Лекция: 30 сағ. Зертханалық сабақтар: 15 сағ. СӨЖ: 45 сағ обсөЖ: 45 сағ Барлық сағат саны: 135 сағ



бет5/20
Дата09.03.2016
өлшемі12.01 Mb.
#47385
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Иерархиялық құрылымды мәліметтер


Тізім немесе кесте түрінде бейнелеуге келмейтін, реттелмеген мәліметтерді иерархиялық түрде бейнелейді. Бұл тәріздес құрылымдар бізге күнделікті өмірден таныс. Негізінен түрлі ғылыми жүйелеуде кеңінен қолданылады.

Иерархиялық құрылымдардағы әрбір элементтің адресі құрылымның төбесінен берілген элементке дейіәнгі жолмен анықталады. Мысалы, Paint программасын іске қосатын командағаәкелетін жол былай көрсетіледі:

Іске қосу Программалар Стандартты Paint

(Пуск Программы Стандартные Paint )


1.3. Файлдық құрылым

Мәліметтерді сақтаудың бірлігі ретінде файл деп аталатын объект қабылданған

Файл дегеніміз өзіне ғана аты бар, еркінше алынған байттар жиынынан тұратын тізбек. Файлдар байтпен өлшенеді. Бір байт сегіз биттен тұрады. Бит деп 0 мен 1 мәндерінің біреуін ғана қабылдай алатын ақпарат өлшемінің ең кіші бірлігін айтады. әрбір файл қандай да бір типке жататын мәліметтерді сақтауға арналған. Бұл жағдайда мәліметтер типі файлдың типін анықтайды. Файлдың аты қайталанбайтын, тек осы файлға ғана тән болуы қажет, және арасына нүкте қойылған екі бөліктен тұрады; атауы мен кеңейтуі. Файлдың аты кез келген шектелген ұзындықты әірптердің, символдардың тіркесінен тұрады. Ал екінші бөлігі файл атауын кеңейту деп аталады. Ол үш әріптен аспайтын тіркестен тұрады. Мысалы:

Мәтін.doc – Word редакторында жазылған мәтіндік файл;

Кесте.xls – Excel процессорында дайындалған файл;

Сурет.bmp – Графиктік файл;

Мәліметтер.mdb – Access мәліметтер базасында әзірленген файл.

Файлдарды сақтау иерархиялық құрылым бойынша жүргізіледі. Бұл жағдайда оны файлдық құрылым деп атайды. Құрылымның төбесі ретінде тасуыштың (дискінің) аты алынады. Бұдан әрі файлдар каталогтарға (қаптамаларға) топтастырылады, олардың ішінде бағыныңқы каталогтар орналастыруға болады.
С: \Қаптама\Кітап\ Мәтін.doc – С: дискісінің Қаптама деген каталогының Кітап деген ішкі каталогында орналасқан Word – та дайындалған Мәтін.doc мәтіндік файлы.

Лекция-2

(Дәріс – 2)

2.Тақырып: Ақпараттардың компьютерде өрнектелуі.
Жоспар.


    1. Символдарды кодтау.

    2. Санау жүйелері туралы түсінік.

Компьютер есептеу жұмыстарын есептеу мақсатында құрылғанымен онда ақпараттың түрлерін өңдеуге болатыны анықталды. Кез – келген ақпаратты сандық түрде беруге болады. Әр түрлі ақпаратты компьютерде өңдеу үшін ақпаратты сандық түрге айналдыратын және сандық түрді кері түрге айналдыратын құрылғы керек.

Сонымен компьютер сандық түрде ғана берілген ақпаратты ғана өңдей алады. Кез келген ақпаратты компьютерде өңдеу үшін сандық түрге келтіруі керек. Текстік ақпаратты компьютерде өңдеу үшін әрбір әріп қандай да бір санмен топталады. Экранға немесе принтерге шығарылғанда адамның қабылдауы үшін кодталған сандарға сәйкес әріптер шығарады. Берілген сандар мен әріптер арасындағы сәйкестік символдарды кодтау деп аталады.

Компьютер үшін пайдаланатын код 0 мен 1 цифрларынан тұратын тізбек. 0 мен 1 екілік санау жүйесінің цифрлары. Сандарды компьютерге енгізу және шығару өзімізге үйреншікті ондық санау жүйесінде орындалады. Қажетті басқа өңдеулердің барлығын компьютердегі программа орындайды. Есептеу техникасында ақпараттың өлшем бірлігі ретінде бит және байт алынған. Бір байтта бір символды кодтауға болады. Іс жүзінде байттан үлкен килобайт (Кбайт), мегабайт (Мбайт), гигабайт (Гбайт) өлшемдері де пайдаланылады.



2.2 Санау жүйелері туралы түсінік.

Сан түсінігі - математикадағы сияқты информатикада да басты негіз. Бірақ егер математикада сандарды өңдеу әдістеріне көп көңіл бөлетін болса, онда информатика үшін сандарды ұсыну әдістерін айналып өтуге болмайды, өйткені тек солар ғана жадтың қажетті қорын, жылдамдықты және есептеуде жіберетін қатені анықтайды.

Күнделікті өмірде біз ондық санау жүйесінен пайдаланағанымыз үшін барлық сандарды ондық санау жүйеде түсінеміз. Біз бала күнімізден ондық санау жүйесіне үйренгенбіз және барлық есептеулерде осы санау жүйесін қолданамыз. Ондық санау жүйесінің принциптерін және оларда түрлі амалар орындау заңдылықтарын негіздеуде біріншілерден болып Ал-Хоразмий өзінің “Хисаб ал Хинд” жазбасында қолданған және оны есептеулерде пайдалануды ұсынған. Оған дейін ғалымдар сандарды сөз арқылы жазып келген және сол кездегі заманға сай Рим цифраларын қолданып келген, бырақ бұл цифралар позицион болмағаны үшін есептеулер қиындықтар туғызған. Сонымен, ондық санау жүйесі араб цифралары деп қабылданған 10 цифрадан олар 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 дан тұрады. Бүгінгі күнде барлық сандар осы 10 цифралар жәрдемінде жазылады.

Бұл санау жүйеден басқа, екілік, сегіздік, оналтылық санау жүйелері де бар. Кей деректерге сенсек, ежелгі Вавилондықтарда 60 тық санау жүйесінен де пайдаланған.

Екілік санау жүйесі есептеулерді автоматтандыруда қолдану өте қолайлы. Екілік санау жүйесінің маңызы да электрон есептеу машиналарының дамуымен артты. Екілік санау жүйесі тек 0,1 сандарынан тұрады. Екілік санау жүйесі тек осы екі сан көмегімен сипатталады.

Сегіздік санау жүйесі де ЭЕМ қолданады. Сегіздік санау жүйесі барлық сандар тек сегіз цифралар көмегімен сипатталады олар 0,1,2,3,4,5,6,7.

Оналтылық санау жүйенің де ЭЕМ- да қолдану ерекше. Бұл санау жүйеде ондық санау жүйенің цифраларын және латын әріптерін қолданады. Бұл санау жүйедегі сандарға он алты цифраларда (10 цифра және алты латын әріп) тұрады. Олар 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,А,B,C,D,E,F.


Лекция-3

(Дәріс – 3)

3.Тақырып: Есептеу техникасы және дербес компьютер.

Жоспар.


    1. Тарихи деректерден.

    2. Компьютерлерді жүйелеу.




    1. Тарихи деректерден.

Адамзат баласы дамудың барлық тарихи кезеңдерінде есептеу жұмыстарын жүргізіп отыруға әрқашан мұқтаж болды. Алғашқы кезеңдерінде оған, аяқ, қол саусақтары секілді қарапайым құралдар жеткілікті болды. Ғылым мен техника дамуына байланысты есептеу жұмыстарының қажеттілігі артып, оны жеңілдету үшін арнайы құралдар шығарыла бастады. Шамамен б.з. 500 жылдары абак, есепшоттар шығарыла бастады. 1614 ж Шотландиялық Джон Непер логарифмды ойлап тапты. Осыдан көп өтпей – ақ Р. Биссакар логарифмдық сызғышты (логарифмическую линейку) жаратты. 1642 жылы Француз ғалымы Блез Паскаль Қосу амалын орындайтын машинасын ойлап шығарды.

Блез Паскаль

ЭЕМ эрасы ХХ – ғасырдың 30 – ж ағылшын математигі Алан Тьюрингтың теориялық еңбектерінің бастамасы. Цифрлық есептеуіш машинасының негізгі құрылғыларының принципін джон Фон Нейман, А. Беркс ойлап тапқан. Ал бірінші лампамен жұмыс істейтін машина 1946 – 48 жылдары АҚШ – та жасалып шықты.

Компьютер "Эниак", 1946 г

СССР – да электрон есептеуіш машинасының дамуы акадмик С. А. Лебедев атымен тығыз байланысты. Оның басшылығымен бірінші Отандық ЭЕМ жасалды. 1951 ж Киевте МЭСМ, 1952 ж Москвада БЭСМ (большая электронная счетная эектронная машина) шығарылды.

1958 ж Джек Килби Texas Instruments фирмасында бірінші интегралдық схеманы жаратты.

60 жылдары универсал Минск, Урал ЭЕМ – дері шықты. Программалық берілгендерді енгізу үшін қағаз перполента қолданылды. Перполента арқылы енгізу көптеген күшті, уақытты қажет етті. Бұл бірінші буын машиналары. Екінші буын машиналары жартылай өткізгіш схемаларда жұмыс істеді. Бұл машиналарда перполенталар мен бірге перпокарта қолданылды. Перфокарта

Бұлардың сенімділігі, әрекет тезділігі бірінші буын машиналарына қарағанда елеулі жоғары болды. Бұл машиналардың сырт аумағы, массасы, энергияны пайдалану көп төмендегендіктен өзіндік құны көп төмен болды.

60 – жылдардың екінші жартысында және 70 жылдардың басында ЭЕМ құрылысына одан әрі күрделі, сапалы өзгерістер енгізіліп, элементтік негізі интегралдық схема және аса үлкен интегралдық схема болатын интегралдық схема

үшінші және төртінші буын машиналары жасалына бастады. Интегралдық схема мүмкіндігі күрделі транзисторлық схемадай болатын аумағы 1см – ге жетпейтін функционалдық блок, жартылай өткізгіш кристалдан тұрады.

Дегенмен микрокомпьютерлер дамуындағы ең елеулі оқиға болып 1981 жылы IBM фирмасы жасаған, кейіннен “дербес компьютер” деп аталған шағын компьютердің шығуы болды.

Сол уақыттан бастап осы атау шағын компьютерлер тобының жалпы аты есебінде тұрақталынып қалды.


    1. Компьютерлерді жүйелеу.

Компьютерлер қолдануына қарай мынадай топтарға бөлінеді: үлкен ЭЕМ (электрондық есептеу машинасы), мини-ЭЕМ, микро-ЭЕМ және дербес компьютерлер.

1999 жылдан бастап дербес компьютерлер үшін халқаралық стандарт - РС99 спецификациясы жұмыс істейді. Жаңа стандарт бойынша дербес компьютерлерді келесідей топтарға бөледі:



  • бұқаралық дербес компьютерлер (Consumer PC)

  • іс дербес компьютері (Office PC);

  • ықшам компьютер(Mobil PC) ;

  • жұмыс бекеті (Workstation PC);

  • ойын ДК (Entertainment PC).

Қазіргі кездегі қолданыстағы компьютерлердің көпшілігі бұқаралық дербес компьютерлер тобына жатады. Іс дербес компьютерлерінің графиктік бейнелеу құралдарына қойылатын талаптар шағын болады. Ықшам компьютерлердің құрамына байланыс құралдары болуы міндетті түрде талап етіледі. Жұмыс бекетіне жататын компьютерлердің мәліметтерді сақтау құрылғыларына жоғары талаптар қойылады. Компьютерлерді өлшемдері бойынша үстелдік (desktop), ықшам (notebook), қалталық (palmtop), деп бөлуге болады.

Үйлесімділігі бойынша жүйелеу. Әлемде компьютерлердің көптеген түрлері мен типтері бар. Олар түрлі фирмаларда жасалып, түрлі бөлшектерден жинақталып, әр түрлі программалармен жұмыс атқарады. Мұндай жағдайда компьютерлердің үйлесімділігі ең басты мәселе болып табылады. Сан алуан компьютерлерге арналған құралдардың өзара ауыспалылығы, программалардың бір компьютерден екіншісіне тасымалдану қабілеттілігі, әр типтес компьютерлердің ортақ мәліметтермен бірігіп жұмыс атқару мүмкіндіктері олардың үйлесімділігіне тікелей байланысты.

Аппараттық үйлесімділік. Аппараттық үйлесімділігі бойынша компьютерлер аппараттық платформаларға бөлінеді: IBM PC және Apple Macintosh. Бұлардан басқа кейбір жеке алған региодар мен салаларда ғана қолданыс тапқан аппараттық платформалар бар. Компьютерлердің бір аппараттық платформаға жатуы олардың үйлдесімділігін күшейтеді.

Аппараттық үйлесімділіктен басқа операциялық жүйе деңгейіндегі үйлесімділік, программалық үйлесімділік, мәліметтер деңгейіндегі үйлесімділіктер де бар.

Бұл оқу құралы IBM PC платформасына жататын дербес компьютерлерді,

олардың аппараттық және программалық жасақтамаларын оқып үйренуге арналған.


Компьютерлік жүйелер.

Компьютерлік (есептеу) жүйелер төрт негізгі құрамнан тұрады:



    1. шығарылатын есепті, орындалатын жұмысты мәселе ретінде қойып, соның нәтижесін алатын адам;

    2. аппараттық жасақтама (Hardware);

    3. мәліметтер файлы;

    4. компьютердің программалық жасақтамасы. (Software).

Компьютерлік жүйелер ұғымын немесе мәліметтерді өңдеу жүйелерін осы төрт комбинацияны – машиналарды, мәлметтерді, программаларды және адамды – біріктіре қарастыру кезінде қолданады.



Лекция 4

(Дәріс – 4)
Тақырып: Дербес ЭЕМ.
Жоспар.

    1. Дербес ЭЕМ – нің элементтік базасы

    2. Дербес компьютерлердің негізгі құрылғылары.

    3. Дербес компьютерлердің ішкі құрылғылары.




    1. Дербес ЭЕМ – нің элементтік базасы

Дербес ЭЕМ – нің (ДЭЕМ) элементтік базасы болатын электрондық компоненттері ақпарат өңдеудің белгілі бір қызметін немесе оны сақтау ісін атқарады. Мұндай компоненттер интегралдық схемелар деп аталады. Интегралдық схема металдан не пластмассадан жасалған қорапқа салынған жартылай өткізгішті кристалдардан тұрады. Жіңішке жіп секілді арнайы сымдар осы кристалды қораптың шеткі тақшаларымен жалғастырады.

Жартылай өткізгішті кристал көбінесе өте таза кремнийден жасалады, оны жасауда вакуумдық бүрку, тырналау, қоспаларды иондық түрде енгізу, дәлме – дәл фотолитография тәрізді және де басқа жоғары сапалы технологиялар қолданылады.

Осындай күрделі технологиялар нәтижесінде кристалда электр схемасы біріктірілген “электрондық молекулалар” жасалады. Олар бір кристалл көлемінде (5х5 мм) жүз мыңнан аса бір – бірімен байланысқан “электрондық молекулаларды” құрастырып, өте күрделі ақпаратты түрлендіру жұмыстарын атқара алады.

Интегралдық схемаларды жасау, тексеру, олардың сапаларын бақылау – барлығы да автоматтандырылған, оның үстіне оларды сериялық түрде шығару да меңгерілген. Интегралдық схемаларды шығаруды баспаханалардағы кітапты көбейтіп шығарумен салыстыруға болады. Олар өздерінің атқаратын функцияларына қарай ЭЕМ – нің әртүрлі тетіктерінің – шифраторлардың, сумматорлардың, күшейткіштердің түрлеріне байланысты бөлек – бөлек топтарға жіктеліп, серияларға бөлініп шығарылады.

Бұл схемалардың интералдық (біріктірілген) деп аталу себебі, олардың бір кристалды күрделі логикалық функциялардың белгілі біреуін орындай алады, сосын олардан транзисторлар мен диодтардан құрастырылатын сияқты машина қондырғылары оңай жасалады.

ДЭЕМ біріңғай аппараттық жүйеге біріктірілген техникалық электрондық құрылғылар жиынынан тұрады. ДЭЕМ құрамына кіретін барлық құрылғыларды олардың функционалдық белгілеріне қарай екіге бөлу қалыптасқан, олар: жүйелік блок және сыртқы құрылғылар.

Жүйелік блок мыналардан тұрады:


  • микропроцессор;

  • оперативті есте сақтау құрылғы немесе жады;

  • тұрақты есте сақтау құрылғы;

  • қоректендіру блогы мен мәлімет енгізу – шығару порттары.

Ал, сыртқы құрылғылар былайша бөлінеді:

  • ақпарат енгізу құрылғылары;

  • ақпарат шығару құрылғылары;

  • ақпарат жинақтауыштар.

ДЭЕМ – нің құрамына ең аз дегенде жүйелік блок, бір – бірден енгізу, шығару құрылғылары және ең аз дегенде бір ақпарат жинақтауыш кіреді. ДЭЕМ – де шешілетін мәселеге байланысты пайдаланушы адам оның минималды конфигурациясына қосымша шеткері құрылғыларды қосу арқылы кеңейтуіне болады.





    1. Дербес компьютерлердің негізгі құрылғылары.

Дербес компьютерлер құрамына кіретін жабдықтарды қажетіне қарай өзгертіп отырады. Оның құрамына кіретін құрылғыларды компьютердің конфигурациясы деп атайды. Компьютерді сатып алғанда оның құрамына енетін жабдықтарды негізгі конфигурация деп атайды. Негізгі конфигурация үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде келесі төрт құрылғы негізгі конфигурация ретінде қарастырылады:




  • жүйелік блок;

  • дисплей немесе монитор;

  • пернетақта;

  • тышқан.

Компьютерлердің негізгі құрылғыларының міндеттеріне толығырақ тоқталайық.


Жүйелік блок

Компьютердің ең негізгі құрылғысы – жүйелік блок. Оның ішінде дербес компьютердің түйіндері орналасқан, сонымен катар жүйені электр тоғына қосатын батырма қойылған. Оның ішіндегілерінің түрін көру үшін артқы қақпағын ашу керек. Бірақ корпусы әр түрлі болуы мүмкін. Жүйелік блоктың алдыңғы тақтасында: компъютерді қосу/өшіру батырмасы, дискжетек, компакт дискіден оқитын (CD-ROM) орналастырылған. Кейбір компьютерлердің жүйелік блогында компьютерді қайта жүктеу батырмасы болады.

Жүйелік блоктың ішіне аналық тақша (материнская плата) - дербес компьютердің негізгі тақшасы орналасқан. Оның үстіне процессор, жедел жад, шиналар және басқа да құрылғылар орналасқан. Сонымен бірге жүйелік блоктың ішінде қоректендіру блогі, қатты диск, дискжетек, CD-ROM, дыбыс тақшасы, көрініс тақшасы орналасқан.

  Жүйелі блоктың артқы тақтасында енетін желілерді және порттарды (монитор, порты, тышқан, пернетақта), қосымша құрылғыларды (принтер порты, модем, сканер, микрофон) қосатын қосқыштар орналасқан.

Жүйелік блоктың ішінде жатқан құрылғылар ішкі құрылғылар, ал сыртына қосылатын құрылғылар сыртқы құрылғылар деп аталады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет