Кіріспе
«Лингвомәдениеттану» пәні бойынша типтік оқу бағдарламасы мәдениеттану бөлімінің студенттері үшін мәдениеттану мамандығы бойынша кредиттік технологияға сай оқыту жүйесінің негізінде мемлекеттік жалпыға білім беру стандартына сәйкес құрастырылған. Лингвомәдениеттанудың негіздерін танып, оның тарихын оқып білу, ХХІ ғасыр мәдениетіндегі лингвомәдениеттанулық парадигманың қалыптасуын, ерекшелігі мен динамикасын, сондай-ақ мәдени процесстердің қазіргі дәуірге сай өзгеруін түсінуге мүмкіндік береді.
Бұл пән мәдениеттанумен, тарихи мәдениеттанумен, философия тарихымен, мәдениет философиясымен, тілтанумен, лингвистикамен байланысты. Бұл пәнді оқытудың алдында мына пәндерді зерттеу жүргізіледі: «ХХ ғасыр мәдениеті», «Қазіргі заман мәдениеті», «Эстетика», «Этика», «Әлем мәдениетінің тарихы», «Өнер тарихы», «Этнолингвистика», «Этнология», «Тіл философиясы».
Оқу пәнінің зерттеу объектісі лингвомәдениеттану болып табылады. Оқу пәнінің нысанасы тіл мен мәдениеттің ажырамастай ішкі бірлігі, ХХ ғасыр мәдениетіндегі лингвистикалық ізденістер, қазіргі заман мәдениетіндегі негізгі ағым-бағыттарды зерттеу, қазіргі заман мәдениетінде мәдени құндылықтардың қалыптасу ерекшеліктерін зерттеу болып табылады. Лингвомәдениеттану, немесе, лингвокультурология латынша "lingua" – тіл, "сultura" – мәдениет, "logos" – ілім деген терминдердің жинақталуынан туындап, лингвистика мен мәдениеттану пәндерінің тоғысуында пайда болған, халық мәдениетінің тілдегі әсерін, ерекшеліктерін жаңаша көзқараспен салыстыра зерттейтін ғылыми сала.
Лингвомәдениеттану ғылымының теориялық және әдістемелік жолын сүрлеуші ғалым В.В. Воробьев оны “металингвистика” ғылымы ретінде танытуға бағыт бұрып, бұл саланың тіл мен мәдениеттің өзара әсерлерінің негізінен туындағанын дәлелдейді әрі оған мынандай ғылыми анықтама береді: “Лингвомәдениеттану – мәдениет пен тілдің байланысын олардың өзара әрекеттесу барысында зерттейтін, синтездік типтегі кешенді ғылыми пән” [116, 37 б.]. Лингвомәдениеттану тілдің жеке өз басын зерттемейді, ол тілді жүйелі қатынастар қатарындағы мәдениет феномені ретінде зерттейді.
Сана әрдайым белгілі тілдік негізде өмір сүреді, ол сол тілмен бірге дамиды. Осы орайда, “онтостың” (болмыстың) “логосқа” (ойға, сөзге) имманенттілігін алғаш ашқан Протагор еді дей аламыз. “Адам – барлығының өлшемі, соның ішінде, ақиқаттың да өлшемі”, – деді емес пе Протагор. Демек, адамнан тысқары тұрған ақиқат жоқ, дәлірек айтсақ, ақиқат адамның тіліне, сөзіне, логосқа байланып-маталып тұр.
Тіл мәдениеттің шындығы бола тұра, сол мәдениеттің өзін танытушы ерен бір әлем. Адамзаттың рухы мен келбеті, оның ерік-бостандығы мен тарихи зейін-есі, философиялық жүйелері мен рәміз-таңбалық өсиеттері, орны толмайтын шығындары мен өмірлік сабақтары, діні мен тілі, ділі мен мұраттары – осының бәрі мәдениетпен бірге біте қайнасқан. Тіл – мәдениетті танытушы құрал. Өзінің өміршеңдік қызметін ол тек өз бойынан ғана емес, мәдениеттің де болмысынан табады.
Жаңа дәуірден бастап ХІХ ғасырға дейін мәдениеттегі тілге көп көңіл бөліне қойған жоқ. Тіл үнемі сананың, ақыл-ойдың, рухтың құралы ретінде, солардың көлеңкесінде қарастырылып келді. Тек ХІХ ғасырдың басында философияда тілге деген бетбұрыс байқалды. Соның нәтижесінде тіл адам болмысының ең негізгі тәсілі екендігі айқындалды. ХХ ғасырда тіл – коммуникация және таным көзі деген қағида артқа ығысып, оның орнына тіл – ұлттың жалпылама мәдени коды, бет-бейнесі деген ұстаным келді. Бұндай ұстаным бір күннің ішінде өздігінен пайда бола қалған жоқ, оның іргетасының алғашқы “кірпіштеріне” – В. Гумбольдт, А.А. Потебня, Ф. де Соссюр, М. Хайдеггер және т.б. тіл туралы толғаныстарын жатқызуға болады.
Тіл, мәдениет және ұлттық дүниетаным мәселелерін жеке жеке өз алдына түрлі ғылым салалары қарастыратындығы белгілі. Мысалы, тіл, оның құрамы және оны пайдалану ерекшеліктерін – лингвистика, филология, әдебиеттану, тілтану зерттейді. Мәдениет сынды адам баласының бүкіл тіршілік тынысын зерттейтін мегапән – мәдениеттану бар. Ұлттық сана, ұлттық діл, дүниетаным ерекшеліктерін этнология, этнопсихология, этнолингвистика, мәдени антропология және т. с.с зерттейді. Ал осы бір-бірімен қоян-қолтық араласып жатқан әрі бір-біріне деген ықпалдастығы жағынан бірыңғай дүниелерді өзара байланыста жүйелі зерттеу мүмкіншілігі сол жоғарыда аталған пән салаларының бірлесе күш салуының нәтижесінде ғана мүмкін болмақ. Жалпы, қазіргі замандағы ғылым дамуының өзіндік ерекшелігі күн өткен сайын “дефисті” бағыттардың, яғни пәнаралық ғылыми бағыттардың өсіп келе жатқандығы.
Сонымен, лингвомәдениеттанудың ең негізгі мақсаты – ұлттық болмыстың тілдегі көрінісін, тіл фактілері мен халықтың танымдық, этикалық, эстетикалық категориялары арқылы оның рухани мәдениетін танытып, олардың қызметі мен орнын анықтау деп түйіндеуге болады. Жалпы алғанда, лингвомәдениеттану – енді-енді қалыптаса бастаған, әлі де болса ғылыми ұстанымдары мен межелері, тұжырымдамалары мен қағидалары нақтылана қоймаған ғылым. Тіл мен мәдениеттің өзара қиылысуының тілдегі көрінісін қарастыратын осы бір жаңа ғылыми арнаның мәселелеріне шолу жасағанда байқайтынымыз – лингвомәдениеттану көп мәселелерді бірнеше тілдің материалдарын салыстыру арқылы дәлелдеудің, түсінудің оңтайлы жол екендігін көрсетеді.
ХХ ғасырдың 90-шы жылдары лингвомәдениеттану пәнінің атауы В.Н. Телия, Ю.С. Степанов, А.Д. Арутюнова, В.В. Воробьев, В. Шаклеин, В.И. Маслова және т.б. еңбектеріне сай алынып, артикуляциялана бастады. Ал жоғарыда атап өткендей, лингвомәдениеттанулық ізденістер іргетасын қалауға этнолингвистика, социолингвистика, лингвопсихология белсенді ат салысқан болатын. Еуропада В. Гумбольдтан, Америкада – Ф. Боас, Э. Сепир, Б. Уорфтан бастап, Ресейде – А.А. Потебня, А.Н. Афанасьев, Е.Ф. Карский және т.б. өз ізденістерінде тілдің мәдениетпен, халықтың әдет-ғұрып, салт-санасымен, жөн-жоралғыларымен байланысын қарастырған. Этнопсихолингвистика лингвомәдениеттануға өте жақын жатқан пән. Ол түрлі тіл өкілдерінің вербалды және бейвербалды іс-әрекеттерінің айырмашылықтарын, тілдегі әдет-ғұрып, өзін-өзі ұстау элементтерінің көрініс табуын, мәтіндегі лакуналық құбылыстарды тілге тиек етеді.
Осы орайда тағы бір айта кететін жай – "лингвокультурология" деп айдар тағылып, арнайы зерттеу қарастырылмағанымен, отандық ғылымда бұрынырақ жарық көрген көптеген лексикографиялық, тарихи-лексикологиялық, этимологиялық сипаттағы еңбектердегі кейбір деректердің талдануын лингвомәдениеттанулық зерттеулердің алғашқы нышандары деп санаймыз. Осы бір жаңа ғылыми сала нағыз пәнаралық сипатқа ие, қазақ тіл ғылымы мен мәдениеттануы төселе қоймаған сонғы сала. Алайда, алдағы аз уақыттың ішінде қазақ лингвомәдениеттануының да ғылыми-практикалық бағыттарға таяныш болары анық. Өйткені XXI ғасыр «гуманитарлық ғылым ғасыры» болмақ. Пән ретінде жаңадан қалыптасып жатқанымен, лингвомәдениеттану пәніне қатысты Ш. Уәлиханов, Ә. Марғұлан, Қ. Жұбанов, М. Әуезов еңбектерінен бастап, І. Кеңесбаев, Ә. Қайдар, Р. Сыздық, Е. Жұбанов, Е. Жанпейісов, Т. Жанұзақов, Н. Уәлиев, Ж. Манкеева, А. Жылқыбаева, Қ. Рысбергенова, Р. Шойбеков және т.б. ғалымдардың еңбектерін атап өтуге болады.
ХХ ғасыр мәдениеті мен қазіргі заман мәдениетін көркемдік және философиялық өзіндік түрдің жаңа және бұрын белгісіз болған типтері, өнердің техникалық түрлері, негізгі ғылыми теориялар ерекшелендіріп тұрады. ХХ ғасыр және қазіргі заман мәдениетінің құрылымы мен типологиясында өнер түрлерінің жойылуы мен «маргинализациясы» анық көрінеді. Қазіргі жағдайда өзін ерекше көрсететін мәдениеттің бірі - бұқаралық мәдениет, ол техника жетістігі мен коммуникация технологиясына сүйенуімен ерекшеленеді. ХХ ғасыр және қазіргі заман мәдениеті авангардизм, модернизм және мәдениет дегуманизациясы дәуірлерінің орталық парадигмасының өзіндік комбинацияларының нәтижесі ретінде көрініс тапты.
«Лингвомәдениеттану» курсының пәндік саласын зерттеу барысында студент рационалды, терең ойлайтын субъектілердің метафизикасын сынау мен деконструкциялауда постклассикалық және классикалық емес философияның рөлі туралы біле алады. «Лингвомәдениеттану» пәні қазіргі заман мәдениетінің динамикасын қайта құрастыруда ғана маңызды рөл атқармайды, ол сондай-ақ студенттерді ХХ ғасыр мәдениеті мен лингвистиканың дамуының негізгі сатыларымен таныстырып, қазіргі заман мәдениетінің негізгі формаларының орны мен рөлін анықтауға, осы заман мәдениетінің көркемдік-эстетикалық жүйелерінің және мәдени практикасының ерекшелігі туралы түсінік беруге көмектеседі.
«Лингвомәдениеттану» пәнін оқу басқа мәдениеттанулық және гуманитарлық пәндердің ішінен беделді орын алады, себебі ол қазіргі заман мәдениетіндегі лингвистикалық бетбұрысты, яғни тіл философиясы негізінде өрбіген этнолингвистикалық, лингвомәдениеттанулық ізденістерді және ғылыми, эстетикалық, философиялық мәнін түсініп, ұғынудың интегративті процесіндегі құбылыстар мен фактілердің біртұтас жүйелік бірлігі ретінде қалыптасуына әсерін тигізеді. «Лингвомәдениеттану» пәнін оқыту студенттердің көркем мәтінге мәдениеттанулық сараптама жасай білу, ХХ ғасырдың көркемдік-эстетикалық ағымдарын жүйелей білу және оларды қазіргі дәуір мәдениетінде болып жатқан эпистемологиялық өзгерістермен байланыстыру дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Лингвомәдениеттануды оқытудың негізгі әдістері – синхрония және диахрония әдісі, мәдени релятивизм әдісі, тарихи әдіс, контент-анализ әдісі және т.б.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ХХ ҒАСЫР МӘДЕНИЕТІНДЕГІ ТІЛГЕ ДЕГЕН ҚАТЫНАС ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ
Тіл мен мәдениет арасындағы ішкі етене байланысты танытатын ғылым саласы – лингвомәдениеттану. Лингвомәдениеттану, немесе, лингвокультурология латынша "lingua" – тіл, "сultura" – мәдениет, "logos" – ілім деген терминдердің жинақталуынан туындап, лингвистика мен мәдениеттану пәндерінің тоғысуында пайда болған, халық мәдениетінің тілдегі әсерін, ерекшеліктерін жаңаша көзқараспен салыстыра зерттейтін ғылыми сала.
Лингвомәдениеттану ғылымының теориялық және әдістемелік жолын сүрлеуші ғалым В.В. Воробьев оны “металингвистика” ғылымы ретінде танытуға бағыт бұрып, бұл саланың тіл мен мәдениеттің өзара әсерлерінің негізінен туындағанын дәлелдейді әрі оған мынандай ғылыми анықтама береді: “Лингвомәдениеттану – мәдениет пен тілдің байланысын олардың өзара әрекеттесу барысында зерттейтін, синтездік типтегі кешенді ғылыми пән” [116, 37 б.]. Лингвомәдениеттану тілдің жеке өз басын зерттемейді, ол тілді жүйелі қатынастар қатарындағы мәдениет феномені ретінде зерттейді.
Сана әрдайым белгілі тілдік негізде өмір сүреді, ол сол тілмен бірге дамиды. Осы орайда, “онтостың” (болмыстың) “логосқа” (ойға, сөзге) имманенттілігін алғаш ашқан Протагор еді дей аламыз. “Адам – барлығының өлшемі, соның ішінде, ақиқаттың да өлшемі”, – деді емес пе Протагор. Демек, адамнан тысқары тұрған ақиқат жоқ, дәлірек айтсақ, ақиқат адамның тіліне, сөзіне, логосқа байланып-маталып тұр.
Тіл мәдениеттің шындығы бола тұра, сол мәдениеттің өзін танытушы ерен бір әлем. Адамзаттың рухы мен келбеті, оның ерік-бостандығы мен тарихи зейін-есі, философиялық жүйелері мен рәміз-таңбалық өсиеттері, орны толмайтын шығындары мен өмірлік сабақтары, діні мен тілі, ділі мен мұраттары – осының бәрі мәдениетпен бірге біте қайнасқан. Тіл – мәдениетті танытушы құрал. Өзінің өміршеңдік қызметін ол тек өз бойынан ғана емес, мәдениеттің де болмысынан табады.
Жаңа дәуірден бастап ХІХ ғасырға дейін мәдениеттегі тілге көп көңіл бөліне қойған жоқ. Тіл үнемі сананың, ақыл-ойдың, рухтың құралы ретінде, солардың көлеңкесінде қарастырылып келді. Тек ХІХ ғасырдың басында философияда тілге деген бетбұрыс байқалды. Соның нәтижесінде тіл адам болмысының ең негізгі тәсілі екендігі айқындалды. ХХ ғасырда тіл – коммуникация және таным көзі деген қағида артқа ығысып, оның орнына тіл – ұлттың жалпылама мәдени коды, бет-бейнесі деген ұстаным келді. Бұндай ұстаным бір күннің ішінде өздігінен пайда бола қалған жоқ, оның іргетасының алғашқы “кірпіштеріне” – В. Гумбольдт, А.А. Потебня, Ф. де Соссюр, М. Хайдеггер және т.б. тіл туралы толғаныстарын жатқызуға болады.
Тіл, мәдениет және ұлттық дүниетаным мәселелерін жеке жеке өз алдына түрлі ғылым салалары қарастыратындығы белгілі. Мысалы, тіл, оның құрамы және оны пайдалану ерекшеліктерін – лингвистика, филология, әдебиеттану, тілтану зерттейді. Мәдениет сынды адам баласының бүкіл тіршілік тынысын зерттейтін мегапән – мәдениеттану бар. Ұлттық сана, ұлттық діл, дүниетаным ерекшеліктерін этнология, этнопсихология, этнолингвистика, мәдени антропология және т. с.с зерттейді. Ал осы бір-бірімен қоян-қолтық араласып жатқан әрі бір-біріне деген ықпалдастығы жағынан бірыңғай дүниелерді өзара байланыста жүйелі зерттеу мүмкіншілігі сол жоғарыда аталған пән салаларының бірлесе күш салуының нәтижесінде ғана мүмкін болмақ. Жалпы, қазіргі замандағы ғылым дамуының өзіндік ерекшелігі күн өткен сайын “дефисті” бағыттардың, яғни пәнаралық ғылыми бағыттардың өсіп келе жатқандығы.
Сонымен, лингвомәдениеттанудың ең негізгі мақсаты – ұлттық болмыстың тілдегі көрінісін, тіл фактілері мен халықтың танымдық, этикалық, эстетикалық категориялары арқылы оның рухани мәдениетін танытып, олардың қызметі мен орнын анықтау деп түйіндеуге болады. Жалпы алғанда, лингвомәдениеттану – енді-енді қалыптаса бастаған, әлі де болса ғылыми ұстанымдары мен межелері, тұжырымдамалары мен қағидалары нақтылана қоймаған ғылым. Тіл мен мәдениеттің өзара қиылысуының тілдегі көрінісін қарастыратын осы бір жаңа ғылыми арнаның мәселелеріне шолу жасағанда байқайтынымыз – лингвомәдениеттану көп мәселелерді бірнеше тілдің материалдарын салыстыру арқылы дәлелдеудің, түсінудің оңтайлы жол екендігін көрсетеді.
ХХ ғасырдың 90-шы жылдары лингвомәдениеттану пәнінің атауы В.Н. Телия, Ю.С. Степанов, А.Д. Арутюнова, В.В. Воробьев, В. Шаклеин, В.И. Маслова және т.б. еңбектеріне сай алынып, артикуляциялана бастады. Ал жоғарыда атап өткендей, лингвомәдениеттанулық ізденістер іргетасын қалауға этнолингвистика, социолингвистика, лингвопсихология белсенді ат салысқан болатын. Еуропада В. Гумбольдтан, Америкада – Ф. Боас, Э. Сепир, Б. Уорфтан бастап, Ресейде – А.А. Потебня, А.Н. Афанасьев, Е.Ф. Карский және т.б. өз ізденістерінде тілдің мәдениетпен, халықтың әдет-ғұрып, салт-санасымен, жөн-жоралғыларымен байланысын қарастырған. Этнопсихолингвистика лингвомәдениеттануға өте жақын жатқан пән. Ол түрлі тіл өкілдерінің вербалды және бейвербалды іс-әрекеттерінің айырмашылықтарын, тілдегі әдет-ғұрып, өзін-өзі ұстау элементтерінің көрініс табуын, мәтіндегі лакуналық құбылыстарды тілге тиек етеді.
Осы орайда тағы бір айта кететін жай – "лингвокультурология" деп айдар тағылып, арнайы зерттеу қарастырылмағанымен, отандық ғылымда бұрынырақ жарық көрген көптеген лексикографиялық, тарихи-лексикологиялық, этимологиялық сипаттағы еңбектердегі кейбір деректердің талдануын лингвомәдениеттанулық зерттеулердің алғашқы нышандары деп санаймыз. Осы бір жаңа ғылыми сала нағыз пәнаралық сипатқа ие, қазақ тіл ғылымы мен мәдениеттануы төселе қоймаған соны сала. Алайда, алдағы аз уақыттың ішінде қазақ лингвомәдениеттануының да ғылыми-практикалық бағыттарға таяныш болары анық. Өйткені XXI ғасыр «гуманитарлық ғылым ғасыры» болмақ. Пән ретінде жаңадан қалыптасып жатқанымен, лингвомәдениеттану пәніне қатысты Ш. Уәлиханов, Ә. Марғұлан, Қ. Жұбанов, М. Әуезов еңбектерінен бастап, І. Кеңесбаев, Ә. Қайдар, Р. Сыздық, Е. Жұбанов, Е. Жанпейісов, Т. Жанұзақов, Н. Уәлиев, Ж. Манкеева, А. Жылқыбаева, Қ. Рысбергенова, Р. Шойбеков және т.б. ғалымдардың еңбектерін атап өтуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |