Лекция тақырыбы: Мінсіз мұғалім және оқушылардың жеке ерекшеліктері. Сабақтың жоспары



бет2/3
Дата02.12.2023
өлшемі24.04 Kb.
#485212
түріЛекция
1   2   3
9 Дәріс

Құзыретті мұғалім дегеніміз адамның өз мамандығы бойынша әлеуметтік және кәсіби пісіп жетілуі 12 жылдық мектеп педагогінің кәсіби құзыреттілік талаптарында былай делінген: Міне осыдан мұғалімнің құзыреттілігі көрінеді. 12 жылдық мектептің педагогі өзін жоғары . деңгейде қалыптастырудың бірнеше құзыреттілігін игеруге міндетті. Арнай құзыреттілік – өзінің кәсіби қызметпен жоғары деңгейде айналысатын және өзінің кәсіби дамуын одан ары жобалай білетін қабілет. Осыған орай мұғалім үнемі ізденісте болуы керек. Мұғалім үнемі ізденісте бола отырып, жаңаша оқытудың модульдік, рейтингтік жүйе, дамыта оқыту, сын тұрғысынан ойлау технологияларының әдіс-тәсілдерін өз ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданғаны жөн. Әлеуметтік құзыреттілік – бірлескен кәсіптік қызметпен айналысу қабілеті (ұжыммен, топпен) қызмет ету, басқару кәсібінде қабылданған кәсіби қарым-қатынас тәсілдерін қолдана білу яғни, мұғалім оқушылармен қарым-қатынаста тактикасын баланың жасы, рухани өсуіне байланысты өзгертіп отыруы керек. Оқушыларды топтық, ұжымдық жұмыстар жасай алуға, соның ішінде жеке тұлғаның дамуына мән беруі керек. Білім беру құзыреттілігі – білім беру қызметінде кәсіби білімді, білік пен дағдыны, мақсат қоющылықты игеруге деген қызығушылық және білім беру қызметінде субъектілік пен креативтіліктің дамуына ынталық, педагогикалық және әлеуметтік, психологиялық негіздерін қолданылды. Әрине, мұғалімдікке адамдар кездейсоқ келмеуі керек. Мұғалімдік маман атына лайық болуы керек. Мұғалім оқушыға қай жағынан болсын өзін-өзі ұстауға, сөйлеуі, жүріс-тұрысы, киім-киісі жағынан болсын үлгі. Бұл жағдайда оқушының жеке адам ретінде қалыптасуына жанама әсер етеді. Оқушыларды сайлау, олардың құқығын, ар-намысын сыйлау. Оқушының ар-намысынң сыйлмаған, құқығын аяққа таптайтың мұғалімді оқушы да сыйламайды, ұстаз оқушыларына тәлім-тәрбие бере алмайды. Мұғалімнің өз жұмысына ықылассыздығы, жүрдім-бардым қарауы оқышуға тікелей әсер етеді. Талап қоя білмейтін, оқу процессін ұйымдастыра алмаған мұғалім ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмайды. Бала құқығын сыйлау баланың құқықтық санасын көтеруге, құқықтық тәрбие беруде маңызы зор. Құқықтық мемлекет құруды мақсат еткен Қазақстан жағдайында баланың құқықтық түсінігін ерте қалыптастыру қоғамның болашақ тәртіпті, тәрбиелі азаматтардан тұратындығына кепіл болады. Қазіргі және бұрыннан қалыптасып кеткен көзқарас бойынша мұғалім тек өз пәнінің төңірегінде ғана қалып қоймай, қоғамда болып жатқан өзгерістерге құлағы түрік, көзі ашық, жан-жақты талдау жасай білетін маман болуы шарт. Қоғамдағы саяси-экономикалық, құқықтық жағдайларды, әлеуметтік мәселелерді талдай білетін, оны оқушылар игергенде бір саты алда болуы керек. Яғни, өз пәнінің айналасында ғана қалып қойса, балаға білім мен тәрбие беруде биік мақсаттарға жете алмайды. Өз ісінің кәсіби маманы болу қай мамандықтың иесіне болсын қойылатын талап. Дәстүрлі мұғалім «жеткізуші», ал оқушы «қабылдап алушы». Қазіргі нарықтық бәсеке заманында тиімсіз. Мұғалім жалпы стандарттық талаптармен бірге, нағыз сыншы алдындағы оқушылардың талабы мен сынына төтеп бере алуы керек. Кәсіптік білім төмен мұғалімді балалардың білімі төмен мұғалімді балалардың өткір сыңының өзі-ақ, оның кәсіби шеберлігін үнемі қажетті деңгейде ұстануына әсер етеді.
Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруге жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың қазіргі жаңа технологиясын шебер терең меңгерген болғанда ғана білігі мен білімі жоғары, жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. Мұғалімнің бір ғана сыры – оның мамандығы. Бұл дүниеде теңдесе жоқ мамандық тек мұғалімге ғана тән. Сондықтан ұстаз адам – кәсіби мамандығына құштар, оны жан-тәнімен сүйетін, бар өмірін соған арнауы тиіс. Олай болса мұғалім еңбегінің сан қырлығы осыдан өрбейді. Мұғалім адамның өз пәнін терең меңгеруі оның ең алғашқы қыры, кәсіби шеберлігін үздіксіз ұштай, шыдай түсуі екінші қыры болмақ. Үшінші қыры – мұғалімнің тілді меңгеруі – тіл шеберлігі. Сөзді жетесіне жеткізе сөйлей білудің өзі- өнер. Себебі, тіл – тәрбие құралы. Төртінші қыры – байқағыштық сезімі -көрегендігі. Бесінші қыры – әр жүректі білім шұғылысымен нұрландырудың ең тиімді, ең төте жолын таба білетін жасампаздығы. Алтыншы қыры - жан-жақты дарындылығы. Жетінші қыры – үздіксіз, тынымсыз ізденімпаздығы. Сегізінші қыры - үлгі-өнегесі, мұғалім мәдениеті немесе педагогикалық әдеп-этикасы деуге болар еді. Себебі, мұғалімнің келбеті – сыртқы мәдениеті, қарым-қатынасы, өзін-өзі басқаруы, бақылауы, сөйлеу мәдениеті үздіксіз жаңарып, өзгеріп, үнемі жаңа сипатқа ие болып отыруы мұғалімдік мамандықтың ең басты этикалық сапалық белгісі.
Ұстаздық киелі әрі өте көне мамандық. Адамзатты ежелден ойландырып, толғандырып келе жатқан, қоғамдық құрылыс өзгеріп жатса да, қажеттігін жоймайтын маңызды мәселе – жас ұрапқыт өмір сүруге дайындау. Бұл қиынның-қиыны. Себебі, әр адам қайталанбайтын жеке тұлға. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне мәлімет беріп ғана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеу керек. Ол нағыз ұстаздың қолынан келеді. Иә, бүгінгі күн мұғалімнің көп ізденіп, тынымсыз еңбектенуін, сабақ берудің амал-тәсілдерін жетілдіріп отыруды қажет етеді. Өйткені, білім мазмұны, оқыту үрдісі өзгерісті талап етуде. Ал ұстаздар алдында шешімін таппай жатқан проблемалар да баршылық. Пәндерге байланысты көрнекі құралдарды жаңарту, көбейту, толықтыру, дидактикалық материалдардың, әдістемелік көмекші құралдардың аздығы оқулықтар мазмұны мен сапасы алаңдатады. Сонымен қатар, білім сапасын арттыруда жаңа технологиямен тұрақты жүйелі, нәтижелі жұмыс істеу үшін мұғалім сабағына жан-жақты дайындалуы керек. Ол үшін мұғалімге еркіндік, шығармашылық ізденіс, көп еңбек қажет, ал ол үшін жағдай керек. «Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады», -деген екен Қытайдың дана ойшылы Конфуций. Сонымен мұғалім өткен тәжірибесін жаңамен ұштастыра алатын кәсіби қызығушылығы жоғары, танымы биік, бастаған ісінің нәтижесін көре алатын, ғылыми зерттеу жұмыстарын таңдай білетін, педагогикалық үрдістің заңдылықтарымен етене таныс, оқытудың әдістемелік жаңалықтарынан хабардар, оқыту үрдісін ізденімпаздықпен арттыратырн өз ісінің шебері болуы керек.
Ақпараттар ағыны ағылған, түрлі хабарлар тасқыны тасыған жаға ғасырда мұғалімде – озық техникалық, электрондық құралдарды, компьютерді жетік білетін өз пәнін өмірімен байланыстыра алатын, ақпаратшыл және ұлтының кемеліне келіп толысуына, рухани өсуіне, әдеби–мәдени дамуына басты ықпал жасаушы, ұлтжанды патриот болу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет