Қазақстандағы қайталанған қылмыстылық: криминологиялық аспектілері және алдын алу мәселелері Дипломдық жұмыстың мақсаты қылмыс рецидивінің құқықтық түсініктемесін ашып, ол бойынша ғалымдардың рецидивке байланысты айтылған пікірлеріне талдау



бет1/4
Дата10.06.2022
өлшемі73.09 Kb.
#459086
түріДиплом
  1   2   3   4
Рауан диплом


Қазақстандағы қайталанған қылмыстылық: криминологиялық аспектілері және алдын алу мәселелері
Дипломдық жұмыстың мақсаты қылмыс рецидивінің құқықтық түсініктемесін ашып, ол бойынша ғалымдардың рецидивке байланысты айтылған пікірлеріне талдау жасау, рецидивті тиісті критейлер бойынша жіктей отырып, оны саралау мәселелеріне көңіл бөлу, рецидив үшін жауаптылық мәселесін қарастыру.
Жұмыстың құрылымы:
Дипломдық жұмыстың алдына қойған мақсаттарды шешу үшін зерттеу жұмысы рационалды түрде тиісті тарауға бөлінген. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, жеті тараушадан, қорытындыдан және осы жұмысқа пайдаланылған әдебиеттердің библиографиялақ тізімінен тұрады.
Бірінші тарау «Қылмыстың рецидиві қылмыстың көптілігінің бірі ретінде және оның қылмыстық құқықтық маңызы» деп аталады және жалпы рецидивке қылмыс көптілігінің бір түрі ретіндегі түсініктеме беріледі.
Екінші тарау «Қылмыс рецидивінің түрлері және жауаптылық мәселелері» деп аталады және осы тарауда рецидивті жіктеу, ол бойынша әрекеттерді саралау мен рецидивке байланысты жауаптылық тағайындау мәселелеріне арналған.
«Қылмыс рецидивінің криминологиялық сипаттамасы» деп аталатын үшінші тарауда қылмыскер-рецидивисттің жеке тұлғасының ерекшеліктеріне көңіл аудара отырып, қылмыс рецидивіне әсер ететін себептер мен шарттарға тоқталып, қылмыс рецидивінің алдын алудың қылмыстық-құқықтық құралдарына сипаттама беріп өттік.
Қылмыстардың көптігі мына түрлерге бөлінеді:
1) Қылмыстардың бірнеше мәрте жасалуы;
2) Қылмыстардың жиынтығы;
3) Қылмыстың қайталануы.
ҚК-ң 11-бабына сәйкес «Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің белгілі бір бабында немесе бабының бөлігінде көзделген екі немесе одан да көп әрекетті жасау – қылмыстардың бірнеше рет жасалуы деп танылады».
Теория жүзінде де, тәжірибе жүзінде де қылмысты бірнеше рет жасау екі түрге бөлінеді: жалпы және арнайы.
Жалпы қайталану деп – істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігінің мәні мен дәрежесіне қарамастан кез келген басқа бір қылмысты қайталап жасаушылықты айтамыз. Жалпы бірнеше рет қайталану қылмыстардың саралануына әсер етпейді, бірақ жаза тағайындау кезінде сот бұл жағдайды жауаптылықты ауырлататын мән-жай ретінде ескеруі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет