Лекция Қазақстан Республикасы Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік жүйесі (МӨЖ) Лекцияның мазмұны 1 Ө



бет20/27
Дата05.09.2023
өлшемі292.5 Kb.
#476620
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27
Метрология дәріс

Сәйкестік сертификаты - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжат.
Сәйкестік туралы декларация - дайындаушы (орындаушы) айналысқа шығарылатын өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат.
Сәйкестік туралы декларация да, сәйкестік сертификаты да бірдей заңды күшке ие болады.
Сәйкестігі сәйкестік сертификатымен немесе сәйкестік туралы декларациямен расталатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің (жұмыстардың) тізілімдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.
Міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдерді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сәйкестік сертификатысыз және (немесе) сәйкестік Белгісісіз немесе сәйкестік туралы декларациясыз босатуға тиым салынады.
Міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдерді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, егер олар Қазақстан Республикасында сертификаттаудан өтпеген болса жарнамалауға (реклама жасауға) тиым салынады.
Сертификаттау жөніндегі заңнаманы бұзған тұлғалар ҚР заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.


Сәйкестікті растау мақсаттары.
Сәйкестікті растау мақсаттары болып табылады:

  • өнімнің, процестердің, жұмыстардың, көрсетілетін қызттердің адамның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіздігін, азаматтардың мүлкінің және қоршаған ортаның сақталуын қамтамасыз ету;

  • өнімнің, көрсетілетін қызттердің сапасы тұрғысынан тұтынушылардың мүддесін қорғау;

  • саудада техникалық кедергілерді жою, өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің ішкі және сыртқы рыноктағы бәсекелестігін қамтамасыз ету;

  • жеке және заңды тұлғалардың Қазақстанның тауарлар рыногындағы іс- әрекеттері үшін, сондай-ақ халықаралық экономикалық, ғылыми- техникалық ынтымақтастыққа және халықаралық саудаға қатысуына қажетті жағдайлар тудыру.

Бұдан басқа сертификаттаудың мақсаттарына мыналарды жатқызуға болады:

  • тұтынушылардың сапалы өнімдерді (көрсетілетін қызметтерді, жұмыстарды) таңдап алуына жәрдемдесу;

  • тұтынушыларды әділетсіз өндірушіден (сатушыдан, орындушыдан) қорғау;

  • шығарушы (орындаушы) ұсынған өнімнің (көрсетілетін қызметтің, жұмыстың) сапалық көрсеткіштерін куәландыру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет