Лекция Философияның пайда болуы және дамуы- 4сағат. 1-2 апта



Pdf көрінісі
бет78/81
Дата21.11.2022
өлшемі3.51 Mb.
#465335
түріЛекция
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81
darister 1-15

Моральдық құндылықтар  
Әрине, адамның ішкі рухани өмірінде жақсылық, абырой, ар-намыс, парыз сияқты моральдық 
құндылықтардың бар екенін ешкім де теріске шығармас. Осы және т.с.с. рухани 
құндылықтарды жан-дүниесінде сақтап қалу үшін ол көп нәрселерден айырылуға дайын. 
Біздің ойымызша, моральдың арқауын “тұлға мен қоғам” арасындағы қарым-қатынастардан 
іздеу керек. Өйткені, адам басқа кісілермен сан-алуан байланыс, өзара іс-әрекетке түсіп қана 
өмір сүре алады, ол оның әлеуметтік табиғатын көрсетеді. Бұл арада моральдық сананың 
ережелік, нормативтік ерекшелігін алға тартуға болады, өйткені, күнбе-күнгі адамдардың 
миллиондаған іс-әрекетін ретке келтіру үшін олар ереже, қағида, идеал ретінде қорытылады. 
Моральдық сана шындықты алдын-ала болжай алады, оның


талаптары күнделікті өмірлік қатынастардың әр жағына өтіп, бізді тиістік әлеміне әкеліп 
тірейді.
Бұл арада біз моральдың аксиологиялық (құндылық) жағына келіп тірелеміз. Расында да, 
моральдық норма арқылы ғана өзіңнің, я болмаса, басқаның жүріс-тұрысын бағалауға 
мүмкіндік аласыз. Олай болса, ол тек қана бізге қоғам өмірінде өзіңді қалай ұстау керек екенін 
көрсетіп қана қоймай, адамның ішкі руханиятының ажырамас бөлігіне айналады. Моральдық 
қағидалар адамдардың мәндік қасиеттерін құрайды. Сондықтан, адамның моральдық 
қағидаларды таңдап оны өз құндылықтарына айналдыруы оның өмір бағыты мен өмір салтын 
анықтайды. Сол себепті, саясаттан бастап нақтылы күнбе-күнгі адамдардың қарым-
қатынасына дейін барлық әлеуметтік құбылыстар моральдық тұрғыдан бағаланады.
Моральдық қағидалар біздің алдымызға абстрактылық жалпыға бірдей талаптар қояды. 
Өмірдегі нақтылы қарым-қатынастар оның мазмұнын біршама өзгертуге мәжбүр етеді. 
Мысалы, ерлік пен батылдық - абстрактылық тұрғыдан алғанда – жақсы құндылықтар. Қиын-
қыстау жағдайларда әр азамат өз елін қорғау жолында бұл қасиеттерді көрсете білу керек. 
Сонымен қатар, батылдық жемқор шен иелерінің, я болмаса, қылмыскерлердің де қасиеті 
болуы мүмкін. Уақытында Гитлер неміс халқына “мен сіздерді ар-ұждан сияқты құбыжықтан 
босатамын”,- деген болатын. Осы уақытқа дейін фашизмнің жасаған сансыз зұлымдығы 
адамзаттың есінде қалуда. Өз халқымен күресіп, оны тарихтағы болмаған қуғын-сүргінге, 
репрессияға ұшыратқан сталиндік тоталитаризмге де сондай баға беруге болады. 
Дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей, қандай да болмасын тоталитарлық қоғам мен бүкіл 
адамзаттық моральдық қағидалар ешқашанда бір-бірімен ымыраға келмейді.
Бұл арада біз моральдың бүкіл адамзаттық қарапайым қағидаларына келіп тірелдік. Олар бір 
қарағанда тұрпайы сияқты болғанымен қазіргі адамзат тағдырына өте маңызды болып отыр. 
Өйткені, тек қана бірлесіп, сабырлық пен төзімділік, қайырымдылық көрсетіп, зұлымдыққа 
жол бермей, мемлекеттер арасындағы қайшылықтарды шешіп, ядролық соғыс пен 
экологиялық апатты болдырмауға болады. Сол сияқты нақтылы адами қарым-қатынастарда да 
төзімділік пек адалдықтың, біреудің қайғысына ортақ болу, аяушылық, үлкенді сыйлау, әке-
шешеге риясыз құрмет көрсету т.с.с. құндылықтардың маңыздылығын асыра бағалау қиын.
Моральдық саланың ең биік көрінісі – сүйіспеншілік. Тек сол арқылы ғана адами болмысқа 
жетуге болады. Керісінші жағдайда адам толыққанды өмір сүре алмайды. Оны 
шығармашылыққа жетелейтін, өмірді терең түсінуге жол ашатын, басқалардың терең ішкі 
сырын аша алатын – тек қана сүйіспеншілік.
Көне грек ойшылы Эмпедокл алғашқы рет сүйіспеншілік ұғымына ғарыштық мән беріп, оны 
жек көрушілікке қарсы қойды. Оның ойынша, алғашында Ғарыш сүйіспеншіліктің негізінде 
сапа жағынан әлі бөлінбеген біртұтастықты құрайды. Содан кейін жаугершілік 
сүйіспеншілікті ысырып біртектілікті бір-біріне қосып, әртектілікті бір-бірінен ажыратады. 
Келесі сатыда сүйіспеншілік қайта оралып әртектіні бір-бірімен қосып біртектілерді бір-
бірінен ажыратады. Соның арқасында тіршілік дүниеге келеді екен. Эмпедоклдың ойларының 
түйіні мынада: Дүние қайшылықты жаратылған. Заттар мен құбылыстардың қарама-қарсы 
жақтары бір-бірінсіз өмір сүре алмайды, бір-бірін тартып (Эмпедоклдың сүйіспеншілігі), 
сонымен қатар, өз болмысын сақтау жолында – итереді (жаугершілік). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет