы, осы аймаққа тікелей көзін тіккен Франция мен Германия Федеративтік Республикасының көңілінен шықпады. Өйткені, бұл ұйымда аз дауысқа ғана ие болған Германия Федеративтік Республикасы Рур аймағына толық бақылауды өз қолына алып, Рур аймағын толығымен оз аумағына қосуды көздеді. Франция болса, осы Рур аймағындағы көмір мен болат өндірісінің кеңейс түсуіне шектеулік жасауда АҚШ пен Ұлыбританияның ешқандай белсенділік көрсетпеуіне наразы болды. Жалпы, экономиканың осы саласы Францияны өте мазаландырды, өйткені бұл келешек германдық әскери саладағы негізгі шикізат көзі, оған қалай да ұлттық мемлекеттен тыс органның бақылау жасауы қажеттіліктің белгісі болды. Рур мен Саардың дәрежесі жөніндегі мәселе, сондай-ақ француз - герман қатынастарын реттеу, келешекте германдықтардың қайта қарулануын болдырмау мәселесі, тек осы көмір мен болат өндірісін халықаралық тұрғыдан реттеу арқылы ғана қандай да бір нәтижеге жету мүмкіншілігі қарайланды. Бұл кезеңде бүкіл әлемдік деңгейдегі халықаралық жағдай да шиеленісе түскені белгілі. Еуропа құрылыгында саяси-әскери жағдайға байланысты, екі жүйе арасындағы "Қырғи-қабақ соғысының" үдей түсуінің нәтижесінде еуропалық қорғанысты қамтамасыз ету үшін Солтүстік атлантикалық топ құрылғаннан кейін, жалпы Германияға қатысты 1949 жылдың 25 маусымында Францияның сыртқы істер министрі Р.Шуман Ұлттық жиналыс алдында: "Көп рет маған Германияны Атлантикалық пактіге қатысуға рұқсат етуге болады ма?-деген сұрақ қойған еді. Мұндай сұрақ бүгін ғана емес, келешекте де қойылуы тиіс емес. Германияда әлі бейбіт келісім шарт жоқ. Германияның әскері жоқ және болуға да тиіс емес. Ол қару-жараққа да ис емес, ие болмайды да. Франция үшін және оның одақтастары үшін де Германияны Атлантикалық пактіге қатысуға жіберу ойға да келмейтін іс,"-деп мәлімдеді
Францияны әлемдік аренада өзіндік статусы жөнінен әлемдегі ықпалы мықты державалардың бірі деп атап өтуге болады. Ол ең мықты дамыған жеті мемлекеттердің тобының құрамына кіретін мемлекет. Ядролық қаруға ие мемлекет болып табылады. Европалық одақта саяси қаржылық институттары жақсы дамып , орныққан беделді мемлекет екені бүгінгі таңда белгілі болып отыр.
Францияның экономикалық геосаясаттық дамуының басты көрсеткіштерінің көрінісі 1999 жылдың 1 - қаңтарынан бастап бірыңғай Европалық және валюталық одаққа кіруі болып отыр. Және де бірыңғай европалық валюта «евроны» айналымға шығаруы осы көрсеткіштің басты көрінісі болып табылады.
Франция мемлекетінің Европалық Одақтың құрамында болуы да бұл мемлекет үшін оның экономикасымен қоса саяси дамуына да өте қолайлы болып отыр. Франция диплматиясында соңғы жылдарда бұрынғы Кеңес Одағының елдерімен қазіргі ТМД елдерінің арасынан кейбіреулерімен домтық, ынтымақтастық қарым – қатынастарды нығайту мәселесі қолға алынып отыр. Қазақстан болашағы мемлекет бар есебінде көптеген мемлекеттерлің қарым – қатынасына қызығушылық танытып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |