Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Бекниязов Т.Журналистің шығармашылық шеберлігі.- Алматы, 2003.
2. Қазақстан Республикасының “Баспасөз және басқа ақпарат құралдары туралы” заңы.
3. ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. 1997 – 2006.
4. Мерзімді баспасөз материалдары.
5. Медеубекұлы С.Ақыл.Нақыл.Өсиет. – Алматы, Санат, 1996.
Дәріс №27. Басылым мазмұны
Дәріс мақсаты мен міндеттері:
Болашақ журналистер мен қоғаммен байланыс мамандарын қазіргі заманғы журналистиканың менеджмент жүйесімен таныстыру,Қазақстанның қазіргі медиа нарығы, түрлі БАҚ-та жұмыс істеу ерекшеліктері мен үлгілері, журналистердің кейбір кәсіби «құпиялары», PR және жарнама негіздері ұсынылған. Болашақ журналист өз мамандығының құқықтық жағын міндетті түрде білуі тиіс.Сондықтан да пәнді журналистік қызметтің құқықтық аспектілері де қарастырылған. Пән барысында журналистика жанрлары, оларды күнделікті жұмыста қолданудың қыр-сыры түсінікті тілмен баяндалады. Жас журналистерге ақыл-кеңестер мен ұсыныстар беріледі. Журналистік жолын енді бастаймын деген болашақ журналистерге медиа саласының бел ортасында жүрген практик журналистердің неден бастап, қалай жазу қажет екендігін және алдын ала қандай қателіктерді жіберіп алмау турасындағы материалдары мен кеңестері әбден пайдалы болады деп сенеміз.
Дәріс мазмұны:
Суырып салма, айдарлау, комплексті жоспарлау әдістері. Міндетті, қажетті, жалпы және ерекше, жедел және ұзақ мерзімді тақырыптар. Күнделікті басылымдар мен апталықтардағы тақырыптық толтырудың айырмашылықтары. "Рельстер", "толқындар" және пальто композициялық үлгілері (модельдер). Мәтіннің "сыни" өлшемі.
Редакция басшылары журналистерді басқарумен қатар тақырыпты да басқарады, ол дегеніміз мынаны айқындайды, яғни басылымда не жарияланатындығын айқындайды. Бар тәжірибеге сүйенсек, басылымның маңызды толтырылуы үш тәсілге қатысты болады, олар: суырып салмалық, айдарланған және комплексті жоспарлау тәсілдері.
Суырып салма әдіс ең қарапайым және кең тараған әдіс түрі. Бұл жағдайдағы шешім былай болады, басылымның әрбір санында жарияланады, ешбір ұстаным мен жоспарға қарамайды, кәсіби тәжірибе мен интуицияны тірек етеді. Журналистер мен бөлім редакторлары мұны тікелей жоспарлау алдында шешеді, дәл осы сәтте не жазуға тура келеді, кезекті санның мазмұнын басшылыққа ала отырып басына келген идеясын жазады. Суырып салма әдістің артықшылығы қарапайымдылығы мен жеделдетілгендігінде, себебі оны жоспарлау санаулы минуттарда-ақ шешіледі. Кемшілігі - сенімділіктің төмендігі, себебі, басылымның сапасы өзекті оқиғалар мен редакция қызметкерлерінің психологиялық жағдайына қатысты болып келеді. Егер қарбалас күн тәртібінде және журналистердің жұмысқа деген көңіл-күйінде номерді (санды) сапалы материалдармен толтыру туралы проблема туындамаса, мерзімдік тыныштық пен жиі болып тұратын жалпы желпіну кезінде не туралы жазуды анықтай алмайды. Егер журналистер мен редакторлар мақала үшін тақырыпты апыр-топыр іздей бастаса, әйтеуір басылым санын қалай болса солай толтыруды ғана ойлайды. Мұндайда табылған шешім өте жақсы бола алмайтыны түсінікті. Мұндай жағдайда көптеген тақырыптар сәтті шықпайды. Ең бастысы мұндай асығыс жасалған номер оқырмандарды басылымнан алшақтатады. Егер адам газет немесе журнал сатып алса, одан өзіне оқитын ештеңе таппаса, екінші рет ол газет-журналды дәл айтқанда сатып алмайды.
Айдарлау (рубрикалау) әдісі басылымнан қатал айдарлаушы - матрицаның санын қарастырады, өйткені бұл әр санда қапталады. Кей кезде рубрикаторды "басылымның үлгісі" деп атайды. Рубрикатор (айдарлаушы) тақырыптық бағыттың аралығындағы алаңды бөлуші, қалыптастырушы болып табылады. Сондай-ақ, кейбір материалдың жанрлық сипаты мен өлшемін білдіреді. Әдетте ол А4 немесе А3 формат қағазына басылады және бірнеше қатарға номерленген тік төртбұрышқа жазылады, бұл басылымның беттерін білдіреді. Басылымның қатты композициялық үлгісі тіктөртбұрыштылар қосымша бөліктерге бөлінеді, оның әрбірі мәтінге сай келеді әрі суреттер мен жарнамалық блокқа бөлінеді. Оның қаттылығын бағалау бірнеше ретімен келген номерлерді алуға жеткілікті болады және бетпе-бет салыстыруға мүмкіндік береді. Қатты үлгі арқылы беттің барлық элементтері бір-біріне сәйкес келеді.
Аталған әдісте басылыммен жұмыс сәйкес келетін мәтіндермен және суреттермен айдарды механикалық толтыруға негізделеді. Журналистік ізденіс "жалпы" емес, яғни суырып салмалық (импровизация) тәсіл сияқты емес, өзіндік талаптарға сай нақты айдармен (рубрикамен) байланыстырыла жүргізіледі. Суырып салмалық әдіспен салыстырғанда айдарлық (рубрикалық) әдістің артықшылығы - басылымның сапасындағы тұрақтылық болып табылады. Егер суырып салмалық әдіс бойынша әрбір келесі шығатын санның сапасына кепілдік беруге болмаса, айдарлық әдісте оқырман кез келген басылым санынан өзіне тиісті жаңалық мәзірін алатындығына сенімді болады. Бұл әдістің кемшілігі белгілі бір кертартпалықтың болуы, себебі форманы мазмұнның үстінен бастайды. Нәтижесінде, журналистер мәтіннің көлемін кішірейтуге мәжбүр болады, оны келтірілген айдардың көлеміне сай өлшемге алып келеді, кей жағдайда маңызды емес жерлерін қырқады, ал кейбір жағдайда мәтінді нақты емес ақпараттарға қосып жібереді.
Комплексті жоспарлау әдісі айдарлау әдісінің дамуына бағытталған әдіс, сондықтан бұл әдіс мазмұнның негізгі көрсеткішін есепке алады, олар үшін тиісті сәйкестік жасайды, бұл басылымның сапасын арттырып одан сайын тұрақтандырылуын қамтамасыз етеді де оқырмандардың мүдделерін есепке алады. Төменде мазмұнның негізгі көрсеткіштерінің үлгі саны берілген, бірақ нақты басылымдардан мақсаттарына қарай бұл тізім кеңейтілуі де мүмкін, қысқартылуы да мүмкін.
* Тақырыптық бағыттың иерархиясы. Бұл көрсеткіш басылым орын алатын "барлығына арналған басылым" мен "қуыс басылымның" аралығындағы орнын белгілейді. Бірінші жағдайда тақырыптық бағыттың саны артады, ал екіншісінде өңделген тереңдік ортады. Тиімді шешімді іздегенде мынаны ескеру керек, себебі басылымның тақырыптық спектрді (түрлі-түсті жолақты) өлшеусіз кеңітіп жіберу "ешкімге де емес" етіп жіберуге тәуекелдік жасайды, ал басылымның аудиториясын (аясын) тіптен тарылтып жіберу өте аз болып қалады да экономикалық негізін қамтамасыз ете алмай қалады. Тақырыптық бағыттың иерархиясы кімге "міндетті" тізімді болжауға мүмкіндік береді, ол басылымға қатысушыларды стандарттық сапаға сай келетіндігін айқындайды, әсіресе, басылымның саласына сай келетіндер кіреді, бірақ оны таңдау құқығы берілмейді. Міндетті тақырыптың, мысалы экономикалық басылымға биржалық дағдарыс болса, дәрігерлік дағдарыстың мысалы СПИД-ке қарсы дәрінің табылуы. Таңдаған тақырыптың мысалдары - шетелдегі роумингтің бағасы, мұны демалыс науқанында барлық қоғамдық-саяси басылымдар жариялайды, ал диета сақтау туралы мақалалар әр көктем сайын әйелдер журналында жарияланады.
* Материалдың жергіліктілігі - басылымның мәтіндерінің географиялық аймаққа қатыстылығын айқындайтын көрсеткіш (жергілікті, аймақтық, жалпыхалықтық, шетелдік) және кімнің нарығы белгілі бір территорияға байланысты екендігінің бәрінен бұрын газетке маңызды болып саналатындығы. Редакция басылым таралатын барлық аймақтан түскен материалдарды қадағалап отыру керек, белгілі бір аймаққа назар аудармау, сол жердегі оқырмандардан айрылуға алып келеді. Журнал нарқы әдетте оқырманға тікелей байланысты болады, сол үшін оған жергіліктілік екінші кезекте тұрады.
* Материалдардың авторлығы. Мақалалар редакция қызметкерлерінің жазғанына қарай, шақырылған сарапшылардың жазғанына қарай, ақпараттық агенттіктің хабарламаларын қарай, басқа басылымнан алып қайта басылғанына қарай, оқырмандар почтасына қарай бөлінеді. Редакция осылардың әрбір түрін және олардағы материалдар үлесін тіркеп, есепке алып отыру керек, сонымен қатар оқырмандар сұрауының ерекшелігіне байланысты да есепке алуы керек. Мысалы, сапалы басылымдар сарапшылардың санына қамқорлық жасауы керек, себебі олар беделділіктің белгісі болып табылады. Жергілікті газеттерде оқырмандар хаттарына көп көңіл бөлу керек, себебі, оның кең тарауы жергілікті тұрғындарды жұмысқа жұмылдыруға көп байланысты болады.
* Материал кейіпкерлері. Бұл көрсеткіш оқиғаға қатысқан топтың қабылданған ара-қатынасын білдіреді, яғни басылымда баяндалған адамдардың өмірі туралы болады. Бұл жердегі жалпы ереже мынандай: адам барлық уақытта референттік топтың өкілдері туралы оқығысы келеді, яғни өзі ұқсатқан әлеуметтік топ жайлы білгісі келеді. Бұл өзі кіретін әлеуметтік топ болуы да мүмкін немесе басқа да әлеуметтік топ болуы мүмкін. Мысалы кедей студент өзін басқа бір кедей студентке ұқсатуы мүмкін, сондай -ақ нәтижеге жеткен кәсіпкерге ұқсатуы мүмкін. Референттік топ әлеуметтік зерттеу жүргізу барысында айқындалады, оны жүргізуге мүмкіндік болмаса баспагерлер мақсатты аудиторияның әлеуметтік-демографиялық сипаттамасына сүйенеді. Мысалы, егер басылым зейнеткерлерге бағытталса, ол негізінен оларға арналып жазылуы керек.
* Мәтіннің модальділігі (рой грамматикалық категориясы). Бұл жерде әңгіме ұнамды, бейтарап және сыни материалдарға қатысты болады. Бұл қатынас басылымның мақсатына, оқырманның көңіл-күйіне байланысты болады. Ақпаратқа бағытталған басылымда бейтарап мәтіндер басым болса, егер қызықты оқиғаға бағытталса ұнамды мәтіндер басым болады. егер басылым болып жатқан оқиғаларға наразы адамдар туралы болса, сыни материалға күш салынады.
* Мекен-жайлық (адретік) жарияланым. Бұған өмірдегі проблемалық жағдайлары ұқсас, тағдырлары ұқсас адамдарға арналған материалдар жатады. Бұл мысалы, "су астындағы тастан" сақтандыратын, автомашина алу үшін несие алған, олардың балаларының наша шегуден сақтандыру туралы ата-аналарға кеңес беретін мақалалар жатады. Мекенге бағытталған жарияланымдар адамдардың тиісті тобына ықыласпен қабылданады, сондықтан басылымдарды өзіне ынтықтырады. Мекен-жайлық жарияланымның спектрі басылымның аясының кеңеюіне пропорционал болады. Автомобилбдік басылымдарда бұл мақала автомобиль иелерінің бір тобына әсер етеді, ал "жалпы қызығу" басылымдарында - әр түрлі оқырмандар тобына әсер етуі мүмкін.
* Басылым тілінің ерекшеліктері. Мұнда тілдік қабаттың кей түрін қолдану марапатталуы мүмкін немесе рұқсат етілмеуі мүмкін. Мысалы жастар баспасының мәтіндерінде саналы түрде жасөспірімдердің тіліне тән сленг (жастарға тән ауызекі сөз) қолданылса, іскер басылымдардың мәтінінде қарапайым тұрмыстық сөздерге шектеу қойылады, ал бұқаралық басылымдарда журналистерден 2-3 мың ең көп қолданылатын сөздерді пайдаланып мақала жазу талап етіледі. Сондай-ақ сөйлемдерді қолданудың ережелеріне де ереже қойылған, мысалы барлық сөйлем қарапайым 4-5 сөзде құралған сөйлемдерден жазылу керек (бастауыш, баяндауыш, толықтауыш).
* Шығармашылық қолданысқа (стильге) қарай мәтін түрлерінің жіктелуі (классификациясы). Осы жіктелуге байланысты мәтіндер төмендегідей жіктеледі. Олар мыналар: мифологиялық (адамның ақылы жетпейтін (иррациональды) психикаға бағытталған), сендіретін (кейбір ғалымдармен шындығын салыстыруға арналған), прагматикалық (өзекті мәселеге бармай, нақты өмір жағдайын сипаттайтын), гедонистикалық (өткір сезімнің жетістігіне бағытталған), сезімдіайқындайтын (болмыстың жоғарғы құндылықтары тұрғысынан мағына іздеу мақсатында нысанның ракурсын парақтау (ақтарып шығу), тор құру (өзара қиылысатын сілтемелердің торы, ол мүмкіндігінше бір мәтіндегі әр түрлі сөйлемдерге сілтеме келтіре отырып, оған әр түрлі мағына беру). Мәтін түрлерін таңдау аудиторияның қажеттілігіне байланысты болады, басылым бірінші кезекте осыны ескереді, осыны қанағаттандырады.
Ақпаратты нәтижелі етіп беру үшін прагматикалық мәтінді қолдану жақсы болады, қызықтыру үшін гедонистикалық мәтін қолданған дұрыс, насихат үшін сендіретін мәтін, аудиторияға белгілі бір психологиялық көңіл-күй сыйлау үшін - мифологиялық мәтін немесе сезімайқындағыш мәтін қолданған дұрыс. Басылым мақсатына қарай осындай мәтіндерді түрлендіріп қолданған дұрыс немесе үйлестіруге талпыну керек.
Комплексті жоспарлау әдісін қолдану сандық есепке алу мен басылымның мазмұндық бақылауын қарастырады. Барлық сипаттама өлшенеді және басылымның тұжырымдамаларында көрсетілген өлшемдерге сай келетіндігін басшылыққа алады. Егер нәтижесі қанағаттанарлық болса, оқырмандарды қанағаттандырса онда оның әрбір келесі сандарына кепілдік беріледі. Бұл әдіске тән кемшілік - оның айтарлықтай күрделілігі. Сол үшін басылым басшылары біріншіден оның әрбір тұжырымдамасын істеп шығуы керек, екіншіден, оны қызметкерлерге жеткізу керек, үшіншіден, оның орындалуын қадағалау керек, төртіншіден, оның ақпараттық нарықтағы жағдайына қарай үнемі жөндеп тұру керек. Сондықтан тәжірибеде оның тек қана кейбір тұжырымдамалық сипаттарын ғана сақтаумен шектеледі және басылымнан алған жалпы қанағаттанғанына интуитивтік (сезу) бақылау жасау керек.
Сол материалдардың тағы да екі жіктелуі (классификация) бар, олар - жалпы және ерекше материалдар, жедел және ұзақ мерзімді материалдар. Бірінші жағдайға аталған саладағы барлық басылымдарда бар тақырыптар жатады, ал егер ол материал тек қана аталған басылымда бар болса оның визит карточкасы болып табылады. Мысалы, қоғамдық-саяси басылымда жалпы тақырып Парламент сайлауының қорытындысы болса, ерекше тақырыпқа биліктің жоғарғы эталонындағылардың ұйымдасқан қылмысын зерттеп жазған осы басылымның журналистерінің мақаласы жатады. Ал көркемдігі жоқ басылымның жалпы тақырыбы етіп шоу-бизнестің жұлдызының үйленуі немесе ажырасуы алынса, белгілі атақты бір адамның қатысуымен барлық жанжалдың тарихын осы бөлімнің журналистері зерттеп шығуына тура келеді. Редакцияның басшыларына екі тақырыптың түрін де назардан тыс қалдырмау керек. Жалпы тақырыптың кемшілігі мынаған алып келеді, себебі басылым аталған саладағы сенімді ақпарат көздерінің мәртебесінен айрылады. Басылымның ерекше тақырыптарының кемшілігі "адамсыз" болады, сондай-ақ одан оқырмандарды қашыртады. "Болдың ба, онда ерекшелен" формуласы басылым үшін де, адамдар үшін де кем айтылмаған әділ баға. Жақсы құрылған басылым "ол бұрынғыдай, оған қосымша тағы бірдеңелер бар" - дегенді ұстанады. Және осы соңғысы басылымды таңдауда шешуші роль атқарады.
Тақырыпты жеделдетілген және ұзақ мерзімді деп бөлу олармен әр түрлі сипатта жұмыс істеуге байланысты және осы жұмысқа бөлінген уақытша қаржыға да байланысты болады. Жеделдетілген тақырып дегеніміз - ағымдағы санмен жұмыс істеп жатқан сәтте ғана белгілі болған оқиға. Әдеттегідей, ең негізгісі, журналистердің неге үлгеретіндігі, себебі бұл болған жайды бүге-шүгесіне дейін анықтап, сарапшылардың түсіндірмесін жинап, оқиғаны сөйлемге түсіру керектігін білдіреді.
Ал ұзақ мерзімді тақырып алдын ала жоспарланады. Бұл дегеніміз осы кезге дейін белгілі болып қалған оқиғаның белгісіз жағын түгел сипаттау деген сөз, сонымен қатар болашақ оқиғаның алдын алу немесе дамудың бағыты туралы әңгімелеу.
Ұзақ мерзімді тақырыптар міндетті түрде айдарлау және комплексті жоспарлау әдістерін қолдану арқылы жоспарланады. Бірінші жағдайда мұндай тақырыптардың астына басылым айдарының бір бөлігі беріледі, ал екінші ұзақ мерзімді тақырып мазмұн көрсеткішінің негізгі балансына теңестіріледі және тек қана жедел тақырыптың негізіне сүйене отырып алға жылжитын болады. Ұзақ мерзімді тақырыптың ішінде өзінің алға жылжитын басқышы (градациясы) болады, ал ол басқыш материалдың күрделілігі мен көлеміне байланысты болады. Кейбір мәтіндердің даярлығына бірнеше күн кетеді, ал басқаларына бірнеше ай уақыт кетуі мүмкін (мысалы тексеру мен салалық шолуға). Уақыттың жоғарғы шегі тек қана редакцияның қорына, жеткілікті дәрежеде журналистер ұстау мүмкіндігіне байланысты болады, себебі оның кейбіреуі бір мақала жазуға ғана уақыт жұмсауы мүмкін. Басқа жағынан қарағанда, көп жағдайда редакцияның даңқын осы ұзақ мерзімді тақырыптар арттырады. Журналистика ережелерінің бірінде былай деген, ол: "бәрінен бұрын жазған мен бәрінен жақсы жазудың арасында үлкен айырмашылық бар, өйткені бәрінен бұрын жазған ұмытылып кетеді, ал бәрінен жақсы жазған жақсы оқылады және есте қалады, сондықтан соңғысын таңдау керек" - деген қағида.
Күнделікті басылым мен апталық басылымның арасындағы тақырып таңдауда да айырмашылық бар. Күнделікті газеттің ақпараттық материалдарының көпшілігі оқиға анонстары мен ақпарат агенттіктерінің хабарлары болып келеді. Мәтін де тереңдетілген (түгел түсіндірілген) немесе кеңейтілген (сөйлемге көшірілген), яғни аталған ақпарат кеңейтілген түрлерге бөлінеді. Саяси-қоғамдық күнделіктіибасылымдар оқиғаны өте кең беруге ұтылады және сондықтан маңызы зор немесе маңызы аз оқиғаларға мән береді, ал апталық газеттердің жаңалыққа деген ұстанымы тіптен бөлек. Олар оқиғаны алғысы келсе аптаның ең маңызды оқиғаларын таңдап алады, бірақ күнделікті шығатын басылымдардай жай ғана хабарлап қана қоймайды, аптаның келбетін түгел тәртіпке салады. Бірақ апталық басылымда жаңалық басылымның азғантай бөлігін ғана алады. Негізінен, апталық басылымның журналистері эксклюзивті тақырыбын іздеумен айналысады (олардың артықшылығы күнделікті басылым журналистеріне қарағанда уақыттың молдығы) немесе белгілі тақырыпты дамытумен шұғылданады. Әдетте тақырыпты дамыту түгел айқындауымен ерекшеленеді, күнделікті газет жіберген, қалдырып кеткен матерпиалдарды толықтырады, терең талдау жасайды, оқиға желісін де толықтырып жетілдіреді, алмұндай тыңғылықты жазуға күнделікті газеттердің уақыты да жете бермейді, газет ауқымы да көтермейді. Материалдарды басылымға орналастырудың композициялық үлгісі "рельстер", "толқындар" және "пальто" болып бөлінеді. Рельс үлгісінде барлық сандағы мәтіндер бір өлшемде болады. Әдетте бұл үлгі маманданған басылымдарда қолданылады, себебі, мұндай үлгі айтарлықтай кемшілік болып есептелмейді.
"Толқын" үлгісі - ірі және майда мәтіндер кезектесіп қолданылатын, айтарлықтай кең тараған үлгі болып табылады да адамдарға ақпаратты қалай қабылдану ерекшелігін басшылыққа алады.
Кезектесіп келу міндетті нәрсе, себебі, ауыртпалықтан кейін желпіну де, жеңілдеу де керек, оқырмандарға ауыр қабылданатын күрделі, ірі мәтіннен кейін шағын және жеңіл мәтінге ауысу оқырмандарға дұрыс, ақиқат қабылданады. Оның үстіне барлық тақырып үлкен мәтінді жазуды талап ете бермейді.
"Пальто" үлгісі кезінде басылымда бір-ақ мәтін болады, ол мәтін басылым санындағы барлық басқа мәтіндерден айтарлықтай артық, көлемді болады.
Әдетте мұндай мәтін басылымның фирмендік айдарының астына түседі (санның тақырыбы, арнайы репортаж) және бірінші бетте анонс болып тұрады. Қалған материалдар осы үлкен мәтіннің айналасына топтастырылады.
Үлкен көлемдегі басылымдар үшін басылымның әр түрлі бөлімдерінің әр түрлі үлгіде істеуге болады, мысалы, "рельс" үлгісінің мамандандырылған қосымшасымен жұмыс істеуге болады, ал бөлімнің жартысы "толқын" үлгісімен (моделімен), ал фирмалық айдар пальто үлгісімен жұмыс істеуге бөлінуге болады.
Енді мәтіннің өлшемі туралы кейбір ескертулерге тоқталайық. Біріншіден 60 машинкамен жазылған қатардан тұратын "сыни" өлшемді еске түсіріп көрейік немесе 4,5 ашық жерді қосқандағы белгінің өлшемінде болады. Бұл өлшем жетістікке жеткенде оқырманның көпшілігі күрделі мәтін ретінде қабылдайды. Нәтижесінде мұндай мәтінді адамдардың көпшілігі көп күш-жігерім мен уақытымды алады деп ойлап оқымай қояды. Сондықтан көпшілік оқырмандарға арналған басылымдарға бұл өлшемді көбейтуге кеңес берілмейді.
Екіншіден, кейбір медиазерттеушілері орташа өлшемдегі мәтіннен аулақ болуға кеңес береді (60-120 қатар). Мәселе мынада, неге десеңіз шағын хабарлар (20-60 қатар) көпшілік оқырманға оқылады, неге десеңіз олар жеңіл әрі оқырманды мезі қылмайды. Ірі мәтіндер (120 қатардан астам) өз кезегінде тақырып бойынша ақпаратты толық береді, тиянақты қабылданады. Сондықтан оны тақырыпқа қызыққандар оқиды. Орташа өлшемдегі мәтінді кейбіреулердің оқымайтыны кішкентай хабарға қарағанда олар үшін тіпті көлемді болып көрінуінде, ал керісінше кейбіреулер үшін толық емес болып көрінуінде және назар аударуға тұрмайтын болып көрінуіне байланысты болады.
Суырып салма әдісте басылымның мағынасы толықтыру туралы шешімі кәсіби тәжірибе мен тек қана интуицияға негізделіп қабылданады.
Айдарлау әдісі басылымнан қатал айдарлаушы-матрицаның санын қарастырады, себебі сол арқылы әрбір санның мазмұнын жинақтайды. Комплексті жоспарлау әдісі дегеніміз мазмұнның негізгі көрсеткіштерінің пропорциясын (теңдігін) орнату. Бұл көрсеткіштер - тақырыптық бағыттың иерархиясы (төменнен жоғары қарай біртіндеп бағыну), материалдың жергіліктілігі, олардың авторлығы, кейіпкерлер, модальдық (рай), тақырыпты басылымдар, басылымның тіл ерекшелігі, шығармашылық стильге қатысы жоқ мәтін түрінің жіктелуі (классификациясы) сияқты көрсеткіштер.
Басылымның өзінің міндетті тақырыбы болуы керек, ал ол осы түрдегі басылымның сапа стандартына сай болуы керек, таңдалған тақырыптар басылымның аудиториясы қызығатын салаға кіреді, бірақ оны таңдауды айқындай алмайды. Жалпы тақырып дегеніміз осы саладағы барлық басылымда болатын тақырып түрі, сондай-ақ басылымның визит (арнайы) корточкасы қызметін айқындайды. Жедел тақырып дегеніміз - оқиғаға деген байқауы, ал ұзақ мерзімді тақырып - алдын ала жоспарланған материалдар. Анонстық оқиға күн сайын шығатын басылымдардың ақпараттық себебі болады, сондай-ақ ақпарат агенттігінің хабарлары, ал апталықбасылымдарда - ақпараттық себеп болатындар - жеке тексерулер және белгілі оқиғалардың қосымша талдаулар арқылы толықтырылып берілуі, оқиғаның бүге-шүгесіне дейін толық берілуі.
Рельс үлгісі кезінде сандағы барлық мәтіндер бір өлшемде жазылады, "толқын" үлгісінде ірі және кіші мәтіндер кезектесіп қолданылады, "пальто" үлгісінде басылымда бір үлгідегі (кіші немесе үлкен) мәтін беріледі де ол сандағы барлық материалдан көп болады, ал көлемі басқа мәтіндер оның төңірегіне орналасады. "Сыни" өлшем болған кезде мәтіннің оқылуы бірден төмендеп кетеді, ол 60 машинамен тергендегі немесе 4,5 мың таңбаға тең болады.
Достарыңызбен бөлісу: |