Лекция Анатомия Вегетативтік жүйке жүйесі



Дата08.01.2022
өлшемі26.68 Kb.
#454497
түріЛекция
Вегетативтік жүйке жүйесі.


ШК-20-9

Лекция

Анатомия

Вегетативтік жүйке жүйесі.

Вегетативтік немесе автономдық жүйкежүйесі (systemanervosum autonomicum; грек, systema — жүйе, бөліктерден құралған бүтін; лат. nervus — жүйке; грек, autos — өзім, өздігінен; nomos —  заң) — барлық ішкі мүшелер жүйелері мүшелерінің (асқорыту, тыныс алу, зәр бөлу, аталық және аналық көбею мүшелер жүйелері), тамырлар мүшелері жүйелерінің (қанайналым, лимфаайналым, қан жасау мүшелер жүйелері), сыртқы және ішкі секреция бездерінің, бірыңғай салалы ет ұлпасының қызметтерін реттейтін жүйке жүйесінің бөлімі.

Вегетативтық жүйке жүиесі де, жүйке жүйесінің басқа бөлімдері сияқты нейроциттерден және жүйкелік глиядан (нейроглиядан) құралған.

Вегетативтік жүйке жүйесі организмдегі орналасу орындары мен атқаратын қызметтеріне байланысты симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерге бөлінеді.

Олар өз кезегінде жүйке орталықтарынан және шеткі бөлімдерден құралады. Вегетативтік жүйке жүйесінің жүйке орталықтары жұлын мен мида орналасқан: қыртыстық,  қыртысасты және өзіндік жүйке орталықтарына бөлінеді. Вегетативтік жүйке жүйесінің шеткі бөлімін: преганглионды (ганглионалды) миелинді (үлпекті) жүйке талшықтары, экстрамуральды (қабырғадан тыс) және интрамуральды (қабырғалық) жүйке ганглиондары (түйіндері),  постганглионды (ганглионсоңы) миелинсіз (үлпексіз) жүйке талшықтары қүрайды. Вегетативтік жүйке жүйесінің, жүйке жүйесінің сомалық бөлімінен морфологиялық ерекшелігі — оның шеткі бөлімі орталық жүйке жүйесімен екі нейроцит (өзіндік орталық нейроциттері және шеткі жүйке ганглиондарының нейроциттері) арқылы байланысады. Жүйке ганглиондары нейроциттерінің аксондарының эффекторлы ұштары орындаушы мүшелерде аяқталып, оларды жүйкелендіреді (парасимпатикалық жүйке жүйесінің ұштары ішкі мүшелер қабырғаларындағы етті қабықтар мен қабаттарды және бездерді, ал симпатикалық жүйке жүйесінің ұштары— қан және лимфа тамырлары қабырғаларындағы етті қабықтар мен қабаттарды жүйкелендіреді).

Өсімді (вегетативті) жүйке жүйесінің жұмысы адамның еркіне бағынбайды. Сондықтан оны ерте кезде автономды (грекше — өз алдына заң) жүйке жүйесі деп те атаған. «Вегетативті» деген сөз латынша — өсу, қаулап өсу дегенді білдіреді. Ол ағзаның өсуіне қоректенуіне қатысты, жүйке жүйесінің белсенді қозуына қатысты және жыныссыз көбеюді сипаттайды. Сондықтан қазақша «өсімді» деген термин қалыптасқан.

Өсімді жүйке жүйесі ішкі мүшелердің қызметінің бірімен-бірінің үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Ағзадағы зат алмасуды, ішкі ортаның тұрақтылығын реттеп отырады. Ағзадағы түрлі бездердің,қантамырларының және лимфа тамырларының қызметтері де өсімді жүйке жүйесі арқылы реттеледі. Сонымен бірге өсімді жүйке жүйесі қаңқа бұлшықеттерінің қызметін реттеуге де қатысады. Өсімді жүйке жүйесінде рефлекстік доға үш нейрондық (сезгіш, байланыстырғыш, қозғалтқыш) байланыстан тұрады. Өсімді жүйке жүйесінде қозу баяу жүреді, өйткені оның жүйке талшықтарында майлы қабығы болмайды. Өсімді жүйке жүйесінің қызметін ми қыртысының маңдай бөлігі реттеп отырады. Өсімді жүйке жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық деп 2 бөлікке бөлінеді. Симпатикалық (грекше — сезгіш, қабылдағыш), парасимпатикалық (грекше — жанында, қасында).

Өсімді жүйке жүйесі де орталық және шеткі бөлімдерге бөлінеді. Орталық бөлімдері ми мен жұлында болады. Шеткі бөлімдері ми мен жұлыннан тыс жерлердегі жүйке бағанасында, жүйке түйіндерінде, өрімдерінде орналасады.

Өсімді жүйке жүйесі: а) парасимпатикалық бөлігі; ә) симпатикалық бөлігі.



Вегетативтік нерв бөліміне тәндік жүйкемен салыстырғанда бірнеше морфологаялық ерекшеліктер тән.

  1. Вегетативтік нервтер орталық нерв жүйесінің тек қана белгілі бір бөліктерінен ғана — ортанғы және сопақша мидан, жұлынның құйымшақ бөлігінен, басталады. Ал, тәндік (тұлғалық) нервтер орталықтары мидың бағандық бөлігі мен бүкіл жұлын бойында орналасады.

  2. Тұлғалық нервтермен салыстырғаңда вегетативтік нервтердің
    қозғыштығы және қозуды өткізу жылдамдығы төмен болады.
    Вегетативтік нервтерге қозу толқыны секундына 1-30 м жылдамдықпен, ал тұлғалық нервтерде — 60-120 м жылдамдықпен тарайды.

  3. Вегетативтік нерв тамырларда миелин қабығы болмайды,
    олар үлпексіз нервтер, ал тұлғалық нерв тамырлар — үлпекті,
    миелинді құрылым.

  4. Вегетативтік нерв бөлімінің шеткей бөлігі екі нейроннан құралса, тұлғалық нерв бөлімі жалғыз нейронды құрылым. Вегетативтік нерв тамырлар өздері нервтендіретін мүшелерге жетпей арнаулы түйіндерде үзіледі. Сондықтан, олар түйін алды (преганглийлік) және түйіннен соңғы (постганглийлік) талшықтарға бөлінеді. Түлғалық нерв тамырлар өздері нервтендіретін мүшелерге еш жердеүзілмей жетеді. Вегетативтік нерв жүйесінің әр түрлі бөлімдерінің өздеріне тән ерекшеліктері болады.

  5. Симпатикалық және парасимпатикалық нервтер орталығы
    нерв жүйесінің әр түрлі деңгейінде орналасады. Симпатикалық
    нерв орталықтары жұлын сұр затының көкірек және бел омыртқалық бөлімдерінің бүйір мүйіздерінде орналаса, парасимпатикалық орталықтар ортаңғы және аралық ми мен жұлынның құйымшақ бөлімінде орын тебеді.

  6. Симпатикалық нерв бөлімінің түйіңдері өздері нервлендіретін
    мүшелерден тыс орналаса, парасимпатикалық түйіндер ағзалардың
    өзінде орнығады.

  7. Симпатикалық бөлім әмбебап келеді, барлық мүшелерді
    нервтеңдіреді. Парасимпатикалық бөлім әмбебап емес тері тамырлары, тер бездері, бүйрек үсті бездері, зәр ағарлар, көк бауыр, қаңқа
    еттері парасимпатикалық нервтермен нервтенбейді.

  8. Симпатиклық нервтерге мультипликация (көп тарамдалу)
    құбылысы тән түйінен соңғы талшықтар саны түйін алды талшықтар санынан әлдеқайда көп болады. Парасимпатикалық нервлер айтарлықтай көп тарамдалмайды.

  9. Симпатикалық нервтердің эфференттік талшықтары парасимпатикалық нерв талшықтарынан ұзын келеді. Симпатикалык, нерв үштары эрготоксинмен, ал парасимпатикалық жүйке ұштары — атропинмен жансызданады.

  10. Симпатикалық нервтер қозу толқынын симпатин, ал парасимпатикалық нервтер — ацетилхолин медиаторы арқылы таратады. Бірақ қазіргі кезде қозу барысында кейбір симпатикалық нерв
    ұшының ацетилхолин, ал парасимпатикалық нерв ұшының,
    керісінше, норадреналин бөлетіні дәлелдеген. Осымен байланысты
    вегетативтік нервтер холинергиялық және адренергиялық болып
    екі топқа бөлінед. Холинергиялық нервтер өз қызметін ацетилхолин ал адренергиялық нервлернорадреналин бөлу арқылы
    атқарады.

                      Вегетативтік рефлекстер бірнеше топқа бөлінеді.

  1. Экстерорецепторлардан басталып, ішкі ағзалар мен тамырларда
    аяқталатын рефлекстер. Бұл рефлекстер организмде жылу алмасуды,
    қуаттың алмасуын, қимыл әрекетгерінің вегетативтік құрамаларын
    қамтамасыз етеді.

  2. Бір интерорецептордан басталып, басқа ішкі ағзаларда аяқталатын рефлекстер. Бұл рефлекстер тобына қан тамырларының
    рефлексогеңцік аймақтарының тітіркенуі салдарынан жүрек қызметінің
    өзгеруін, қарын мен ішек керілген кезде сілекей бөлудің күшеюін
    қамтамасыз ететін рефлекстерді жатқызуға болады.

  3. Бір ағзаның интерорецепторларының тітіркенуінен басталып,
    сол ағзаның өзінде аяқталатын рефлекстер. Оларға жүрек қызметі
    мен тамыр тонусының оздігінен реттелуін, қуықтың босауын қамтамасыз ететін рефлекстер жатады.

Аксон-рефлекстер, немесе ОНЖ-нің қатысуынсыз атқарылатын рефлекстер. Бұл жағдайда рецепторларда пайда болған тітіркеніс
афференттік талшықтар арқылы түйінге дейін жетеді де, одан әрі
эфференттік симпатикалық не парасимпатикалық жолға ауысады.
Организмнің вегетативтік қызметі көп деңгейлі құрылым арқылы реттелінеді. Бастапқы реттеу тетігі ВЖЖ-нің қабырғалық (интрамуральдық) түйіндерінде орналасады. Бұл түйіндер қарапайым, төменгі деңгейдегі вегетативтік орталықтар қызметін атқарады және оларға белгілі дәрежеде автоматия қасиеті тән. Қабырғалық түйіңдер мүшенің өзімен ғана шектелетін ағзалық рефлекстерді реттейді.

Вегетативтік қызметті реттеудің екінші деңгейі мүшеден тыс орналасқан ОЖЖ-нің шеткі түйіндерінің (қүрсақтық түйін, симпатикалық шекаралық баған түйіндері) қатысумен қамтамасыз етіледі. Үшінші деңгейді жұлын мен ми бағанында орналасқан вегетативтік орталықтар құрайды. Ал, организмнің күрделі әрекеттеріндегі вегетативтік және тұлғалық функциялар арасындағы үйлесімдік гипоталамуста, лимбика жүйесінде және ми қыртысында орналасқан жоғары деңгейлі реттеу орталықтарының қатысуымен қалыптасады.

Сопақша мида тыныс алу, қан айналым, ас қорыту үрдістерін реттейтін орталықтар орналасады. Жұтыну, құсу, түшкіру, жөтелу сияқты рефлекс түрінде атқарылатын реакцияларды ретгейтін орталықтар да осы сопақша мида орын тебеді.

Гипоталамуста гомеостазды қамтамасыз ететін, зат алмасу үрдісін (су мен түздардың, комірсулардың, белокгардьщ, майлардың) ретгейтін орталықтар орналасады. Гипоталамус эндокриндік, вегетативтік және дене түлғасының қызметін біріктіретін, үйлестіретін құрылым бо-лып есептеледі. Гипоталамустың артқы ядроларын тітіркендіргенде симпатомиметикалық эффекг байқалады (көздің қарашығы кеңейіп, жүрек жұмысы жиілейді, артериялық қысым жоғарылап, ас қорыту ағзаларының қимылы бәсендейді, қан қүрамында қант мөлшері көтеріледі). Ал оның алдыңғы ядроларын тітіркендіргенде парасим-патикалық бөлімнің қызметін ретгейтін нейрондар қозып, қарама-қарсы қүбылыстар байқалады. Ортаңғыядролардытітіркеңдіргенде, немесе зақымдағанда, зат алмасу үрдісі бүзылады. Гипоталамустың медиальдық бөлімінде қан қүрамындағы өзгерістерді (температура, осмостық қысым, гормон статусының ауытқуы т.б.) бақылап отыра-тын ерекше рецепциялық нейрондар (осморецепторлар, терморецеп-торлар) орналасады.



Вегетативтік рефлекстерді реггеуге лимбикалық жүйе де қатыса-ды. Мүнда ішкі ағзалар қызметін үйлестіретін жоғары деңгейдегі орталық орналасады. Лимбикалық жүйе вегетативтік қасиет тән өр түрлі эмоцияларды, мінез реакцияларын (қимыл — әрекет, қоректе-ну, қорғаныс) қалыптастыруға қатысады.

Әр түрлі вегетативтік реакциялар ми қыртысының түрлі бөліктерін тітіркендіргенде де байқалады. Ми қыртысы вегетативтік функциялардың жетік реттелуін, олардың күрделі әрекеттерге сәйкестенуін бағалап, бағыттап отырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет