Лекция: 30 сағат СӨЖ: 30 сағ обсөЖ: 30 сағат Барлығы: 90 сағат


Лекция 13. Тақырыбы: Тарихи білімдердің ғылымға айналуы. Орыс тарихнамасындағы Қазақстан тарихы



бет6/15
Дата23.02.2016
өлшемі1.09 Mb.
#9928
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Лекция 13.

Тақырыбы: Тарихи білімдердің ғылымға айналуы. Орыс тарихнамасындағы Қазақстан тарихы

Жоспары:

  1. Орыс деректемелерінде соңғы орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының зерттелінуі

  2. Тарихи деректемелердіњ ізденілуі жєне жариялануы, оларѓа сын талќысыныњ ж‰зеге асырылуыныњ бастамасы.

Пайдаланѓан єдебиеттер тізімі:

Негізгі:

  1. Қазақстан тарихы. Очерктер. Көне заманнан бүгінге дейін. Алматы 1994ж.

  2. Қазақ ССР тарихы 5-томдық. 4-5 томдар. Алматы 1981 ж.

  3. Х.Маданов Қазақ халқының арғы-бергі тарихы А., 1995

  4. Ә.Әбдіәкімұлы Қазақстан тарихы А., 1997 ж.

  5. К.Мамырұлы. Қазақ тарихы А.,1995ж.

  6. А.Күзембайұлы, Е.Әбіл История Республики Казахстан А.,1998 г.

Қосымша:

  1. Сапаргалиев К. Карательная политика царизма в Казахстане (1905-1917г.г.) Алматы 1995ж.

  2. Иностранная военная интервенция и гражданская война в Средней Азий и Казахстане. Алматы 1986ж.

  3. Асфендияров С. История Казахстана ( с древнейших времен) Алматы 1993ж.


Лекцияныњ мєтіні:
Орыс деректемелерінде соңғы орта ғасырлардағы Қазақстан тарихын зерттеуде XIV—XVII ғасырлардағы орыс қүжатгары мен мүрағат материаддарының зор маңызы бар. Орыс жерлері Алтын Ордаға бағынған кезең жылнамаларында орыс князьдарының Орданың билік орындарымен қарым-қатынастарының көптеген жақгары көрсетілген. Оларда Орданың ішкі, қоғамдық-сая-си жағдайы туралы, атап айтқанда, XIV ғасырдың 60—70-жылдарындағы Орда шонжарларының түрлі топтарының езара қырқысқан күресі туралы айтыла-ды («И бысть в Орде замятня велика»). Мамай, Тоқтамыс, Едіге, әмір Темір заманына қатысты және бұл билеушілердің ыдырап бара жатқан Алтын Орданың тағдырына ықпал етуге және сол арқылы Москва Русіне, Литваға, Польшаға, олардың мемлекеттік орталықтану жолындағы күресіне кедергі жасауға тырысқан әрекеттерін сипаттайтын материал алуан түрлі. Жылнамаға шаруашылық, халықтуралы мәліметтер енгізілген, мысалы, кангиттер (хвалисстер) жерінің Батый иеліктерінен әрі орналасқаны көрсетілген. Жошы үлысының батыс бөлігі үшін неғұрлым дәл, шығыс бөлігі үшін жанама гео-графиялықдеректер хабарланған. Мысалы, Үлкен немесе Алтын Орданың астанасы Сарай қаласы болғаны, сонымен бірге Жайықтың арғы жағындағы барлық жер орталығы Самарқандта болған «Көк Орда» деп аталғаны атап етілген. Кек Орда деп «Ақсақ Темір басып алған» «жерлер мен патшалық-ар» арасында аталған, бірақ олардың ішінде Қытай да аталған, шынына келгенде бұл олай емес болатын.

Қазақстанның солтүстік бөлігінің тарихы жөніндегі маңызды деректемелер Сібір жылнамалары: Строганов жылнамасы (XVII ғасырдың орта шені шамасында), С. Есиповтың «Сібір жылнамасы» (1687 ж.) және «Ремезов жыл-намасы» (XVII ғасырдың аяғы - XVIII ғасырдың басы) болып табылады. Олар-да бұл аумақтағы және Сібірдегі тайпалардың, соның ішінде керейітгердің (керейлердің) орналасуы туралы, бұл жерлерде, Сібір жұртында керейден шыққан Тайбұғы әулетінің, содан соң Сібір хандығындағы Шайбани әулетінің билік етуі туралы мәліметтер бар. Ресейдің орталық , сондай-ақ жергілікті мүрағаттарында сақгаулы материалдар мен құжаттарда Ноғай Ордасы, Сібір хандығы, Жоңғария, Қазақстан мен Орта Азия аумағындағы хандықтар жөніндегі Ресей саясаты ғана керсетіліп қоймайды, сонымен қатар бұл мемлекеттердің ішкі өмірі, олардың қарым-қатынастары туралы да мол ақпарат келтіріледі. Жарияланған және жарияланбаған бүл материалдар арасында хандар мен патшалардың грамоталары мен жолдаулары, дипломати-ялық миссиялар басшыларының есептері, жазбалар, күвделіктер, «ертегілер», «сұралып алынған сөздер», қолтаңбалар және т. б. бар.

Орыс князьдары мен патшаларының Ноғай билеушісі Ибақ пен мырзалары Москваға елшілік жіберген 1489 жылдан бастап, XVII ғасырдың ортасы-на дейін ноғай билерімен және мырзаларымен, сондай-ақ Жоңғария билеушілерімен дипломатиялық хат алысулары мейлінше ауқымды. Ноғай Ордасына 1534-35 жылдардағы Данила Губиннің (ол былай деп хабарлаған: «...қазақгар ноғаймен соғысуды өте қалайды... қазақгар күшгі, оларға қалмақтар да берілген»), 1569 жылғы Семен Мальцевтің, 1577 жылғы Борис Домо-жировтың елшіліктері мәлім.

XVI ғасырдың аяғында қазақ-орыс елшілік байланыстары туралы мағлұматтар пайда болды. 1594 жылы Москваға достық қатынастар жасасу және Бұхара ханына қарсы күресте кемек алу мақсатымен Тәуекел хан-ның елшісі Құл-Мүхаммед жіберілді. 1595 жылы Тәуекел ханның Сырда-риядағы ордасына Вельямин Степанов жауап грамота алып келді. XVII ғасырда қазақ даласы арқылы Бұхара мен Хиуадан Ресейге қырықтан астам және Орта Азияға 9 орыс елшілігі жүріп өтті. Сібір приказының материалдарында XVII ғасырдың аяғындағы, Тәуке хан түсындағы қазақ-орыс келіссөздері туралы мәліметтер бар. «Тобольскіден Түркістанға дейінгі Қазақ Ордасы қалашықтарының тізімі...» және «Сұрап алынған сөздер» тапсырған 1696-97 жылдардағы Федор Скибин экспедициясының мәліметтері зор ынта туғызады.

Елшіліктердің есептері, сауда миссияларының, экспедициялардың материалдары өлкедегі саяси оқиғаларды, экономикалық шындықтарды керсетіп, этнографиялық материал, Қазақстан аумағында ноғайлардың (Ноғай Ордасының шекарасы Тюменге дейін жеткен), башқүрттардың, қарақалпақтардың орналасуы туралы мәліметтер берген. XVII ғасырдың аяғына қарай қазақжүздері солтүстігінде Тобыл мен Ертістен, оңтүстігінде Сырдария мен Ташкентке дейінгі, шығысында Еділ өзенінен, батысында Жайыққа дейінгі кең-байтақ аумақты алып жатты, олардың билеушілері саны отыздан асатын жоғарыда аталған қалашықтарды иеленді. Мұның бәрі XVII—XVIII ғасырлар шебінде жинақталған бай картографиялық материалда көрсетілген.

Елшілік, сауда миссиялары мен экспедициялардың чертеждері мен жазба-лары алуан түрлі географиялық шындықтармен бірге XVI ғасырдың аяғында жасалған орыстың тұңғыш ресми жиынтық картасы «Үлкен Чертеждің» негізіне алынды. «Үлкен Чертеж» жоғалып кеткен, бірақ «Үлкен Чертежге Кітап» сақгалған, онда кдзақ жерлері туралы мәліметтер тұтас тарауға жетеді деуге болады. Чертежді жасаудың алдында XVI ғасырда Ресейде зор көлемде картофафиялық жұмыстар жүргізілді.



Лекция 14.
Тарихи білімдердің ғылымға айналуы. Орыс тарихнамасындағы Қазақстан тарихы

Жоспары:


  1. XVI ғасырдың аяғында қазақ-орыс елшілік байланыстары туралы мағлұматтардың пайда болуы

  2. XVII ғ.ғ. аяғында Қазақстан мен Орта Азия туралы барлық картографиялық материалдардың орыстың көрнекті ғалымы С. Ремезов зерттеулері

Пайдаланѓан єдебиеттер тізімі:

Негізгі:

  1. Қазақстан тарихы. Очерктер. Көне заманнан бүгінге дейін. Алматы 1994ж.

  2. Қазақ ССР тарихы 5-томдық. 4-5 томдар. Алматы 1981 ж.

  3. Х.Маданов Қазақ халқының арғы-бергі тарихы А., 1995

  4. Ә.Әбдіәкімұлы Қазақстан тарихы А., 1997 ж.

  5. К.Мамырұлы. Қазақ тарихы А.,1995ж.

  6. А.Күзембайұлы, Е.Әбіл История Республики Казахстан А.,1998 г.

Қосымша:

  1. Сапаргалиев К. Карательная политика царизма в Казахстане (1905-1917г.г.) Алматы 1995ж.

  2. Иностранная военная интервенция и гражданская война в Средней Азий и Казахстане. Алматы 1986ж.

  3. Асфендияров С. История Казахстана ( с древнейших времен) Алматы 1993ж.


Лекцияныњ мєтіні:

XVI ғасырдың аяғында қазақ-орыс елшілік байланыстары туралы мағлұматтар пайда болды. 1594 жылы Москваға достық қатынастар жасасу және Бұхара ханына қарсы күресте кемек алу мақсатымен Тәуекел хан-ның елшісі Құл-Мүхаммед жіберілді. 1595 жылы Тәуекел ханның Сырдариядағы ордасына Вельямин Степанов жауап грамота алып келді. XVII ғасырда қазақ даласы арқылы Бұхара мен Хиуадан Ресейге қырықтан астам және Орта Азияға 9 орыс елшілігі жүріп өтті. Сібір приказының материалдарында XVII ғасырдың аяғындағы, Тәуке хан түсындағы қазақ-орыс келіссөздері туралы мәліметтер бар. «Тобольскіден Түркістанға дейінгі Қазақ Ордасы қалашықтарының тізімі...» және «Сұрап алынған сөздер» тапсырған 1696-97 жылдардағы Федор Скибин экспедициясының мәліметтері зор ынта туғызады.

Елшіліктердің есептері, сауда миссияларының, экспедициялардың материалдары өлкедегі саяси оқиғаларды, экономикалық шындықтарды керсетіп, этнографиялық материал, Қазақстан аумағында ноғайлардың (Ноғай Ордасының шекарасы Тюменге дейін жеткен), башқүрттардың, қарақалпақтардың орналасуы туралы мәліметтер берген. XVII ғасырдың аяғына қарай қазақжүздері солтүстігінде Тобыл мен Ертістен, оңтүстігінде Сырдария мен Ташкентке дейінгі, шығысында Еділ өзенінен, батысында Жайыққа дейінгі кеңбайтақ аумақты алып жатты, олардың билеушілері саны отыздан асатын жоғарыда аталған қалашықтарды иеленді. Мұның бәрі XVII—XVIII ғасырлар шебінде жинақталған бай картографиялық материалда көрсетілген.

Елшілік, сауда миссиялары мен экспедициялардың чертеждері мен жазбалары алуан түрлі географиялық шындықтармен бірге XVI ғасырдың аяғында жасалған орыстың тұңғыш ресми жиынтық картасы «Үлкен Чертеждің» негізіне алынды. «Үлкен Чертеж» жоғалып кеткен, бірақ «Үлкен Чертежге Кітап» сақгалған, онда кдзақ жерлері туралы мәліметтер тұтас тарауға жетеді деуге болады. Чертежді жасаудың алдында XVI ғасырда Ресейде зор көлемде картофафиялық жұмыстар жүргізілді.

Егер ертедегі шетелдік карталарда - Петр Висконтидің картасында (1320 ж.), Каталон картасында (1375 ж.), Фра Мауроның картасында (1459 ж.) Қазақстан жері мүлде дерлік айтылмай, Төменгі Еділ бойы мен Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауын бойлай жатқан жерлер көрсетілсе, С. Герберштейн (1546 ж.) мен А. Видтің (1555 ж.) орыстың картографиялық ма-териалы пайдаланылған карталарында енді Жайыққа дейінгі аумақкөрсетілген. 1558 жылы ағылшынның «Москва компаниясының» тапсыруымен сауда мақ-сатын көздеп Орта Азияға аттанған А. Дженкинсонның картасы Қазақстан туралы географиялық мәліметтерді еселей түсті. Оның саяхатының суреттемесінде қазақтар мен ноғайлар туралы мәліметтер бар. Картада ол қазақгарды Сыр езенінде көрсеткен де, ноғайларды Жайыққа орналастырған.

Ақпараттың молдығы жағынан «Үлкен Чертеж» оның алдындағы карта-лардан қазақдаласы мен Сырдариядағы қалалардың географиялықнақтылы-ғын көр^егу женінен артық. Чертежді құрастырушылар онымен жүмыс істеген кезде негізінен XVI ғасырдағы орыстың картографиялық материалдарын пай-даланған. «Үлкен Чертеж» бен оның суреттемесін XVII ғасырдағы орыс кар-тографтары пайдаланды.

XVII ғасырдың аяғында Қазақстан мен Орта Азия туралы барлық картог-рафиялықматериаддарды орыстың көрнекті ғалымы С. Ремезов қорытгы. Оған болуы мүмкін барлық географиялық объектілерді - тауларды, езендерді, шатқаддарды, еткелдерді, құдықтарды, сондай-ақ елді мекендерді, олардың арасындағы қашықгықгы көрсете отырып, «Тобыддан ҚазақОрдасынадейінгі, Үлкен Бұхарияға дейінгі, Хиуаға дейінгі, Жайыққа дейінгі, Астраханғадейінгі даланы жазу» тапсырылған болатын.

С. Ремезов жүмысының қорытындысы Қазақстан аумағы женінде тарихи-

географиялық мәліметтер бар «Сібірдің Чертеж кітабы» болды8. Бұл картада Арал тұңғыш рет өз атымен аталып, жеке бассейн ретінде керсетілген.

Қазақстан және Орталық Азияның шектес аумақтары халықтарының та-рихын зертгеудегі орыстың деректі материалының маңызы XVII ғасырда ба-рған сайын арта түседі. Сол ғасырдың аяғына карай бұл халықтардың өздері де орыстарға бұрынғысынан гөрі неғұрлым белгілі болатүседі


Лекция 15.

Тақырыбы: XIX-XX ғ.ғ. басындағы қазақ ағартушыларының еңбектеріндегі Қазақстан тарихы.

Жоспары:

  1. С. К. Ибрагимов дербес қазақ мемлекетінің құрылуын зерттеуі

  2. И. Т. Сұлтановтың «Арал өңіріндегі көшпелі тайпалар» атты еңбегі

  3. Б.А. Кочекаевтың еңбегі мен ноғайлар туралы арнайы тарихи этногра-фиялық зертгеулері

  4. Ењбектердіњ проблематикасы, тарихи ѓылымдарыдыњ орталыќтары. Тарихшы ќоѓамдар

Пайдаланѓан єдебиеттер тізімі:

Негізгі:

  1. Қазақстан тарихы. Очерктер. Көне заманнан бүгінге дейін. Алматы 1994ж.

  2. Қазақ ССР тарихы 5-томдық. 4-5 томдар. Алматы 1981 ж.

  3. Х.Маданов Қазақ халқының арғы-бергі тарихы А., 1995

  4. Ә.Әбдіәкімұлы Қазақстан тарихы А., 1997 ж.

  5. К.Мамырұлы. Қазақ тарихы А.,1995ж.

  6. А.Күзембайұлы, Е.Әбіл История Республики Казахстан А.,1998 г.

  7. Қосымша:

  8. Сапаргалиев К. Карательная политика царизма в Казахстане (1905-1917г.г.) Алматы 1995ж.

  9. Иностранная военная интервенция и гражданская война в Средней Азий и Казахстане. Алматы 1986ж.

  10. Покровский С.И. Разгром иностранных военных интервентов и внутренней контреволюций в Казахстане (1918-1920г.г.). Алматы 87ж.

  11. Мәшімбаев С. Патшалық Ресейдің отарлық саясаты А.,1994 ж.

  12. Маданов Х. Ұлы дала тарихы А., 1994 ж.

  13. Асфендияров С. История Казахстана ( с древнейших времен) Алматы 1993ж.


Лекцияныњ мєтіні:
С. К. Ибрагимов дербес қазақ мемлекетінің құрылу мерзімін XVI ғасыр-дың 30—40-жылдарына жатқызды, ал Жәнібек, Бұрындық хандардың, Жәнібектің үлдары Махмұд, Еренші есімдерімен байланысты XV—XVI ғасыр-дың басындағы қазақ ұлыстарын жеке феодалдық иеліктер деп анықгады. Б. А. Ахмедов Қазақ хандығы XV ғасырдың 80—90-жыддарыңца, Шығыс Дешті Қыпшақ халқының бөліну және осы аймақтағы «көшпелі өзбектердің» бір бөлігінің Мауараннахрға көшіп кету процестері барған сайын нақгы айқыңда-лған кезде қүрылды деп санады.

Т. И. Сұлтановтың Қазақ хандығы қүрылуын неғұрлым ертерек кезге — 70-жылдардың басына жатқызғаны әбден орынды. Бүл проблемаға өзінің бірнеше еңбегін арнаған ол 1470/1471 жылдарға (хижра бойынша 875 жылға) тоқгалып, бұл оқиғаны Шығыс Дешті Қыпшакгағы жағдаймен байланыстырды176. Автор Әбілқайыр хан өлгеннен кейін Қазақстанның далалық бөлігінде, «Өзбек ұлы-сында» әулеттердің ауысуына баса назар аударады: билік басына Шайбани-лер әулетінің орнына Тоқа-Темір ұрпақтарынан шыққан қазак хандарының әулеті , Қазақхандығы құрылған.

Қазақ хандығының тура XVII ғасырға дейін біртұтас мемлекет болғаны көрсетілген. Сондықтан XV—XVI ғасырлардағы «қазақ хандықтары» туралы айтуға негіз жоқ. Ханның саяси (мемлекеттік) билігі ықпалының аумағы қазақтардың этникалық аумағымен сәйкес келмесе де, ал хандыктың шекарасы хан-дардың соғыстағы табыстары мен сыртқы саяси жағдайларға қарай жиі езгеріп отырса да, дегенмен бұл кезеңнің деректемелерінің әркайсысында ең басты (жоғарғы, үлкен) билеушінің билігі әбден айқындалады.

Т. И. Сүлтанов Қазақхандығын біртұтас мемлекет деп жазады, ол «Қазақ хандығының тарихы аяқгалды. Қазак хандықгарының тарихы бастадды» деген XVII ғасырдың аяғы үшін маңызды қорытынды бар әйгілі сөздерді айтқан. Т. И. Сүлтановтың еңбектерінде Қазақ хандығы тарихы проблемаларының барлық жақгары козғалады деуге болады. Қазақтың көшпелі мал шаруашылығы, жайкүйінің, қазаққоғамьшың әлеуметтік қүрылымының, мемлекетгің әкімшілік қүрылысының, көрші елдермен қарым-қатынасының мәселелері көптеген шығыс деректемелерінің материалында орнықгы көрсетілген

Соңғы орта ғасырлардағы Қазақстанның этникалық проблемалары , жөніндегі зерттеулерде Қазақстанның этникалық-саяси тарихы басқа да түрік халықтарының тарихымен бір арнада, тікелей өзара қатынаста дамығандығы барған сайын көбірек ескеріле бастады. Өзбектердің, қырғыздардың, башкұ-рттардың, қаракалпақтардың, алтайлықтардың, ноғайлардың, сібір татарла-рының этникалық жағынан калыптасуына қатысқан тайпалардың көптеген топтарының шығу тегі мен этникалык қүрамының ортақтығы, тұтас алғанда шаруашылықгың бір тұрпатгылығы, тілдерінің, кептеген тұрмыс белгілерінің, материалдык және рухани мәдениетінің жақындығы қазак халқының этногенезі мен этникалықтарихының проблемаларын зерттеуге осы халық-тардың этникалық, этникалық-саяси тарихы бойынша жетекші тарихшылар, шығыстанушылар, этнографтар - С. М. Абрамзонның, С. Г. Агаджановтың, Т. А. Жданконың, Р. Г. Кузеевтің, Л. П. Потаповтың, Б. X. Кармышеваның, К. Шаниязовтың және басқаларының монографиялық еңбектерінің жасаған зор ықпалымен айқындалады. Бұл еңбектер тектес халықтардың этногенезі мен этникалық тарихы проблемаларын қою мен шешудің үлгісі ретінде ғана емес, сонымен қатар Қазақстан тарихынатікелей қатынасы бар бірқатар проблема-ларды зерттеу тұрғысынан да маңызды. Мысалы, Қазақстан аумағындағы өзбектердің, көшпелі өзбектердің, сондай-ақ монғолдардыңтарихы осындай проблема.

Орталық Азия аймағы тарихының, қарақалпақтар тарихының белгілі зертгеушісі П. П. Ивановтың «Орта Азияның тарихы жөніндегі очерктерінің» арнайы тарауы Өзбек ұлысының тарихына, «өзбек» терминінің пайда болуына, XIV—XV ғасырлардағы Қазақстан аумағындағы өзбек тайпаларының этникалық құрамына, олардың саяси тарихына арналған. Б. А. Ахмедов көшпелі езбектердің этникалық құрамын зертгеді Жоғарыда аталған авторлар, сондай-ақ А. А. Семенов, К. Ш. Шаниязов және басқалар Дешті Қыпшақ өзбектерінің Мауараннахрға кетіп, өзбек халқы қосындылары соңғылары- ц ның біріне және өзбек-қазақгарға, сонан соң қазақтарға айналу проблемала-ры туралы жазды. Б. X. Кармышеваның этнографиялық зерттеулері көрсет-кевдей, Мауараннахрға қоныс аударған көшпелі өзбектер ұзақ уақыт бойы, ХІХ-ХХ ғасырдың басына дейін көшпелілік дәстүрлерін және қазақтармен туыстығы туралы түсінігін сақгап қалған. Зертгеушілер әдебиетте орнығып алған «өзбек» терминінің Өзбек ханнан шыққаны туралы пікірден бас тартып, бұл терминнің этноним сипатыңца емес, политоним сипатында болғанын және оның Деіпті Қыпшақга XIII ғасырдың аяғында, Өзбек хан пайда болғаннан көп бүрынақ қолданылғанын және бүл мемлекеттің батыс белігіне қатысты екенін керсетті.

И. Т. Сұлтановтың «Арал өңіріндегі көшпелі тайпалар» деген кітабывда Шығыс Дешті Қыпшақ пен Түркістанның түркі тілдес тайпаларының этника-лықтарихы, іс жүзінде қазақхалкыныңтарихы қарастырылған. Бір жағы-нан Шығыс Дешті Қыпшақтың өзбек тайпаларының қолжазбаларында кездесетін ертеректегі тізімдеріне және екінші жағынан, 92 езбек тайпасы-ның, яғни «илатийа тайпаларьшың» («көшпелі тайпалардың») неғұрлым кейінгі тізімдеріне талдау жасап, оларды салғастыру негізінде XV—XVIII ғасырлар-дың бойыңцағы Қазақстан халқының рулық-тайпалық құрамы мен қазақ-өзбек этникалық байланыстары зерттелген.

Қазақстан этнографтары М. С. Мұқановтың, В. В. Востровтыңмонографи-ялық зерттеулері арнайы қазакгардың этникалықтарихьша арналған. Оларда қазақ жүздерінің этникалық құрамы мен тайпалардың неғұрлым кейінгі кездегі (ХІХ-ХХ ғасырдың басы) орналасуы қарастырылады. Бұл моногра фияларда келтірілген және терең талдау жасалған материал ерте заманнан бастап, соңғы орта ғасырларға дейінгі негізгі казак рулары мен тайпаларының этникалық тарихының неғүрлым ертедегі кезендерін де керсетеді. Олардың Қазақстан аумағында пайда болған уақыты анықталып, тайпалардың (най-мандардың, керейіттердің, қоңыраттардың) түркі тілдес екендігі әдеби деректемелердің пікірлерін салыстыру негізінде көрсетілген.

А. Ш. Қадырбаевтың сериялы еңбектерінде түрік тайпалары — қыпшақтар, қаңлылар, қарлұқтар және басқалар тарихының алдыңғы орта ғасырлар-дағы кезендері, олардың Монғол империясы мен Юань империясының қоғам-дық, әскери, саяси өмірінде атқарған рөлі мен алған орны, бүл тайпалардың Қазақстан аумағына қоныс аударуы (қытай деректемелері бойынша) көрсетілген. Шығыстанушы В. П. Юдиннің мақаласы деректемелерде Мо-ғолстан мен Моғолияның моголдары деген атпен белгілі XIV—XVII ғасырлар-дағы рулар мен тайпалар тобына арналған, ол моғолдардың қалыптасқан қазақ, қырғыз, ұйғыр халықгарымен, лобнорлықгармен этникалық байланыстарын керсеткен. В. П. Юдиннің пікірінше «монғолдар» термині, Дунайдан Ертіске дейінгі аумақта «өзбектер» термині сияқты этноним сипатында болған, ягаи халықты білдірген деген пікір айтты.

Б.А. Б. Кочекаевтың еңбегі мен ноғайлар туралы арнайы тарихи этногра-фиялық зертгеуде ноғайлардың қазақхалқымен этникалық, мәдени өзара бай-ланыстары керсетілген. Қазақгар мен ноғайларда этникалық түп-тамырдың, халықғүрыптарының, нанымдарының, шаруашылықнысандарының ортақ-тығы, аңыздарының (мысалы, Едіге туралы), эпикалық шығармаларының ортақгығы ашып айтылған, Этникалықпроблемаларды зерттеу тұрғысынан Қазақстан этнографтары кеп іс тындырды Олар қазақтардың шаруашылығы мен түрмысын, қазақ халкының материаддық мәдениетін, дәстүрлері мен әдет-ғүрпын, діні мен нанымдарын этнографиялық жағынан елге шығып зерттеу материалдары арқы-лы ғана емес, сонымен қатар жазбаша тарихи деректемелердің мағлұматтарына сүйеніп зерттеді. Соңғы орта ғасырлардағы этникалықпроцестерді зертгеу үшін тарихи-этнографиялық материал ерекше маңызды, ол қазақтардың этникалық, ұлттық ерекшеліктерін көрсетеді, этникалық жақындасу процестерінің, этникалық, этноәлеуметтік ортақтығының қозғаушы күші болып , бүл жөнінде авторлар өздерінің тарихи очерктерінде шарушылық пен тұрмыс, колөнер мен әдет-ғүрып үлгілерін сипатгағанында жазған. Н. Е. Масанов кешпелі тұрмыс салтын қазақтардың этникалық-мәдени қауым болып қалыптасуындағы ең басты этнос қүру факторы деп анықгады.

Қазақтардың және аймақтағы басқа түрік халықтарының этногенезінің күрделі процесін өз ғылымының нақты әдістерімен ашып көрсеткен қазақ антропологтары зор табыстарға жетті. Халықтың этникалық тарихы проблемаларын зерттеуде әдебиетшілердің, тілшілердің, фольклоршьшардың, шежіре зерттеушілерінің жетістіктері пайдаланылды.

Қазақстанның оңтүстігіңдегі ертедегі қалаларды аршыған кезде алынған археологиялық материал XIX—XX ғасырдың басындағы қазақ-тардың этнографтар зертгеген мәдениетімен генетикалық жағынан тығыз бай-ланысты материалдық мәдениеттің дәстүрлі үлгісін сипаттайды, мұның езі қазақтардың этногенезіне қалалық мәдениеті бар Оңтүстік Қазақстан халқ-ының қатысқанын көрсетеді. Қазақ халқының этникалық аумағы пробле-масына назар аударылды; оның қалыптасуы негізінен ХУІ-ХУІІ ғасыр-ларда аяқталғаны көрсетілді. Бес томдық «Қазақ ССР тарихының» екінші томында соңғы орта ғасырлардағы қазақ халқының этникалық тарихын зерттеудің белгілі бір кезеңініңтарихы көрініс тапқан.

Көшпелі халқы басым нақты халықтардың, елдердің, аймақтардың орта ғасырлардағы тарихын зерттеушілердің көпшілігі коғамдардың қоғамдық да-муының өзіндік ерекшеліктері тарихи дамудың жалпы зандарының күшін жоймайтындығын ескерді. Олар номадтардағы қоғамдық катынастардың феодалдық (патриархаттық-феодалдық) сипатын, көшпелі қоғамдардыңтаптарға бөлінгенін мойындады, көшпелілердің өз дамуында мемлекеттілікке жету мүмкіндігін көрсетті. Бұл орайда бір зерттеушілер жерге нақты меншік қаты-настарының қанаушылық сипатын анықтады (С. 3. Зиманов, А. Е. Еренов, Л. П. Потапов, И. Я. Златкин, Г. А. Федоров-Давыдов, Б. А. Ахмедов және басқ-алар); басқалары көшпелі қоғамда негізгі өндірушілерді қанау негізі малды меншіктенуде деп білді (В. Ф. Шахматов, С. Е. Толыбеков, К. И. Петров және басқалар).
Лекция 16.

Тақырыбы: XIX-XX ғ.ғ. басындағы қазақ ағартушыларының еңбектеріндегі Қазақстан тарихы.

Жоспары:


  1. Ә. Бөкейханов еңбектерінің XVIII—XIX ғасырлардағы Қазақстан тарихын бағалау үшін маңызы материалдары

  2. Архивтік жєне жазба деректік материалдардыњ негіздерініњ ќ±рылуы.

  3. XIX ѓ. мен XX ѓ. басындаѓы ќазаќ тарихнамасыныњ єлемдік тарих-ѓылымындаѓы мањызы мен алатын орны

Пайдаланѓан єдебиеттер тізімі:

Негізгі:

  1. Қазақстан тарихы. Очерктер. Көне заманнан бүгінге дейін. Алматы 1994ж.

  2. Қазақ ССР тарихы 5-томдық. 4-5 томдар. Алматы 1981 ж.

  3. Х.Маданов Қазақ халқының арғы-бергі тарихы А., 1995

  4. Ә.Әбдіәкімұлы Қазақстан тарихы А., 1997 ж.

  5. К.Мамырұлы. Қазақ тарихы А.,1995ж.

  6. А.Күзембайұлы, Е.Әбіл История Республики Казахстан А.,1998 г.

Қосымша:

  1. Сапаргалиев К. Карательная политика царизма в Казахстане (1905-1917г.г.) Алматы 1995ж.

  2. Иностранная военная интервенция и гражданская война в Средней Азий и Казахстане. Алматы 1986ж.

  3. Покровский С.И. Разгром иностранных военных интервентов и внутренней контреволюций в Казахстане (1918-1920г.г.). Алматы 87ж.

  4. Мәшімбаев С. Патшалық Ресейдің отарлық саясаты А.,1994 ж.

  5. Маданов Х. Ұлы дала тарихы А., 1994 ж.

  6. Асфендияров С. История Казахстана ( с древнейших времен) Алматы 1993ж.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет