Тағам өнімдері - адамның тамаққа пайдалануына арналған жануардан,
өсімдіктен, микробиологиялық, минералдық, жасанды немесе биотехнологиялық
жолдармен алынған табиғи немесе әртүрлі тәсілдермен өңделген түрдегі өнімдер.
Тамақ өнімдерін дайындауда - қайта өңдеу (өңдеу) жылумен өңдеуді (мұздатудан
және салқындатудан басқа), консервілеуді, пісуді, ашытуды, тұздауды, кептіруді,
маринаттауды, концентрациялауды, экстракциялауды қамтитын үдерістердің үйлесуі.
Тамақ өнімдеріне және басқа да мамандандырылған тамақ өнімдеріне:
• барлық сусындар — алкогольді, алкогольсіз (оның ішінде ыдыстарға құйылған ауыз су);
• Нан, сүт өнімдері;
• тамақ өнімдерін дайындау және қайта өңдеу кезінде қолданылатын кез келген заттар
(азық-түлік шикізаты, тағамдық және биологиялық белсенді қоспалар және т.б.) жатады