Елбасының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауына сәйкес Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде 2015 жылы наурыз айында 86 пәтер бөлісітірілетін болады
Ағымдағы жылдың наурыз айында «Қазақстандық ипотекалық компания» Ипотекалық ұйымы» АҚ Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан (Бейсеков көшесі) тұрғын үйде кейіннен сатып алумен жалға берілетін 86 пәтерді іске асыруды жоспарлауда, оның ішінде:
-
ауданы 53,6-дан 57,9 ш.м.-ге дейін екі бөлмелі 13 пәтер;
-
ауданы 76,9-дан 80,2 ш.м.-ге дейін 8 үш бөлмелі пәтер;
-
ауданы 94,3-тен 96,7 ш.м.-ге дейін 65 пәтер.
Бағдарлама талаптары бойынша бұл бағытта Астана қаласында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждылар кезегінде тұрған (кезектегілер) азаматтар ғана келесі санаттар бойынша қатыса алады:
-
көп балалы отбасылар;
-
толық емес отбасылар;
-
мүгедек баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған отбасылар;
-
жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
-
оралмандар;
-
мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкрелер, бюджеттік ұйым қызметкерлері.
Бұл бағыттағы қатысушыларды қалыптастыру екі шағын топтар бойынша жүргізілетін болады:
1 шағын топ – жоғарыда көрсетілген санаттағы Астана қаласы әкімдігінің кезекте тұрушылары, кемінде үш жыл некеде тұрған, балалары бар және ерлі-зайыптылардың екеуі де 35 жасқа толмаған (Бағдарламаға қатысуға өтініш берген сәтке), балаларын (баласын) 35 жасқа толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір ата-ананың біреуі тәрбиелейтін толық емес отбасы;
2 шағын топ – жоғарыда көрсетілген санаттағы Астана қаласы әкімдігінің кезекте тұрушылары, 1 шағын топқа кірмейтіндер.
Пәтерлер 1 және 2 шағын топтар арасында тең мөлшерде бөлістірілетін болады.
Құжаттарды қабылдау e.astana.kz веб-портал арқылы (өтініш берушінің электрондық сандық қолтаңбасын пайдаланумен) ағымдағы жылдың 23 ақпанынан бастап қоса алынатын 1 наурыз аралығында іске асырылатын болады.
«Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына қатысу үшін өтініш беру бойынша нұсқаулық
«Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі Бағдарламасына e.astana.kz веб-порталы арқылы қатысуға өтініш беру үшін төмендегі іс-әрекетті орындау қажет:
-
Халыққа қызмет көрсету орталығына электрондық сандық қолтаңбасын алу үшін бару.
-
e.astana.kz сайтына кіру және электрондық сандық қолтаңбасын қолдану арқылы пайдаланушы ретінде тіркелу.
-
Тұрғын үй басқармасының электрондық қызметтері арасынан «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі Бағдарламасында қатысу үшін құжаттарды қабылдау» қызметін таңдау.
-
Бағдарламаға қатысу үшін өтініш нысанын толтыру бойынша 1 қадамды орындау.
-
Қажет құжаттарды бекіту үшін 2 қадамды орындау (құжаттардың электрондық және сканерленген көшірмелері).
-
Өзінің электрондық сандық қолтаңбасы көмегімен өтінішке қол қою бойынша 3 қадамды орындау.
Барлық қажетті жолдар дұрыс толтырылып, қажетті құжаттар бекітіліп және өтінішке қол қойылған жағдайда, Сіз өтініштің қарастырылуға қабылданғандығы туралы хабарландыру аласыз.
*Электрондық сандық қолтаңбасы бар азаматтар e.astana.kz сайтында тіркелу бойынша іс-әрекетті орындай отырып және Бағдарламаға қатысу үшін өтініш бере алады.
Өтініш берушілерге (үміткерлерге) қойылатын негізгі талаптар
1. Тұрғын үйге мұқтаждылар кезегінде тұрғандығын және Заңға сәйкес тұрғын үйге мұқтаждығы мәртебесін дәлелдеу;
- Қазақстан Республикасы азаматтығы немесе оралман мәртебесінің бар болуы;
- өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің Астана қаласында мекенжай бойынша тұрақты тіркеуде бар болуы;
- Бағдарламаға қатысушыда және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінде (ерлі-зайыпты, кәмелетке толмаған балалары), сондай-ақ өтінішті көрсетілген және отбасы құрамына енгізілген басқа отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасы аумағында кейіннен сатып алумен жалдамалы тұрғын үйі немесе меншік құқығында (өтініште көрсетілген басқа да отбасы мүшелерінде бір тұрғын үй ретінле жалпы бірлескен меншігінде, жалпы бірлескен меншікті құрайтын үлестік меншікте үлесі) тұрғын үйі жоқ болуы;
- Бағдарламаға қатысушыда және онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде (ерлі-зайыпты, кәмелетке толмаған балалары), сондай-ақ отбасы құрамына енгізілген және өтініште көрсетілген басқа да отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасының аумағында өзiне меншiк құқығымен тиесiлi тұрғын үй-жайын ауыстырғаны немесе иеліктен шығаруы нәтижесінде соңғы бес жылдың iшiнде қасақана нашарлатуы салдарынан мұқтажға айналу фактісінің жоқ болуы.
2. Тұрғын үйді сатып алудың шарттары бойынша, кейіннен сатып алумен және сатып алусыз жалға алуға тиісті кірістерімен міндеттемелерді орындау мүмкіндігін дәлелдеу (төлем қабілеттілігін бағалау).
Астана қаласы әкімдігінің «Электрондық қызмет» (e.astana.kz) порталы арқылы қатысушылармен өтініш және құжаттар тапсыруы
Өтініш тапсыру үшін төмендегі қажет:
- өтініш берушінің ЭСҚ куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы сұраныс;
- неке қию (некені бұзу туралы) туралы (2008 жылғы 1 маусымға дейінгі), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы туралы (2007 жылғы 13 тамызға дейінгі), баланың тууы туралы (2007 жылғы 13 тамызға дейінгі) куәліктерінің электрондық көшірмесі;
- өтініш берушінің жұмыс орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі;
- өтініш берушінің жұмыс орнынан өтініш берушімен кіріс алынғандығын растайтын анықтаманың электрондық көшірмесі.
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттардың келесі мәліметтерін өтініш беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭСҚ куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады:
-
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын мәліметтер;
-
неке қию (некені бұзу туралы) туралы (2008 жылғы 1 маусымға дейінгі), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы туралы (2007 жылғы 13 тамызға дейінгі), баланың тууы туралы (2007 жылғы 13 тамызға дейінгі) мәліметтер;
-
өтініш берушіде және онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасы аумағында меншік құқығында немесе кейіннен сатып алу құқығымен жалдамалы тұрғын үйі бар болуы немесе жоқ болуы туралы мәлімет;
-
өтініш берушінің және онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің Астана қаласында тұратынын растайтын тіркеу жөніндегі мәлімет;
-
отбасы мүшесінде мүгедектілігі бар болуын растайтын мәлімет;
-
бағдарламаға қатысуға өтініш берген сәттен бастап кезек нөмірін көрсетумен тұрғын үйге мұқтаждылар кезегінде тұруы туралы мәлімет.
Сонымен қатар, қажет болған жағдайда Астана қаласының Тұрғын үй басқармасының қызметкерлерімен азаматтар қосымша құжаттарды ұсыну үшін шақырылуы мүмкін.
Отбасы құрамы (отбасы мүшелері саны) өтініш еткен пәтер ауданына әсер етпейді, үміткерлер өз қалауы бойынша мүмкіндігінше пәтер түрін көрсетеді.
Қатысушылар арасындағы іріктеу тұрғын үй комиссиясымен тұрғын үйге мұқтаждылар есебі тізіміне және сол кезекке тұрған күніне сәйкес жүргізіледі.
Оған қоса, қабылданған құжаттар негізінде коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждылар кезегіндегі азаматтар тізіміне түгендеу бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Егер де кезекте тұрушымен ҚР бойынша тұрғын үй сатып алғаны анықталатын болса немесе тұрғын үйді иеліктен шығару фактісі болса не болмаса өтініш берген кезде санаты болмаған жағдайда, онда азамат коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждылар кезегінен шығарылуға жатады.
Бағдарлама аясында меншікке Бағдарламаның барлық бағытары және Қазақстанның барлық өңірлері бойынша 1 ғана бірлік тұрғын үй немесе кейіннен сатып алу құқығымен жалдамалы тұрғын үй сатып алуға болады.
Жалға беру төлемі және олардың есеп айырысу сомасына қатысты сұрақтар туындаған жағдайда «Қазақстандық ипотекалық компания» Ипотекалық ұйымы» АҚ өкілдігіне келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласу қажет: 79 90 73 (2201 ішкі), 79 90 72 (2204 ішкі).
Достарыңызбен бөлісу: |