Ұлттық экономика қҰрылымы



бет1/3
Дата20.05.2022
өлшемі18.75 Kb.
#458413
  1   2   3
ЭКОНОМИКА АЙТУ


ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ҚҰРЫЛЫМЫ
Ұлттық экономика жұмысы БҰҰ-ның ұсынған агрегаттары арқылы жинақталған жұмыстарының нәтижесінде іске асып отыр. 1988 жылы Ресейде халықаралық есептеу жүйесіне көшті. Негізгі және жалпылама ұлт байлық болады. Жалпы ұлттық байлық дегеніміз – қоғамның барлық тарихында жинақталған барлық тұтыну құнының жиынтығы. Бірінші рет ұлттық байлықты 1664 жылы Англияда У.Петти есептеді. 100 жылдан кейін бұны А.Смит қайталады. Ұлттық байлық мынаны қамтиды:

  1. Мүлікті – негізгі және айналымды қорларды, үй мүліктерді.

  2. Табиғат байлықтарды – жер, минералды және орман қорлары.

  3. Заттай емес байлықты – ұлт, денсаулықтың потенциалдық, рухани байланысын, білім беру және ғылыми потенциалдар.

Бұны бірнеше анықтамалармен көрсетеді: жалпыұлттық өнім, ұлттық табыс, таза ұлттық өнім, ішкі өнім.
Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) – бір жыл елімізде шығарылған барлық дайын тауарлардың және көрсетілетін қзметтердің нарықтық құнының қосындысымен анықталады.
Ұлттық табыс – бір жыл ішінде жаңа құралған құнының өндірістік қорытындысы.
Ұлттық пайда – ЖҰҰ-нан және бір жыл ішінде оларды шығаруға кеткен материалдар шығынды алып тастаған ( амортизациялау, шикізат, метериалдар және т.б.) айырмашылықтан тұрады. Шет мемлекеттердің есептеулерде оны барлық пайданың қосындысы деп анықтайды:
1) Жұмысшы қызметкерлердің еңбекақысы;
2) Жеке шаруашылықтың, серіктестіктің, корпорацияның
Инвестиция деңгейі қоғамның ұлттық табысының көлеміне ықпал етеді, ұлттық экономиканың көптеген макро-пропорциялары инвестиция қозғалысына тәуелді. Кейнсиандық теория бойынша инвестиция мен жинақ ахуалы әр түрлі процестер мен жағдайлар арқылы анықталады.
Ел аумағындағы инвестициялар ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін анықтайды. Жаңа кәсіпорындар құрылысы, үй тұрғызу, жол салу соларға байланысты жаңа жұмыс орнын жасау инвестициялық процестерге немесе капиталдың құрылуына тәуелді.
Инвестиция қандай факторларға тәуелді? Олардың ең маңыздыларын атап өтейік. Біріншіден, инвестиция процесі күтіліп отырған пайда нормасына немесе күрделі қаржылық рентабелділігіне тәуелді. Егер инвестордың пікірінше рентабелділік төмен болса, онда қаржыландыру жүзеге аспайды. Екіншіден (мұның өзі бірінші жағдаймен байланысты) инвестор шешім қабылдау кезінде күрделі қаржының альтернативті мүмкіндіктерін есепке алады және мұндағы шешуші фактор процент ставкасының деңгейі болады. Сонымен инвестиция процент ставкасының қызметі де, ал жинақ – табыстың қызметі. Үшіншіден, инвестиция сол елдегі немесе аймақтағы салық салудың деңгейі мен ахуалына тәуелді. Салық деңгейінің жоғары болуы инвестицияны ынталандырмайды, сонымен қатар салықтың қандай ставкасы жоғары немесе төмен деп үзілді-кесілді айтуға да болмайды.
Инвестициялардың, жинақ пен табыстың өзара әрекетін анықтаушы маңызды макроэкономикалық пропорцияларды былайша сипаттауға болады:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет