1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы



бет1/41
Дата03.05.2024
өлшемі191.96 Kb.
#500416
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
1. XX асырды басында ы аза станда ы нерк сіпті дамуы (1)


1.XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы.
1906 жылы кәсіпкер Рязановтың мұрагерлерінен сатып алынған Жезқазған мыс рудалары кеніштерін пайдалану үшін Лондонда тағы да «Атбасар мыс кен орындарының акционерлік қоғамы» құрылды. Қоғам Жезқазғанға Ескөл алқабындағы темір кенішін, 18 әк шығаратын карьерді және Байқоңыр алқабындағы 4 таскөмір кенішін пайдалану құқығын сатып алды. Қоғам 1913 жылы Қарсақбай алқабында мыс балқыту зауытын сала бастады, ол Қазақ революциясына дейін салынып бітпеген күйінде қалды. 1911 жылға қарай бұл қоғамакцияларының 40%-ы «Спасск мыс рудалары акционерлік қоғамының» қолына түсті. Ол 1913 жылы оны толық сіңіріп алып, кәсіпорындарымен қоса Жезқазған кеніші Спасск компаниясының меншігіне көшті.
1914 жылы Риддер мен Екібастұз Ресейдің кеніштері мен зауыттарын қол астына қаратқан «Орыс-азия корпорациясының» концессиясына көшті. 1914 жылы Риддер және басқа кеніштердің, Екібастұз ауданында мырыш зауытының құрылысы басталып, 1916 жылы Екібастұз көмір және Риддер концентраттары базасында қорғасын зауыты салына бастады.1915-16 жылдарда Риддерден Өскеменге қорғасын-мырыш концентраттарын тасуға арналған Риддер темір жолы салынды. Бұдан әрі ол концентраттар Ертіс бойымен Ермак айлағына дейін жөнелтілді. Одан Воскресенск (Екібастұз) темір жолымен Екібастұз зауыттарына жеткізілді.
Қарағанды және Саран көмір кен орындары Спасск мыс балқыту зауытының отын базасы болды. Қарағанды көмірін Спасск зауытына дейін тасымалдау үшін 1906-1907 жылдарда тар табанды темір жол салынды. Бұл көмір өндіру мен тасуды көбейтуге едәуір ықпал жасады, көмір өндіру төрт еседен астам өсті.Қоңыр көмір кен орындары да игерілді. 1913 жылы Жезқазған мыс кеніштерінен 120 шақырым жерде Байқоңыр кен орны барланды, ол салына бастаған Қарсақбай мыс балқыту зауытын отынмен қамтамасыз ете алатын еді. Қазақстанда мыс өндіру негізінен Спасск зауытында жүзеге асырылды, ол Нілді алқабындағы Успенск кенішінің базасында жұмыс істеді. 1904 жылдан 1917 жылға дейін бұл кеніштің бай кені түгелдей қазып алынды. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталған соң Спасск зауыты мыс балқытуды қысқартты, ал 1916 жылы өз жұмысын тоқтатты.Тұз өндіру дамыды. Тұз жергілікті қажеті үшін де, өлке шегінен тыс алыс жерлерге сату үшін де өндірілген Батыс Қазақстандағы Басқұншақ, Елтон, Елек тұз кәсіпшіліктері, өлкенің солтүстік-батысындағы Коряков, Поволжье, Карабаш тұз кәсіпшіліктері жұмысшылар саны көп, әрі ірі капиталистік кәсіпорындарға айналды. Ең ірілері Ішкі Ордадағы (Бөкей хандығы) Басқұншақ және Семей облысының Павлодар уезіндегі Коряков кәсіпшіліктері болды. Орал-Жем мұнай ауданы да ағылшын капиталының қолында болып шықты. Ол мұнда өздерінің дербес акционерлік қоғамдарын құру жолымен де, үлес қосып қатысып, орыс компаниялары арқылы да енген болаты. 1911 жылы 2 сәуірде Доссор кәсіпшілігінде қуатты мұнай бұрқағы атқылады, мұның өзі Жемде ірі көлемді мұнай өндіруді бастап берді.
2.XX ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік экономикалық жағдайы.
XX ғасыр басында қазақ өлкесі 6 облыстан тұрды:
Түркістан генерал-губернаторлығы
(Орталығы – Ташкент)
Сырдария облысы
Жетісу облысы
Дала генерал-губернаторлығы
(Орталығы - Омбы)
Ақмола облысы
Семей облысы
Орал облысы
Төрғай облысы
1897 жылы өлкеде халықтың саны 4147,8 мың адам, оның ішінде қазақтар 3354 мың, 1915 жылы 4205,2 мың, ал 1917 жылы- 3615,1 мың адам болды. Сонымен, осы жылдар ішінде қазақтар саны небәрі 231 мың адамға, яғни 6,8 пайызға өскен. Қорытындысында өлке халқының құрамындағы қазақтардың үлес салмағы 1897 жылғы 81,7 пайыздан 1917 жылғы 59,8 пайызға дейін кеміп кетті. Қазақтар арасындағы демографиялық жағдайдың нашарлауы, бірінші кезекте оның табиғи өсуінің төмен болуымен түсіндіріледі.Қазақ халқы табиғи өсімінің төмен деңгейіне көшпелі тұрмыс салтының ауыр жағдайы, эпидемиялық аурулардың кең таралуы және медициналық қызмет көрсетудің болмауы себепті оның қатарындағы, әсіресе балалар арасында өлім-жітімнің жоғары болуы себеп болды. Қазақтардың 1916 жылғы көтерілісінің зардаптары да ерекше келеңсіз роль атқарды. Көтерілісті патшаның жазалау отрядтары басып, жаныштап сол кезде осы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысушылар ғана емес, сонымен қатар бейбіт тұрғындар да мыңдап қаза тапқан еді. Қазақтардың едәуір бөлігі империя шегінен Қытайға, Туркияға және басқа елдерге үдере көшіп кетті. 1916 жылы Жетісу облысынан ғана шетелге 150 мыңға жуық қазақ көшіп кетті.XX ғ. басында өлкеде 19 жаңа қала болды. Ақмола облысындағы ұсақ қалалар саны – 20. 1897 жылғы тұңғыш халық санағы бойынша: Оралда -36446, Верныйда –22744, Семейде – 20216, Қостанайда – 14175 адам тұрған.
3.XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының қалыптасуы.
Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы — XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басында Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық жəне саяси дамуында болған өзгерістер қазақ халқының рухани өміріне терең əсер етті. ХІХ ғасырдың екінші жартысы ХХ ғасырдың басында қазақ жастары үшін Қазан, Мəскеу, Петербург, Орынбор, Омбы, Варшава қалалары үлкен білім ордасы болды. Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде 120 - ға жуық қазақ жоғары оқу орнын аяқтағандығы туралы диплом алған. Олардың қатарында Ə.Бөкейханов, М.Тынышбаев, Б.Қаратаев, Б.Құлманов, Б.Сыртанов, Ж.Досмұхамедов, М.Шоқай, Ж.Ақбаев, С.Асфандиаров, С.Шəлімбеков, Х.Досмұхамедов жəне басқа да бір топ қазақ жастары білім алған еді. Аталған білім алушылар білім алып қана қоймай ХХ ғасырдың басында ұлт мəселесін жеке дара мемлекет мəселесін Ресей отарына қарсы келген зиялылар тобын құрды.ХХ ғасырдың бас кезінде Ресейдің мұсылман халықтарын оятуды мақсат еткен кітап, газет - журнал түріндегі басылымдар көбейді. 1910 жылдардағы аумалы төкпелі кезеңде қазақтардың саяси өміріне бағыт бағдар берген «Қазақ» газеті 1913 жылдың басында шыға бастады. Кейіннен Алаш партиясының ресми баспасөз органына айналған бұл газетті Думаның бұрынғы мүшесі Ə.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов басқарды.ХХ ғасыр басында орыс отаршылдығының озбырлығы барған сайын арта түскен шақта ұлтшыл азаматтар арғы тегіміздегі Алаш атымен бірігіп, ұлттық идеяны ту етіп бас көтерді. Осы зиялы топтың көшбасшысы Əлихан Бөкейханов: «Біз, хан тұқымы, қазақтың үмітін ақтап, елдігін, тəуелсіздігін сақтап қала алмадық, қарызымызды ақтау үшін көшін бастай алмасақ та, қосшысы боламыз» деуі де оның асқақ мұратын халық тағдырымен байланыстыруынан. Сол тұстағы зиялылардың алдыңғы сатында қазақтың жалпытүркілік тұтастық идеясын көтерген Мұстафа Шоқай, «Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі – Пайдалан шаруаңа жараса, Алаш!» деп, ұлтын оятқан Міржақып Дулатұлы, ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Асан Қайғыдан кейін қазақтың шекарасын белгілеп берген Əлімхан Ермеков, «Алаш туы астында күн сөнгенше сөнбейміз!» деп ұран салған Сұлтанмахмұт Торайғыров жəне т.б. тұрды. Ар, намыс, əділет, адами қадір-қасиет, өз ұстанымына адалдық, тұрақтылық, тектілік – ХХ ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясының басты ерекшелігі. Қуғын-сүргінде, азап лагерьлерінде, түрме тозағында, тергеу камераларында олар өздерін нағыз ер-азамат сияқты ұстады. Олар ешқашан өздеріне интеллигент, элита атағын таққан жоқ жəне бұған заман да мұрша бермеді. Ұлт-азаттық қозғалысының басшылары Əлихан , Ахмет Байтұрсынов , Міржақып Дулатов, Жақып Ақбаев, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышбаев, Бахытжан Қаратаев, Халел жəне Жанша Досмухамедовтер жəне басқалары – негізінен Петербург, Мəскеу, Варшава, Қазан, Омбы мен Орынбор жоғары оқу орындары, училищелерінің түлектері». Олар өз қызметінің басты мұраты қазақ халқының ұлттық төлтумалығын сақтау, сонымен бірге тарихи өткенін қалпына келтіріп, ұлттық санасын шыңдау деп санаған..Басқа сөзбен айтқанда қазақтың тұңғыш интелегенттері сол кезеңнің ұлттық сұраныстарына жауап беруге тырысты. Халқымыздың өз еркіндігі үшін күрес жолында мəңгі өлмейтін терең із қалдырған қайраткерлердің бірі – Əлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов. «Алаштың Əлиханы» атанған ол бүкіл қазақ елінің саяси қайраткері ретінде де жəне осы күрес жолындағы ұлттық зиялылардың көш бастаушысы да бола білді. Ə. Бөкейханов пен оның серіктері өмір сүрген дəуірде қазақ қоғамы алдында тұрған ең өзекті мəселе – ұлттық теңдік жəне саяси бостандық едіОл үшін, əлбетте, қазақ елінің тəуелсіздігі үшін күрескен қазақ ұлттық саяси элитасының, соның ішінде ХХ ғасыр басындағы зиялылалырымыздың жəне олардың көсемі болған Əлихан Бөкейхановтың өмірі мен қоғамдық-саяси жəне ғылыми- ағартушылық қызметін танып білу, олардан үлгі-өнеге алу бүгінгі күннің басты талаптары болмақ. ХХ ғасырдың басында ұлт тілінде шыға бастаған биресми «Қазақ» газетіне Ə.Бөкейхановтың сол кезеңнің басты-басты саяси мəселелерін көтерген мақалалары жарық көрген.
4.Қазақтардың Ресейдің І–ІІ Мемлекеттік Думаларының жұмысына қатысуы. Бірінші Мемлекеттік Дума– Ресейдегі мемлекеттік басқарудың конституциялық-монархиялық жолға түсуін әйгілеген заң шығарушы жоғары өкілетті билік органы. 1906 ж. 27 сәуірден 9 шілдеге дейінгі аралықта, 72 күн қызмет етті. 1905 ж. 11 желтоқсандағы Сайлау заңы бойынша Думаға 524 депутат қатысуы керек еді. Сайлаудың шет аймақтарда кеш өткізілуіне байланысты оның жұмысына 499 депутат қатысты. 1-Мемлекеттік Думаға қазақ өкілдерінен 4 депутат: А. Бірімжанов, А. Қалменов, Ә. Бөкейханов, Ш. Қосшығұловсайланды. Алайда, қазақ депутаттарының ішінде Бірімжанов пен Қалменов қана дума жұмысына қатыса алды. Дума мүшелері қатарында қазақ жерінен тысқары өңірлерден сайланған С. Жантөрин мен Д. Тұндыт сияқты қазақ азаматтар болды.
Екінші Мемлекеттік Дума– Ресей империясындағы мемлекеттік басқарудың 2-рет сайланған конституциялық-монархиялық бағыттағы заң шығарушы жоғары өкілетті органы. 1907 жылы 20 ақпаннан 3 маусымға дейін жұмыс жасаған 103 күн ішінде 2 рет сессия ашып, 53 мәжіліс өткізді. Қазақ халқынан Думаға сайлау 1905 жылы 11 желтоқсандағы сайлау заңы бойынша жүргізілді. Қазақ халқынан депутаттыққа Оралдан Б.Қаратаев, АқмоладанШ.Қосшығұлов, Торғайдан А.Бірімжанов, Семейден Т.Нұрекенов, Жетісудан М.Тынышбаев,Сырдариядан Т.Алдабергенов, Астраханнан Б.Құлманов сайланды.
5.Қазақ баспасөзінің қалыптасуы («Қазақ» газеті, «Айқап» журналы). 1911-1915 жылдарда шығып тұрған «Айқап» журналы шығарушысы және редакторы Мұхаметжан Сералин Қазақстандағы идеялық-саяси ой-пікірдің аграрлық-демократиялық бағыттарын білдірді.Оған Ж.Сейдалин, Б.Қаратаев, С.Торайғыров, С.Сейфуллин,Б.Майлин және басқалар қатысып тұрды. Журнал беттерінде аграрлық қатынастардың, оқу-ағарту мен білімнің, қазақ ауылындағы тауар-ақша қатынастары дамуының проблемалары көрсетілді, патша өкіметінің отаршылдық саясаты әшкереленді.1912 жылдан 1918 жылға дейін шығып тұрған «Қазақ» газеті либерал-демократиялық бағыт идеяларын білдірді. «Қазақ» газетінің редакторы –А.Байтұрсынов болды. 1910-1917 жылдар межесінде А.Байтұрсынов Орынбор қаласында тұрды. Онда қазақ конституциялық-демократиялық партиясының және қазақ халқының жалпы ұлттық қозғалысының жетекшісі, экономист-ғалым Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов және басқалары қызмет істеді. Ең басты аграрлық мәселеде олар жерге мемлекеттік меншіктің (Ресей империясының) күшін жою және оны қазақтардың меншігіне беру, жер сатуға тыйым салу талаптарын қойды.XX ғасырдың басында «Айқап» журналы Қазақстан халқы арасында ағарту және білім беру идеяларын уағыздады. «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті өз беттерінде жалпыұлттық идеялар мен қазақ халқының мүдделерін көрсете білді. 6.1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс: себептері, қозғаушы күштері және барысы. Көтерілістің сипаты. Көтеріліс отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Өлкені талауға салу Бірінші дүниежүзік соғыс жылдарында бұрынғысынан да жеделдете жүргізіләп, ауқымды сипат алды. Қақақ даласынан арзан бағамен орасан көп мөлшерде мал сатып алынды. Патша армиясы үшін киіз үй мен бұйымдар жиналды. Салық мөлшері өсіп, соғыс салығы енгізілді, мемлекеттік заемдар таратылды, баж салығын төлеу міндеттелді, жергілікті халық соғысқа арналған жүктерді теміржол стансысына тасып жеткізуге мәжбүр болды.Көтерілістің негізгі себептері:
1916 жылғы 25 маусымдағы патша Жарлығы бойынша қара жұмысқа 19 –дан 43 жасқа дейінгі еңбекке жарамды барлық ер адамдар алынуға тиіс болатын.
1. Жердің тартып алынуы (қоныстандыру саясаты);
2. Салықтар мен алымдардың кобеюі;
3. Еңбекшілерді үстем феодал-байлар тобының қанауының күшеюі;
4. Ұлттық араздықтың өршітілуі;
5. Соғысқа байланысты бұқара жағдайының күрт нашарлауы;
6. Орыстандыру саясаты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет