Лекция жинағы Пәні: «Жаңа ақпараттық технологиялар»



бет11/59
Дата26.09.2023
өлшемі7.95 Mb.
#478719
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   59
Жаңа ақпараттық технологиялар

Жұмыс столы
Жұмыс столы-екінші негізгі үғым. Жұмыс столы ұғымы қазіргі барлық операциялық жүйелер (Windows OS/2 Macintosh) компьютерлеріндегі интерфейсінің элементі болып саналады. Windows ортасында жұмыс столының рөлін дисплей экраны атқарады. Онда жүмыс істейтін программалардың терезелері, қүжаттардың жеке файлдары шартбелгілер (немесе бергілер) түрінде орналасқан.
Шартбелгілер, жарлықтар, бумалар.
Шартбелгі (icon) - бұл экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне. Ол дисплей экранындағы програманы, терезені, функцияны, файлды т.б бейнелеп тұруы мүмкін. Әр шартбелгі бір терезеге сәйкес келеді және ол қажет болғанда үлкейту батырмасы арқылы терезеге айналады. Экранда мынадай шартбелгілер кездеседі:
• қосымша (қолданбалы) программалар шартбелгісі;
белгілі бір топтар шартбелгісі;
• функциялар шартбелгісі;
Жарлық (shortcut) - бүл белгілі бір обьектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл. Мысалы, жарлық арқылы каталогтың, желідегі дискінің ішіндегісін көрсетуге болады, тез арада басқа каталогта орналасқан программаларды іске қосуға, файлды да жылдам ашуға болады жэне т.б. Жарлықты пайдаланғанда негізгі объектілердің өздері (файлдар, каталогтар жэне т.б.) ез орындары ешбір өзгеріссіз тұрады. Ал сол объектілер мен қатынас жасау Shortcut файлында сақталатын информацияның көмегімен іске асырылады. Мысалы, егер жүмыс столында файлдың (каталогтың) өзі орналастырылған болса, онда олардың бірін жою командасьш қолданған кезде ол дискіден жойылады. Ал егер де сіз жүмыс столында Shortcut шарт белгісін орналастырып оны артына өшірсеңіз, онда жарлық беріп тұрған командалық файл жойылады да, бастапқы файлдар ешбір өзгеріссіз қалады.
Іске қосу (Пуск)- Windows-тың бас мәзірін экранға шығару түймесі. Ол үшін түймені бір рет шерту жеткілікті. Оның құрамындағы жеке мәзірлер:
Microsoft Office құжатын ашу
Microsoft Office құжатын құру
Программалар
Құжаттар
Бапқа келтіру
Іздеу
Анықтама
Орындау…
Жұмысты аяқтау…


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет