Қоғам және
мәдениет
Қоғам және мәдениет - Философия тарихында «қоғам» ұғымның қалыптасуы
- Қоғамдық сана ұғымы
- Қоғамның типтері
- Мәдениет және өркениет
Қоғамды әлеуметтік философия зерттейді
Философиялық мағынада, қоғам– бұл табиғаттан бөлініп шыққан және өз әрекеті мен даму заңдарына ие болып тұрған объективті дүниенің бір бөлігі .
Бұл мағынада «қоғам» ұғымы «материя қозғалысының әлеуметтік формасы», «әлеуметтік шындық», «әлеумет» деген сөздермен де беріледі.
Қоғам - бұл жері, дәуірі, дәстүрі ортақ болып тұрған және мәдениеті арқылы біріккен адамдардың әрекет етуі мен өмір сүру жүйесі
Антикалық әлеуметтік философия
Антика философиясында «қоғам» және «мемлекет» ұғымдары бір-бірінен айырылмай, синонимдер ретінде қолданылған. Платон «Заңдар» атты диалогта «…ежелгі қоғам тауда көшіп-қонып жүретін малшылардың отбасыларынан тұрған, оларды ақсақал басқарған... Осыдан ақсақалдың үстемдігі ретінде мемлекет пайда болған…».
Платон мінсіз (идеалды) аристократиялық мемлекет туралы ілімді ұсынған. Ол азаматтарды үш топқа бөледі: билеуші-данышпандар, жауынгер-әскерлер, «демос» (егіншілер, қолөнершілер. саудагерлер). Мемлекет дәрежесiнiң биiктiгi - оны философтар билегенде көрiнедi.
Платон
(427-347 до н.э.)
«Государство»
Аристотель
(384 – 322 до н. э.)
«Политика»
Аристотелъдің пікірінше, адам — «қоғамдық жануар», «саяси жануар». Мемлекет – үлкен отбасы. Мемлекеттің табиғаттан айырмашылығы — онда көптеген әлеуметтік қатынастардың өріс алғандығы.
К.Маркс: таптық қоғам
Карл Маркс
1818-1883
К. Маркс қоғам тарихын материалистік тұрғыдан түсінуді ұсынды. Ол философияның негізгі сұрағын материалистік тұрғыдан шешуді қоғамды түсінуде қолданды. Қоғамнық матери-алдық өмірі (қоғамдық болмыс) бірінші, рухани өмір (қоғамдық сана) екінші; туынды деп түсінді. Адамзат тарихында Маркс қоғамның бес типін ажыратты. Оларды “қоғамдық-экономикалық формациялар” деп атады. Олардың үшеуі таптық сипаттағы қоғам (құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік), өйткені жеке меншікке негіз-делген. Карл Маркс адамды адам тарапынан қанауды, таптар күресін жеке меншікпен тікелей байланыстырды. Ол жеке меншікті революция жолымен жойып, қоғамдық меншіктің негізінде әлеуметтік теңдікті орнатып, коммунистік қоғам-ға өту керек деген ілімді ұсынды.
Достарыңызбен бөлісу: |