Құрамында оттегі, азот, күкірт, асфальтты шайыр қосындылары да кездеседі



Pdf көрінісі
Дата10.05.2024
өлшемі340.51 Kb.
#500820
түріҚұрамы
Презентация (1)



Мұнай өңдеу


Мұнай
• Мұнай – көмірсутектер қоспасы болып табылатын, жанатын 
майлы сұйықтық; қызыл-қоңыр, кейде қара түске жақын, немесе 
әлсіз жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі; өзіндік иісі бар; 
жерде тұнбалық қабатында орналасады; пайдалы қазбалардың 
ең маңызды түрі.
• Негізінен алғанда көмірсутектерінен (85 % -ға дейін) тұратын бұл
заттар дербес
үйірімдер шоғыры
түрінде
жекеленеді:
метанды
,
нафтенді
және ароматты (хош иісті) 
тізбектер. Оның
құрамында
оттегі
,
азот
,
күкірт
,
асфальтты шайыр
қосындылары да 
кездеседі.


• Мұнайдың түсі қызғылт, қоңыр қошқыл, кейде ол ашық сарғыш түсті, ақшыл 
болып та келеді. Мысалы,
Әзірбайжанның
Сурахана алқабында ақшыл түсті 
мұнай өндіріледі. Мұнай судан жеңіл, оның меншікті салмағы 0,65-0,95 
г/см
3
. Мұнай өз бойынан
электр тогын
өткізбейді. Сондықтан ол 
электроникада
изолятор
(
айырушы
) ретінде қолданылады. Осы кезеңде 
мұнай құрамынан екі мыңнан астам
халық шаруашылығына
керекті заттар 
алынып отыр:
бензин
,
керосин
,
лигроин
,
парафин
, көптеген иіссу 
түрлері,
кремдер
, парфюмериялық жұмсақ майлар,
дәрі-
дәрмектер
,
пластмасса
, машина дөңгелектері тағы басқа. Ол қуатты әрі 
арзан отын — бір тонна мұнай үш тонна
көмірдің
, 1,3 тонна
антрациттың
, 3,3 
тонна
шымтезектің
қызуына тең.
• Қазір "Қара алтын" деп бағаланатын мұнайдың өзіндік мол тарихы 
бар.
1539
жылы ол тұңғыш рет
Америка
құрлығынан
Еуропаға
тасылатын 
тауарлардың тізіміне кіріпті. Сол жылы
Венесуэладан Испанияға
жөнелтілген 
мұнай тасымалының алғашқы легі бірнеше темір құтыға ғана құйылған жүк 
екен. Ол кезде дәрігерлер оны тек артрит ауруын емдеуге ғана 
пайдаланатын болған.
[1]


Тарихы
• Ертеректе «тас майы» деп аталған мұнайдың болашағы зор 
екенін болжаған орыс ғалымы
М.В. 
Ломоносов
,
Пенсильванияда
ең алғаш рет мұнай ұңғымасы 
бұрғыланғанға дейін жүз жыл бұрын, мұнайдың шығуы жайлы 
өзінің бірегей теориясын ұсынған еді. «Жер қойнауында тереңнен 
орналасқан шымтезекті шөгінділерден жерасты ыстығымен қою, 
майлы материя шығарылып, саңылаулар арқылы ағады... Бұл 
дегеніміз – сирек, әртүрлі сұрыпты, жанатын және құрғақ, қатты 
материялардың пайда болуы, бұл тас майы – мұнайдың негізі...», 
– деп жазады
1763
жылы М.В. Ломоносов.


Лос-Анджелестегі
мұнай 
вышкалары(1896 жыл
Ең жемісті болғаны өткен ғасырдың 
соңында
Д. И. Менделеев
ұсынған 
мұнайдың бейорганикалық шығу 
теориясы еді. Ұлы орыс химигінің айтуы 
бойынша, жер шарының орталық 
ядросы
темір
және құрамдарында 
көміртегі бар басқа металдардың 
қоспаларынан құралады. Жер 
қыртысындағы жарықтардан өткен 
сулардың әсерінен бұл ядро жеңіл 
көмірсуларды –
ацетилен
,
этилен
және т.б. 
түзеді. Жер жарықтары арқылы жоғары 
жер қыртысының суық бөліктеріне 
көтеріле бере олар мұнайдың негізгі 
құраушы бөліктері болып табылатын ауыр 
көмірсулар қоспасына айналады.


Мұнай-газ кендері
• Мұнай-газ кендері
[6]
– бірыңғай құрылымдық элементтермен сипатталатын жеке 
алаң қойнауында орналасқан мұнай мен газ иірімдері шоғырларының жиынтығы. 
Мұнай-газ кендері мұнай немесе газ түрінде және аралас мұнайлы-газды, газды-
мұнайлы кендер түрінде ұшырасады.
• Оқшауланған жеке кендер өте сирек, көбінесе топталған иірімдердің жиынтығы 
түрінде жатады.
Қазақстанның мұнай-газ кендері
геологиялық құрылысы мен 
геотектоникалық дамуы әр түрлі болатын үш мұнайлы-газды аймақта орналасқан. 
Ең көне мұнайлы-газды аймақтың кендері Солтүстік
Каспий
синеклизасымен 
байланысты. Мұнда өндіруге тұрарлық мұнай мен газ жүздеген м-ден 5000 м-ге 
дейінгі тереңдікте жатқан жоғарғы палеозойдан төменгі борға дейінгі шөгінділерде 
орналасқан.

Эпигерциндік платформа
құрамына кіретін
Маңғыстау
мұнайлы-газды облысының 
қабатты кендері — 300 метрден 3000 метрге дейін тереңдіктегі құнарлы 
горизонттар төменгі бордан төменгі юраға дейінгі шөгінділерде орналасқан. Үшінші 
мұнайлы-газды аймақ герцин және каледон қатпарлы құрылымдарының арасынан 
орын алған
Шу

Сарысу синеклизасында
. Мұнда жанғыш және азот-гелий 
газдарының қоры шағын кендері ашылған.


Мұнай өнімдері
• Мұнай өнімдері – көмірсутектер мен олардың туындыларының қоспасы; мұнай мен 
мұнай газдарынан алынатын жеке химиялық қосылыстар. Мұнай өнімдері отын, 
майлар, битумдар, ауыр көмірсутектер және әр түрлі мұнай өнімдері сияқты негізгі
топтарға бөлінеді. Отын негізіндегі мұнай өнімдеріне көмірсутекті газдар
мен
бензин
,
лигроин
,
керосин
,
дизель отыны
,
мазут
, т.б. жатады.
• Майлар – мұнайдың қалдық фракциялары мен ауыр дистилляттарын арнайы 
тазартудан алынады. Ауыр көмірсутектерге парафиндер, церезиндер, озокериттер 
және олардың майлармен қоспасы жатады. Битумдер – гудронды ауамен 
тотықтыру арқылы немесе гудронды тереңдетіп айдау арқылы алынған май 
фракцияларынан кейін қалатын жартылай қатты және сұйық күйдегі өнімдер.

• Әр түрлі мұнай өнімдеріне мұнай коксы, күйе, мұнай пиролизінің әр алуан өнімдері 
(бензол, толуол, ксилол, т.б.), асидолдар, деэмульгаторлар, хлорпарафиндер, т.б. 
жатады. Мұнай өнімдерінің сапасы физикалық және химиялық қасиеттеріне 
байланысты бағаланады.

Document Outline

  • Slide 1: Мұнай өңдеу
  • Slide 2: Мұнай
  • Slide 3
  • Slide 4: Тарихы
  • Slide 5: Лос-Анджелестегі мұнай вышкалары(1896 жыл
  • Slide 6: Мұнай-газ кендері
  • Slide 7: Мұнай өнімдері


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет