АЛЛЕРГИЯ ТҮРАЛЫ ТҮСІНІК
Аллергия - ағзаның әртүрлі агенттерге арнайы жоғарғы сезімталдығы. Ағзада жоғары сезімталдық тудыратын заттар аллергендер деп аталады. Бұлар микроорганизмдер: бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар; микроб клеткасының ыдырау өнімдері белоктар (жұмыртқа, сүт, т.б.), саңырауқұлақтар. Бұлардың бәрі сапалы антиген деп аталады. Сонымен қатар гаптендер де аллерген болады - бұлар ағзада белоктармен қосылысқа түскеннен кейін пайда болған аллергендер.
1. Өндірістік аллергендер (бояулар, лактар т. б )
2. тұрмыстық аллергендер (шац, иттер мен мысықтардың жүндерді, көпшіктің шаңы, жүні т.б )
3. өсімдіктер аллергені (өсімдіктер гүлденуі, шандары)
4. дәрі- дәрмектер ( антибиотиктер, аспирин т.б)
Аллергия негізінде қарсыдене - қарсытек реакциясы жатыр. Ағзаға бірінші рет енгенде кейбір аллерген қарсыдене түзеді, кейбіреуі Т- лимфоцитгі сезімталдандырады. Бұл аллергендер ағзаға қайта енгенде ағзаның сезімталдығы жоғарылайды. Барлық аллергиялық реакциялар 2 -ге бөлінеді:
жедел дамитын жоғары сезімталдық реакциясы
баяу дамитын жоғары сезімталдық реакциясы
Достарыңызбен бөлісу: |