Вербальді және вербальді емес қарым-қатынастар
Қазіргі қоғамымыздың әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени, рухани өміріндегі өзгерістер адамгершілік құндылықтарды, оның ішінде қарым-қатынас және адам мәдениетінің деңгейін түбегейлі қайта қарастыруды талап етеді. Әсіресе әлемдік деңгейде қарым-қатынас мәселелерінің шиеленісіп отырған шағында адамның адамға қатынасын ізгілендіріп, жоғары мәдениеттілік деңгейіне көтеру қажеттігі айқындала түсуде.
Өзінің көріністерінде қарым-қатынас айналадағылармен байланысқа түсудің рухани қажеттілігі ретінде болады. Қарым-қатынас – екі немесе оданда көп адамдардың қатынас жасауы, реттеуі мен ортақ нәтиже алуды мақсат етіп, келісім мен бірлестікке бағытталған өзара әрекеттерін айтамыз.
Адамдар өздерінің немесе өзгелердің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында бір-бірлерімен қарым-қатынас жасайды. Ол вербалды, сондай-ақ вербалды емес қарым-қатынас. Осының негізінде, қарым-қатынас адам өміріндегі маңызды аспектілердің бірі болып табылады.
Адамдар арасындағы қатынас екі негізгі қарым-қатынас каналымен жүзеге асырылады. Олар: вербалды және вербалды емес.
Вербалды қарым-қатынас тіл, сөйлеу арқылы жүзеге асады. Тіл – сөз жүйесі, сөздерді дұрыс құрастыру, ойды сөзбен толық жеткізу, дыбыстың, интонацияның, сөздің нақтылығы. Тілдік дыбыстық құбылыс – сөз темпі, дауыс ырғағы, ритм, тембор, дикция.
Вербалды емес қарым-қатынас - «дене тілі», «ым-ишара тілі» деген ұғымдармен байланысты. Бұл қарым-қатынас құралына – поза, ым-ишара, мимика, визуалды қатынас, тұлға аралық дистанция.
А.А.Леонтьев өз еңбегінде: «қарым-қатынас - білім мен мәдениеттің компоненті, оның бөлінбейтін бөлшегі іспетті адам баласының тәлім тәрбиесі мен өзгелермен байланыс орнатудың ерекше жолы» - деп қарым-қатынас процесінің адам өміріндегі ерекше маңызымен қатар оның өзіндік анықтамасын да көрсетіп өткен.
Вербалды емес қарым-қатынас ерекшеліктерін білу әңгімелесушіні жақсырақ тануға ғана емес, сондай-ақ айтылған сөздің басқа адамдарға қалай әсер еткенін алдын ала көруге мүмкіндік береді, яғни қажетті нәтижеге жету үшін әрекетті және мінез-құлықты өзгертудің қажеттілігі жайлы білуге болады.
Кез келген «жемісті» қатынастың кепілі сенімді контакт болып табылады. Ал мұндай контакт сіздің не айтқаныңызға ғана емес, өзіңізді қалай ұстағаныңызға байланысты, әсіресе іскерлік қарым-қатынаста. Айтылған ақпарат немесе хабардың мазмұны іс-әрекетке немесе адамның вербальды емес қылықтарына сәйкес келмесе, адам интонация, мимика, жестке, көзқарасқа бағдарланып, ақпараттың жасырын мазмұнын аулауға тырысады, осының нәтижесінде әңгімелесушінің шынайылығы немесе жалғандығы адамның бірін-бірі қабылдауына әсер етеді.
Біздің вербалды емес қарым-қатынас жайлы түсінігіміз көптеген фразеологиялық айналым арқылы аңғарылады. Мысалы, бақытты адамдар жайлы біз кейде «бақыттан жадырап кетіпті» немесе «жайнап жүр» деп айтамыз. Ал қорыққан адам жайлы «тастай қатып қалыпты», сондай-ақ ашуланған адам жайлы «жарылып кететіндей» деп айтылып жатады.
Вербалды емес белгілерді ажырата білген жөн. Олар:
Біріншіден, сөздер арқылы тек фактілі білімді айта аламыз, ал сезімдерді жеткізу үшін сөздер аз болып жатады. Кейде біз «қалай жеткізсем екен...» деп өзіміздегі сезімнің тереңдігі мен күрделілігін сипаттау үшін сөз таба алмай жатамыз. Қалай болғанда да кейбір сезімдер сөздік сипатта берілмей, вербалды емес құралдар арқылы жеткізіледі.
Екіншіден, осы вербалды емес тілдерді (язык тела) білу арқылы өз-өзімізді ұстауға үйренеміз. Егер әңгімелесуші өзінің ашуын басқара алмаса, ол айқайлауды, бұрылады немесе одан асар жарасымсыз қылықтарды жасайды. Вербалды емес каналдар адамдардың біз жайлы не ойлайтынын түсінуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, вербалды емес сигналдар санасыз түрде көрінетінін ескеру қажет. Сондықтан, адамдардың сөздерді саралап, салмақтай отырып айтқанына қарамастан, көбіне жест, мимика, интонация, дауыс ырғағы шындықты көрсетеді. Осы вербалды емес қарым-қатынастың кез келген элементі айтылған сөзді растауға немесе күмәнмен қарауға жол ашады.
Психологиялық бейне жасауда ең күрделі де маңызды тәсіл – жеке адамның бітістерді біріктіре әсерлену құбылысы. Оның мәні мынады: әрбір адам сан-қилы тұлғалармен көп мәрте кездесе жүріп, қабылдау және бағалаумен жадында олардың сырт көрінісі, психологиялық және әрекет-қылығы туралы пайымдау бекітеді.
Р.С. Немов вербалды емес қарым-қатынастың маңызы зор екендігімен келісе отырып, кеңес беру барысында клиенттің психологиялық жағдайы мен жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін белгілерді көрсетті. Олар:
· Денесін алға иілдіру, отырған күйінде қолдарын тізесіне немесе орындыққа тіресе: адам әңгіме айтуды тоқтатып, әрекет етуге дайын;
· Көз қарашығының үлкеюі – сол кездегі адамның жағымды сезімін білдірсе, көз қарашығының кішіреюі – жағымсыз сезімді білдіреді;
· Егер адам тобықтарын бір-біріне біріктіріп отырса, оның болып жатқан нәрсеге көзқарасы жағымсыз, бірақ ол өзін ұстап отыруға мәжбүр, жағымсыз ойлар мен жағымсыз сезімнің белгісі;
· Бастың тіке қалыпта болуы адамның көріп немесе естіп отырған мәселесіне нейтральды көзқарасының белгісі. Басын бір жаққа иген болса, қызығушылық танытқаны. Егер адамның басы алға қарай иілсе, жағымсыз қатынастың белгісі;
· Қолын басына қоюы - өзіне сенімді, өзгелердің алдында жоғары санайтын адамдардың қимылы.
· Егер адам қобалжып, сынау немесе қорғаныс позициясын ұстанса – екі қолын көкірегінің алдына жинастырады;
· Қолын көкірегіне жинастыруы – қорғанысты қажет ететін жағдайда тығылуға деген ұмтылыстың белгісі;
· Егер сізбен әңгімелесуші адам екі қолын көкірегіне жинастырса, ол сіздің дегеніңізбен келіспей тұрғаны;
· Өзінің жағымсыз сезімдерін жасыруға деген ұмтылысты иықты қарсы қолдың саусақтарымен қысқаны арқылы байқауға болады;
· Егер қолды көкірекее жинастырғанда бас бармақ жоғары қараса, ол адам өзінің дәрежесін жоғары санағаны;
· Қолды айқастыру, сондай-ақ, қорқыныш сезімінің туындағанын көрсетеді;
· Егер адам тамақ астын уқаласа, ол шешім қабылдау үстінде отыр;
· Егер адамға өзінің шешімі жайлы айтуды сұрағанда ол аузына бір зат (саусақ, көзілдірік) салса, ол сенімсіз, алаңдауда, оған ойлануға уақыт керек болғаны;
· Егер адам желкесін алақанымен сипап, көзін шетке тартса, ол адам өтірік айтуда;
· Екі қолын беліне қойып, бір қолымен екінші қолының білегін ұстаса, ол адам ашулы, ренжулі күде және өзін «қолға алуға» тырысуда;
· Адам ашулы болған сайын, оның арқасындағы қолылы жоғары көтеріле түседі;
· Адамның өтірік айтқанын немесе шынайы еместігін көрсететін белгілер: басын, бет бөліктерін қолымен ұстауы, әсіресе, аузын, мұрнын, көзін, құлағын және мойнын;
· Саусағын аузына салуы, қолдауды қажет еткені.
· Саусақпен немесе тырнақпен устел бетін тарсылдату шыдамсыздықтың белгісі;
· Егер айқасқан қолдару жоғарыда болса, бұл адаммен келіск қиын болады.
Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынастар өте нәзік те үзілгіш келеді, себебі нақты тұлғалар арасындағы қатынастар сол қатынас иелерінің құбылмалы көңіл күйіне тәуелді. Уақыттың өтуімен жастың елге тартуымен аралық қатынастар тұрақтала түседі, балалық пен жас өспірім шақтағы адамдар арасындағы бұрқасын жол таңдау бұл кезде сабасына келе бастайды, адамның ішкі дүниесі сабыр тауып, кездейсоқ қатынас, байланыстарға құлай түспей, өз қалауын таңдай алу қабілетіне жетеді. Қатынастардың тұрақталуының және бір жөні адамдар бірін бірі жете танып, бірінің қылығына екіншісі көнігіп, өзара үйлесімге бейімделуі.
Адамдардың алғашқы танысуынан олар арасындағы бұдан былайғы қатынастардың қай сипатта боларын аңғара салу өте қиын. Көп жағдайда тым жақсы басталған таныстық қапелінде үзіледі, ал кейде тіпті басқаша да болады: алғашқысында әйтеуір бірдеңеден ұнатпай жүрген адамына бара-бара үлкен құрметпен қатынас көрсеткендер де аз емес. Мұндай жағдайлар адамдардың бір-біріне алғашқы танысуда берген бағалары мен қабылдауына байланысты психологиялық заңдылықтарға орай туындайды.
Нақты мезеттегі адамдар арасында болатын қатынастар сипаты көптеген шарттарға тәуелді, мысалы, адамның денсаулығы мен психологиялық кейпі. Дені сау, көңілі көтеріңкі болса, төңірегіндегілермен қатынас та әп-әдемі, үйлесе түседі. Көңіл-күйге жайлы жағдай болса, қатынасың одан әрі беки түседі, ал қандай да әбігер күйде түзілген қатынас көбіне баянды болмайды.
Адамдар арасындағы қатынастар олардың жеке мінез-құлығына да байланысты. Әрдайым ұнамды арақатынастардың орнығуына адамдаы қайырымдылық, ақөңілділік, үйіршеңдік, достық пен ұжымшылдық қасиеттер пайдалы. Ал сенімсіздік, күмншілдік, өшпенділік, тұйықтылық пен өзімшілік-қалыпты қатынастар орнығуына кері әсерін тигізеді.
Ой-өрісі кең дамыған, тәжирибесі бар адамдар өз қатынастарын меңгере алады, бірақ бұл көптің қолынан келе берммейтін іс, себебі көп жағдайда аралық қатынастардың мәнін соларды түзуші адамдардың өздері де түсіне бермейді, ал түсінбеген затты санлы басқару мүмкін емес.
Қарым-қатынас жасау арқылды адамға ғана тән табиғи қасиет және ол адамның тіршілік бейнесі мен мәдени өмірінде, тұрмыс салтында күнделікті күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыратын тұрақты шарт. Ойын мен оқу және еңбек, адам әрекетінің негізгі түрлері осы қарым-қатынас арқылы дамып жетіліп жүзеге асады. Адамдар өзара тілдесіп өмір сүруге бейімделуі организм тіршілігі үшін су мен ауа, күн шұғыласы сияқты табиғи қажеттілігімен бірдей.
Жас ұлайған сайын қатынастар тек тұрақталып қана қоймастан адамның оларды басқару қабілеті де артады. Мұндайда адамға жәрдемге келетін оның даралық ерекшеліктерін қосымша өмірлік тәжірибесі. Әрқашан адам аралық қатынастарды жеңіл де ұтымды реттейтін адамдар арасында кәсіби қызмет бабымен жұмыс жүргізетін, сендіре әңгіме айта білетін, әлеуметтік жетекшілкке ыңғайлы мамандар болады, мысалы: саясаткер, мекеме және өндіріс башылары, мұғалімдер, дәрігерлер мен актерлер. Адам аралық қатынастарға ықпал жасай білу қабілетін қатынастар психологиясы үздіксіз үйрену арқылы жетілдіре, дамытып баруға болады.
Адамдар арасындағы қатынастарының қалыптасуы, әдетте, олардың бірін-бірі қабылдай алуы, түсінуі және бағалауына байланысты, яғни тілдесу нәтижесінде бір адамның екіншісінің образы жөнінде топшылаған ой-пікірі. Екінші адамным тұлғалық образын оның сырт пішіні мен психологиясын және әрекет-қылығын байланыстыра, салыстырып тануға болады. Ал психологиялық бейне әр адамның қажетсінуінен, қылық мотивтерінен, мінез бітістерінен, әрқандай өмірлік жағдайлардағы көңіл-күй толғаныстары мен әрекеттерінен көрінеді.
Қарым-қатынас түбегейлі адамдық сұраныс бола отырып, дербес құндылық болады, себебі адам басқа адамды әрдайым қажетсінеді. Ол үшін маңызды дүние – бұл басқа адам, онымен қарым-қатынас, ортақ істі бірлесіп орындау, ниеттестік. Тек қана қарым-қатынас процесінде және тек сол арқылы адамның мәні көрініс табады. Қарым-қатынас жеке адам құрылымының маңызды факторларының бірі болып, оның әлеуметтануының қажетті шарты болып табылады. Қарым-қатынас қоғамның және адам өмірінің барлық жағын қамтиды. Адам басқа адамдармен қарым-қатынассыз өз өмірін елестете алмайды, себебі оның өмірі бүкіл адамзаттың сақталуына тікелей байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |