Лекция: 30 сағ. СӨЖ: 30 сағ обсөЖ: 30 сағ Барлық сағат саны: 90 сағ



бет1/24
Дата24.04.2016
өлшемі1.25 Mb.
#79160
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

“Сырдария” университеті



“Жаратылыстану” факультеті

“Информатика” кафедрасы
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
“Информатиканыњ теориялыќ негіздері” пәні бойынша

050111 “Информатика”мамандыѓының студенттері үшін




С И Л Л А Б У С


Кредит №1, №2

Оқу түрі: күндізгі


Курс, семестр, кредит: 1-курс, 1- семестр, 2 кредит

Лекция: 30 сағ.

СӨЖ: 30 сағ

ОБСӨЖ: 30 сағ

Барлық сағат саны:90 сағ

Қорытынды бақылау: емтихан 1- семестр


Аралық бақылау саны (кредит бойынша)-2

Кредит тік балл саны.100 (кредитке)


Жетісай – 2006 ж

Құрастырған: аѓа оқытушы Ќантµреева М.А.

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

“Информатиканыњ теориялыќ негіздері” пәні бойынша 050111 “Информатика” мамандыѓының студенттері үшін әзірленген.


Оқу - әдістемелік кешен тип тік бағдарлама негізінде құрасытырылған.

Тип тік бағдарламаның індексі:

Оқу - әдістемелік кешен кафедра мәжілісінде талқыланған

№ Хат тама ______ “_____”2006ж.

Кафедра меңгерушісі________________

Факультет әдістемелік кеңесінде мақұлданған

№ Хат тама______ “_____”2006ж.

Әдістемелік кеңесінің төрағасы:____________

Факультет Кеңесінде мақұлданған


№ Хат тама______ “_____”2006ж.

Факультет кеңесінің төрағасы_____________

050111, 050602 - мамандарын дайындайтын кафедра меңгерушісімен келісілген___________________

Мазмұны



  1. Абстракт ................................................................

  2. Курстың мақсаты ..................................................

  3. Курстың міндеті ....................................................

  4. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме ........................

  5. Оқу сабақтарының құрылымы туралы мәлімет.....

  6. Студентке арналған ережелер .................................

  7. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып бойынша бөліну кестесі .....................................................................

  8. Лекция сабақтарының мазмұны ........................................

  9. Семинар сабақтарының мазмұны ....................................

  10. СӨЖ – жоспары, мазмұны ...............................................

  11. ОБСӨЖ – сабақтарының жоспары, мазмұны ................

  12. Кредиттің мазмұнына сәйкес бақылау түрлері:

а) тестілік сауалнамалар

б) жазбаша бақылау жұмысы

в) коллоквиум

г) сөзжұмбақтар

д) т.б


  1. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылаужүйесі.....................................................................

  2. Пән бойынша оқу процесінің картасы ............................

  1. АБСТРАКТ

Оқу - әдістемелік кешені “Информатиканыњ теориялыќ негіздері” пәні бойынша 050111 “Информатика” мамандыѓының студенттеріне осы курс бойынша оқытушының жұмыстан неғұрлым тиімді ұйымдастыруға арналған барлық қажетті оқу - әдістемелік материалдарды құрайды. Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғары деңгейге көтеру мақсаты көзделініп отыр.

Жұмыстық бағдарламада оқу жұмысының түрлері бойынша сағаттар көрсетілген; ПС – практикалық сабақтар.

ОБСӨЖ оқытушының басшылығымен студенттің өзіндік жұмысы, СӨЖ – студенттердің өзіндік жұмысы.

Оқыту бағдарламасы (Syllabus), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына шығармашылық және зерттеушілік қабылеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде.

Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет. Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге аудиториялардан тыс өзіндік жұмысты, үй тапсырмасын орындауға арналған.

Тестік тапсырмалар студентке кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ/емтиханды алуға арналған.

1.1Жалпы мәліметтер


  1. Лектор: Ќантµреева М.А.

“Информатика” кафедрасы, № корпус, 27 кабинет

Телефон: 220

Кафедрада болу уақыты: 830-1800 дейін
1.2Курсты өткізу уақыты және орны




Аты-жөні

Курсты өткізу уақыты, орны

Байланыстырушы мәлімет

Аудиториялық сабақтар

ОБСӨЖ

Телефон

1

Ќантµреева М.А.

Лекция

Уақыты_______

Ауд. №201

Уақыты_______

Ауд. №201


Тел:__________

Каб:__________

Корпус:_______


2

Ќантµреева М.А.

Практика

Уақыты_______

Ауд. №24,25

Уақыты_______

Ауд. №24,251


Тел:__________

Каб:__________

Корпус:_______



1.3 Курстың пререквизиттер:


  1. Информатика теориясы

    1. Постреквизиттер:

  1. Информатика



2.Пәннің міндеті:

    • Білім беруді информатизациялау жайлы, оќытудыњ информациялыќ жєне телекоммуникациялыќ технологиялары жайлы т‰сінігі болуы тиіс.

Информатика теориясымен оќу – тєрбие процессін информатизацияландырудыњ технологиясын білуі тиіс.

Білім беру саласында информациялыќ технологияларды ќолдана білуі тиіс.


3.Пәннің мақсаты:

Пайдаланушыларға жаңа ақпараттық технологияларды игеруді және нақтылы пайдалана білуді үйрену. Сонымен қатар:



  1. ДК құрылымымен жоғары деңгейде үйрену;

  2. Компьютермен танысу, информация және информациялық технологиялар ұғымдары, MS DOS операциялық жүйелерін, Windows қамтамассыздандыру программаларын игеру.



4. ЖҰМЫС ОҚУ ЖОСПАРЫНАН КӨШІРМЕ


Кредит саны

Жалпы сағат саны

Оның ішінде

семестр

қорытынды

Лекция

СӨЖ

ОБСӨЖ







2

90

30

30

30

1-сем


Емтихан





  1. ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:

Лекция студентке тақырапты игеруде неге назар

аударуына бағыт береді

Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет.

Семинар сабақтарындастудент талдау, салыстыру, тұжырымдау,

проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет

талап әдіс – тәсілдерді меңгеруі керек

СӨЖ студенттің өзіндік жұмысы. Студент үйге берілген тапсырмаларды

орындайды, өз бетімен меңгереді


ОБСӨЖ оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы. Материалды

сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру. Оқытушы

тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.


  1. СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР (Rules);




  1. Сабаққа кешікпеу керек.

  2. Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

  3. Сабаққа іскер киіммен келу керек.

  4. Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

  5. Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.

  6. Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.

7.Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып бойынша

бөліну кестесі.




Лекцияның тақырыбы

СӨЖ

ОБСӨЖ

Кредит №1







1

Информация. Информатика. Аќпарат ±ѓымы. Мєліметтердіњ негізгі ќ±рылымы. Информатика жєне оныњ мєселелері.

1

1

2

Есептеу техникасы жєне дербес компьютерлер.

Есептеу техникасыныњ тарихи деректері.

Компьютерлерді ж‰йелеу.


2

2

3

Дербес компьютерлердіњ негізгі ќ±рылѓылары.

3

3

4

1.Аќпараттыњ компьютерде µрнектелуі Символдарды кодтау. Ақпараттыңөлшем бірлігі.

4

4

5

Санау жүйелері туралы түсінік.

Кодты және бүтін санды түрлі санау жүйелерінде өрнектеу.



5

5

6

Алгоритмдер және алгоритмдік тілдер

6

6

7

Алгоритмдік жүйелер

7

7

8

Үздіксіз және дискретті информация. Абстрактты алфавиттер


8

8

9

Сөздер және абстракт тілдер.


9

9

10

Орындау абстракциясы.

10

10

11

Программалау тілдерінің ролі

11

11


12

Жағдайлар және олардың сипаттамалары.

12

12

13

Семантика мінездемелері.

13

13

14

Предикат түрлендірушісінің қасиеттері

14

14

15

Программалау тілдерінің семантикалық мінездемелері

15

15




Кредит №2







16

Программаның дұрыстығы туралы ұғым

16

16

17

Программаның спецификациясын құру

17

17

18

Программаның дұрыстығын дәлелдеу әдістері

18

18

19

Программалау тілдерініњ сипаттары мен жіктелуі

19

19

20

Программалау тілдерініњ сипаттары мен жіктелуі

20

20

21

Транслятор және программалау тілдерінің жалпы ерекшеліктері

21

21

22

Транслятор және программалау тілдері теориясының негізгі

түсініктері мен анықтамалары



22

22

23

Транслятордың жалпылама құрылымы

23

23

24

Транслятор фазаларының функциялары

24

24

25

Транслятор блоктарыныњ µзараєрекеттесу т‰рлері

25

25

26

Транслятор блоктарының өзараәрекетінің бірөтпелі ұйымдастырылуы

26

26

27

Транслятор блоктарының өзараәрекетінің аралас ұйымдастырылуы

27

27

28

Компиляция этаптары

28

28

29

Лексикалық анализ (сканер)

29

29

30

Синтаксистік және семантикалық анализ.

30

30

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

“Сырдария” университеті
“Физика - математика” факультеті
“Информатика” кафедрасы

“Информатиканыњ теориялыќ негіздері” пәні бойынша

050111- “Информатика”мамандыѓының студенттері үшін


ЛЕКЦИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ

Жетісай-2006




КРЕДИТ №1

Лекция №1

Ақпарат және информатика.
Жоспар:

1. Ақпарат ұғымы.

2. Мәліметтердің негізгі құрылымы.

3. Информатика пәні мен оның мәселелері.



Әдебиеттер:

  1. Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова Р. Дузбаева. Алматы 2001 ж “ Ғылым” ғылыми баспа орталығы.

  2. Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж.

  3. “Есептеуіш техника және программалау”, О. Камардинов, Алматы - 1997

1. Ақпарат ұғымы.

Ақпарат – белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар, ақпараттық процесс барысында түзілетін қозғалыстағы объект. Ақпараттың қасиеттері мәліметтердің қасиеттеріне де, әдістердің қасиеттеріне де тікелей тәуелді.

Мысалы, біз бәріміз бала кезімізден ақпарат алмасу процесіне қатысамыз. Кітап, газет және журнал оқығанда, радио тыңдап, теледидар көргенде, мұғаліммен, ата-аналармен, достарымызбен әңгімелескенде әртүрлі ақпарат аламыз. Адамдардың үйде, мектепте, жұмыста және көшеде бір – бірімен сөйлесуі де ақпарат түрлерінің: сөздердің, ойлардың, хабарлардың, мәліметтердің алмасуына мысал бола алады. Адамдардың – араласуы мен бірге жүруі – жұмыс істеу, оқу және ойнау – ақпарат алмасуынсыз жүзеге аса алмайды. Берілген ақпараттар өзімізге, заттарымызға қатысты айтылып, айнала ортамызда болып жатқан оқиғалармен тығыз байланыста болады.

Ақпаратты жазу мүмкіндігі пайда болғаннан бастап, ақпарат алмасу тек ауызба – ауыз айтумен немесе әртүрлі қимылдармен ғана емес, оқу – жазу арқылы да беріле бастады. Оқи білу және ойын жазып жеткізе білу – адамзаттың сауаттылығының белгісі бола бастады. Ойда жазып қалдыру тек мағлұмат пен хабар алмасу ғана емес, адамзаттың негізгі қазыналарын ұрпақтан ұрпаққа жеткізу мүмкіндігін берді.



Ақпаратты шындығында да ғылыми ұғым ретінде қарастыруға болады. Өйткені бұған дейін ақпараттың құрылымы мен қасиеттері барлық ғылым салаларында зерттелінді. Мысалы, физика – ақпарат таситын сигналдардың қасиеттерін зерттейді. Табиғаттағы көптеген құбылыстардың сигнал шығаратыны белгілі. Ал тіркелінген сигналдар белгілі бір мәліметтерді құрайды. Мәліметтер түрленіп, тасымалданып, әдістердің көмегімен қолданыс табады. Мәліметтер мен әдістердің өзара әсерлесуінен ақпарат түзіледі. Өлі табиғаттағы процестер үздіксіз энергия алмасу түрінде өтеді. Энергия алмасумен қатар тірі табиғатта бағытталған зат алмасу процесі жүреді. Зат алмасу мен энергия алмасу процестерінің арасындағы өзара байланыс ақпарат алмасу түрінде өтеді немесе оны ақпараттық процесс деп атайды.
Адам ақпараттармен не атқарады

Біріншіден, адам ақпараттарды сақтай алады. Біз кітап, газет, журналдар оқығанда, өзіміздің мимызға ақпарат жинаймыз. Сіз радиодан бұрын естіген деректерді, бірнеше күн өткеннен кейін біреуге айтуыңыз мүмкін. Демек, адам миы ақпараттарды тек қабылдап қана қоймай, оны сақтай да алады.

Екіншіден, адам ақпараттарды шығарып бере алады. Адам өз миында сақталған ақпараттарды біреуге айтып бере алады. Әңгіме кезінде бір адам айтушы (ақпарат жолдаушы), ал екінші адам тыңдаушы (ақпарат қабылдаушы) болады.

Ақпарат алмасу үшін жолдаушы және қабылдаушы болуы керек. Хабар беруге пайданылатын құралды ақпарат беру арнасы деп атайды. Оған теледидар, радио, компьютерлік желі, басылған құжаттар және т.б. жатады.

Үшіншіден адам ақпараттарды өңдей алады.

Ақпараттарды өңдеуден бір ақпарат негізінде жаңа ақпарат алуды айтады.

Ақпараттар өңделген, оның берілу түрі, алу жолдары өзгереді, бірақ оның мағынасы өзгермейді.

Мысалы: Есепті шешу үшін сіз мыналарды орындайсыз.



  1. Есептің берілуін оқулықтан оқисыз ақпарат аласыз.

  2. Есепті шешесіз яғни ақпараттарды өңдейсіз.

  3. Нәтижені оқытушыға көрсетіп, оған ақпарат бересіз.

Апараттды өңдеу үздіксіз процесс тіпті сіз ұиықтап жатқанда да ақпараттарды өңдеу процессі жалғаса береді.

Сонымен, адам ақпараттарды сақтай алады, өңдейді және шығарып бере алады. Бұл жағдайда адам қалайда бір амалдар орындайды, оны ақпараттық процесс дейді.

Ақпараттық процессті, әр түрлі құрылғыларды пайдалана отырып, өзі ұйымдастыра алады. Ол құрылғылар қатарына: қағаз , магниттік таспа, дискі, калькулятор, компьютер және тағы басқалар жатады.

Ақпараттар жинақталады, беріледі, сақталады және өңдейді.

Ақпараттар арқылы орындалатын әрекеттер ақпараттық процесстер деп аталады.
2. Мәліметтердің негізгі құрылымы.

Мәліметтер – ақпараттың құрамдас бөлігі. Тіркелу әдісіне сәйкес мәліметтер әртүрлі тасуыштарда сақталады. Және тасымалданады. Ең кең тараған мәліметтерді тасуыш қағаз болып табылады. Заттың оптикалық қасиеттерінің өзгерісі лазерлік сәулелердің көмегімен жазылатын тасуыштар ретінде магниттік таспалар мен дискілерді алуға болады.
Мәліметтерге қолданылатын амалдар.

Ақпараттық процесс барысында мәліметтер әдістердің көмегімен бір түрден екінші түрге өзгереді. Мәліметтерді өңдеу көптеген амалдардың жиынтығынан тұрады:


  • Мәліметтерді жинау;

  • Мәліметтерді қалыптастыру;

  • Мәліметтерді сүзгілеу;

  • Мәліметтерді сұрыптау;

  • Мәліметтерді топтастыру;

  • Мәліметтерді архивтеу;

  • Мәліметтерді қорғау;

  • Мәліметтерді тасымалдау;

  • Мәліметтерді түрлендіру;

Жоғарыдағы мәліметтерге қолданылатын амалдар тізімі толық емес. Бүкіл әлемде миллиондаған адамдар мәліметтерді құру, өңдеу, түрлендіру және тасымалдаумен айналысады, әрбір жұмыс үстелінде әлеуметтік, экономикалық, ғылыми және мәдени процестерді басқару үшін қажет арнайы адамдар орындалып отырады. Барлық мүмкін болатын адамдардың толық тізімін құрастыру мүмкін емес және оның қажеті де жоқ. Бұдан ақпаратпен жұмыс істеуге көп уақыт кетеді, сондықтан оны автоматтандыру қажет деген қорытындыға келеміз.


Мәліметтердің негізгі құрылымы.

Егер мәліметтер реттелген, яғни қандай да бір берілген құрылымға сәйкестендірілген болса, онда олармен жұмыс істеуді автоматтандыру оңайға түседі. Мәліметтер құрылымының негізгі үш түрі бар: сызықтық, кестелік және иерархиялық.

Мәліметтердің сызықтық құрылымы дегеніміз әрбір элементтің адресі мен номері бірмәнді анықталған реттелген құрылым. Сызықтық құрылымға мысал ретінде тізімдерді алуға болады.

Кестелік құрылымды мәліметтермен танысу үшін біз көбейту кестесін еске түсірсек жеткілікті. Кестелік құрылымдардағы элементтер ұяшық адрестерімен анықталады. Ұяшық адресі кестенің қиылысқан жолдар мен бағандарының нөмерімен анықталады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет