№ 1. Лекция тақырыбы: Кіріспе.
1 Жоспары:
1. Классикалық биге этюд жасау
2. Классикалық биінің тарихы
3. Классикалық биінің орындалу техникасы
2 Мақсаты мен міндеттері: «Классикалық бидің оқу теореасы мен әдістемесі» пәні сахнада қимыл әдемілігін түсініп, тұлға бейнесін жан-жақты ашуға үйретеді. Студент өзінің тұлғасының болмысын терең сезініп, сахна ортасында әдемі қимылдарды көрсетуге, өзін еркін ұстауға мол мүмкіндік алады. Аталған пәнді игеру барысыңда болашақ маман бидің негізгі элементтерін үйренеді, сүйек және бұлшық еттерінің дұрыс жұмыс істеуін калыптастыруға координацияны дамытуға, музыкалық сауатты болуға тәрбиеленеді.
Классикалық би сабағын музыкалық рәсімдеуге ерекше жеке тұлғалықты ашу. Болашақ педогог-хореографтарды дайындау жүйесінде студенттердің өзіндің жұмысы ерекше орын алады. Пәннің міндеттері: Студенттер күрделі композиция негізінде классикалық және бал биін үйренеді. Би пәні арқылы студент мәнерлі, қабілетті еркін қозғалуын дамытады және тарихи тұрмыстық би, бал биін білуін, орындалуын ғана үйренбей, сымбатты дамуына, ой-өрісінің шығармашылық көрінісіне ықпал етеді. Жалпы әсем қимылмен айналыса жүріп, актер сана, күш аппаратын шынықтырады, өзіндік шығармашылыққа бағыттап жетілдіреді, сезім әрекетін ырғақпен қабылдауына ықпал етеді.
3. Лекция мазмұны (қысқаша): Станок жанында класскалық би мектептерінің пайда болу көздері, көркем талғамға тәрбиелеуге және мінез, мәнер мен стилді нақты меңгеруге, жеңілділікті сезінуге машықтану. Жаттығуларды техникалық жағынан дұрыстап орындай білуі керек, биді музыкалық материалды сауатты пайдалана білу, ал бидің екпінін музыка арқылы сезінуге дәл осы жәйт көмек болады. Хореографиялық тәрбиенің сабақтарда байқалатын ерекшелігі сол, оқушылар музыканы өз қимылдары арқылы қабылдайды және сезінеді, өйткені оларды ырғақты қимылдар арқылы ойлау орындаушының қимыл жағдайын өзгертуді дереу жүзеге асыруды, психофизикалық жағдайын тура анықтауды талап ететін би өнерінің табиғатына тән. Сондықтан сабақта би қоюшыларға ұсынылатын әр-бір музыкалық туынды кез-келген мазмұнды шешу үшін түсінікті мазмұнға және анық ырғаққа ие болуы тиіс. Көрсету үшін таңдалған музыкалық туындысымен жұмыс жасау процессінде қимылдың орындалудағы әсемділігін, би элементтерінің иілгіштігін қабылдап қана қоймай, сонымен қатар жаттығудың сипатының барлық ерекшеліктерін, ырғағымен құрылуын жаттығуда жеткізе білу қабілеттілігін иеленеді. Сабақ жасаудың маңызды мәселесі жаттығуды дұрыс орындау болып саналады. Классикалық биіндегі ырғақ сезімін, музыкалық ойсананы, бейнелі ойлауды, уақытшы форманы сезінуді, элементтерді нақты, иілімді қозғалуды, бір ырғақтан келесіге жеңіл ауысуды сонымен бірге қимылдың алуан түрлерін музыкалық қимыл бейнелерін білдіру құралдары ретінде меңгеруді дамыту кәсіби білімнің маңызды жағы болып саналады.
4 Оқытудың техникалық құралдары: Компютор, хореографиялық кітаптар,видео, пианино, дыбыс аппаратурасы.
5 Лекцияның әдістері мен түрлері: проблемалық т.б. (түрлерін көресіздер)
1.Халықтық биіндегі ырғақ сезімін, музыкалық ойсананы, бейнелі ойлауды.
2.Уақытшы форманы сезінуді, элементтерді нақты, иілімді қозғалуды.
3.Бір ырғақтан келесіге жеңіл ауысуы.
4.Қимылдың алуан түрлерін музыкалық қимыл бейнелерін білдіру.
6 Әр түрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (1 деңгей, 2-деңгей, 3-деңгей сұрақтарымен беріледі)
1. Классикалық сахна билерінің жоспарлау жұмыстарымен би мінезін жоспарлау
2. Классикалық биін станокта барлық қозғалысын жоспарлау
3. Классикалық биінің шығу тарихы
7 СӨЖ және ОБСӨЖ тапсырмалары (Өзіндік жұмысқа арналған тапсырма нұсқаулары көрсетіледі)
8 Пайдаланған әдебиеттер
1. С. Ш. Тлеубаев, Б. С. Тлеубаева. Классикалық биді оқытудың теориясы мен әдістемесі ІІV [Текст] : 5В040900 "Хореография" маман. студ. арналған оқулық / Шымкент : 0ҚМУ, 2015. 226 с. ISBN 9789965634581
2. Классикалық биді оқытудың теориясы мен әдістемесі ІІV [Текст] : 5В040900 Хореография маманд. студ.арналған оқулық / С. Ш. Тлеубаев, Б. С. Тлеубаева, Ю. В. Бегишева. Шымкент : 0ҚМУ, 2014. Основы классического танца. Ваганова А.Я. Учебное пособие Л.Искусство 1980
3. Базарова, Мей: Азбука классического танца. Первые три года обучения. Учебное пособие. Издательство: Планета музыки, 2016 г.ISBN: 978-5-8114-0658-6
4. Меднис, Ткаченко: Введение в классический танец. Учебное пособие. Издательство: Планета музыки, 2017 г.ISBN: 978-5-8114-1083-5
5. Альберт Г.Г. Александр Пушкин. Школа классического танца. 2-е изд., стер. 2013 Азбука классического танца . Базарова Н. Мей.В. Л. Искусство 1983
6.Сто уроков классического Костровицкая В.–М. ; Искусство, 1980.
7. Лопухов А.В., Ширяев А.В., Бочаров А.И. «Основы характерного танца» Издательство «Лань». 2006
8. Л.М. Кремер «Болеро» Учебное пособие для студентов хор. очного и заочного обучения\ Алматы: Издательство Маркет, 2005
Достарыңызбен бөлісу: |