Лекция семинар (практика) және зертханалық пәндердің жоспары


Алтай тілді қауымдастығына жататын тайпалар арасындағы сабақтастық



бет10/75
Дата02.01.2022
өлшемі0.56 Mb.
#452306
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   75
Түр.хал.әд.

Алтай тілді қауымдастығына жататын тайпалар арасындағы сабақтастық
Қамтылатын мәселелер: 1.Бұлар жапон, корейлер Алтай қауымдастығына жатады.2.Шумер және көне түркі тілі арасындағы байланыс.3.Шумер мен түркі жазуы арасындағы сабақтастық.4.Алтай тілді қауымдар Аляскаға дейін жеткен. Америка үндістері тіліндегі ұқсастық. Түрік атауының пайда болуын және Алтай түркілердің көне мекені екенін ұғындыру. Орта Азия, Алтай өңірінде сақтармен қатарласа, ілесе ежелгі тайпалық бірлестіктер үйсіндер мен қаңлылар өмір сүре бастады. Тарихи деректер бойынша олардың шекарасы батысында Шу мен Талас өзендері, шығысында Тянь-Шань аймағы, солтүстігінде Балқаш көлінен бастап, Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауына дейінгі өлкені алып жатты. Үйсіндер, негізінен Іле алқабын эайлағанымен, ордасы «Қызыл алқап» қаласы Ыстықкөл маңында болды.

Қаңлылар−Қаратау мен Сырдарияның орта саласын мекен етті. Ежелгі саяхатшылар Қаңлы тайпалық бірлестігін көшпелі ел әрі қалалары бар үлкен мемлекет ретінде сипаттап жазады. Сыр өзенінің орта ағысы (Шаш, Отырар) аймағын мекендеген қаңлылардың мәдениеті тарихи әдебиеттерде Отырар, Қаратау мәдениеті деп аталды.

Орта Азия аймағында әуелгі таптық қоғамдардың қалыптасуына Еуропалықтарға «ғұндар» деген атпен мәлім көшпелі тайпалар бірлестігінің ықпалы да күшті болды. Біздің заманымыздың бірінші ғасырында ғұндар Арал теңізі мен Каспий маңына шығып, ондағы майда тайпаларды ығыстырып жіберді. Сөйтіп, «халықтардың ұлы қоныс аударуы» Қазақстанның, Орта және Алдыңғы Азияның, сондай-ақ, Еуропаның этникалық және саяси картасын едәуір дәрежеде өзгертті.

Орта Азия мен Қазақстан аймағында бірте-бірте патриархалды-феодалдық қатынастар қалыптасып, ежелгі феодалдық мемлекеттер құрыла бастады. Орталық Азиядағы көптеген тайпалық одақтардан бірігіп пайда болған ежелгі феодалдық мемлекеттердің бірі Түрік қағандығы (552-745 жылдар) еді. Бұл қағандыққа енген тайпалар алғашқыда Алтай мен Жетісудың бір бөлігін мекендеді. «Түрік» деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталды. «Түрік» этнонимі алғашқы кезде белгілі бір адамның ата-тегі шонжар топтан немесе әскери ақсүйектерден шыққанын білдірген деген мәлімет бар. Кейінірек сол сөздің семантикасы бірте-бірте ұлғайып, билік жүргізуші үстемдіе етуші, яғни патша шыққан тайпаның символы болған.

Зерттеуші И.В.Стеблева Түрік қағандығы ҮІ ғасыр аяғында күшті мемлекет болып, Каспий теңізінен шығыстағы Корей бұғазына дейінгі аралықты алып жатқанын мәлімдейді. Бұл пікірді С.Г.Кляшторный да қайталайды



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет