Лекция жинағы Пәні: «Жаңа ақпараттық технологиялар»



бет1/59
Дата26.09.2023
өлшемі7.95 Mb.
#478719
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
Жаңа ақпараттық технологиялар


Ф.7.03-29


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ


Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті


«Информатика және математика» кафедрасы

Лекция жинағы

Пәні: «Жаңа ақпараттық технологиялар»

Құрастырушы: ж.ғ.м., аға оқытушы
Борибекова Г.Б.


Шымкент-2023ж.


ЛЕКЦИЯ №1


Тақырыбы: Кіріспе. Мәліметтер қорының пайда болу және даму тарихы.


ЛЕКЦИЯ ЖОСПАРЫ:

Информация және информатика туралы жалпы мағлұмат.

1.Информациялық қызмет көрсету

2.Информациялық жүйелер


3.ЭЕМ-нің даму кезеңдері
4. Компьютер жұмысының принципі
5. Информацияның өлшем бірлігі

Барлық адамдар күнделікті тіршілікте информация алмасу процесіне қатысады. Кітап, газет және журнал оқығанда, радио тыңдап, теледидар көргенде, мұғаліммен, ата-аналармен, достарымызбен әңгімелескенде әртүрлі информация алмасамыз.


Информация жазу мүмкіндігі пайда болғаннан бастап, информация алмасу тек ауызба ауыз айтумен немесе әртүрлі қимылдармен ғана емес, оқу-жазу арқылы да беріле бастады. Оқи білу және ойын жазып жеткізе білу адамзаттың сауаттылығының белгісі бола бастады. Ойды жазып қалдыру тек мағлұмат пен хабар алмасу ғана емес, адамзаттың ізгі қазыналарының ұрпақтан ұрпаққа жеткізу мүмкіндігін берді.
XV ғасырда мәліметті қағазға басып шығару станогының пайда болуы кітап шығару ісін жолға қойып, адамзаттың алтын ойларын тікелей көпшілікке жеткізу мүмкіндігін жасады. Кітаптарды, оқулықтарды көптеп басып шығару, көпшілік кітапханаларының ашылуы адамзаттың жалпы сауаттылыкқа жетелеп, мәдениеттің жаңа даму кезеңін бастады деуге болады.
ХІХ-ХХ ғасырлардағы телеграфтың, телефонның, радионың шығуы информацияны кез келген қашықтыққа жарық сәулесінің таралу жылдамдығымен жеткізуге мүмкіндік берді. Ал теледидардың шығуы, үйде отырып-ақ, дүниеде не болып жатқанын біліп, кино, спектакльдерді көріп, оқып үйрену бағдарламаларын жеткізеді. Информацияның сандық, мәтін, кесте, сурет сияқты түрлі түрде көрсетіп, жинастыруға болады. Мысалы, өсімдіктердің билогиялық қасиеттерін зерттеп, нәтижесін кесте түрінде дайындау, рентген сәулелері арқылы адам организмі кескінін суретке түсіру, мәліметтік информацияны газет, журнал беттерінде басып шығару, т.б. Информация кез келген түрде бізге белгілі бір мағлұматтар бере алады. Мәліметтерді іздеу мен өндеудің бұрын болмаған жаңа мүмкіндіктерін XX ғасырдың ортасында шыққан электрондық есептеу машиналары (ЭЕМ-ді компьютер деп атайды) берді. Автоматты құрылғының не адамның өңдеуіне бейімделіп дайындалған сандық, символдық, мәтіндік, т.б. информацияны деректер не берілгендер деп атайды. Оларды дамыта отырып, архив жасау ісінде, тексттерді теріп түзетуде, сызу мен графикалық жұмыстарда, өндірісті автоматтандыруда және де басқа адамның көптеген қызмет салаларында қолдана бастадық.
Мақсатқа жету үшін информацияны ЭЕМ-де арнайы ережелер бойынша түрлендіруді өңдеу деп атайды. ЭЕМ арқылы берілгендері өңдеу машинаға түсінікті нұсқаулар тізбегі программа арқылы жүргізіледі.
Жалпы, күрделі информациямен жұмыс істеу үлкен еңбекті қажет ететін болғандықтан, әдетте ол алдымен программалау тілі арқылы автоматты түрде түрлендіріледі.
Түрлі салаларда жиі пайдаланатын деректер көп болғандықтан олар әртүрлі материалдардан тұратын магниттік таспаларға, дискілерге жазылып, сақталып қойылады. Мұндай материалдар тасымалдаушылар делінеді.
Сақтаулы информацияны іздеп, оны тұтынушыларға жетікізіп беру информациялық қызмет көрсету деп аталады.
Информациялық қызмет көрсетуде компьютерді пайдалану түрлері көп. Мысалы:

  • Абоненттің телефон нөмері сұралған кезде компьютерде жазулы телефондар анықтамалығын пайдаланып жауап беру;

  • Үлкен қалаларда транспорт билеттерін сатуды ұйымдастыру (әр рейске сатылған және бос орындар компьютерге тіркелетіндіктен оларды пайдаланып, билет сатуды ұйымдастыру қиын емес);

  • Байланыс каналдары бойынша қосылған компьютерлер желісі арқылы түрлі мәліметтерді, іс-қағаздарды, фотосуреттерді бір қаладан екінші қалаға жіберу;

  • Медицина саласындағы компьютерге енгізілген сараптаушы жүйенің білім қорын пайдаланып, адам ауруының түрін анықтау және емдеу тәсілдерін белгілеу;

  • Пайдаланушы құжаттарын компьютердің баспа құрылғысы(принтер) арқылы қағазға басып шығару, т.б.

Қазіргі кезде информацияны тиімді түрде пайдаланушылар дүние жүзінде негізгі орын алып келеді. Мұндай қоғам информациялық қоғам делінеді. Жақын келешекте қоғамның информациялық болатыны сөзсіз.
"Информация" термині латынның түсіндіру, баяндау, білу деген ұғымдарды білдіретін information сөзінен шыққан. Информацияны біз ауызша немесе жазбаша түрде, қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз. Кез келген керекті информацияның мағынасын түсініп, оны басқаларға жеткізіп, соның негізінде белгілі бір ой түйеміз.
Информатика — ЭЕМ арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану зандылықтары мен тәсілдерін зерттейтін және Интернет жүйесін пайдаланатын комплексті ғылым.
Информатиканың негізгі объектісі, яғни оның шикізаты мен беретін өнімі информация болып саналады. Сондықтан "информация" ұғымы информатика мен ЭЕМ-де жұмыс істеудің ең түбегейлі атауларының бірі болып табылады.
ЭЕМ-нің техникалық мүмкіндіктерін пайдаланып информацияны жинақтау, өңдеу және оны пайдаланушыларға жеткізіп беру тәсілдерін информациялық не компьютерлік технология деп атайды. (tehno (техно)-шеберлік, logos(логия)-ілім).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет