Бақылау сұрақтары:
1. Елдің экономикалық және саяси жағдайы
2. Монархияның жойылуы
3. Альдо Моро үкіметінің әлеуметтік-экономикалық бағдарламасы
4. К.А.Лампи үкіметі
5. Саяси партиялар
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1. Новейшая история стран Европы и Америки. Под ред. А. М. Родригеса. Часть 3. М., 2001.
2. Новейшая история стран Европы и Америки. В.В. Александров. М.,1986.
3. Новейшая история зарубежных стран. Европа и Америка. Часть: 1-2.М.,1993
4.История новейшего времени стран Европы и Америки (1918–1945). М., 1984.
5. Язьков В.Ф. История стран Европы и Америки в новейшее время (1918–1945): Курс лекции. М., 1998.
6. Кредер А.А. Новейшая история ХХ века. М., 2000.
Қосымша:
История новейшего времени стран Европы и Америки 1918-1845 гг. М.1989
Еременко А.И.. В начале войны. М., Наука, 1964 г.
Ржешевский О.А и т.д. 1939 г Уроки истории. М., Мысль, 1990 г. стр- 196.
Жилин П.А. О войне и военной историии. М., Наука, 1984 г.
Лекция 29-30. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы
Қарастырылатын мәселелер:
1.Кеңес Одағы 1945-1953 жылдарда бейбіт өмірге көшуі
2."Қырғи-қабақ соғыстың" басталуы
3.КСРО 1985-1991 жылдардағы қайта құру саясаты
ІІартиялық басшылықты қайта құру және қуғын-сүргін саясатының жалғасы. Соғыс аяқталғаннан кейін И. В. Сталиннің билігі жалғасты. Кеңес халкыныңжеңісі және ерлігі, отансүйгіштігі жоғары бағаланды. И.В.Сталин бұрынғысынша партия және мемлекет басшыларына деген сенімсіздігін жалғастырып, партия басшылығын кайта құруға кірісті. 1945 жылы 5 қыркүйекте Мемлекеттік корғаныс комитеті (ГКО) таратылды. КСРО 1945-1953жж. ел бейбіт өмірге көшіп, әскери басшылық бұрынғыша партия иерархиясынын қолына берілді. 29 желтоқсанда ВКП(б) саяси бюросының отырысында Л. Берия өз өтінішімен Ііпкі істер халық комиссариаты кызметінен босатылып, онын орнына С. Н. Круглов тағайындалды.
1991 жылғы тамыз оқиғасы 5 тамыз күні М.С. Горбачев отбасымен бірге Қырымда құрылысы жаңадан аяқталған Форосқа демалуға кетті. М.С.Горбачев демалысқа кеткеннен кейін ел билігін Мемлекеттік төтенше жағдай комитеті өз қолына алады. 18 тамызда Форосқа ГКЧП (Мемлекеттік төтенше жағдай комитеті) мүшелері – Бакланов, шенин, Болдин, Варенников және Плеханов барып, М.С..Горбачевтің елде төтенше жағдай жариялау туралы құжатқа қол қоюын талап етті. М.С.Горбачев құжатқа қол қоюдан бас тартты.
ГКЧП-ның басшылары вице-президент Г. И. Янаев, В. С. Павлов, Д. Т. Язов, Б. К. Пуго, В. Крючков, В. А. Стародубцев, А. И. Тизяков жэне Бакланов болды.
19—21 тамыз күндері ГКЧП басшылары Мәскеу төңірегіне әскерлерді әкелді. Бірақ, нақты іс-әрекеттерге бармады. Мәскеу қаласында демократиялық күштердің шақыруымен 500 мың адам қатысқан саяси шеру болды. Жиналғандар алдында Б. Н. Ельцин сөз сөйлеп, ГКЧП-нын іс-әрекеттерін антиконституциялық, антидемократиялық деп бағалады. ГКЧП мүшелері ешқандай қарсылық көрсетпеді. 1 тамызда ГКЧП мүшелері Фороска барып, М. С. Горбачевті Мәскеу каласына әкелді. 22 тамызда ГКЧП басшылары тұтқындалды. Елдегі билік Б. Н. Ельциннің қолына көшті. 23 тамызда РСФСР Жоғарғы кеңесінде М. С. Горбачевтің КПСС-ты таратуға келісім беруі үзілді-кесілді талап етілді. М. С. Горбачев КПСС-ты тарату туралы келісімге кол койды. Б. Н. Ельцин РСФСР компартиясын таратты.
1991 жылы 16 желтоксанда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялады. 21 желтоксанда Алматы қаласында бұрынғы 11 ел басшылары бас қосып, ТМД елдерінің ынтымағы ретінде Алматы декларациясына қол қойды. КСРО ыдырап, оның орнына жаңа одак — ТМД құрылды. 1991 жылы 25 желтоқсанда М. С. Горбачев теледидардан сөз сөйледі. Ол "ТМД елдері одағының құрылуы, КСРО деген елдін жойылуы менің КСРО Президенті қызметінен бас тартуыма әкелді" деді. Кешкі сағат 19-дан 38 минут кеткенде Кремльдің үстіндегі КСРО-ның қызыл жалауы түсіріліп, оның орнына кызыл, ақ және жасыл бояулы Ресей жалауы ілінді. Сөйтіп, XX ғасыр тарихындағы ең ірі держава — КСРО деген ел тарих қойнауына кірді.
1991 жылы 28 маусымда Социалистік елдер арасындағы ынтымақ ұйымы, Өзара экономикалық кеңес ұйымы өз жұмысын тоқтатты. 1991 жылы 1 шілдеде Прага қаласында Варшава келісіміне мүше елдер әскери одақтың жұмысын тоқтатқандығы туралы келісімге қол қойды. КСРО-ның құлауынан кейін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) ұйымы құрылып, КСРО-ның мұрагері — Ресей Федерациясының жаңа тарихы басталды.
Достарыңызбен бөлісу: |