Лекция Орта ғасырлар бүкіл дүние жүзі тарихының ежелгі дүние мен жаңа тарих



Дата29.01.2022
өлшемі52 Kb.
#454929
түріЛекция
lektsiya


Лекция
Орта ғасырлар - бүкіл дүние жүзі тарихының ежелгі дүние мен жаңа тарих

аралығындағы кезеңі. Бұл Еуропада 12 ғасырға тең, ал Шығыс елдерінде одан да ұзақ. Орта ғасырларда феодализм пайда болып, үстемдік құрылды және ыдрай бастады.

Көптеген халықтар құлдық қоғамды аттап, алғашқы қауымдық құрылыстан феодалдық қоғамдық құрылысқа бірден өтті. Ал енді бір халықтар алғашқы қауымдық құрылыстан құлдық қоғамға, одан феодализмге аяқ басты. Яғни феодализмге дейін қоғам дамуының барлық сатыларын басынан өткерді. Жерді жеке меншік етіп, өз қолдарына шоғырландырып алған феодалдар шаруалар еңбегін пайдаланды. Ол кезде жер өмір сүрудің, өзін және отбасын асыраудың бірден-бір көзі еді. Шаруа күнкөріс үшін жер иесінен жалға жер алып, оның барлық шартын сақтауға тиісті болды.

Феодализм өзінен бұрынғы құлдық қоғамдық құрылысқа қарағанда, көп ілгері. Феодализм дәуірінде қалаларда, өнім өндірістік ұсақ кәсіпорындар көбейді, мәдениет дамыды. Мануфактупралар өсіп шықты, болашақ буржуазиялық (капиталистік) қоғамның шаруашылық және әлеуметтік негізі- өнеркәсіп пен жұмысшы тобы пайда болды.

«Орта ғасырлар» деген сөз – латынша: медиум- орта, аевум – ғасыр деген мағынаны білдіреді. Бұл тіркес алғаш рет Италияда XV-XVI ғасырларда қолданыла басталды. Батыс Рим империясы құлағаннан бастап Қайта өркендеу дәуіріне дейінгі аралық орта ғасырлар деп аталады. Орта ғасырлар тарихы үш кезеңнен тұрады:

Біріншісі- ерте орта ғасырлар. Ерте орта ғасырлар V ғасырдан басталады, ал кейбер Азия елдерінде II-XI ғасырларға дейінгі аралықты қамтиды.

Екіншісі- дамыған орта ғасырлар. Бұл кезеңге ХІ ғасырдың аяғынан ХV ғасырға ғасырға дейінгі аралық, ал кейбір Азия елдерінде XVI ғасыр қоса кіреді.

Үшінші – кейінгі орта ғасырлар. Бұл кезең феодализмнің ыдырауымен және капиталистік өндіріс тәсілінің туа басталуымен сипатталады.

XVI ғасырдан XVIІ ғасырдың ортасына дейін, ал Шығыс елдерінде XVIІІ – ХІХ ғасырларға дейінгі аралықты қамтиды.

Орта ғасырлардығы шет елдік шығыстың тарихы Қытай, Жапония, Корея, Монғолия, Индия, Иран, Закавказье, Орта Азия мен араб елдері, Түркия тарихын қамтиды. Шет елдік Шығыс халықтарының тарихы бұрынғы Совет одағы, оның ішінде Қазақстанда өте нашар зерттелген. Шығыстын көп елдерінде ерте заманнан бері тарихи білімдерге үлкен мән беріліп келген. Шығыста өз елдерінің, көрші елдерінің тарихы жайлы көп көлемді еңбектер өмірге келді. Шығыстын орта ғасырлық тарихшылары, мысалы, орыстар мен Батыс Европа елдері туралы мұқият жинаған.

Тарих ғылымына әсіресе Қытайда көп мән берілді. Көптеген жылнамалар мен тарихи еңбектер Жапонияда, Кореяда да жазылды. Араб, Иран және Орта Азия тарихшыларының еңбектері дүние жүзіне белгілі болды.

Орта ғасырлық Шығыс халықтарының өзіне тән ерекшеліктері де болды. Мысалы: Азияның табиғи жағдайы ерте замандарда жасанды сұғару жүйесін салу қажеттігін туғызды.

Шығыс елдерінде феодалдық қоғамның орнауында да ерекшеліктер болды. Бір елде феодализм алғашқы қауымдық қоғамнан кейін өмірге келсе, енді бір елде құлдық қоғам негізінде қалыптасты. Мысалы: Жапонияда құлдық қоғам болған жоқ. Индияда феодалдық қоғамның қалыптасуы өте баяу жүрді.

Шығыстағы феодалдық қатынастардың дамуындағы тағы бір ерекшілік-үстем таптың жерге жеке емес, мемлекеттік меншік орнатуы болды. Мысалы: Қытай, Корея, Жапонияда, Иранда жер және суғару жүйелері мемлекет меншігі болды. Ал Индияда жер князьдар мен ұсақ патшалардың меншігі болды.

Қиыр Шығыста шаруалар мемлекет жерін уақытша ұстаушылар болып саналса, Ирак, Сирия, Египетте мемлекеттен алған жерлері мұраға қалып отыратын меншік болды.



Лекция
Ерте орта ғасыр кезеңіндегі Қытай..
Қытайда ежелгі дүниенің соңы 188 жылы шаруа көтерілісінен кейін соңғы құлдық Хань әулетінің билігінің құлауы феодализмнің басы болып саналады. Қытай жерінде құлдық қоғам ыдырағаннан кейін феодалдық қатынас дами бастады. ІІІ ғ-да Қытайда бірнеше мемлекеттер құрылды. Олар: солтүстікте Вей патшалығы, Цзинь патшалығы.

Құлиеленушілік-шаруашылық әдіске негізделген шаруашылық ыдырады. Еркін шаруа шаруашылығы дамып, мемлекеттік-үлестік жер иелену жүйесі енгізілді. Император барлық жердің жоғарғы иесі болып жарияланды. Бұл саяси бірлестіктер аса тұрақты бола қойған жоқ. Олар 40-50 жылдан кейін ыдырап, оның орнына озара жауласушы патшалықтар құрылды. Осыны пайдаланған солтүстіктегі көшпелі тайпалар ғұндардың орнына келген моюн,сэньби,чжуршендер, танғұт-тибет, жужандар, тоба, түркілер т.б Қытайдың солтүстігіндегі далалық өлкелері үшін озара күрестер жүргізді және Ұлы Қытай қорғанын асып, ішкі аудандардағы жерлерді басып алды.

6 ғ-ға дейін Қытайда шамамен 50 млн-дай халық тұрса, өзара қырғын-соғыс пен шапқыншылықтар, эпидемия салдарынан хансулардың саңы17 млн-ға дейін азайды. Қытайлар Янцы өзеніне дейін ығысты, ал көшпелілер Сары өзен (Хуанхэ) жерлерін басып алды. Бұл жерлерде европадағыдай «варварлық» патшалықтар құрылды: жужан пашалығы, түрік қағанаты.

Қытайды қайтадан біріктіру әрекеті 589 жылы солтүстік және оңтүстік Қытайды біріктірді. Қытайда біртұтас феодалдық мемлекет құрылды. Янь Цзянь елдің императоры болды. Осыдан бастап 616 жылға дейін елді Суй әулеті басқарды. Янцы мен Хуанхэны қосатын канал салынды.

618 ж. Суй әулеті орнына Тан әулеті келді. Тан әулеті 907 ж. дейін өмір сүрді. Ел астанасы Шанань болды, халқы 8 ғ-да 75 м-ға жетті. Гүлденген кезеңі 626-649 жж. Тай Цзун тұсында, ол басқару реформасын, мемлекеттік қызымет заңын енгізді. Чиновниктер 9 категорияға бөлінді, үкімет 6 министірліктен құрылды. Провинцияларды губернаторлар; облыстарды, округтерді әкімдер; уездерді, болыстарды жергілікті басқарушылар басқарды. Ауыл қауымдары 5 отбасынан тұрды. Шаруалар мемлекетке заттай ренталар жасады. (еңбектей)

8 ғ-дың 20-30 ж –да Тан империясының 6 кодекстан тұратың заңдар жүйесі қабылданды. Тан империасының 6 кодекстан тұратың заңдар жүйесі қабылданды. Тан империясы 7-8 ғ-да араб халифаты, Үндістан, Үнді-Қытай елдерімен сауда-экономикалық қатынастар орнатты. 785-874 ж.аралығында Қытайдағы шаруалар көтерілісінен әлсіреген бұл әулет 10 ғасырдың екінші жартысында ыдырап кетті.

Билікке Сун әулеті келді (960-1279жж.). Бұл әулеттін билігі кезінде ел қайта бірікті.

1021-1086 ж–ры Ван ань ши аграрлық реформа жүргізді:

1. Жерді кайта бөлу.

2. Жер иелеріне салық салу.

3. Шаруалардың заттай салығы ақшадай салыққа айналу.

4. Мемлекеттік азық-түлік қорын жасау.

Жалпыға бірдей әскери міндет жүктелді, мемлекеттік банк ашылды. Империя 1279 жылға дейін өмір сүрді.

Қытай – ежелден жер шаруашылығымен айналысқан ел. Әсіресе суармалы егіс кең етек алды. Жібек құрты өсіріліп, жібек шаруашылығы дамыды. Сондықтан да Қытай мен Батыс Европа арасындағы сауда жолы Ұлы Жібек жолы деп аталады. Қола өнері өте жақсы дамыған, әсіресе қыштан жасалған ыдыстар, қола және темір бұйымдар шетке көп шығарылған.

4-5 ғ-да Қытай мемлекетінде будда діні кең тарады. Буддизм Қытайға Үндістаннан келген. Будда храмы болды, храмның жер иеліктері болып, бұл діни орын ірі феодалдық шаруашылық саналды. Жаңа заманның І ғ-да даосизм діні тарай бастады. Оның негізін қалаушы Чжан Лин (Чжан Даолин).

5-6 ғ-да Қытайда өнер, әдебиет және ғылым дами бастады. Халық емшілігі ғылымы дүние жүзіне әйгілі бола бастады. Материалистік танымның негізін қалаған философ Фань Чжэнь еңбегінің маңызы зор болды. Қытай жихангерлерінің еңбегі жаңа жерлерді білуге мүмкіндік ашты. Қытай географтары Үндастанға, Орта Азия елдеріне сапар шегіп, ондағы тұрғын халықтар өмірінен еңбектер жазды. 645 жылы Сюань Цзянь үнді халықтарының тарихы туралы кітап жазды. Кытайда білім беру, оқу ісі дами бастады. Каллиграфиялық жазудың негізі қаланды. Будданың бейнесін салу, пагода тұрғызу қолға алынды.

8-10 ғ-р аралығында көптеген мектептер ашылды, ақындар мен жазушылар көбейді.

Ли-Бо (701-762), Ду Фу (712-770), Хань Юй (768-824) т.б. Бұл кезеңде Қытайда будда және даосизм ілімдерін уағыздаушы конфуцийлік ағым кең етек алды.


Лекция

Ерте орта ғасыр кезеңіндегі Үндістан.


Виндхи тауларынан солтүстікке қарай жатқан жерлер солтүстік Индия , ал оңтүстікке қарай жатқан жерлер Декан деп бөлінеді. Бұл жерлерде тұрған көптеген пайпалардың тілдерінде біраз ерекшеліктері болды. Тайпалар дамудың әр түрлілігі сатысында болады.

Біреулері алғашқы қауымдық құрылыста болса, екіншілері құл иеленушілік құрылыста,

келесі біреулері феодалдық қоғамға аяқ басқан еді.

Солтүстік Индияда егіншілік ( өсімдіктер өсірілді) болды, малдың көп түрлері өсірілді, тау кен кәсібі дамыды.

Өндіргіш күштердің жетілуінің тағы бір көрсеткіші құрылыс ісі . археологиялық қазба материалдар индияда сыртқы сауданың да дамығанч көрсетілді. І-ІІ ғасырларда Индия Риммен сауда жүрзізген . Рим Индиядан тәтті тағамдар , бояу мата, иіс су алып тұрды. Ал Индия Римнен алтын, шыны ыдыс аяқтар, шарап, құлдар алған. Индия көпестері Бирма, Үнді Қытай , Яна мен Сумарттарда дейін барып, сауда жүргізген. Ал Қытаймен сауда және дәни байланыс орнатқан. Ғылыми зерттеу жұмыстары Индияның Орта Азиямен де саулда саттық жүргізгенін көрсетеді.

Жаңа дәуірде ірі жер иелері өз шаруашылықтарын прогрессифті негізде жүргізе бастады.Құлдар еңбегі тиімді болмады. Сондықтан жер иелері құлдарға өз шаруашылығын жүргізетін үлес бөліп берді. Ол үлес үшін ұүлдар жер иесіне жұмыс істеп немесе өқнімнің бір мөлшерін беріп отырған .

4 ғасырда Сол.Индия магадхалық ақсүйектердің қол астына бірікті . магадхадағы өкімет билігі Гупта әулетінің қолында болды. Гупттар державасын басқару үшін күшті әкімшілік және әскери аппарат құрды. Бесінші ғасырда халықтың салыққа қарсы көтерілістері болды. Алтыншы ғасыр аяғында Гупттар мемлекеті құлады. Гупттар державасы құлағаннан кейін Декан териториясында шағын мемелекеттер құрылды. Деканның біраз князьдықтарында әскери аритакратия өкілдері билік жүргізді. Декан кньяздықтарындағы ең ірі жер иелері Махараджалар болды (ұлы кньязь). Кньяздер бос жатқан жерлер мен қауым жерлерінің біраз бөлігін күшпен тартып алу арқылы өздерінің жер иеліктерін құрастырды.

Индияда қызмет орны әкеден балаға көшіп отырды. Сол себепті қызметі үшін берілетін жерлерде атадан балаға қала беретін және әскери міндеткерлігі үшін де жер берілетін.


Лекция
Ерте орта ғасыр кезеңіндегі Жапония.
Жапония Оңтүстік-шығыс Азияда орналасқан ел. Ол төрт басты: Консю, Хаккайдо, Кюсю, Сикоку және мыңға жуық шағын аралдардан тұрады. Жапонияның байырғы тұрғындары - Эби су тайпалары.

ІІІ – VІ ғасырлар аралығында Жапонияға малайалықтар, оңтүстік корейліктер, қытайлықтар, үнді- қытайлықтар қоныс аударды. Біртіндеп олар бір – бірлерімен араласып, ассимиляцияға түсіп, біртұтас халық болып кетті. Жапон тілі оқшау тілге жатады. Кейбір лингвистер оның алтай тіліне жақындыгын дәлелдегі. Жапондықтар өз елін Нихон немесе Ниппон деп атайды. Ал, ағылшындар, француздар, немістер Япан деп атайды. (аудармасы Күн Шығыс елі.)

Жапондықтардың ерте кезеңі Ямато кезеңі деп аталды, ең күшті тайпаның атауымен. Жапонияда ертеден егіншілік дамыды, негізінен күріш өсіру. Ямато мәдениетін зерттеген археологтар ІІІ – VІ ғасырларда оларда қолөнердің, ауылшаруашылықтың дамығандығын дәлелдеді.

ІV ғасырдың ІІ жартысында Жапон мемлекеті тайпа одағы түрінде құрылды. Бұл кезең Ямато патшалығының дәуірі деп аталды.

Жапонияның әлеуметтік жағынан жіктелуі байқалды. Кедейленген салық төлеуші шаруалар табе деп аталды, құлдар яцуке деп аталды. Мұнан басқа жартылай ерікті шаруалардың тайобе, какиоэ деп аталатын категориялары болды.

Жапонияда феодалдық қатынастар үстемдігі VІІ ғасырдың І жартысында орнай бастады. Ең жоғары билік және барлық жер иелігі микадо қолынды болды. 605 жылы ханзада Умаяда 17 баптан тұратың заңдар жүйесін қабылдады. Басты қағидада мемлекеттегі барлық халықтың қожасы патша, барлық қызметкерлер патшаның малайы делінген. Патша аспанның ұлы саналды.

552 жылы Жапония Кореяның Пекчеэ мемлекетімен байланыс орнатты. 589 жылдан Жапония Қытаймен тығыз байланыс орнатты: сауда, экономикалық және мәдени. Жапондықтар Қытайдаң иероглиф жазу жүйесін, моральдық, этикалық ұстамдарды, буддизмді қабылдады. VІІ ғасырда буддизм кең таралып, 624 жылы 46 храм болды. Жапонияда өзінің діні синтоизм де дамыды. (синто - құдай жолы)

645 жылы елде тайка төңкерісі болды, оның мәнісі билікті заңсыз басып алған Сога тұқымын биліктен кетіру болды, сөйтіп жаңа династияның негізі қаланды. Билік әскери басшылардың қолына көшті. Самурай- әскери адам, жапон феодалдық қоғамындағы негізгі кәсіби, әскери топ болды. Тайка төңкерісі нәтижесіңде мемлекеттегі билік рулық кландық принциптен территориялық принципке негізделінді, барлық шаруалар 0,12 га-дан жер үлестерін алды. Салық жүйесі мемлекет есебіне төленді.



ХІ –ХІІІ ғасырлар аралығында Жапонияда феодалдық қоғамның қалыптасуы аяқталды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет