Лекция. Корреспонденцияның өзгешеліктері



бет1/6
Дата08.02.2022
өлшемі61.5 Kb.
#455211
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6
3- лекция журналистика стиль и масс


3-лекция. Корреспонденцияның өзгешеліктері.

Зерттеуші – ғалымдардың дәлелдеуі бойынша, корреспонденция репортажға жақын, сол сияқты оның бойынан мақал мен очерктің де элементтері кездесіп қалады. Бірақ, оның да өзіндік жазылу шеңбері, сөз қолдану жүйесі бар. Корреспонденцияның стилдік әрі жанрлық ерекшелігі материалды жинап, қорытуынан, оқырманға ұсыну үлгісінен байқалады. Бұл жанр газет бетінде көп кездеседі. Ол негізінен озат адамдардың істерін үлгі етіп, жақсы тәжірибелерді көпшілікке насихаттайды.

Корреспонденция көбіне баяндау стилімен жазылады. Оқиға, болмысты, фактіні, өзіндік жүйесімен логикалық байланыста баяндайды.

Баспасөз бетінде қазір көбіне проблемалық корреспонденциялар жиі жарияланып жүр. Бұл бүгінгі таңдағы экономикалық жағдайларға тікелей байланысты болуы керек.

Корреспонденция үнемі жаңғыртылып, желпіндіріліп жазылуы қажет. Бірқалыптылық, бірізділік оған жат көрініс. Керісінше, бұл жанрдың тіліне мақал – мәтел, қанатты сөз, эпитет, келісті көріністерді суреттеу тән. Корреспонденцияның тағы бір ерекшелігі ол нақты фактінің жанры болғандықтан, көрген, әбден зерттеген объекті немесе субъектісін шындықпен әр қырынан алып суреттейді.

Баспасөз беттерінде өзінің тұрақты оқырмандарын қалыптыстыру үшін корреспонденцияларды белгілі бір айдарлардың аясына топтастыру арқылы береді. Мұндай жағдай, оқырманның көп әуреленбей, оны жылдам тауып оқуына себеп болады. Көбіне, оларға қойылатын айдарлар бір – бірлеріне ұқсас болып келеді. Өйткені, сол тақырып арқылы оқырман алда сөз болатын информациядан түсінік алуға тиіс. Яғни, бұл жерде тақырып мәтіннің мазмұнын ашып көрсететіндей дәрежеде болуға тиіс. Корреспонденцияның грамматикалық формасы тек жалғыз бастауыш немесе сын есіммен бірлескен бастауыш, тағы да басқа сөз топтарымен байланысқан бастауыш, кейде қос бастауыш түрінде болып келеді.

Сондай-ақ, бастапқы жолдар да корреспонденцияда үлкен роль атқарады. Себебі, онда бұл жанрда берілетін информация туралы қысқаша сипаттама беріледі.

Композициялық, мағыналық, стилистикалық тұрғыдан алғанда корреспонденция мәтіндегі бастау (зачин) бірнешеге бөлінеді. Мұнда бастау айтарлықтай орын алмаса да, оқырманға проблеманы түсіндіру, өте маңызды, ол корреспонденциядағы негізгі сұраққа жауап беру қызметін атқарады. Жалпы алғанда, бастау мәтіні оқуға түрткі болуға тиіс. Олардың стилистикасына, мәтіні мен ара қатысына қарап төмендегідей топтарға бөлеміз:



  1. Суреттеме бастау.

  2. Сюжетті бастау.

  3. Ақпаратты бастау.

  4. Көріністі суреттейтін бастау.

  5. Сілтеме (отсылочный) бастау.

Корреспонденция жанрының екінші бір ерекшелігі оның аяқталу түйінінің болуында жатыр. Бұл жанрдың құрылымдық негізінде түйіндеудің орны ерекше болып келеді. Өйткені, мұнда қорытынды болуы шарт. Қорыта айтқанда, түйіндеуде корреспонденцияның мазмұнын ашатын ойдың қысқаша дәні берілуі тиіс.

Мәтінмен байланысына, грамматикалық безендірілуіне (модальдық) және стилистикалық бояуларына қарай түйіндеулерді мынадай реттіктермен қарастыруға болады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет