Лекция-презентация №13. Общество и культура



бет2/3
Дата09.04.2023
өлшемі226.19 Kb.
#471961
1   2   3
Дәріс 12 Қоғам және 1мәдениет

«Қоғамдық сана» ұғымы


Қоғамдық сана - бұл қоғамның рухани өмірі, болмыстың біртұтас бейнесі. Бұл адамдардың қоғамдық болмысымен байланысты сезімдері мен көңіл-күйі, түсініктері, сенімдері, идеялары, тұжырымдамалары мен теориялары.
Қоғамдық болмыс қандай болса, қоғамдық сана да сондай болады, Болмыс өзгергенде, сана да өзгереді. Бірақ қоғамдық сананың болмыстан салыстырмалы түрдегі өзіндігі, тәуелсіздігі бар: ол одан кейбір жағынан озып кетуі мүмкін (озық идеялар) және одан кейбір жақтарынан артта қалуы мүмкін (ескі сенім- нанымдар)
Қоғамдық сананың құрылымында қарапайым және теориялық, қоғамдық психология және қогамдық идеология деңгейлер бар

Қоғамдық сананың түрлері


Қоғамдық сананың мынандай түрлері бар: - мораль, дін, өнер, ғылым, философия, саяси сана, құқықтық сана
Қоғамдық сана түрлерінің әрқайсысының негізі - адам қызметінің түрі, нақты өмірлік процесс. Қоғамдык сананың түрлері бір-бірімен тығыз байланысты, бір-біріне өзара әсер етеді. Олар өзіндік тәуелсіздікке ие болғанымен, оны абсолютке айналдыруға болмайды
искусство
мораль
политическое сознание
правовое сознание
религия
наука
философия

Мәдениет дегеніміз не?

  • Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең.
  • Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді.

Материалдық және рухани мәдениет


Материалдық мәдениет - бұл адамның өндірістік әрекеті және оның нәтижелері – заттар дүниесі, жасанды орта. Материалдық мәдениеттің заттары адамның әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жасалады: киім, қару-жарақ, ыдыс-аяқ, азық-түлік, зергерлік бұйымдар, жиһаз, ғимараттар және т.б. 
Рухани мәдениет – ақыл-оймен, көңіл-күймен, эмоциялармен, сезімдермен байланысты идеалдық әрекеттің нәтижелері. Мәдениет болмысының идеалдық формалары -ғылыми білім, тіл, мораль мен құқықтың нормалары, білім беру мен бұқаралық акпарат саласындағы әрекет
Рухани мәдениеттің біріктіруші формалары қоғамдық және жеке дара сананың элементтерін біртұтас дүниетанымға қосады. Бұл - миф, дін, философия. Субъективті руханилық - адамның индивидуал-дық санасында: бұл - оның білімі, діни сезімдері, әдептілігі т.с.с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет