Ф-ӘД-
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
кафедрасы
Мемлекеттік тілді оқыту кафедрасы
Тұрабаева Л.Қ.,Сариева Т.Қ.
В0032200-Журналистика
(мамандықтың коды және атауы)
В36.126 «Публицистикалық шығармашылық негіздері»
пәні бойынша
(оқу пәнінің коды мен аты)
лекция өткізуге арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Шымкент 2021
Кіріспе
Лекция университетте оқу жұмыстарын ұйымдастырудың және оқытудың басты формаларының бірі болып табылады.
Кез келген лекцияның жалпы құрылымдық өзегі - тақырыпты дұрыс қою, мақсатын анықтау, мазмұнын жоспарлау, лекция жоспарына өз бетінше жұмыс істеуге арналған әдебиеттерді ұсыну, берілген жоспарды лекция барысында қатаң сақтау.
Университетте лекция (дәріс) мен практикалық (семинар), лабораториялық (зертханалық), студиялық сабақтар, білім алушының өзіндік жұмысы, оқытушының басшылығымен орындайтын білім алушының өзіндік жұмысы арасындағы кредиттер көлемінің арақатынасы мамандықтардың оқу жоспарына сәйкес айқындалады.
Лекция оқуға және/немесе басқа оқу сабақтарының түрлерін өткізуге ғылыми қызметкерлер, еңбегі сіңген мәдениет, өнер, спорт қайраткерлері немесе мамандық бейіні бойынша кемінде 5 жыл практикалық тәжірибесі бар тәжірибелі мамандар да тартылуы мүмкін.
Лекцияның мақсаты мен міндеттері
Мақсаты: Болашақ журналистер мен қоғаммен байланыс мамандарын қазіргі заманғы журналистиканың менеджмент жүйесімен таныстыру,Қазақстанның қазіргі медиа нарығы, түрлі БАҚ-та жұмыс істеу ерекшеліктері мен үлгілері, журналистердің кейбір кәсіби «құпиялары», PR және жарнама негіздері ұсынылған. Болашақ журналист өз мамандығының құқықтық жағын міндетті түрде білуі тиіс.Сондықтан да пәнді журналистік қызметтің құқықтық аспектілері де қарастырылған
Міндеттері: Пән барысында журналистика жанрлары, оларды күнделікті жұмыста қолданудың қыр-сыры түсінікті тілмен баяндалады. Жас журналистерге ақыл-кеңестер мен ұсыныстар беріледі. Журналистік жолын енді бастаймын деген болашақ журналистерге медиа саласының бел ортасында жүрген практик журналистердің неден бастап, қалай жазу қажет екендігін және алдын ала қандай қателіктерді жіберіп алмау турасындағы материалдары мен кеңестері әбден пайдалы болады деп сенеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |