Лекция сабақтарының мазмұны


Лекцияның тақырыбы.Кіріспе



бет3/10
Дата24.02.2016
өлшемі1.35 Mb.
#13515
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Лекцияның тақырыбы.Кіріспе


(1 сағат)

Жоспар:

1.Жаңа замандағы Қазақстан тарихы пәні .

2. Жаңа замандағы Қазақстан тарихы пәнін оқып үйретудің мақсат , міндеттері.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3 том. А, 2002 ж.

2.Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдықтар ақиқаты. Алматы, 1992 ж.

3.Асфендияров С. Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы. А, 1993 ж.

4.Мамырұлы К. Қазақ тарихы. Алматы, 1995 ж.

5.Әбдіәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы, 1995 ж.

6. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы, 1995 ж.

Қосымша әдебиеттер:

7.Левшин А. Описание киргиз-кайсащиих или киргиз-казачьих орд и степей. Алматы, 1996 г. (второе издание).

8.Златкин И.Я. История Джунгарского ханства (1635-1758). М, 1965 г.

9.Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы., 1993 ж.

10.Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1992 ж.

Лекцияның мәтіні:

Дүние жүзіндегі барлық өркениетті мемлекеттер сияқты біздің елімізде де бүгінгі таңда Отан тарихын оқытудағы ерекше көңіл бөлініп отыр. Әсіресе тәуелсіздік алғаннан кейін отанымыздың тарихына деген қоғамдық сұраныс өлшеусіз өсе түсті.Қазіргі кезде өз Отанының тарихын оқып білу, еліміздің әрбір саналы азаматтарының борышы мен міндеті болып отыр. Бұл –толық заңды табиғи құбылыс, өйткені тамырсыз ағаш болмайтыны сияқты , тарихсыз ел, мемлекет болмайды. Туған ана тіліміз сияқты, туған ата тарихымыз да әрбір саналы адамның ажырамас табиғи , рухани тірегі .Екіншіден , тарихымызды біліп , одан тағылым , сабақ алып бүгінімізді бағамдап, болашағымызды бағдарлап , дұрыс жолға түсіп дамуымыз үшін , тарих бізге адам баласына ауадай қажет. Егер өткен тарих сол күйінде ұмытылып қала берсе , одан ешқандай тағылым , сабақ алынбаса адамзат қоғамы ешуақытта прогрессивтік жолмен дами алмас еді.

“Тарихты білмей , өткені қазіргі жағдайды білу , келешекті болжау қиын” дейді ұлы ғұлама Әбу Насір Әл-Фараби.Үшіншіден , “Егер өткениетке жеткізетін ғылым дейтін болсақ , соның бірде-бір саласы дәл тарихтай жас ұрпақты отан сүйгіштікке , ұлтжандылыққа , әділеттілікке тәрбиелей алмайды” деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атйқандай , жастарды патриотизмге , өз ұлтын сүюге, өзге ұлттармен тату болуға , елдік бірлікке , елдікке , ерлікпен батырлыққа , демократияға адалдыққа тәрбиелеуге , олардың ұлттық рухын дамытуға тарихтың маңызы зор.

Ал біз өткелі отырған жаңа замандағы Қазақстан тарихы осы отан тарихының бір бөлігі болып табылады. Қазақстан тарихы дүниежүзілік адамзат тарихының бір бөлігі екенін ескерсек , онда бұл пәнде жаңа замандағы дүние жүзі тарихының бір бөлігі болып табылады. Пәннің қарастыратын кезеңі жаңа заман , яғни капиталистік дәуір . Хронологиялық шектері 17 ғасырдың ортасымен 20 ғасырдың басына дейін немесе (1640-1917 жж) аралығын қамтиды. Бұл кезең дүние жүзінің алдыңғы қатарлы елдерінде , капиталситік қатынастарының дамуымен және орнауымен буржуазиялық революциямен , империалистердің жер шарын бөлісіп, отарлар иелерімен , сол арқылы шексіз байлыққа ұмтылумен , ал отар елдердің оған қарсы ұлтазақттық күрестерімен т.б. ерекшеліктеріне белгілі .Бұл тарихи үрдістен метрополия ретінде Ресей империясында , ал оның отары ретінде Қазақ елі де тыс қалған жоқ.

Сондықтан бұл кезең Қазақстан тарихы үшін Ресейдің Қазақстанды өз қол астына кіргізумен және оны кең көлемде отар алуымен , отарлаудың түрлі жолдары әдістері және кезеңдері , оған қарсы Қазақ халқының тәуелсіздік жолында тынымсыз ұлтазаттық күрестермен , 19 ғасырдың екінші жартысында орыс шаруаларының қоныстануымен бірге Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуімен , өнеркәсіптің , сауданың , қалардың дамып ауылдық әлеуметтік құрылымының өзгеруімен , сондай-ақ тарихымызға қазақ мәдениетінің алтын ғасыры деген атпен енген мәдени өрлеумен ерекшеленді.

Сонымен пәнді оқытудың мақсаты 17 ғасырдың ортасынан 1917 жылға дейінгі Қазақстанда болған негізгі оқиғалармен , құбылыстармен танысу оларды оқып білу және тағылым алу.

Міндеттері:

1.Отан тарихында маңызды орын алатын Қазақ халқының өз отанын жерін басқыншылардан қорғау жолындағы отан соғысы болып табылатын Қазақ-жоңғар соғысын бүгінгі күн тұрғысынан әділ зерделеп оқып үйрену.

2.Ресейдің Қазақстанды қол астына кіргізуін , жаулап алуын , отарлауынжәне отарлаудың түрлі жолдарын , әдістерін , кезең-кезеңдерін , жалпы барысын толық оқып біліп оны күрделі бір тұтас тарихи процесс ретінде санамызға сіңіру. Жалпы Ресейдің Қазақстанды қосып алу және отарлау тарихын бұрынғы кеңестік әдіснамаға бой ұрмй , бүгінгі күн тұрғысынан объективті , әділ бағалау.

3.Қазақ халқының 18 ғасырдың соңынан 20 ғасырлар басына дейінгі Ресей империясының отарлауына қарсы тәуелсіздік жолындағы болған барлық ұлтазаттық күрсетерін , олардың себептерін , сипатын , қозғаушы күштерін , барысын және тарихи маңызын бұрынғы кеңестік идеологияға тар таптық көзқарастан бас тартып , бүгінгі қалыптасу үстіндегі ұлттық идеологиямен тәуелсіздік идеясымен байланыстырып үйрену.

4. 19 ғасырдың екінші жартысында Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуін , өнеркәсіптің , сауданың , қалалрдың дамуын , қазақ халқының әлеуметтік құрылысының өзгеруін болмай қоймайтын тарихи құбылыс тарихи даму ретінде әлемдік тарихпен байланыстыра оқып білу.

5.”Қазақ мәдениетінің алтын ғасыры” , “Қазақ мәдениетінің ренесансы” атанған 19 ғасырдағы Қазақ мәдениетін , оның көрнекті өкілдерін европацентристік көзқарастан бас тартып , шындық тұрғыдн ұлттық сезім, халықтар қостық сезімі тұрғысында оқып үйрену.

6. 20 ғасыр басындғы Қазақ халқының мұңын мұңдап , жоғын жоқтаған, ұлттық мүддені ту еткен Алаш қозғалысының , Алаш партиясының тарихын бұрынғы кеңестік таптық идеологиядан толық бас тартып , бүгінгі ұлттық , Отаншылдық тұрғыда зерделеп , шыншыл да объективтік түрде оқып үйрену.


ЛЕКЦИЯ 2


17-18 ғасырдың бас кезіндегі қазақ-жоңғар қатынастары.

(1 сағат)
Жоспары:

1.Ойратар (жоңғарлар ) , олардың Қазақ хандығымен 16-17 ғасырлардағы қарым-қатынастары.

2.18 ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстанның саяси-экономикалық жағдайы. “Ақтабан шұбырынды , Алқакөл сұлама”
Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3 том. А, 2002 ж.

2.Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдықтар ақиқаты. Алматы, 1992 ж.

3.Асфендияров С. Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы. А, 1993 ж.

4.Мамырұлы К. Қазақ тарихы. Алматы, 1995 ж.

5.Әбдіәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы, 1995 ж.

6. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы, 1995 ж.

Қосымша әдебиеттер:

7.Левшин А. Описание киргиз-кайсащиих или киргиз-казачьих орд и степей. Алматы, 1996 г. (второе издание).

8.Златкин И.Я. История Джунгарского ханства (1635-1758). М, 1965 г.

9.Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы., 1993 ж.

10.Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1992 ж.

Лекцияның мәтіні:
Қазақ-жоңғар соғыстары-сипаты жағынан Қазақ халқының өз Отанын , елін , атамекен жерін басқыншылардан қорғау жолындағы Отан соғысы болып табылады. Ұзақ уақытқа созылған бұл соғыста қазақ халқы небір қанды қырғын шайқастарды басынан өткеріп , жанқиярлық ерліктер көрсетіп , өз Отанын , жерін қорғап қалды. Демек бұл бүгінгі және болашақ ұрпаққа тағылымы мол , ұлы тарихи оқиға.

Бұл соғыс уақыты жағынан өте ұзаққа созылған соғыс .Оның хронологиялық шегі туралы зерттеушілер арасында түрлі пікірлер бар : 1635-1758 жж; 16 ғ 20 жж-1758 жж; 16 ғ 20 жж- 1771 жж

Жоңғарлар дегеніміз –тарихтағы батыс монғолдар деп атлатын ойрат тайпалық одағының кейінгі аты еді. 1206 жылы Шыңғыс хан әскерінің сол қанатын құрағандықтан жоңғар (сол қанат) деп аталған.. Қытайлар оларды “елүйіттер” деп атаса, ал қазақтар т.б. ортаазиялық халықтар оларды “қалмақтар” деп те атаған.

16 ғасырдың аяғында ойраттар –торғауыт , дүрбіт, хошеут , шорыс деп аталатын 4 ірі бірлестіктерден тұрған.

Ойраттардың қазақ жерінде алғаш көрінуі –1457 ж , яғни Қазақ хандығының құрылар қарсаңы. Бұл жылы Үз-Темір тайшы бастаған ойраттар көшрелі өзбектер мемлекетінің ханы Әбілқайырдың әскерін талқандайды. Бұдан кейінгі жылдары да ойраттардың Моғолстанға жиі-жиі шабуылдар жасап тұрғаны белгілі. Ал олардың қазақ хандығымен соғысының басталған кезі-16 ғасырдың 20 жж : бұл кезде қазақтыңұлы ханы Қасым хандығына біріктірді. Сонымен Қазақ хандығының аумағы ұлғайып , қазіргі деңгейіне жақындады. Міне осы кезде Моғолстан тарих сахнасынан кетті. Қазақ пен ойраттың шекарасы түйісті. Соғыстар басталды.

Орыс , қытай деректеріне және қазақ батырлар жырларына қарағанда Хақназар , Тәуекел , Есім хандар тұсында қазақтар үнемі жеңіске жетіп отырған .Себебі , ол кезде қазақтар біріккен , ал жоңғарлар бытыраңқы болатын. Мысалы, 1536 ж орыс мемлекетінің Ноғай Ордасына жіберген елшісі Донила Тубин Москваға қазақтардың күштілігі , олардың ойраттарды бағындырғаны жөнінде хабарлаған. 1549 ж Тәуекел хан Москваға жіберген грамотасында өзін “қазақтар мен қалмақтардың патшасымен” деп атайды. Есім хан да ойраттарға бірнеше рет ойсырата соққылар берген .Оның соққыларының күшті болғаны соншалық 1627 ж ойрат одағы ыдырайы: Хо -Өрлек тайшы бастаған торғауыттар батысқа ауады , олар 17 ғ 30 жылдары Еділдің сағасына келіп, қалмақ хандығын құрады. Хошеуттер Тибетке жер ауып , шорыстар Жоңғарияда қалады. 17 ғ 20 жж соңы 30 жж басында шорыс тайпасының басшысы Харахулай бытыраңқы ойрат тайпаларын біріктіріп , жағдайын оңалта бастайды. Ал оның ұлы Эрденэ Батур қонтайшы (1635-1653 жж) Жоңғария мемлекетін құрады.

1640 ж құрылтайда мемлекеттің Ұлы заңын – “Цаадин бишикті ” (дала ережесін )қабылдайды.

Жоңғария 1 млн астам халқы бар соғыс кезінде 100 мың әскер жасақтай алатын күшті әскери феодалдық мемлекет еді. Мемлекеттің ең жоғарғы билеушісі –қонтайшы деп аталды және ол барлық мемлекеттегі барлық ел мен жердің қожасы болып есептелді. Сондай-ақ мемлекетті басқаруда –тайшылар , нояндар , жайсаңдар деп аталатын әскери феодл-шонжарларға сүйенді .ал қарапайым шаруалар “ойраттар” деп аталды. Мемлекет орталығы –Құлжа қаласы болды.

Қазақ –жоңғар соғысының себептері мыналар еді:

1.Ресей, Қытай сияқты алып империялардың , ығыстыруымен көшпелі елдердің көшіп қонатын мал жайылымы жерлері қысқарды. Әсіресе Қытай империясы ығыстыра бастаған жоңғарлар жерден тапшылық көрді. Сонымен олар қазақтың бай жайылымды жерлерін басып алуға ұмтылды.

2- ден жоңғар билеушілерін әсіресе Қазақстанның оңтүстігі қатты қызықтырды. Бұл аймақты басып алса жаңа алымдардың түсуімен қатар , аса маңызды сауда-экономикалық аймаққа да ие болатын еді.

3- кейбір деректерге қарағанда жоңғар мемлекетін қазақ еліне қарсы отыршылдық мақсатты көздеген Ресей мен Қытай айдап салып отырған.

Батур қонтайшы басқарған кезде жоңғарлар қазақ жеріне үш рет –1635,1643-44 ж, 1652 ж жорық жасайды. Алғашқы 1635 ж шайқас туралы мәлімет .Қай жақ жеңгені белгісіз. 1643-1644 жж Орбұлақ шайқасында қазақ жасағының жанқиярлық ерлігінің ,Салқам Жәңгір ханның соғыс тактикасын өте шебер қолдана білуінің және шайқастың соңында Самарқан билеушісі ,Кіші жүз-алтын Жалаңтөс Баһадүрдің 20 мың қолмен көмекке келуіеің арқасында қазақтар зор жеңіске жетті. Осы жолы жоңғарлар 10 мыңнан аса адамынан айырылды. Тарихшы ғалым Б.Ермұханов бұл ұлы жеңісті грек-парсы соғысындағы 300 спарталық жауынгердің Фермопиль шатқалында парсының 30 мың әскерінен қорғауына теңейі.

Ал 3-шісоғыста 1652 ж әбден дайындалып ,Сібірге орыс қамалдарын қару –жарақтар сатып алып шабуылдаған жоңғарлар жеңіске жетеді. Осы жылы Салқам Жәңгір хан қаза тапты.


ЛЕКЦИЯ 3

Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысы.

(1 сағат)
Жоспары:

1.Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысы .Ұлы жеңістер.

2.Отан қорғауда ерлік көкөрсеткен қазақ батырлары .
Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3 том. А, 2002 ж.

2.Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдықтар ақиқаты. Алматы, 1992 ж.

3.Асфендияров С. Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы. А, 1993 ж.

4.Мамырұлы К. Қазақ тарихы. Алматы, 1995 ж.

5.Әбдіәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы, 1995 ж.

6. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы, 1995 ж.

Қосымша әдебиеттер:

7.Левшин А. Описание киргиз-кайсащиих или киргиз-казачьих орд и степей. Алматы, 1996 г. (второе издание).

8.Златкин И.Я. История Джунгарского ханства (1635-1758). М, 1965 г.

9.Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы., 1993 ж.

10.Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1992 ж.

Лекцияның мәтіні:

Қазақ халқының басына ауыр күн туып келе жатты. 18 ғ алғашқы ширегінде елінің халықаралық жағдайы да өте ауыр болды. Жоңғарлардан өзге батыстан –еділ қалмақтары , башқұрттар , жайық казактары ,Солтүстік Сібір казактар жиі-жиі шабуылдар жасап тұрды . Оңтүстіктен Орта Азия хандықтары да көз алартумен болды. Қазақ елінің 4 құбыласы түгел жау болып , осылардың бәрімен соғысып отыруға тура келді. Бұлардан қорғанған күннің өзінде ,Ресей мен Қытай тұрды. Деректерге қарағанда Ресей империясы өз қоластындағы халықтарды өзінің араласуынсыз –ақ бағындырып ұстап отыру үшін және болашақта отарлайтын елін әлсірете түсу үшін қазақ , қалмақ , башқұрт халықтарын әдейілеп бір-бірімен соғыстырып отырған. Ресейде ,Қытайда қазақ пен жоңғарды өз қол астына бағындыру үшін , олардың бір-бірімен соғысып әлсірей беруіне мүдделі болды. 1722 ж Қытай императоры Конси өлген соң, Ресей мен Қытай келісім шарты жасалды. Онда 2 империя да Жоңғарияға қауіп туғызбайтынын мәлімдей отырып , оны қазақпен соғысуға жол ашатындай емеурін танытты. 1723 ж жоңғар-қытай бітімі жасалды. Ол бойынша шығыстағы шекарасын қауіпсіздендіріп алған Жоңғария , қазақпен соғысуға бар күшін сала дйындала бастады.

1723 ж ерте көктемде жоңғарлар 70 мыңнан астам отты қарулармен кеңінен қаруланған әскермен қазақ еліне басып кірді.

Қазақ халқы өз тарихындағы ең ауыр апат “Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұламаға ұшырады”.

“Ақтабан шұбырындының ” зардабы өте ауыр болды. Ш. Құдайбердіұлының айтуынша “Ақтабан шұбырындыдан ” қазақтың ⅔ -сі қырылған .Қазіргі демограф ғалымдарымыздың айтуынша ⅓-і қаа тапқан . (3 млн 330 мыңнан – 2млн 222 мың қалған (1726 ж) 2-3 жыл ішінде 1 млн 108 мың қазақ қаза тапқан ) .

жоңғарлар қазақ халқының өр рухын басып тастай алған жоқ.Ел ес жия бастады. Жоңғар басқыншыларынан Отанды азат ету соғысы (1724 ж өзінде-ақ) басталды. Осы (1724 ж) жылы )білқайыр хан Түркістан қаласын 32 ұлысымен қайтарып алды. Бірақ 1725 жылы Түркістан мен Ташкент қайта жаулап алынды. 1725 ж Алакөлде Қабанбай батыр жасағы басқыншы жауға күшті соққы берілді. Осы жылы Шұбаркөлде Шақшақ Жәнібек батыр жасағы да жауға күйрете соққы берді. Енді осы қазақ батырларының жекелеген жеңістерн біріктіріп , ірі жеңіске жету сөйтіп Отанды жаудан толық азат ету мәселесі ең басты орында болды.

Осы мақсатта 1726 ж маусымда Түркістанның , оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Ордабасы тауында бүкілқазақ құрылтайы өтті. Бытыраңқылықтан бірлікке бастаған бұл ұлы жиындағы Ұлы мақсат-Отанымызды басқыншы жаудан толық азат ету болды. Осы ұлы мақсат үшін Ордабысыда үш жүздің баласы бір бәтуаға келіп , ата жауға бірігіп аттануғ ант беріседі. Қазыбек бидің ұсынысымен бүкіл қазақ әскерінің бас қобасшысы болып кіші жүз ханы Әбілқайыр сайланды. Қарадай Қанжығалы Бөгенбай батыр сайланды. “Алаш ” ұранды қазақ қай жерде жүрсек те ел басына күн туғанда осы төбе басына үйілген топырақтай бірігейік , жиылайық” деген тамаша ұлттық , отаншылдық идеямен әрбір қазқ жауынгері өз туған жерінің топырағын әкеліп ,Ордабасының басына үйеді.

Сонымен Ордабсында бір мәмілеге келген қазақтар халық азаттық күресті күшейтті.Алғашқы қақтығыс Бадамның Арысқа құяр сағасынан сәл жоғарыда Қараспан төбе деген жерде болды. Қазақтардан ә дегеннен мұндай тегеурінді күш күтпеген жоңғарлар шегінуге мәжбүр болады. Мұндай жоңғарларды тас-талқан етіп , қашуға мәжбүр еткен шайқастар Боралдай мен Қошқар ата өзендерінің түйіскен жерінде Үлкен Тұран бойындағы Садырқамал деген жерде ,Теректі алқабында Бөген бойындағы , Тарақтықамал, Қаржасқамал , Ұзынбұлақ , Сарытау, Сарыкемер деген жерлерде болып өтті.

Қазақ-жоңғар соғыстарындағы аса ірі шайқастың бірі 1726 ж (кейде 1728,1726 жж) Шұбартеңіз көлі маңы ,Бұланты , Білеуті өзендерінің бойында , “Қарасиыр” деген жерде болып өтті.Қазақ жасағы жоңғарларды тас-талқан етіп жеңді. Соғыс болған жер кейін “Қалмаққырылған” деп аталып кетті. Бұл соғыста Әбілқайырдың жалпы басшылығымен Қанжығалы Бөгенбай ,Қаракерей Қабанбай ,Тама Есім, Бәсентиін Малайсары , Тайлақ , Саурық т.б. батырлар ерекше көзге түсті. Осы жеңістің нәтижесінде Ұлытау аймағы ,Кіші Жүзбен Орта Жүздің біраз жерлері жаудан азат етілді. Бұл жеңіс қазақ халқының рухын көтерді.

1730 ж көктемде қазақ-жоңғар соғысының аса ұлы шайқасы –Аңырақай шайқасы болып өтті. Бұл шайқас Балқаш көлінің оңтүстік-шығысына қарай 120 шақырым жердегі Итішпес көлінің маңында болды. Бұл жолы а бірлескен Қазақ жасағы жоңғарларды тас-талқан етіп жеңді. Жау ондаған мың адамынан өлідей айырылды. Ал жаралы болғандары бірнеше күн бойы аңырап даланы басына көтеріп жатқан. Сондықтан бұл шайқас тарихқа “Аңырақай шайқасы” деген атпен енген. Мағынасы : жоңғарлардың аңыраған , еңіреген жері” деген сөзден қалған екен. Бұл шайқасты Әбілқайыр хан басқарған. Ал, Қ .Қабанбай, Қ.Бөгенбай, Ш. Наурызбай , Ш.Жәнібек , Малайсары ,Олжабай , Райымбек т.б. батырлар қаһамандық пен ерліктің тамаша үлгілерін көрсетті.

Қазақ халқынан өз отанын басқыншылардан қорғау , азат ету жолындағы ұзаққа созылған соғыстарда талай –талай даңқты қайраткерлер , қаһарман батырлар шықты. Аса ірі мемлекет қайраткерлері: Салқам Жәңгір хан (17 ғ 1- жарт) ,Әз-Тәуке хан (1635-38-1718 жж) ,Әбілқайыр хан (1697-1748 жж) ,Абылай хан (1711-1781 жж) .

Қолбасы батырлары : Қоңырат Алатау , Шапырашты Қарасай ,Арғын Ағынтай (17 ғ 1 жарт) ,Жалаңтөс Баһадүр (1576-1656 жж) .

18 ғасырдың батырлары : Қанжығалы Бөгенбай (1680-1778 жж) , Қаракерей Қабанбай (1691-1769 жж) ,Шапырашты Наурызбай (1706-1781 жж) , Шапшақ Жәнібек , Тама Есет , Бәсентиін , Малайсары, Тарақтылы Байғозы ,Көкжал Барақ , Албан-Райымбек , Сүйіндік Олжабай ,Керей Жәнібек , Керей Жанатай, Шанышқылы Бердіқожа , Сіргелі Қаратілеуке , Қазыбекұлы Қасқары , Өтеген Өтеғұлұлы ,Қыпшақ Дербісәлі , Маңдай батырлар ,Теке сатай , Бөлек батырлар , Беріш Ағатай ,Балта-керей Тұрсынбай , Бесентиін Жасыбай ,Сергілі Елшібек т.б.

батыр аналар : Гауһар (Қабанбай батырдың жары , Малайсары батырдың қарындасы , батыр) ,Назым (Қабанбай мен Гауһардың қызы , әкесімен бірге жорыққа қатысқан батыр қыз) , Есенбике (Олжабай батырдың анасы ,Үйсін Қаратай батырдың қызы) , Қызданбике ,Нұрбике , Айбике (соғыс кезінде ел-жұртына ақыл-парасатымен танылған аналар , шаншар руынан) ,Айбике (Бұланбай батырдың жары , барлаушы топтың жетекшісі ,Алтай ,Ертіс , Тарбағатайдағы жоңғар әскерлері , олардың орналасуы туралы ағасы Қабанбай батырға құпия мәліметтер жеткізіп тұрған ержүрек қыз ) т.б.



ЛЕКЦИЯ 4

Қазақстанның Ресей құрамына ене бастауы.

(1 сағат)
Жоспары:

1.Ресей империясының 18 ғ бірінші ширегіндегі Қазақстан жөнінде ұстанған саясаты.

2.Кіші Жүздің және Орта Жүздің бір бөлігінің Ресей бодандығын қабылдауы.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3 том. А, 2002 ж.

2.Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдықтар ақиқаты. Алматы, 1992 ж.

3.Асфендияров С. Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы. А, 1993 ж.

4.Мамырұлы К. Қазақ тарихы. Алматы, 1995 ж.

5.Әбдіәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы, 1995 ж.

6. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы, 1995 ж.

Қосымша әдебиеттер:

7.Левшин А. Описание киргиз-кайсащиих или киргиз-казачьих орд и степей. Алматы, 1996 г. (второе издание).

8.Златкин И.Я. История Джунгарского ханства (1635-1758). М, 1965 г.

9.Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы., 1993 ж.

10.Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1992 ж.

Лекцияның мәтіні:
Қазақтың қазақ болғаннан бергі яғни 15 ғ ортасынан бергі тарихына көз жіберсек , ол өзінің саналы ғұмырының тең жартысын 260 жылын отаршылдық дәуірінде , тәуелділік , бодандық бұғауында өткізгенін көреміз. Қазақ елі 1731 жылдан 1917 ж дейін 200 жылға жуық патшалық Ресей империясының , ал 1917 ж –1991 ж дейін Кеңес империясының отары болып келді. Тарихтың ащы сабағы осы. Осы отаршылдық дәуірдің басталуы , яғни Қазақстанның Ресей империясының қол астына кіре бастауы , яғни Қазақстанның , дұрысы Кіші жүздің Ресей қол астына кіруі кездейсоқтық емес .Ол ең алдымен 18 ғ басындағы Ресей империясының экспансиялық –отаршылдық саясатымен , халықаралық жағдайымен тікелей байланысты өрбіді.

18 ғ алғашқы ширегінде Ресейдің солтүстік батыс жағында Балтық теңізі мен Қара теңіз арқылы Еуропаға терезе ашумен қатар Сібірді қосып алу және Шығыс елдерімен белсенді сауда жасау жолдарын іздестірді. Бұл мақсатқа қазақ даласы сәйкес келді. 1 Петр Қазақ жерін “Азияның кілті мен құлпы” деп санады .Ол қазақ елі жөнінде былай деген . “Қазақ Ордасы бүкіл азиаттық елдермен жерлердің кілті мен қақпасы , сонымен ол Орда біздің қарауымызда болуға тиіс. Бұл жолда миллиондаған шығынға қарамай , ол елді өзімізге бағындыру қажет”.

Қазақ жері арқылы Орта Азия хандықтарына ,Ауғаныстан ,Персия ,Қытай ,Үндістан және т.б. Шығыс елдеріне керуен жолдары өтетін .Қазақстан мен Түркменстан патша әкімшілігіне ең алдымен әскери-стратегиялық база ретінде керек болды. Мұнда орнығып алған соң орыс патшаларының асыл арманы болған аса бай Үндістанға жолашылады деп санады.

Бұрынғы Кеңес дәуіріндегі көзқарас бойынша Әбілқайыр өз еркімен Ресейге бодан кірді делінді. Шындығында да оның мұндай шешімге келуіне мәжбүр еткен Ресей мемлекетінің , осы бағытта жүргізген сан жылдар бойғы агрессивті саясаты болды. Батыс Жайық казактары қолдаған Еділ қалмақтары дүркін-дүркін шапқыншылықтар жасады,Ресейге сүйенген башқұрттар да шауып , тыныштық бермеді. 2- ден , жоңғар шапқыншылығының күшті қаупі сейілмеді. 3-ден ,Аңырақай шайқасынан кейін билікке таласып , шайқас даласын тастап кеткен Әбілқайыр Ресей империясының көмегімен үш жүздің ханы болғысы келді. Осы себептер оны Ресей бодандығына кіруге итермеледі. 1730 ж 8- қыркүйекте Әбілқайыр Петербургке-орыс әйел императоры Анна Иоановнаға өздерінің бодандыққа және қорғаушылыққа алуды сұраған өтінішпен хат жолдап , әрі ауызша айтуды тапсырып Сейтқұл Қойдағұлов пен Құтлымбет Қоштаев бастаған елшілік жіберді. 1731 ж 19 ақпанда Анна Иоановна Кіші жүзді Ресейдің бодандығына қабылданатыны жөніндегі сенім грамотасына қол қойды. Ол туралы қазақтарға хабарлау және тиісті ант қабылдату үшін Әбілқайырға Сыртқы істер компаниясының тілмашы А.И. Тевкелеев бастаған елшілік жіберілді. Бірақ қазақ билеушілерінің бірталайы Ресей қол астына кіруге қарсы болды. Тевкелевке, Әбілқайыр жақтастарына қарсы жақты көндіру оңайға түспеді. Осы кезде Тевкелев Ресей үкіметі атынан , оның шексіз құқықтары мен уәкілдерін пайдаланып , көнбеген ру басыларына аямай тартулар берді.Сый-құрмет көрсетті, белсенді үгіт жұмыстарын жүргізу тобын Бөгенбай батыр сияқты атақты адамдардың көмегін пайдаланды. Нәтижесінде 1731 ж 10 қазан күні Әбілқайыр мен оның саясатын қолдаған Кіші жүздің 27 ағаманы Ресей қол астына кіруге ант берді. Орта жүз ханы Сәмеке 1731 ж соңында Ресей қол астына кіруге келісім бергенімен , оны орындамай ,Ресейге қарасты башқұрттарға жорықтар жасайды.Бірақ кейін ол райынан қайтып , Ресей қоластына кіруге өтініш жасайды. 1734 ж 10 маусымда Анна Иоановна Сәмеке мен оның жақтастарының өтінішін қанағаттандыру грамотасына қол қояды. Кіші жүз бен Орта жүздің солтүстік батыс бөлігінің Ресей азаматтығына өтуі 1740 ж Орынборда өткен съезде бекітілді.



ЛЕКЦИЯ 5

18 ғасырдың орта кезіндегі Қазақстанның саяси-экономикалық жағдайы.

(1 сағат)
Жоспары:

1.Әскери бекініс шептерінің салынуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет