Орталық азия мәдениеті дүниежүзілік өркениет пен әлемдік мәдениет тарихында маңызды орын алады.Қарастырғалы отырған кезең Әмір Темір және оның ұрпақтарымен байланысты.Орта Азия және Хорасан тарихындағы 9-12 және 14-15 ғасырлардағы қайта өрлеу дәуіріне жоғары баға бере отырып,мәдениеттің дамуын екі сатыға бөлуге болады:
1. 9-12ғғ. ежелгі грек философиялық дәстүріне негізделген Таяу Шығыстағы қайта өрлеу мәдениеті,ішінара Орталық Азияда дербес феодалдық мемлекеттердің пайда болу ароцесінде жаңа сипатта жалғасын тапты.
2.14-15ғғ. Кезең Орталық Азияның өзіндік мәдениеті.Бұл дәуірде мәдениеттің дамуы,ойлау еркіндігінің ерекше түрде қалыптасуы жоғары деңгейде дамыды.
Тарихтан білетініміздей Орта Азия моңғол жаушылығынан азат етілгеннен кейін Әмір Темір орталықтандырылған мемлекет құра бастады.Осы кезеңнен бастап Орта Азияда саяси,экономикалық,мәдени өмірі жақсаруының алғышарттары көрініс табады десек те болады.Бір мәліметтерде Әмір Темір бәрін жоюшы,қиратушы ретінде суреттелсе,енді бірінде мәдениеттің,ғылымның дамуына үлесін қосқан тұлға ретінде суреттеледі.Осы кезеңнің мәдени өмірінде, әсіресе әдеби шығармаларда гуманистік идеялар өте күшті қарқынмен дамып,антикалық өркениетке,Үндістан,араб халықтарының ерте,орта ғасырлық философиялық мұрасына қызығушылық күшейген болатын.Бұл кезеңде философиялық ой еркіндігіне, зайырлы және діни ғылымдарға жүгіну,табиғатты зерттеуге ұмтылу,адамгершілік қасиеттер, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды уағыздау және тағы басқа қасиеттер тән еді.
Достарыңызбен бөлісу: |