Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Педагогика және білім берудегі менеджмент факультеті
Психология және арнайы білім беру кафедрасы
Тақырып: Инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық құжаттары
Дайындаған:Төлегенова Дильназ
Арнайы педагогика-302
Тексерген:Рыстыгулова А.Т.
Ақтөбе 2023жыл
Жоспар:
Инклюзивті білім беру бойынша Халықаралық құжаттар.
Қазақстан Республикасының заңнамалық базасы.
Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқығы көп уақыт бойы халықаралық қауымдастықтың назарында болып келді. Қазіргі уақытта көтеріліп отырған жалпы проблемаға байланысты біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан Адам құқығы туралы декларация, Мүгедектердің құқығы туралы декларация, Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген тұлғалардың құқығы туралы декларация, Бала құқығы туралы конвенция, Мүгедектердің мүмкіндігі мен ережелерін сақтаудағы тең құқығын сақтаудың стандартты ережелері түріндегі бірқатар нормативтік құжаттар жасақталған.
1989 жылғы 20 қарашадағы Бас Ассамблеяда Бала құқығы туралы конфенция қабылданып, баланың мүмкіндігін әлемдік деңгейде сақтай білу, оны дамытудың қажеттілігі қабылданды. Конвенцияның негізгі мақсаты - максималды түрде баланың қызығушылығын сақтау. Конвенцияның ережелері маңызды төрт талап негізінде (өмір сүруге қабілеттілік, даму, қорғау, қоғамдағы белсенді өмір сүруін қамтамасыз ету) қарастырылды. Конвенцияның 23-ші бабында «мүмкіндігі шектеулі баланың өмір сүруіне жағдай жасау» туралы мәселелер көтеріледі. Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім
алуы, кәсіби еңбекке дайындығы, оларға медициналық көмек көрсету, денсаулығын нығайтудағы қажеттіліктердің қанағаттандырылуы туралы баса айтылады.
Саламандық декларацияда (1994) «инклюзия» - бұл білім беруді дамытудағы басты бағыт деп есептеген. Инклюзивті білім беру жүйесінің ерекшелігі әрбір баланың қажеттілігі мен мүмкіндігіне қарай бейімделуге міндетті, бірақ жалпы білім беру мектептерде біріктіріп оқытумен қатар кейбір балалар арнайы мекемелерде білім алады. Жоғарыда аталған халықаралық құжаттарды жүзеге асыру нәтижесінде тоқсаныншы жылдары білім беру жүйесінде «инклюзия», «инклюзивті білім беру», «инклюзивті амал» бағыттары дами бастады. Қазақстан Республикасының арнайы білім беру жүйесі 90-шы жылдарда мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік бейімделуін жетілдіру мақсатында халықаралық құқықтық актілер қабылданды, олар “Бала құқықтары туралы Конвенция” (1989) және “Мүгедектердің құқықтарының тепе-теңдігін қамтамасыз ету туралы ережелер” (1993), білім алуда ерекшеқажеттіліктері бар балаларға арнайы білім беру және жағдайын реттеу үшін “Саламандық декларация” (1994).
2002 жылғы «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналықпедагогикалық түзете қолдау туралы» заңы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен
тәрбиелеу, еңбек және кәсіби даярлығына байланысты проблемаларды шешуде тиімді
жүйені құруға бағытталған қолдау көрсетудің әдістері мен формасын анықтайды.
Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді Мемлекеттік бағдарламасында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты мәселелерді шешу жолдары айқын көрініс тапты. Олар төмендегідей: Арнайы білім беру ұйымдарын, түзету және инклюзивті білім беру кабинеттерін, арнайы балабақша және мектеп, ата-аналарға кеңес беру пунктерін сақтай және кеңейте отырып ерте жастан түзете-педагогикалық қолдау көрсету. Білім беру жүйесінде білім алуға мүмкіндігі жоқ, үй жағдайында білім алатын мүмкіндігі шектеулі балаларды қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру және жеке бағдарлама құрастыру. Мұғалімдердің қазіргі таңдағы жаңа технологиялық құралдармен жұмыс жасау біліктілігін арттыруда және жаңа білім беру жүйесінде кәсіби құзыреттілігін дамытуда қайта даярлану мен арнайы курстардан өткізу. Балабақша және жалпы білім беру мекелерінде мүмкіндігі шектеулі әр балаға «тосқауылсыз» жағдай мен ортаны құру.
Достарыңызбен бөлісу: |