Лекция:: 30 Практикалық: Семинар: 10 Лабораториялық: обс¤Ж: СӨЖ: 95



бет6/11
Дата25.02.2016
өлшемі1.29 Mb.
#20419
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Баќылау с±раќтары:

1.Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ-тың экономикалық және саяси жағдайы

2.АҚШ-тыңкоммунистік партиясының құрылуы

3.Вильсон-Гардинг үкіметінің ішкі саясаты

4.Вильсонның «14 пункті»
10- лекция. Таќырыбы: 1917ж қазаны мен 1939жж Кеңес мемлекеті

Жоспары:

1.Азамат соғысынан кейінгі Кеңес мемлекетінің саяси-экономикалық дамуы

2.Кеңес мемлекетінің сыртқы саясаты

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.Актуальные проблемы новейшей истории М. 1991

2. Хрестоматия по новейшей истории Т3. М., 1960

3.Актуальные проблемы новейшей истории М. 1991

4.Новейшая история 1939- 1975гг. М. 1977

5.Кредер А.А.Новейшая история .ХХ век М. 1977.

6.Сәуірбаева Г.Европа мен Америка елдерінің тарихы (1918-1990жж
Лекция маќсаты: Екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы Кеңес мемлекетінің дамуын қарастыру

Лекция мєтіні

Азамат соғысы аяқталған кезде елдің халық шаруашылығының жағдайы өте ауыр еді. Сол себепті 20-ж. Екінші жартысы мен 30ж. Бірінші жартысында Ресейдің алдында тұрған басты міндет мемлекеттің экономикалық дербестігі мен ауыл шаруашылығын қайта құруға қамтамасаз етіп қана қоймай, сонымен бірге елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға мүмкіндік беретін өнеркәсіп қуатын жасау болды.

1925 жылы БК(б)П-ның сьезі елді индустрияландыру бағытын жариялады. 1927 жылы желтоқсанда большевиктер партиясының ХҮ сеьзі халық шаруашылығын дамытудың бірінщі бесжылдық (1928-29- 1932-33ж.ж.) жоспарын дайындау туралы шешім қабылдады. Жоспардың көрсеткішін орындау міндетті болды. 1930жылы жазында өткен партияның кезекті сьезінде индустрияландыру қарқыны жеделдету туралы шешім қабылданды. Өнеркәсіп өнімнің жылдық өсімі 30 % көлемінде белгіленді. Шын мәнісінде, бұл белгіленген көрсеткіштерді орындауға нақтылы мүмкіншіліктер жоқ болатын.

Нәтижесінде бірінші бесжылдықтың тапсырмаларының көрсеткіштері орындалмады. Дегенмен осы жылдары 1500 аса өнеркәсіп орындары салынды, өндірістің жаңа салалары пайда болды. Және жаңа қалалар мен поселкелер бой түзеді.

30-ж.ж. соңына аса зор қиыншылықтарды жеңе отырып, КСРО кейбір өнеркәсік көрсеткіштері жөнінен Батыс елдері мен тепе-теңдікке жетт.

Қуатты. Индустриалды мемлекет орнату міндеті елдің ауылшаруашылығына түбегейлі өзгерістер жүргізуді қажет етті. Большевиктер бұл жердегі бірден-бір жол ауылшаруашылығының өндірісін кооперациялау, яғни ұжымдастыру деп шешті. Оның мәнісі шаруа қожалықтарын ортақ ұжымдық меншікке негізделген ұжымдық шаруашылықтарға- колхоздарға біріктіру деген сөз еді.

Ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға бағыт алу 1927 жылы өткен партияның ХҮ сьезінде жарияланды. Формальді түрде шаруалардың колхоздарға енуі ерікті деп жарияланды. Бірақ жергілікті партия- кеңес ұйымдары пайыз қуып, бір-бірімен жарысқа түсіп, ұжымдастыру қарқынын тездетуге тырысып, шаруаларды колхоздарға күштеп, қорқытып кіргізді. Ұжымдастыруды тездетуге тырысып, шаруаларды колхоздарға күштеп, ұорқытып кіргізді. Нәтижесі аяқтарынан нық тұрған жеке шаруа қожалықтарының құлдырауына әкеліп соқты.

Әл-ауқат және шаруашылық жағдайларына қарай ол кезде елдегі шаруалар ауқатты шаруалар (кулактар) орта шарауалар және кедей шаруалар деп үш топқа бөлінетін.

1936 жылы қарашада КСРО Кеңестерінің ҮІІІ сьезінде жаңа конституция қабылданып, ол сталиндік конституция деген ат алды. Кеңес азаматтар кең ауқымды құқықтар мен бостандықтарға ие болды.

1937-1938 ж.ж. жаппай жазалау әрекеттерінің елге тигізген шығыны мен соққысы орасан зор ауыр болды. Көптеген тәжірибелі басшылар мен мамандардың асылып-атылып, қамалуына байланысты, шаруашылықты басқау ісі әлсіреді, келешек соғысқа дайындық ісіне кедергі келтірді, КСРО-ның Ұлы Отан соғысының алғашқы жылдарындағы елеулі сәтсіздіктерге ұшырауна себеп болды.

Социализім құру барысында КСРО-да әкімгершілік-әміргершілік жүйе қалыптаса бастады. Оның басты белгісі мемлекеттің тек өзіне ғана тән қызметтері ған емес, сонымен қатар азаматтық қоғамның қызметтерін иемденуі болды. Бүкіл мемлекеттік үгіт-насихаттың күші кеңес халқының басын айландырып, большевиктер партия мен «Сталин жолдастың жеке дана» басшылығына ешбір күмәнсіз сенуге мәжбүр етті. Елде Сталиннің жеке басына табынушылық орнады.

Сыртқы саясаты Германиядағы билік басына фашистердің келуі Еуропадағы саяси күштердің ара қатнастарын өзгертті. Кеңестер елінің сыртқы саясатының басты мақсаты ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Германия мен Жапонияның басқыншылық жоспарларына қарсы демократиялық мемлекеттердің одағын құру болды. Осы жылдары КСРО АҚШ-пен (1933), Франциямен (1935) дипломатиялық қатнастар орнатты, Ұлттар Лигасына енді. Батыс Мемлекеттер КСРО-ға патша және Уақытша үкіметтердің қарыздарының едуір бөлігіне кешірім жасады. Бұл кеңес дипломатиясының аса ірі жеңісі болды.

Жаппай антифашистік майдан құру қажеттілігінен Испанияға оқиғалар да дәлелдеді. КСРО бірлесіп генерал Франконың антиреспубликалық бүлігін басуды ұсынған болатын. Бірақ Батыс елдер түрлі себептерді сылтау етіп, Еуропада біртұтас антифашистік майдан құрудан бас тартты.

Сол кезде Еуропа мен бүкіл дүние жүзіндегі бейбітшілік ісіне басты қауіп өзінің басқыншылық әрекеттерін белсендіре түскен Германия тарапынан төнген болатын. 1938 жылы көктеміне қарай неміс-фашист әскерлерінің едәуір күштері Чехословакиямен шекараға шоғырландырылды. КСРО бұл елге көмек беруге дайын еді, бірақ Батыс елдерініңғ әсіресе Францияның келісімі мен көмегінсіз мұны іске асыру мүмкін болмады.

Масқара Мюнхен келісіміне қол қою Англия мен Франция тарапынан Чехословакияны Германияның басып алуына келісім беру деген сөз еді. Оның үстіне бұл едердің Германия мен жасасқан өзара шабуыл жасаспау туралы шарттары бар болатын.

Германия Чехословакияны басып алғаннан кейін Англия мен Франция КСРО мен келіссөздер жүргізуге мәжбүр болды. Бұл келіссөздердің барысында батыс елдердің басты мақсаты КСРО-ны Германияға қарсы айдап салып, өздері аман қалу еді. Бір бүкпесі ішінде және нақтылы іс-шаралар ұсынылмаған бұл келісімдер 1939 ж. 21 тамызда үзіліп қалды. Сол жылы 23 тамызда кейінен шабуыл жасаспау жөніндегі Молотов-Риббентроп пакті деп аталған кеңес-герман шартына қол қойылды.

КСРО-ның Қиыр Шығыстағы шекараларында да қауіпті жағдай қалыптасты. Жапониямен екі арадағы қатнастардың шиеленісуі жағдайды одан әрі ұшықтырып қана қоймай, тікелей қарулы қақтығыстарға да алып келді. Тұңғыш елеулі қарулы жанжал 1938 жылы кеңес-манчжур шекарасында Хасан көлінің маңында орын алды. Бұл жерде Жапондықтарға лайықты тойтарыс берілген болатын. 1939жылы мамырда жапондықтар Хал-хин-Гол өзенінің ауданында КСРО мен одақтас Монғолия жеріне басып кірді. Алғашқы сәтсіздіктерге қарамастан, біріккен кеңес-монғол әскерлері 1938 жэылы тамызында кескілескен ұрыстардың барысында жапон басқыншыларына күйрете соққы берді. Қызыл Армияның бұл жауынгерлік табысы жапондықтарды біраз сабасына түсіргендігіне қарамастан, КСРО қиыр Шығыста едәуір қарулы күштер ұстауда мәжбүр болды.

Баќылау с±раќтары:

1.Ұлы Қазан социалистік революциясы: проблемалары, нәтижелері, маңызы

2.Кеңестік жүйенің қалыптасуы

3. «Әскери коммунизм» саясаты және оның ерекшеліктері

4.Жаңа экономикалық саясат пен оның қорытындылары

5.30 жж репрессиялар



11- лекция. Екінші дүниежүзілік соғыс (1939-1945жж)

Жоспары:
1.Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында халықаралық қатынастар.

2. Әскери блоктардың құрылуы.

3. Соғыстың себептері және сипаты.

4. Соғыстың аяқталуы.



Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер
1.Буханов В.А.Гитлеровский «новый порядок» в Европе и его крах.Екатеринбург., 1994

2. Буханов В.А. европейская стратегия германского фашизма.Свердловск,1994

3.Вторая мировая война в воспоминаниях.М., 1990

4.Галкин А.А. Германский фашизм. М., 1989

5.Дискуссионные материалы о коренном переломе во второй мировой войне // История СССР.1985№3; Новая и новейшая история №6; Вопросы истории .1987 №4; Вопросы истории 1988 №5

Лекция маќсаты: Екінші дүниежүзілік соғыстың шығу себептерін, барысын, қорытындысын қарастыру

Лекция мєтіні

Кеңес тарихшылары екінші дүниежүзілік соғысты бес кезенге бөледі. Бірінші кезең - екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы: гитлерлік Германиянын Польшаны басып алуы мен Кеңес Одағына қарсы агрессияға дейін (I қыркүйек 1939 жыл - 22 маусым 194] жыл). Екінші кезең - фашистік агрессияның кенеюі: гитлерлік Германия мен оның одактастарының Кеңес Одағына шабуылы мен Кенес Лрмиясының Сталинград түбіндегі карсы шабуылына дейін (22 маусым 1941 жыл - қараша 1942 жыл). Үшінші кезен - екінші дүниежүзілік соғыс барысындағы түбірлі бетбұрыс: кеңес әскерлерінің Сталинград түбіндегі карсы шабуылынан Украина мен майданның орталык бөлігіндегі шабуылға дейін (караша 1942 жыл - желтоқсан 1943 жыл). Төртінщі кезең - Европада фашизмді талқандау: Кеңес Лрмиясының Ленинград түбіндегі шабуылынаң Францияда екінші майдан ашылуы мен фашистік Германияның жеңілуіе дейін (қаңтар 1944 жыл - 9 мамыр 1945 жыл). Бесінші кезең - милитаристік Жапониянын талқандалуы: Германиянын капитуляциялануынан Жапонияның капитуляциялануына дейін (9 мамыр - 2 кыркүйек 1945 жыл).

КСРО құлағаннан кейін тарих ғылымында жасалынған жаңа ғұжырымдарға байланысты екінші дүниежүзілік соғыс тарихы үш ірі кезеңге боліпеді. Бірінші кезең - 1 қыркүйек 1939 жылдан - маусым 1942 жылга дейін. Бұл кезең агрессорлар күшінің басымдығымен, соғыс аймағының кеңеюімен сипатгалады. Екінші кезең - маусым 1942 жыл - каңтар 1944 жыл; соғыстыц барысьшда түбірлі бстбүрыс, басымдылық та, күш те аитиі итлерлік коалиция елдерінің қолына көшкен кезең.Үшінші кезең -қаңтар 1944 жыл - 1945 жылдың 2 кыркүйегіне дейін; соғыстың қорытынды кеісні, оның барысында аитигиглерлік коалицня елдеріиің басымдылығы шегіне жетті, ол агрессор-мемлекеттердіц басқару режимдерінің дағдарысы білінгенде және олардын күйреуі басталған сәтте жау әскерін талқандауға қолданылды. Екінші дүниежүзілік соғыс. Польшаның басьш алынуы. Екінші дүниежүзілік соғыс Германияның 1 кыркүйек 1939 жылы Польшаға шабуылымен басталды. Герман әскерінің соғыс жоспары Англия мен Фрашшянын соғысқа кіру мүмкіндігін есепке алды. Сондықтан Польшаны «Қауырт соғыс» барысьпіда талқандап, сонан соң эскерді батысқа әкетілу жоспарланды. Осы үшін вермахтгын жаяу әскерінін үштен екісі Польшаға қарай шоғырлаңдырылды, бұл поляк әскерінен едәуір коп еді. Неміс авиациясы әуеде үстем болды: қалаларды, транспорттарды және жолдарды бомбылап, бейбіт халык арасында үрей туғызды, поляк әскеріне мобилизациялауды және оның шекараға жылжуын тежеді. 16 қыркүйекте Польша астанасы (Варшава) қоршалды. Қоршалған Варшава ғана 28 кьіркүйекке дейін күресті. І7 қыркүйек 1939 жылы поляк үкіметі елді тастап кетті. Дәл сол күні кеңес әскері Польшаға енді.

28 қыркүйек 1939 жылы достык және шекара туралы кеңес-герман келісіміне кол қойылды. Бұл келісім Польшаның бөлшектенуін тіркеді және кеңес-герман шекарасы сызығын нақтылады. Енді шекара 1939 жылғы 23 тамыздағы кұпия хаттама шарттарымен салыстыргапда шығысқа карай жылжыды және «Керзон сызығы» бойынша жүрді, яғни бір жағынан поляктар, екінші жағынан украиндер, белорустар тұратын этнографиялық шекара бойынша анықталды. Поляк халқы тұратын жер Германияиың құрамында кадды, КСРО-ға Литва берілді. Бүл өзгерістер Кеңес Одағьща Польшаны белшектеуді Батыс Украина мен Батыс Белоруссияны қайта қосу үшін жасалған азаттык жорығы деп атауға мүмкіндік берді. Сондай-ақ кеңес басшылығы мұны Англия мен франиияға КСРО-ны агрессор деп жариялауға сылтау бермейді деді, өйткені Қызыл Армия ашлшындар 1920 жылы кеңес-поляк шекарасы деп белгілеген «Керзон сызығынан» өткен жоқ. 2 казанда поляк әскерінің соңғы бөлімдері берілді. Польша Германияиын қарулы агрессиясының, сондай-ак наиистердің нәсілдік теориясының алғашкы қүрбаны болды. Поляк интеллигенциясын, еврейлерді жаппай кыру басталды. Енбек міндеттілігі енгізілді, жүз мыіідаған поляктар еріксіэ Германияға жұмысқа айдалды.

Империалистік державалар екі топқа бөлінді: бір жағынан гитлерлік Германия бастаған фашистік мемлекеттер, екінші жағынан Ұлыбритания, Франция, АҚЩ және олардың одақтастарының коалициясы. Фашистік мемлекеттер үкіметі өз елдерінде толық демократиялық бостандывсгарды жойды, коммунистік партияларға тыйым салды, кәсіподақтарға бакылау орнатты, ашық саяси террор жүргізді. Фашистік мемлекеттер сыртқы саясагга агрессиялык жолға түсті. Фашизм бүкіл прогресс, демократия, Гюстаидық сүйгіш күштердің басты каупі, ал гитлерлік Германия дүинсжүіілік реакииянын сокқы беруші күші болды.

Екінші дүниежүзлік соғыс империалистердің саясатынан туындаған халыктардың фашизмін қарсы, ұлттық тәуелсіздік бостандық пен демократия үшін күресімін байлансты антифашистік,ұлт-азаттық тенденциялар ретінде көрініс тапты. Фашистік агрессия құрбанына айналган халыктар мен елдердің соғысы азаттык және антифашистік сипатта болды. Милитаристік Жапония мен фашистік Германия жаулап алған Қытай мен Польша халықтары агрессорларға карсы біріншІ болып соғыс бастады.


Баќылау с±раќтары:

1.Екінші дүниежүзілік соғыстың себептері, сипаты мен кезеңдері

2.Батыс майдандағы «оғаш соғыс»

3.Екінші дүниежүзілік соғысқа Италияның кірісуі

4.Фашистік Германияның КСРО-ға басып кіруі
12 лекция. Таќырыбы: Екінші дүниежүзілік соғыс (1939-1945жж)

Жоспары:


  1. екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастар

  2. Соғыстың басталуы, барысы, қорытындысы

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.Буханов В.А.Гитлеровский «новый порядок» в Европе и его крах.Екатеринбург., 1994

2. Буханов В.А. европейская стратегия германского фашизма.Свердловск,1994

3.Вторая мировая война в воспоминаниях.М., 1990

4.Галкин А.А. Германский фашизм. М., 1989

5.Дискуссионные материалы о коренном переломе во второй мировой войне // История СССР.1985№3; Новая и новейшая история №6; Вопросы истории .1987 №4; Вопросы истории 1988 №5


Лекция маќсаты: Екінші дүниежүзілік соғыстың шығу себептерін, барысын, қорытындысын қарастыру
Лекция мєтіні

Версаль жүйесі біржолата екінші дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейін құлады.Бұл соғысқа Германия барынша дайындықпен кірііскен еді.Мысалы, 1934ж 1939ж аралығында оның әскери өндірісі-22 есе, әскер саны-35есе арттырып, Германия әлемде өнеркәсіп өндірісіініің көлемі бойынша екінші орынға шықты.

Қазіргіі таңда зерттеушілер арасында екіншііі дүниежүзіліік соғыс қарсаңындағы әлемнің геосаяяси ахуалына деген біртұтас көзқарас жоқ.Тарихшы-марсистер екіполисті сипаттаманны қолдап келеді.Олардың пікірі бойыншаа әлемде екі әлеуметтік-саяси жүйе өмір сүрді (социализм және капитализм), ал әлемдік қатынастардың капиталистік жүйе шеңберінде- алдағы болатын соғыстың екі ошағы (Еуропада-германия, Азияда-Жапония)

Тарихшылардың басым бөлігі екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында үш сааяяси жүйе өміір сүрдіі деп есептейді:буржуазиялық-демократияялық, социалистік және фашистік-милитаристік.Осы жүйелер арасындағы ықпалдастық, күштерінің арақатынасы бейбітшіілікті сақтайтын еді немесе соғысқа алып келетін еді.Буржуазияялық-демократиялық және социалистік жүйелер аррасындағы мүмкін болған одақ екіншіііі дүниеежүзііліік соғыстың іс жүзіндегі альтернативасы еді.Біраақ беййбіт одақ қаалыптаспады.Буржуазиялық-демокраатиялық елдер соғыс қарсаңында одақ құруға бармады, себебі бұл елдердің басшылығы кеңестік тоталитаризмді адамзат өркениетіне төнген ең үлкен қауіп деп есептеді.Сондықтан КСРО-ның еуропада ұжымдыық қауіпсіздіік жүййе құру әрекеті Франнция мен Чехословакиямен келісіімдергее қол қоюмен шектелде ((1935ж) Бұл келісімдердің өзі Гермммания Чееехословакияны оккупациялаған кезде де іске асырыылмады, сеебебі европалық елдердің басым бөлігіі «........ саясатын» ұсттанды.

Германия болса 1936ж Италиямен әскери-саяси одақ жасайды («Ось Берин-Рим»),ал бір айдан соң Жапония мен Германия арасында Антикоминтерн пакті жасалады, оған бір жылдан кейін (6 қарашаа 1937ж) Италия қосылды.Осындай реваншистік одақтың қалыптасуы буржуазиялық-демократиялық елдердің жандануына негіз болды.Бірақ тек ғана 1939 жылдың наурыз айында Англия мен Франция КСРО мен Германияғға қарсы біріккен іс-қимылдар туралы келіссөздерді бастауға кірісті.Бұл елдер ортақ пікірге келе алмағандықтан, келісім де жасалмады.Антифашистік мемлекеттердің одағының қалыптаспауында, агрессорды тоқтата алмауда біреулері капиталистік елдерге кінә тақса, екіншілері КСРО-ның басшылығының саясатын айыптайды., қалай болғанда да – фашистер антифашистік елдер арасындағы қарама-қайшылықтарды шебер пайдаланудың нәтижесінде бүкіл әлем үшін өте ауыр салдарға алып келді.

КСРО ашық түрде агрессорға қарсы күрес жүргіздіі: 1936ж- Испания, 1938ж-Хасан көлі маңында Жапониямен кіші соғыс,1939ж –Халхин-Голдағы кеңес-жапон соғысы.Күтпеген жағдайда 23 тамыз 1939ж (соғыстың басталуына 8 күн қалғанда)Германия мен КСРО өзара шабуыл жасаспау туралы келісімге қол қояды (Риббентроп-Молотов пакті)Дүниежүзілік қауымдастық қолына түскен осы келісімге қосымша жасалған Протоколда Герммания мен КСРО Еуропаның солтүстігіі мен оңтүстігін ықпал сферасына , Польшаны бөлу туралы келісімге келуі соғыс қарсаңындағы антифашистік күресттегі КСРО-ның роліне , 1939ж қыыркүйек пен 1941ж маусымы аралығыындағы қызметіне, екіншіі майдан ашылу тарихына жаңаша көзбенн қарауға мүмкіндік берді.

КСРО-Герммания келісімініің Еуропадағы күштер арақатынасын өзгерткенііі ешқандай күмән тудырмайды.КСРО Германия мен соғысты біраз уақытқа жылжыытса,Батыс еуропа елдері агрессормен бетпе-бет қалды.

2.Польшаға қарсы соғысты бастттауға тікелей сылтау болған Гливиц қаласы маңындағыы шекараадағы Германияның ашық провокаацияссыы, осыдан кейін 1қыркүйек 1939ж 57 немііс дивизиясы (1,5 млн. ад.),2500 танкілер, 2000 самолеттер Польша жеріне басып кірдіі.Екіншіі дүниеежүзілік соғыыс басталдыы.

Англия және Франция 3 қыркүйек күні Германияға соғыс жариялайды, бірақ Польшаға іс жүзінде ешқандай көмек көрсете алмады.3-10қыркүйек аралығыындаа Германияға қарсы соғысқа австралия,Жаңа Зеландия,Үндістан, Канада кірістті, ал АҚШ бейтараптыық жарияладыы,Жапонияя Еуропалық соғысқа араласпайтындығы туралы мәлімдеді.

Соғыстың бірінші кезеңі.Сонымен екінші дүниежүзілік соғыс буржуазиялық-демократиялық және фашистік-милитаристік одақтар арасындағы соғыс ретінде басталды.

Бірііншііі кезеңі 1қыркүйек 1939ж- 21 маусым 1941ж , бастталған күннен 17 қыркүйекке дейін неміс әскері польшаның жартысын оккупациялады да, Риббентроп-Молотов пакті құпия хаттамасында белгіленген Львов, Владимир-Волынский,Брест-Литовск қалаларына жетті.

10 мамыр 1940 ж дейін Англия және Франция ешқандайй әскери қимылдар жүргізген жоқ, сол себептен бұл кезеңді «оғаш ссоғыс» деп атайды.Германия осындай жағдайды пайдаланып , агрессияссын кеңейтеді.1940ж сәуірдее Дания мен Норвегияныоккупациялап ,Солтүстік теңіз жағалауыннан «Мажино линиясына» дейін шабуылға шықтыы.Мамыр айында Люксембург,Бельгия,Голландия өкіметтері тізе бүкті.22 маусым 1940ж Франция Германия мен Комьендее бітімге қол қоюға мәжбүр болды.Францияның капитуляциясы нәтижесінде оңтүстігііндеее маршал А.Петен (1856-1951жж)басқаруымен және Виши қаласындаа әкімшіліік орталығы орналасқан коллаборационисстік мемлекет құрылды (Вишистік режим). Фашизмге қарсыластық көрсеткен Франнцияяны генеерал Шарль дее Голль (1890-1970жж) басқарды.

10 мамыр күні Ұлыбритания басшылығында өзгерістер болды., әскери кабинеет басшысы болып Уинстон Черчилль (1874-1965жж) ттағайындалды. «Оғаш соғыс» кезеңі аяяқталдыы.

1940ж тамызыынан 1941ж мамырына дейін неміс басшылығы Англияяның қалаларыына жүйеліі авиациялық шабуылдар ұйымдастырып, оның басшылығын соғыстан шығаруға мәжбүр етті.Нәтижесінде осы кезеңде Англияға 190 мың фугас және жарылатын бомбалар ,1941ж маусымға дейін Англияның сауда флотының 1/3 бөлігіі суға батырыды.Германия оңтүстік-Шығыс Еуропаға да қысымын күшейтті.Берлин пактіне (Германия,Италияяжәне Жапонияның 27 қыркүйек 1940ж) болгариялық профашистік өкіметтің қосыуы Греция мен Югославияға қарсы 1941 ж сәуірде табысты агрессияға алып келді.

1940ж Италия Африкада әскери қимылдар жүргіздіі, бұл жерде Англия мен Францияның отарларына шабуыл жасады(Шығыс Африка,Судаан,Сомали,Египет,Ливия,Алжир,Тунис)))Бірақ 1941ж желтоқсанда ағылшындар итальян әскерін капитуляция жасауға мәжбүр етті.Германия өз одақтасына көмектесуге асықты.

Соғыстың алғашқы кезеңіндегі КСРО саясатына берілген бірыңғай баға жоқ.Ресей және шетел зерттеушілерінің біраз бөлігі, КСРО саясатыына Германияға көмек көрсету деп бағалайды.Олай деуге негііз болатын Молотов-Риббентроппп пакті шеңберіндегі КСРО мен Германияның келісіімдері, Германияның КСРО-ға қарсы агрессиясына дейін жалғасқан екі ел арасындағы әскери-саяси, сауда қатынастары.Мұндай баға беруде жалпыеуропалық, ғаламдық көқарас басым.



Соғыстың екіншіі кезеңі (22 маусым1941ж- қараша 1942ж) КСРО-ның соғысқа кірісуімен ,Қызыыл әскердің артқа шегінуі және оның алғашқы жеңісімен (Мәскееу үшін шайқас) , гитлерлік одаққа қарсы коалицияның белсенді түрде қалыптасуымен сипатталады.22 маусым 1941ж Англия КСРО-ны толық қолдайтындығы туралы, ал АҚШ (23 маусым күні) оған экономикалық көмек көрсетуге дайын екендігін мәлімдейді.Нәтижесінде 12 шіілде күні Мәскеуде Германияға қарсы КСРО мен Англияяның бірііккен қимылдары туралы, ал 16 тамызда – екі ел арасында сауда айналымы туралы келісімдер жасалады.Осы айдда Ф.Рузвельт және У.Черчилль кеңесуі нәтижесінде Атлантикалық хартияяға қол қойылды, қыркүййекте КСРО қосылдыыы.Бірақ соғысқа АҚШ 7 желтоқсан 1941 жылыы Тынықмұхиттік Перл-Харбор әскери-теңіз базасындағы апаттан ке»ін.1941жылдың желтоқсанынан шабуылға шығып Жапония Таиланд,Сингаппур,Бирма, Индонезия, Жаңаа Гвинея,, Филлипины территорияларын басып алды.1 қаңтар 1942жылы Вашингтондаа фашисстік елдермен соғыс жағдайындағы 27 мемлеекет Бірііккен ұлттттттттар декларациясынна қол қойды, бұл Гитлерге қарсы коалицияның құрылу процессінің аяқталуы болып табылады.

Соғыстың үшіншііі кезеңі (қараша айыныың ортасы 1942ж- 1943 жылдың соңы) барлық майдандарда фашистік коалицияя елдері стратегиялық басымдылығынан аайрылды.

Шығыыс майданындаа КСРО әскері Стталинград және Курск шайқасттарррыындааа іріі жжеңііске жееті.Ағыылшыыын-америкаан әскеріі Африкадааа таабыстыы әскккери қимылддар жүргіздіі, Египет, Киренаика, Тунис жеерлеерін герман-итаальян әскерінен азаат етті.Еуропада Сицилиядағы табысты әскери қимылдар нәтижесінде Италия тізе бүгуге мәжбүр болды.1943ж антифашистік одақ елдері арасындағы қатынастар нығайды:Мәскеу конференциясында (1943ж,қазан) Анннглияя,КСРО, АҚШ – Итаалияя, Австрия туралы, жалпыы қауіпсііздііік туураалы(оған Қытайда қол қойды), жасаған қылмыстары үшін гитлерліктердің жауапкершілігі туралы декларациялар қабылданды.

Тегеран конференциясында (28 қараша- 1 желтоқсан 1943ж) Ф.Рузвельт,И.Сталин және У.Черчилль бас қосып 1944жылы мамыр аййында Еуропадаа Екіншііі майдан ашу туралы шешім қабылданды, сонымен қатар Германияға қарсы соғыста және соғыстан кейінгі қайтақұруда бірігіп іс-әрекет жүргізу туралы Декларация қабылданды.1943ж соңында Англия,Қытайй, және АҚШ жетекшілерінің конференцияссында жапон мәселесі де шешімін тапты.

Соғыстың төртінші кезеңінде (1943ж соңынан – 9 мамыр 1945ж) Кызыл әскер КСРО-ның батыс облыстарын,Польша,Румыния,Болгария,Чехословакия т.б.жерлерді азат етті.Батыс еуропада (6 маусым 1944ж) екіншіі майдан ашылды, Батыс Еуропа елдерін азат ету жалғасты.1945ж еуропаның соғыс алаңдарындағы әскери қимылдарға 18 млн.адам қатысты,260 мың қару мен минометтар,40 мыңға жаақын танкілер мен артиллериялық қару,38 мыыңнан астаам самолеттер.

Ялта конференциясында (ақпан 1945ж) Англия,КСРО және АҚШ басшылары Германия, Польша,Югославияя тағдары ,және БҰҰ құру, КСРО-ның Жапонияяға қарсы соғысқа кірісу мәселелерін қарастырды.

Осы біріккен әрекеттің нәтижесі- 8 мамыр 1945ж Берлин маңындағы Карл-Хорст жерінде Гермманияның капитуляция туралы актке қол қоюі.

Соғыстың бесінші кезеңі .Соғыстың шешуші бесінші кезеңі Қиыр Шығыста және Оңтүстік-Шығыс Азия аймағында өтті (9 мамырдан 2 қыркүйекке дейін).1945ж жазына дейін одақтас әскерлер Жапонияның жаулап алған жерлерін азат етті,ал американ әскері стратегиялық маңызды Иродзима және Окинаваға орналасты.Алғаш рет әлемдік тәжирибеде Хиросима (6 тамыз 1945ж) және Нагасаки (9 тамыз 1945ж) қалаларына атом бомбаларын тастады.

КСРО-ның Квантун әскерін талқандауы нәтижесінде (тамыз,1945ж) Жапония капитуляция туралы актке қол қойды (2 қыркүйек 1945ж) .

3.Агрессорлар екінші дүниежүзілік соғысты бірнеше жергілікті сипаттағы соғысттар ретінде жоспарлаған болатын, бұл ғаламдық әскери жанжалға ұласты.Оның әртүрлі кезеңдерінде бірденнен 8млннан 12,8млн адам,84мыңнан 163мың қару,6,5 мыңнан 18,8 мың самолетқа дейін қатысты.Соғыс қимылдары алаңының жалпы көлемі Бірінші дүниежүзілік соғыстыкінен 5,5 есе асып түсті.1939-1945ж соғысқа 1,7 млрд. адам тартылды.Шығындары да өте көп болды: 50 млн. адам қаза болды ( КСРО-ның адам шығыны 21,78млннан 30 млн-ға дейін) Лагерьлерде 11 млн адам қаза тапты. Көптеген елдердің экономикасы құлдырады.

Екінші дүниежүзілік соғыстың осы қорытындылары өркениетке қауіп төндіп, өмірге құштар күштеріне белсенділігін арттыруға мәжбүр етті.Оған дәлел болатын әлемдік қауымдастықтыың жаңа құрылымының қалыптасуы – Бірііккен Ұлттар Ұйымының құрылуы,Нюрнберг және Токио процестерінің акттері, кең көлемдегісоғысқа қарсы қозғалыс.

Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында тек ғана Англия,Канада,АҚШ Батыс өркениетініің резервация орталықтары болып табылды.Әлемнің басқа бөлігі тоталитаризмге қарай бет алды, ал ол біз екінші дүниежүзілік соғыстың шығу себептері мен қорытындыларын талдай келе көргендей адамзатты жоюға бағытталды.Фашизмді жеңу демократия позицияларын нығайтты,баяу болса да өркениетті сауықтырды.Бұл өте күрделі әрі ұзаққа созылған процесс болды.Оны дәлелдеу үшін мынадай санды келтіру жеткілікті: екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы мен 1982 ж аралығында 253 соғыс пен әскери жанжалдар болыпты, кешегі күнге дейін саяси лагерьлер қарсыластығы, яғни «қырғи-қабақ» соғысы, адамзатқа бірнеше рет соғыс қаупі төнді.Қазіргі күні де әскери жанжалдар жалғасуда, бірақ олар қазіргі өркениеттің бет-бейнесін айқындайтын фактор емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет